‘Биология, Экология, Медицина’ бөлімінің мұрағаты
«АКА» ЖШС қаржылық жағдайын талдау
Мазмұны
Кіріспе ……… 3
1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайды талдаудың теориялық негізі….. 4
1.1 Кәсіпорындар қаржысы түсінігі……… 4
1.2 Қаржылық талдаудың мәні мен міндеттері………… 7
1.3 Қаржылық талдаудың ақпараттық базасы………. 12
2 «АКА» ЖШС қаржылық жағдайын талдау……… 13
2.1 Кәсіпорынның сипаттамасы, басқару құрылымы……… 13
2.2 Кәсіпорын қаржысының құралу көздері және құрылымы…………. 17
2.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оған баға беру….. 24
3 «АКА» ЖШС-ның қаржыландыру қайнар көзін пайдалану тиімділігі мен жетілдіру жолдары….. 28
3.1 Кәсіпорынның қаржыландыру көздерінің проблемалары…….. 28
3.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары……… 29
Қорытынды…………… 32
Пайдаланылған әдебиеттер……. 33
Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Сондықтан да бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған байланысты ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері маңызды болып отыр.
Кәсіпорындардың дербестігі өсіп, олардың экономикалық және заң алдындағы жауапкершіліктері артты. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы тұрақтылығының мәні жоғарлады.
Шаруашылық субъектілерінің қызмет ету тиімділігін қамтамасыз ету шаруашылық қызметін экономикалық тұрғыдан сауатты басқаруды талап етеді, ал ол өз кезегінде шаруашылық қызметін талдаумен тығыз байланысты. Экономикалық талдау көмегімен кәсіпорын қызметінің нәтижесі мен оған әсер етуші факторлардың даму тенденциясы, өзгеру себептері жан-жақты терең талданады, басқарушылық жоспарлары мен шешімдері негізделеді, олардың орындалуына бақылау жүргізіледі, өндіріс тиімділігін арттыру резервтері анықталады.
Қаржылық және басқарушылық талдау бизнесте басқару шешімдерін қабылдаудың ғылыми базасы болып саналады. Басқару шешімдерін негіздеу үшін өндірістік және қаржылық тәуекел деңгейіне баға беріп, баламалы шешімдер арасынан кәсіпорын үшін ең ұтымдысын таңдай алу керек.
Курстық жұмыстың мақсаты – қаржылық шешімдер қабылдау үшін қажет болатын кәсіпорын қызметінің нәтижесін экономикалық талдау, объектінің ағымдағы және күтілетін жағдайын бағалау қабілетін анықтау.
Зерттеу тақырыбының міндеті – кәсіпорынның өндірістік-қаржылық қызметінің нәтижесін талдап, соның негізінде талдаудың жеке көрсеткіштерін айқындау.
Зерттеу объектісі – “АКА” ЖШС. Қазақстан республикасында бірінші, валюталық дағдарыстан кейін қызметін ауылшаруашлық өнім өндіруден бастаған шағын кәсіпорын. Қазіргі таңда жан-жақты өнім түрлерін өндіреді, тек қана өнім өндірумен айналыспайды, сонымен қатар қызмет көрсетумен айналысады. Он жылдың ішінде шағын кәсіпорыннан алуан түрлі өнім өндіретін, қызмет көрсететін қаржылық жағдайы тұрақты, өндірісті әрі қарай дамытуға қаржылық жағынан мүміншілігі өте зор серіктестікке айналды.
Қаржы ресурстарын құру көздерін қалыптасуын және оны пайдалануын талдаған кезде “АКА” ЖШС мәліметтері, оның ішінде бухгалтерлік баланс, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп қолданылды.
курстық жұмыс / 33 бет
Тәуекелдің түрлері және қаржы менеджменті
I. Тарау.
Экономикадағы қаржы тәуекелінің мазмұны және оның түрлері.
1.1 Қаржы менеджментіндегі қаржы тәуекелінің түрлерге бөлінеді.
1.2 Қаржы тәуекелін басқару саясаты.
II. Тарау.
Банктік тәуеклдердің пайда болу көздері мен жіктелуі.
2.1 Банктік несиелік тәуекелді бағалау және басқару.
2.2 Қаржы менеджментіндегі пайыз тәуекелділігі мен валюталық тәуекелдің маңызы.
III. Тарау.
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктің қаржы менеджментіндегі тәуекелін болашақта жетілдіру жолдары.
курстық жұмыс / 29 бет
Қаржылық есептілік жүйесі
ЖОСПАР
КІРІСПЕ——3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ——-5
І. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МӘНІ———5
1.1. Экономикада кәсіпорынның алатын орны——-5
1.2. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын тиімді басқару———7
1.3. Кәсіпорынның қызметінің тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер—12
ІІ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕУЛЕР ЖҮЙЕСІН ТАЛДА—-16
2.1 Кәсіпорындағы еңбек өнімділігінің тиімділігінің көрсеткіштерін факторлық талдау——16
2.2 Кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландырудың мәні мен сипаты——18
2.3 Кәсіпорын қаржылық жағдайындағы қаржы нарығы——21
ІІІ.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру жолдары —23
Қорытынды————-25
Қолданылған әдебиеттер ———-26
Қосымшалар ———27-28
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Кәсіпорындар қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамыту үшін қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Мұндай даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында ұлттық шаруашылықты басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.
Кәсіпорындар қаржысы өзіне қоғамдық-пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу, сауда (делдалдық), дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылық аралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын қамтиды.
Қандай кәсіпорын болмасын өзінен — өзі тіршілік ете алмайды. Сондықтан кәсіпорын экономикасы негізгі объектісіне:
— Кәсіпорынның өндірістік құрылымы, өнеркәсіп өндірісінің үлгісі, өндіріс кезеңін ұйымдастыру;
— Кәсіпорынның қаражат көздерін бағалау;
— Кәсіпорынның қаражат көздерінің ұтымды құрылымын қарастыру;
— Шаруашылық стратегиясын таңдау, өнімді өндіруді жоспарлау және өнімді сатуды әзірлеу;
— өндірісті қалыптастыру, капиталды пайдалану және кәсіпорынның табысын қаржыландыру;
— өндірістік техникалық жағдайы мен қажетті өндірістік инфрақұрылымды құру;
— өндірістің қаржы ресурстары, шаруашылық қызметінің тиімділігі;
— кәсіпорынның өзін — өзі қаржыландыруы;
— кәсіпорындағы қаржылық есептеулер жүйесін зерттеу болып табылады.
Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы бюджет, қорлар алдындағы міндетті орындалмағаны үшін заңнамада белгіленген қаржы санкцияларының жүйесімен анықталады.
Зерттеу жұмысының мақсаттары:
Кәсіорындағы қаржылық есептеулер жүйесін зерттеу барысында, кәсіпорынның өзін — өзі қаржыландыруын, кәсіпорынның өндірістік дамуының өзін — өзі қаржыландыруын қарастыру.
Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру жүйесімен және кәсіпорындардың қаржы ресурстарына сақтық компаниялардан түсетін сақтық төлемдердің рөлінің артуымен күшейеді.
Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың қажетті мақсаты – басқарудың барлық деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің болуы.
Қаржы резервтері әр түрлі әдістермен өндірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін. Қаржы резерві уақытша болатын қаржы қиыншылықтарын жоюға және шаруашылықтардың қызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, шығындарды қаржыландыруға арналды.
Зерттеу құрылымы: Берілген «Кәсіпорындағы қаржылық есептеулер жүйесі» атты курстық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттен тұрады.
курстық жұмыс / 28 бет
Cалықтық тексерістің ұйымдастырылуының кезеңділігі
МАЗМҰНЫ
І КІРІСПЕ……………………..3
IІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ………………………..4
1. Cалықтық тексерістің ұйымдастырылуының кезеңділігі………………….4
1.1. Салықтық тексеруінің түрлері…………………………………………….4
1.2 Салық тексерулерін жүргізу тәртібі…………………………………….6
1.3 Салық тексеруін жүргізудің басталуы…………………………………7
1.4 Cалықтық тексерісі нәтижелері бойынша шешім…………………8
2. Cалықтық тексеру нәтижелерін рәсімдеу әдістері …………………………11
2.1 Камералдық бақылау нәтижелерін рәсімдеу әдістері…………11
2.2 Рейдтік тексерісті жүргізу нәтижелерін рәсімдеу әдістері…..11
2.3 Хрономераждық зерттеу нәтижелерін рәсімдеу әдістері……..13
2.4 Құжаттық тексерісті жүргізу нәтижелерін рәсімдеу әдістері.15
3. «Қазақстан тЕмір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы «Шаруашылық басқармасы» филиалында өткен тақырыптық құжаттық тексеріс туралы…………20
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ…………22
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………23
ҚОСЫМШАЛАР……………………….25
І КІРІСПЕ
Салық түсімдерінің арқасында өмір сүретін мемлекет, бюджетке ақша қаражатының толық және дұрыс түсуін қадағалайды. Осы тапсырманың орындалуын әрдайым мемлекет тарапынан қадағалап, бақылау жасап отыру керек. Осындай мемлекеттік бақылауды басқару механизімі тарапынан қаралады. Соның арқасында салықтық тексеру мемлекеттік бақылаудың ең жақсы ұйымдастырылған түрі болып келеді.
Салық — мемлекеттiң бекiтуi. Тек сол ғана азаматтарды белгiлi бiр көлемде ақшалай қаржыларды беруге мiндеттi. Қазақстан Республикасында салықты төлеу мiндеттемелерi азаматтардың Конституциялық мiндеттемелерiнiң қатарына жатады. Осыған байланысты мемлекет саяси үкiмет субъект өкiлдiгiне сүйене отырып әрекет етедi.
Мемлекет ақшалай қаржыларды түрлi жолдармен табады, бiр жағдайда мемлекеттiк зайымдар iшкi және сыртқы ретiнде меншiк иесiнiң қаражатты өз еркiмен беруге негiзделетiн әдiс қолданылады, ал басқа жағдайларда ақшалай қаражаттар ерiксiз өндiрiп алу жолымен алынады.
Салықтар мемлекеттiк бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгiлi мөлшерде мiндеттi төлемдер болып табылады.
Салықтар шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бiр бөлiгiн бiлдiредi. Сонымен қатар, шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен халық табысының белгiлi бiр мөлшерiн мемлекет үлесiне жинақтап, жинақтаудың қаржылық қатынас-тарын көрсетедi. Салықтар мемлекеттiң пайда болуымен бiрге қалыптасады және мемлекеттiң тiршiлiк етiп дамуының негiзi болып табылады.
Қазақстан Республикасы бюджетiнiң қалыптасуында маңызды орынды салық түсiмдерi алады.
Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Жұмыстың бірінші бөлімінде Салықтық тексеруінің экономикалық мәні мен түрлері онда:салық тексерулерін жүргізу тәртібі, салық тексеруін жүргізудің басталуыс салықтық тексерісі нәтижелері бойынша шешім, ал екінші бөлімінде: салықтық тексеру нәтижелерін рәсімдеу әдістері: камералдық бақылау нәтижелерін рәсімдеу әдістері, рейдтік тексерісті жүргізу нәтижелерін рәсімдеу әдістері, хрономераждық зерттеу нәтижелерін рәсімдеу әдістері, құжаттық тексерісті жүргізу нәтижелерін рәсімдеу әдістері қарастырылған.
курстық жұмыс / 23 бет
Акша массасы жане миндетти резервтер нормасы
Кіріспе
1.1 Ақша массасы және оның жылдамдығы
1.2 Ақша агрегаттары және оның құрылымы
1.3 Ақша массасының негізгі компоненттері
ІІ тарау. Ақша массасының мультипликациясы және міндетті резервтер нормасы
2.1 Мультипликатор түсінігі және оның түрлері
2.2 Міндетті резервтер нормасы
2.3 Пайыздық мөлшерлемесі және резервтік талаптар
Ш – тарау. Қазақстан Республикасындағы ақша массасын реттеудің ерекшеліктері
3.1 Қазіргі таңдағы ақша массасын реттеудің ерекшеліктері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Әр түрлі формадағы ақша айналысы тауарлар массасының, олардың баға деңгейлерінің және ақша айналысы жылдамдығының арасындағы экономикалық байланысты білдіретін экономикалық заңмен реттеледі.
К. Маркстің пікірінше, ақша қызметін алтын орындаған кезде айналысқа қажетті ақша мөлшері автоматты түрде стихиялы жолмен реттелген: егер ақша нақты қажетті деңгейінен асып кетсе, онда алтын айналыстан шығып асыл қазынаға (қор жинауға) , яғни жеке қазына жинауға кететін. Егер ақшаға деген қажеттілік артатын болса, онда алтын асыл қазынадан айналысқа қайтып оралатын. Осыған ұқсас ахуал алтынға еркін айырбасталатын банкнот айналысында да орын алды, яғни қағаз ақшалар ақша бірліктерінің ролін мүлтіксіз (мінсіз) орындады.
К. Маркстің айналыс заңына сәйкес қағаз ақша эмиссиясы айналысқа қажетті алтын ақшаның теориялық мөлшерімен шектелуі керек,
Проблема ештеңемен шектелмеген ақша эмиссиясы ақша белгілерін артығымен (шамадан тыс) көбейтіп, ақша айналысы заңының бұзылуына жол ашып осыған байланысты инфляцияны тудырған жағдайда ғана пайда болады. Ақша айналысының негізгі принципі — айналыста тұтынылатын ақша массасын шектеп, осыған қарай экономиканың балансты түрде дамуына ықпал ету болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты, ақша массасының және ақша айналымының теориялық мәселелері, олардың нарықтық қатынастар жағдайында қызмет етуінің заңдылықтары мен ағымы, сондай-ақ экономикалық нарықтық тұрғыдан түрлендірілуі, Қазақстандағы ақша массасы,Ұлттық банктің қызметі мен операцияларының жаңа жағдайда өзгеруі қарастырылған.
Ал курстық жұмыттың міндеті, ақша массасының және ақша айналымы теориясы.Курстық жұмыс негізінен үш тараудан және бірнеше тақырыпшалардан, әдебиеттер тізімдері мен қосымшалардан тұрады.
Бірінші, тарауда ақша массасының теоретикалық аспектілері туралы жазылған. Мұнда ақша массасының элементтері және типтері, ақша массасының құрлымы қарастырылады.
Екінші, тарауда Ақша массасының мультипликациясы және міндетті резервтер нормасы және Қазақстан Республикасындағы ақша массасы, оның түрлері зерттелген. .
Үшінші, тарауда Қазақстан Республикасындағы ақша массасын реттеудің ерекшеліктері жазылған
курстық жұмыс / 28 бет
АҚША АҒЫМДАРЫН ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ………………………..3
1 АҚША АҒЫМДАРЫН ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Акша ағымдары туралы жалпы түсінік, мәні және мазмұны……….5
1.2 Ақша ағымдарының экономикадағы рөлі………………10
2 АҚША АҒЫМДАРЫН ЖОСПАРЛАУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ
2.1 Ақша ағымдарын жоспарлаудағы негізгі мәселелер………..13
2.2 Компаниядағы ақша ағымдарының қазіргі жағдайындағы басқару жолдарын жетілдіру…………20
ҚОРЫТЫНДЫ…………..28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………….30
КІРІСПЕ
Ақша ағымы – қаржылық жыл ішінде банктің табатын және
төлейтін ақшалай қаражаттар сомаларының арасындағы айырмасы болып табылады.
Ақшалай ағымның бағалануы көрінісі ең қолайлы және тиімді анализдік инвестициялық проектте жүреді. Көптеген ақшалай ағымдары 2 элементтен тұрады: қажетті инвестиция, ақша ағымдарының шыққан шығындармен байланысты. Алдыңғы болжанған болжаммен бағаның көбінесе басқа мамандықпен сонымен қатар маркетингпен бухгалтерлер, кәсіпкерлермен, шығарушылар. Ең басты қаржылық процесте көрсетіледі:
Ақшалай ағымдар және бухгалтерлік есеп. Басқадай қате көздерге байланысты бұл бухгалтерлік есепті әр түрлі біріктірулер және кірістер, ал олар көбінесе бір келісімде болмайды, қорытындыға келу үшін ақша ағымы қажет.
Кіріс кірген кезде шығынды санамайды капиталдың кіріс арқылы олардың ақшалай қосылғандығын керісінше амортизациялық санау жүйесі жүреді, ақшалай ағымға тиіспейді Осы айтылғандар курстық жұмыстың өзектілігін көрсетеді.
Курстық жұмыстың мақсатына мыналар жатады:
— түсімдеріне өнімдерді өткізуден алынған түсім тауарлы – материалдық қорларды жеткізуден және қызмет көрсетуден түскен авнстар: түрлі сипатта сыйақы төленген дивиденттер мен рояльтилердің проценттері басқа да және өткізуден тыс табыстар басқа түсімдер.
— жұмсалуына жатады өндірістік шығындары; тауарлы – материалдық қорларды жеткізуге жұмыстарды орындауға және көрсетілген қызметтерге берілген аванстар, материалдармен тауарлар үшін жеткізушілермен мердігерлерге төлемдер, жалақы бойынша төлемдер мен басқа да төлемдер, бюджетпен әлеуметтік сақтандыру органдармен бюджеттен тыс қорлармен есеп айырысу проценттерді төлеу басқа да төлемдер.
Курстық жұмыстың міндеттері:
— бағдарламасы шеңберінде 2006 — 2008 жылдары шетелдік
корреспонденттік пунктерді құру;
— материалдық – техникалық жарақтандыру жөніндегі;
— инвестициялық жобаны іске асыруды, жүзеге асыру көзделіп отыр;
— жоба шеңберінде 10 – нан астам алыс және жақын шет ;
— елдерде компанияның корреспонденттік пунктерін ашу көзделуде.
Аталған проблемаларды шешу үшін қажетті компьютерлік, комуникациялық және басқа да техникалық жабдық сатып алуды жүзеге асыру ұйғарылып отыр. Бұл жобаны іске асыруға арналған болжамды шығыстар 55000 мың теңгені құрайды. Жобаны іске асыру мерзімі – 2006 – 2008 жылдар. Инвестициялық жобаны қаржыландыру көзі компанияның меншікті қаражаты болып табылады.
2002 – 2008 жылдар кезеңінде Компанияның ақша ағымының
мұнай өндіруші кәсіпорындарының өндірістік қуаттарын дамыту жер үсті объектілерін салуға, қайта жаңартуға және жаңғыртуға, сенімді әрі өнімділігі жоғары жер асты жабдығын қолдануға, компьютерлік геологиялық модельдер негізінде кен орындарын игеруді бақылаудың тиімділігі жоғары жүйесін құруға келіп тіреледі.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
курстық жұмыс / 30 бет
Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері
Жоспар
Кіріспе………………………..3
І. Ақша айналысын басқару………………….6
ІІ. Ақша жүйесі және оның негізгі типтері………………25
III Экономикасы дамыған елдердің ақша жүйесі………..38
Қорытынды……………………………40
Пайдаланған әдебиеттер………………………42
Кіріспе
Көптеген шетел басылымдарында ақша айналымы деген ұғым кездеспейді. 90 – жылдардың орта шеңіне дейін ТМД – мүше елдердің басылымдарында «ақша айналысы» деген ұғымдарға анықтама беріліп, ол бір – біріне дәл ажыратылады. Ақша айналымы деп қолма – қол ақша мен қолма – қол емес ақшаның қозғалысын білдіретін кең ұғым айтылды. Экономиканың әр үлгісі бар ұғымдардың мәні мен құрылымын өзгертпей кейбір ерекшеліктер еңгізді.
Жоспарлы – орталықтанған экономика жағдайында ақша айналымының ерекшеліктері:
Қолма – қол ақша да, қолма – қол емес ақша да кәсіпорындардың шығаратын өнімдерін алдын–ала бөлуін атқарады. Барлық қоғамдық өнім өндіру құралдары және тұтыну заттары ( өнімдер мен қызмет көрсету) түрінде, яғни бірінші жағдайда материалдар техникалық жабдықтау жүйесі арқылы, ал екінші жағдайда қоғам мүшелерінің табысына ( жалақы, зейнетақы және т.с.с ) сәйкес мемлекеттік сауда жүйесі арқылы бөлінеді.
Мемлекет заңмен ақша айналымын: қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақшаға бөліп, ақша айналымының қай түрі қандай бөлу жүйесін қызмет атқаратынын белгілейді. Сөйтіп қолма – қол ақша қозғалысы халықтың ақшалай табысын бөлуді көрсетсе, қолма – қол емес ақша қозғалысы өндіріс құрал жабдықтарын бөлуді көрсетті.
Ақша айналымы мемлекеттік жоспарлау жүйесін объектісі ретінде директивалық заңдармен реттеледі.
Ақша айналымы біртектес мемлекеттік меншік формасына қызмет көрсетеді.
Ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері мемлекеттік банкте шоғырланып, оған мембанк бақылау жүргізеді.
Қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақша белгілерін тек мембанк монополды құқықпен шығарады.
Мемлекеттік жүйелер алдын ала өнімге баға белгілеумен және көрсетілген қызметтерге тарифтер бекітумен де щұғылданады.
Сонымен, ақша айналымы деп қолма – қол және қолма қол емес түрінде үзіліссіз қозғалыста жүретін ақша белгілерін айтады. Бұл анықтама ақша айналымының қазіргі мазмұнына сай келеді, себебі айналымда тек ақша белгілері жүреді.
Ал метал ақша жүйесінде әрі тауар, әрі ақша айналымы ретінде олардың құны айналымда жүреді. Себебі металл монетаның ( алтын немесе күміс ) өз құны өзінде көрсетілген (номинал) құнына сәйкес келгендіктен ақша құнының қозғалысы тауар құнының қозғалысымен бір уақытта жүреді. Сондықтан құн айналымы тауар айналымы мен ақша айналымын біріктіреді.
Қазіргі ақша айналымын құн айналымы деп айтуға болмайды. Оған себеп – қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақша белгілерінің өз құны көрсетілген құнмен салыстырғанда өте төмен, тіпті жоқ деуге болады. Демек қазір құн айналымы деп тек тауар айналымын айтуға толық негіз бар.
Айналыста жүретін тек қолма – қол ақша, ол ақша айналымының тек бір бөлігі. Демек ақша айналысы деген белгілі бір мезгілде қолма – қол ақшамен өтелген барлық төлемдер сомасына тең ақша айналымының бөлігі. Ал ақша айналымы деген қолма – қол ақша мен қолма – қол емес ақша белгілерінің тауар айналымын және тауарсыз төлемдер мен шаруашылықтың есеп айырысуын қамтамасыз ететін ақшаның қызметі. Сонымен ақша айналымы екі бөліктен: қолма – қол ақша айналысы және қолма – қол емес ақша айналымынан тұрады.
Айналыста тек қолма – қол ақша жүретіндіктен оны ақша айналысы деп атайды. Айналыс және төлем құралдары ретінде нақты ақша белгілері (банкноталар, қазыналық билеттер және ұсақ монеталар) айналыста жүреді.
Бұл кез келген мемлекеттің ақша айналымының аз бөлігін құрағанмен оның маңызы үлкен. Өйткені қолма – қол ақша халықтың ақшалы табысының басым көп бөлігін алу және оны жұмсауға қызмет етеді.
Қазақстан Республикасында қолма – қол ақшаны Ұлттық банк банкнота түрінде эмиссиялайды ( ҚР – ның ақша өлшемі – теңге), екінші деңгейдегі банктер оның эквивалентін қолма – қол емес формада төлеп алады. Коммерциялық банктердің операциялық кассасынан қолма – қол ақшаның көп бөлігі клиенттерге беріледі, яғни клиенттер заңды тұлғалар болса, ақша кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасына түседі де, ал клиент жеке тұлға болса, ақша тікелей халыққа беріледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасындағы қолма – қол ақшаның аз бөлігі олардың өзара есепетеуіне жұмсалса өзара есептеу, негізінен, қолма – қол емес ақша белгілерімен жүргізеді), ал басым көп бөлігі халыққа әр түрлі ақшалы табыс түрінде (яғни жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы, сақтандыру қайтарымы дивидендтер төлеу мен бағалы қағаздарды сатудан түскен түсім және т.с.с. түрінде беріледі.
Қолма – қол ақша негізінен халықтың ақшалай табысынан және оны жұмсаудан түседі. Бірақ ақшаның көп бөлігін. салық, жарна, сақтандыру төлемі, пәтер ақысы мен коммуналдық төлемін, қарызды өтеуге, тауар сатып алу мен көрсетілген қызметке ақы төлеуге, бағалы қағаздар мен жалгерлік ақы, айып пұл және т.с.с. төлеуге жұмсайды.
Қолма – қол емес ақша айналымы (төлем айналымы) – ол банктегі шот иесінің жазбаша бұйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі немесе ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметін атқару. Ол бүкіл ақша айналымының басым бөлігін ( 90 % — ке жуығын) құрайды. Төлем айналымы өлшеулер мен сатып алушылардың банктегі шотына немесе жазу түрінде немесе оларды өзара талаптарын есептеу жолымен жүзеге асырылады.
курстық жұмыс / 42 бет
Ақша массасы және ақша агригаттары
Жоспар
Кіріспе…………….3
1 Ақша айналымының құралдары……………5
1.1 Ақша массасы және оның жылдамдығы…………..5
1.2 Ақша агрегаттары және ақша базасы………..10
2 Қазақстан Республикасындағы ақша айналымы………………15
3.Ақша массасы өтiмдiлiгiнiң тапшылық және артықшылық тәуекелiн анықтау………..16
3.1 Артықшылық тәуекелi …………………..16
3.2 Тапшылық тәуекелi………………….17
Қорытынды …………………..18
Қолданылған әдебиеттер……………..19
Қосымша…………………….20
Кіріспе
Қандай да болмасын елдің ақша – несие саясатын сипаттайтын негізгі параметр болып ақша массасы саналады. Ақша массасын тауарлар мен көрсетілген қызметтерді төлеу үшін ақша қаражаттарының жиынтығы ретінде анықтауға болады. Ақша массасы экономикалық өсуге, бағалардың динамикасына, жұмысбастылыққа, төлеу – есеп айырысу жүйесінің тоқтаусыз жұмыс істеуіне әсер етеді.
Ақша массасының жиынтығы ақшалардың барлық түрлерін құрайды (қолма-қол ақша,қолма-қолсыз ақша,несиелік).
Ақша массасы көлемі мен оның өсу қарқынының өзгеруі маңызды экономикалық өзгерістерге ,сондай-ақ ұлттық экономиканың дамуының негізгі мақсаттарына қол жеткізуге әсер етеді. Халықты еңбекпен қамтудың жоғарлылығы , бағаның тұрақтылығы,экономикалық өсу,төлем балансының теңгерілімдігі – бұл мәселелердің барлығы ақшаның жиынтық ұсынымы мен ақша массасының өсу қарқынының өзгеруімен тікелей немесе жанама түрда байланысты.
Ақша айналымын ұйымдастыру ақша массасының бірлігі бір құрлымын ұсынады. Шаруашылық айналыстарға қызмет көрсететін қолма-қол ақша және қолма -қолсыз ақша қаражатын білдіретін ақша массасының элементтері арасындағы айырмашылықтар олардың дәрежесімен және сипатымен байланысты.
Менің курстық жұмысымның мақсаты ақша айналымының құралдарын толығырақ қарастыру және оның проблеммалары мен перспективаларын, Қазақстандық тәжірибесіне ерекше көңіл бөлу мен жеке сипаттау болып табылады. Сондай – ақ, шетел тәжірибесін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасында пайдалануға мүмкіндік беретін жағдайларды қарастыру.
Курстық жұмыстың ақпараттық негізіне отандық және шетелдік экономист ғалымдарының оқулықтары, ғылыми мақалалары жатады. Ал осы курстық жұмыстың объектісіне қазіргі таңдағы ақша айналымының құралдары яғни, ақша массасы мен ақша агрегеттары жатады.4
курстық жұмыс / 25 бет
Ақша-несие саясатының теориялық негіздері
Жоспар
I Бөлім. Ақша-несие саясатының теориялық негіздеріне жалпы түсінік.
1.1. Ақша-несие саясатының теориялық негіздері………….5
1.2. Ақша-несие саясатының стратегиялық мақсаттары…………7
1.3. Ақша-несие саясатының құралдары……………..12
II Бөлім. Ұлттық банк – ақша-несие саясатын жүзеге асыратын орган.
2.1. Ұлттық банк, оның мақсаты мен міндеттері, қызметінің бағыттары, меншікті қаражаттары мен пайдасы…..21
2.2. Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары………24
2.3. Банктік қызметті қадағалау және оны реттеу……..26
III Бөлім. Шетелдік тәжірибедегі Орталық банктерді ұйымдастыру және басқару ерекшеліктері.
3.1. Шетелдік тәжірибедегі Орталық банктерді ұйымдастыру және басқару ерекшеліктері………..31
Қорытынды……..35
Қолданылған әдебиеттер………….37
Кіріспе
Ақша-несиелік реттеудің әр түрлі концепциялары бар. Олардың маңыздыларына кейнстік жне монетаристік теориялар жатады. Ақшаның сандық теориясының өкілдері экономиканың циклмен даму себебін тауарлар саны және ақша саны арасындағы қатынастармен белгіленген тауарлық бағаның ауытқуымен (тербелуімен) дәлелдесе, ДЖ. Кейнс циклға ақшаның әсерін проценттің нормасы арқылы дәлелдейді.
Кейнс ұсынған “несиелік реттеу” өндіріс процесінің несиеден тәуелді екенін байқатады. Сұраныстың өндіріске қарағанда шешуші роліне сүйене отырып, Кейнс бәсекелестікке әсер ететін факторларды: жұмыспен қамту, қуаттарды пайдалану, өндірістік құралдардың тұтыну заттарына сұранысы, тәртіптің психолгиясы анықтайды. Қарыз капиталының проценті жоғары болғанда, кәсіпкерлерде “өтімділікті ұнату”, яғни капиталды ақшалай түрде сақтауды ұнатушылық пайда болады. Сондықтан, кәсіпкерлердің инвестиция жасауға стимулын көтеретін қарыз процентінің төмен болғаны қажет.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайыз мөлшерлемесінің төмендігін қолданып тиімді сұранысты ынталандыру жолы қысқара бастады, өйткені орталық банктер көбінесе рестракциондық несие саясатын жүргізуге мәжбүр болады, яғни инфляциямен күресу үшін пайыз мөлшерлемесін жоғарлату қажеттігі.
Реттеудің осы кестесі (үлгісі), бәсекелік нарықтардың монополиялануы төмен болған жағдайда, батыс елдердің көбінде ХХ ғ. 50-60-шы жылдарына дейін шамамен тиімді болып келді. Ал тепе-теңдік баға механизмін жойған және инфляцияның өте жылдам өсуімен оның жаңа сапасын (шығындар инфляциясын) тудырған, сонымен қатар 70-ші жылдары жұмыссыздықтың жоғары дәрежесін тудырған, нарықтардың монополиялану процестерінің күрт күшеюі, кейнстік концепция арқылы түсіндірілуі мүмкін еместігін дәлелдеді. Бұл ақша-несиелік реттеудің жаңа монетарлық концепциясының ұсыныстарын қолдануға жол ашты.
Монетаристер және олардың жетекшісі М. Фридмен капитализмнің экономикасы іштей тұрақты болады және ол өзін—өзі реттеуге, өзін-өзі жөнге келтіруге қабілетті деп тұжырымдайды. Осы жағдайда, өзін-өзі реттейтін механизмдерінің қызметтерінің жүзеге асырылуының қажетті шарты – бағаның ақшалай айналымының тұрақты болуы. Монетаристер теориясы бойынша, ақша ұсынысының көлемі – ақшаның массасы, ақша-несиелік саясаттың басты бағыты болып табылады. Ақша массасының жатық өсуі экономиканың тұрақты дамуын қамтиды.
Бүгінгі күні ақша-несиелік реттеудің монетарлық концепциясы нарықтық экономикалы елдерде кең тараған. Бұл оның шаруашылықтың осы жүйесіне сәйкес келетіндігін және экономикалық мәселелерді шешуге қабілетті екенін айқындайды.
Ұлттық банк Қазақстанда заң түрінде ақша-несилік реттеудің органы болып табылады. Реттеудің объектісі – айналымдағы ақша массасының көлемі және құрылымы. Заң жүзінде Ұлттық банктің ақша-несилік ставкаға әсер ететін экономикалық құралдары белгіленген: несиелер бойынша міндетті резервтердің және есепке алу ставкаларының нормасын белгілеу, банктер үшін экономикалық нормативтерді белгілеу, құнды қағаздармен операциялар жүргізу. Ақша-несиелік реттеудің осы шаралары әлемдік тәжірибеге мәлім және олар көп елдерде қолданылып отыр.
курстық жұмыс / 36 бет
Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі мен қазіргі жағдайдағы дамуы
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ……………3
І бөлім. АҚШАНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ
1.2 Ақшаның пайда болу тарихы…………..5
1.2 Ақшаның түрлері…………..9
1.3 Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі мен қазіргі жағдайдағы дамуы……….15
ІІ бөлім. АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫ РЕТТЕУ
2.1 Ақша айналысының сипаттамасы……….19
2.2 Ақшаның металдық тнориясы және метал ақша айналысы………22
2.3 Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақша айналысы…….23
ІІІ бөлім АҚША ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЛЫПТАСУЫ
3.1 Ақша жүйесі ұғымы және оның түрлері……..26
3.2 Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы……….28
Қорытынды………33
Қолданылған әдебиеттер………35
Қосымшалар……..36
КІРІСПЕ
“Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері” атты осы қурстық жұмыста ақшаның пайда болуынан бастап, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы реформасы аралығын қамтып, ақша туралы жалпы мәліметтер берілген.
Ал енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша — ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүнимесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквиваент рөлін атқарады.
Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар:
- ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын;
- онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын;
- тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді.
Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды; оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас.
Ақшаның қызметі: құн өлшеуші; айналыс құралы; төлем құралы; қазына жинау; дүниежүзілік ақшалар болып табылады. Жалпы, ақшаның қызметі туралы толығырақ, сіздер, осы курстық жұмыстың келесі тарауында танысасыздар. Біз білетіндей, ақша болмаса, айырбас жасау да мүмкін емес. Бұл деген сөз, қоғам дамуының негізі — мамандандырудың (еңбек бөлінісінің) жүзеге аспайтындығы, болмайтындығы. Қазіргі экономиканың барлық құрылымы ақшаға тәуелді. Сауда-саттық ақшаны «туғызды», ал сауда болса – адамдардың ең байырғы қызметінің бірі болғандықтан, ақшаның пайда болу тамыры да сол кезеңге кетеді. Әрине, ақшаның құрылымы да ( түрі де) мыңдаған жылдар ішінде талай рет өзгерген.
Мен, курстық жұмыстың бірінші бөлімінде – ақшаның түсінігі, ақша қызметінің эволюциясы, оның түрлері және экономикадағы рөлі мен қазіргі жағдайдағы дамуы туралы айта кетемін.
Екінші бөлімде – ақша айналысы туралы,толығырық айтқанда ақша айналысының сипаттама,ақшаның металдық және номиналистік теориясы, қағаз және метал ақша айналысына тоқталамын.
Үшінші бөлімінде- ақша жүйесі және Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасына тоқталамын.
Курстық жұмыстың мақсаты :
-ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті:
— ақша теориясының мәнін, негізгі түрлерін және ақша реформасының теориялық аспектілерін қазіргі экономика тұрғысынан ашып қарастыру.
— Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасының ерекшеліктерін толық қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыс кіріспеден,мазмұннан,үш бөлімнен,қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.