‘Биология, Экология, Медицина’ бөлімінің мұрағаты
АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ
ЖОСПАР
1-АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ
- Ақшаның формалары мен түрлері
2 -АҚША ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ ДАМУЫ
- Ақша айналыс және төлем құралы
- Ақша — қорлану және қазына жинау құралы ретінде
3 -ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АҚША ҚЫЗМЕТІ
- Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні
КІРІСПЕ
Ақшалар — тауарлары өндіріс пен айырбастың ұзақ мерзімді тарихи қоғам дамуының жемісі болып табылады. Қоғам дамуының алғашқы сатыларында қарадүрсін «өндіріс»нәтижелерімен айырбас болғандықтан ақшаға қажеттілік те болған жоқ.
Алайда, қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуына қарай жағдай түбірімен өзгерді. Егіншілік пен мал өсірумен айналасудың дайын өнімдерін жинау мен ақшалықтан бөлшеленуі, және бұдан соң кәсіптің егін өсіруден бөлінуі өнімдердің айырбас үшін өндіріле бастауына, яғни тауар түрін табуына жеткізді. Уақыт өткен сайын тауар көбейіп айырбас та тұрақты жүре бастады. Енді әрбір тауар өз құнын өзге көптеген тауарларды көрсетуге, яғни оның көптеген тауарларға айырбастала алатын теңдігін бойына сіңіре бастады. Бірақ мұндай жағдай тұрақты айырбас жағдайында ұзақ уақыт сақталып қалуы мүмкін еместі. Тауар өндіруші өз өндіргеніне керекті тауарды айырбастап алу үшін айырбастап алу үшін бірнеше мәрте атқаруға мәжбүр болады. Бұл шаруашылық айналымын баяулатып, күрделендіре түсті.
Жалпыға бірдей эквиваленттің, яғни алғанда өзге барлық тауарлардың құнын білдіретін және оларға тұрақты түрде айырбастап отыруға қабілетті тауардың — айырбастың ең бірінші әрі үлкен қиыншылығы болды. Бұл сан қырлы тауарлар әлемінің жалпыға ортақ эквивалент қажетіне ие ерекше тауар бөлініп шығуы арқылы шешілді. Әрине, бұл сұрапыл экономикалық адамдардың ерік-жігерінен тысқары өткен болды,
Ең алдымен мұндай жалпыға ортақ эквивалент міндеті сол халық пен сол тарихи кезеңнің ең бір маңызды тауары атқарды. Оларды құнды аң терлері (мехтар), түз немесе теңіз ұлуары және тіпті тірі адамдар (құлдар) ретінде көріне алатын. Бірақ мұндай өзгеше эквиваленттер ереже емес, ерекше жағдайлардың болатын көптеген елдерде эквивалент міндетін көбіне мал атқарды. Айтар болсақ, Ежелгі Ресейде князь қазынасы «малхана», ал қазынасын ұстаушы «малшы» деп аталды. Әрине, мұндай қарадүрсін әрі ыңғайсыз эквиваленттер бірте-бірте қолайлылау түрлеріне орын беріп отырды.
Қолайлы эквивалент эквивалент айырбас тәжірибесіне сәйкес мейлінше айқын қасиеттерге ие болуға тиіс. Біріншіден –бертектілігі сапасының теңделілігі, екіншіден — беріктілігі мен сақталғыштығы, үшіншіден — кез-келген бөлікке бөлінгіштігі, төртіншіден- тұтастығы, бесіншіден – тұрақты болуы.
Олай болса, аталмыш курстық жұмыстың басты мақсаты- ақшаның пайда болуы және оның мәні ақша қызметтері жән олардың қазіргі жағдайдағы дамуы, Ақша айналыс құралы ретінде дамуының ерекшелігін ашу болып отыр.
курстық жұмыс / 29 бет
Бағалы қағаздармен операцияларды ұйымдастыру және оның есебі
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ- — — — — — -3
1.БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРМЕН ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Бағалы қағаздар есебінің экономикалық мәні мен мазмұны — — 5
1.2 Бағалы қағаздар классификациясы — — —9
1.3 Бағалы қағаздар құрылымы — — — — 12
2. ҚАЗІРГІ ЕКНШІ ДЕҢГЕІЛІ БАНКТЕРДЕГІ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРМЕН ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚТАР
2.1 Бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларды талдау- — —16
2.2 Бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың түрлері және оларға салынатын салықтар. — — -23
ҚОРЫТЫНДЫ- — — — -26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР- — — — 28
КІРІСПЕ
Нарықтық үлгідегі дамыған мемлекеттердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай нарықты реттеу механизмінде бағалы қағаздар нарығы маңызды рөл атқарады.
Бағалы қағаздар нарығы ғана, кез келген тұлғаның (заңды немесе жеке тұлғаның) ҚР Конституциясына сәйкес меншікке болуға, басқаруға құқығын барынша жоғары деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жағдай болып саналады, ол өз кезегінде әрбір мүлік иесінің өз мүлкін пайдалы және тиімді пайдалану мүдделігін арттыруы тиіс. Бұл сондай-ақ экономикалық және әлеуметтік прогреске ықпал етеді. Сондықтан да бағалы қағаздар нарығының (БҚН) қалыптасуы мен қызмет істеуі республиканың экономикалық саясаттың өзекті міндеттерінің бірі болып саналады.
Бағалы қағаздар нарығын дамытудың негізгі мақсаты – ҚР экономикасының тиімді дамуына, бірінші кезекте нарықтық экономиканың барлық субъектілері қызметінің белсенділігін арттыру негізінде қаржылық тұрақтылық пен экономиканың өркендеуіне көмектесу болып саналады.
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығы (БҚН) қазіргі уақытта қалыптасу сатысын басынан өткеруде. Бұл айрықша бір жүйе емес, нарықтық экономиканы бүтіндей жан жақты дамытусыз қызметін жүргізу мүмкін емес сегмент болып табылады. Қаржы нарығының жай-күйі бірсыпыра факторларға қатысты болады, оның ішінде инфляция қарқыны басты рөл атқарады. Мәселе мынада: өндірістің құлдырауы мен инфляцияның тоқтаусыз өсуі кезінде, жинақтарды инфляциядан қорғайтын, әрқашан сенімді құрал болып саналып келген қор нарығының көптеген басымдықтары құр сандыраққа айналады.
Бағалы қағаздар нарығы механизмі экономиканың барлық субъектілерінде қажетті инвестициялық ресурстарды тарту мүмкіндігігін білдіреді. Акцияларды шығару бұл ресурстарды шектеусіз мерзімге алуға мүмкіндік береді, ал облигацияларды шығару неғұрлым пайдалы жағдайларда ақша ресурстарын алуды қамтамасыз етеді. Мемлекет бюджет тапшылығын жабу үшін, сондай-ақ ақша белгілері эмиссиясына емес, мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруға жүгіреді.
Барлық елдерде көптеген қатынастарда бағалы қағаздар нарығы (БҚН) экономиканың өсуін қаржыландыратын ең үздік және неғұрлым ұғынықты механизм болып саналады.
Курстық жұмыстың басты мақсаты: ҚР-сының коммерциялық банктің функцияларын және операциларының дамуын талдап мәселесін ашу. Осы мақсатын ашу үшін мына міндеттемелерді орындау керек:
— Бағалы қағаздың мәнін ашу, түрлеріне тоқтала кету;
— Бағалы қағаздар құрылымын қарастыру;
— Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздармен байланысты операцияларын қарастыру;
— Банктегі бағалы қағаздарды ұйымдастырылуын талдау;
Екінші деңгейлі банктердің қызметтерін жетілдіру жолдарын қарасытыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
курстық жұмыс / 28 бет
Банк жүйесі
ЖОСПАР:
Кіріспе……..3
1. Экономикадағы банктердің мәні мен ролі………..5
1.1 Банк- экономиканың тиімді қызмет етуінің негізі ретіндегі мәні мен рөлі.5
1.2 Банктердің атқаратын негізгі қызметтері……….9
2. Қазақстандағы банктердің ұлттық экономика дамуындағы орны мен атқаратын қызметтері……14
2.1 Ұлттық банктің экономикадағы рөлі мен жүргізетін саясаттары….14
2.2 Коммерциялық банктердің қаржы делдалы ретінде экономикадағы рөлі мен негізгі операциялары…..20
3. Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі мен банк секторын жетілдіру жолдары……30
3.1 Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі мәселелер және жетілдіру жолдары…..30
3.2 Банк секторын тұрақтандыру……..35
Қорытынды…………..39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……41
Кіріспе
Елiмiздiң өз егемендiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанымен, оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттiң ақша – несие саясаты және бюджет саясаты жатады.
Экономиканы ақша-несиелік реттеудi қаржы саласының басты секторы- банк жүйесi iске асырады.
Банк жүйесi қазiргi заманғы экономикада екi деңгейлi болып келедi, яғни мемлекеттiң эмиссия саясатын iске асырушы Орталық банк (бiздiң елде Ұлттық банк) және екiншi деңгейдегi банктер.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттiң алтын резервтерiн сақтайды, коммерциялық бактердiң мiндеттi резервтерi банктер арасындағы есеп айырысу шоты ретiнде пайдаланылады. Орталық банк ақша-несие саясаты құралдары арқылы ақша-несие саясатының мақсаттарын жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық банкi мемлекеттiк ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкi ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабiлеттiлiгi мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын, бiр сөзбен айтқанда экономикалық жағымсыз құбылыс болып табылатын инфляцияға қарсы саясатты қамтамасыз етудi көздейдi.
Қазiргi таңда нарықтық экономикада банктiк жүйенiң ролi ерекше. Банктiк жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас құрылымдарының бiрi. Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң барлық деңгейiндегi басқарумен тiкелей байланысты болады.
Осылайша банктiк жүйе елiмiзде қалыптасып, экономиканың тиiмдi қызмет етуiне атсалысатын басты секторға айналды. Оның әр түрлi саясаттары арқылы экономиканы өтпелi кезеңнен алып шығып, экономикалық өсуге бет алдық.
Мiне, сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Экономикадағы банктер, рөлі, қызметтері» деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі- әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей экономикада нарықтық қатынастар өзін-өзi реттей алмайды. Оған белгiлi бiр деңгейде мемлекет әр түрлi саясаттар жүргiзу арқылы араласып, реттеп отырады. Мұндай экономиканы реттеу саясаттарына ақша-несие және бюджет-салық саясаты, валюталық саясаттар жатады. Бұл қаржы нарығының саясаттарын мемлекет тарапынан банк жүйесi атқарып отырады. Банктiк жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас құрылымдарының бiрi. Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң барлық деңгейiндегi басқарумен тiкелей байланысты болады. Бұл жұмыста банктердің экономикадағы атқарытын қызметтері мен ролі, еліміздегі банк жүйесінің бүгінгі таңдағы мәселелері және Қазақстандағы банк жүйесі мен банк секторын жетілдіру ұсыныстары келтіріледі. Бүгінгі күнде бұл өзекті проблемалардың бірі, себебі дамыған нарықтық экономикада банктер жүйесі мен банк секторы еркін мобилизацияланған ақша айналымында, жеке меншікте және мемлекетте үлкен роль атқарады. Қазiр Қазақстанда банк жүйесi егемендiк алғаннан берi жүргiзiлiп келе жатқан нарықтық инфрақұрылым iшiнде ең тиiмдi қалыптасқан жүйе болып отырғаны белгiлi. Ал бiз осымен тоқтамай банктiк жүйенi одан әрi дамытуымыз керек. Ол үшiн банктiк жүйе қызметтерi туралы білім деңгейiмiз жоғары болуы керек.
Осы курстық жұмысымның негізгі мақсаты- экономикадағы банктердің мәні мен ролін ашып, атқаратын қызметтері мен Қазақстандағы банк жүйесін зерттеу болып табылады.
Курстық жұмысты жазу барысында келесі міндеттер қойылған:
— Банктердің экономиканың тиімді қызмет етуіндегі мәнін, маңызын және рөлін ашып көрсету;
— Банктердің негізгі қызметтерін және олардың қоғамдық дамудағы маңызын атап өту;
— ҚР Ұлттық банкінің Орталық банк ретіндегі атқаратын қызметтері мен саясаттарын талдау;
— Коммерциялық банктердің қаржы делдалы ретіндегі атқаратын қызметтері мен негізгі операцияларына тоқталу.
Курстық жұмыстың құрылымы: үш бөлімнен тұрады- кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды. Әр бөлімде жұмыстың тақырыбын барынша ашуға тырыстым.
Негізгі ақпарат көздері — ҚР-ның заңдары, арнайы экономикалық сайттар, мерзімді басылымдар, отандық және шетелдік әдебиеттер, әдеби-статистикалық мәліметтер.
курстық жұмыс / 41 бет
Банктағы персоналды баскару
ЖОСПАР
Кіріспе…………2
I тарау Банк менеджментіне жалпы сипаттама
1.1. Банк менеджментінің түсінігі және ерекшеліктері……3-9
1.2. Банк менеджментінің негізгі бағыттары…..10-14
II тарау Банктердегі басқару процессіне сипаттама.
2.1. Банктердегі басқаруды ұйымдастыру………….15-19
2.2. Банктерді басқару принциптері ………….20-26
III тарау Банктік менеджментті жетілдіру жолдары………27-31
Қорытынды ……………….32-33
Қолданылған әдебиеттер тізімі ………….34
Кіріспе
Менеджмент – ұйымдастыру және басқарудың оңтайлы жүйесі туралы ғылым.
Менеджменттің мағынасы әр түрлі. Менеджмент сөзі тар мағынасында белгілі бір адамдар тобын ұйымдастыру мен басқаруға қатысты болса, оны кең мағынасында банктің қызметі мен оның қызметкерлерін ұйымдастыру, басқарумен байланыстырады.
Менеджменттің негізін өз ісін басқару субъектісін білу, өз еңбегі мен ұжым жұмысын ұйымдастыру қабілеті, сондай-ақ өздігінен даму және шығармашылық қызметке ынта таныту сияқты адамдық фактор құрайды.
Менеджменттің негізгі фигурасы өзі айналысып отырған істің даму болашағын көре білуге қабілетті, алға қойылған мақсатқа жету үшін оңтайлы шешім таба білетін кәсіби басқарушы болып табылады. Осыған байланысты менеджер жоғары біліктілік, ой-өрісі кең, тәуекелге бара білетін қайсар, белгіленген жоспарды іске асыру, ұжымда жетекші болу сияқты нақты кәсіби және жеке қасиеттерге ие болуы қажет.
Дамыған елдерде менеджмент өндіріс нәтижелілігін көтеруде маңызды факторлардың бірі болып саналады. Салыстырмалы түрде қосымша қаржысыз аз шығынмен жоғары нәтижеге жетуге болатындықтан менеджментке соңғы жылдары ерекше мән беріп жүр.
Менеджменттің негізгі мақсаты-басқарудың оңтайлы жүйесі есебінен пайда табу. Демек, менеджмент бизнеспен, кәсіпкерлік қызметпен, қатаң бәсекелестік жағдайында дамыған нарықтық қатынастары бар елдердегі бизнеспен, кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты.
курстық жұмыс / 34 бет
Ағымдағы банктік шоттардағы валюта мен ақша қаражатының есебі мен құны
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ……….3
I НЕГІЗГІ БӨЛІМ. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Ақша қаражаттары туралы түсінік …….5
1.2 Ақша қаражаттарының баламалары……..7
1.3 Валюта жүйесінің типтері , даму кезеңдері……..9
II КӘСІПОРЫНДАҒЫ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ…15
2.1 Кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттары есебі..15
2.2Ағымдағы банк шоттарындағы ұлттық валютасындағы ақша қаражаттарының есебі….20
2.3 Банктегі арнаулы шоттардағы ақша қаражаттарын есепке алу…24
2.4 Қазақстан Республикасының валютасы. Қазақстан Республикасының банкноттары…..27
ҚОРЫТЫНДЫ………32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………34
КІРІСПЕ
Ақшаның рөлін айқын түсінуден басқа нарықтың экономика қызметінің тетіктерін түсіну үшін одан маңызды ештеңе жоқ. Өйткені, ақшаны «нарықтың тілі» деп жәйдан жәй аталмаған.
Ақша — жалпыға бірдей эквиваленттің рөлін орындаушы, айрықша тауар. Олар тарихтың белгілі бір кезеңінде өз бетімен бөлініп шықты. Капиталистік даму сатыларына дейін ақшаның рөлін әр-түрлі тауарлар (аңдардың, астық, мал түрлері) атқарады, бірте-бірте ол қымбат металдарға (алтынға, күміске) көштІ.
Ақша – бұл жалпыға ортақ эквивалент және ерекше тауар болып табылады. Ақшаның мәні оның атқаратын қызметтерінен көрінеді: төлем құралы, айналым құралы, қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша және т.б.Ақша ағымы – қаржылық жыл ішінде банктің табатын және
Ақша қаражаты деп – бұл субъектінің кассадағы және банктегі барлық ақшасын айтамыз.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады.
Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім – шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және бухгалтерлік есеп шоттары болып бөлінеді.
Бухгалтерлік есеп шоттары – банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады;Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Әр коммерциялық ұйымның негізгі мақмсаты пайда табу. Кіріс кірген кезде шығынды санамайды капиталдың кіріс арқылы олардың ақшалай қосылғандығын керісінше амортизациялық санау жүйесі жүреді, ақшалай ағымға тиіспейді Осы айтылғандар курстық жұмыстың өзектілігін көрсетеді.
Курстық жұмыстың мақсаты – бұл ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасын толығымен ашу, яғни ақша – қаражаты деген не, оның ағымдағы банктік шотында қозғалысы және Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асырудағы әдістерін, кәсіпорындарында қандай нысандар бойынша ақшасыз есеп айырысу жүзеге асатынын, валюта жүйесінің даму кезеңдерін, кассадағы ұлттық валютаның есебінің қозғалысын, жалпы ақша – қаражаттардың қозғалысының ерекшеліктерін қарастыру және толығымен меңгеруді қалыптастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
— ақша қаражаттары туралы түсінікті толығымен ашу;
— ақша қаражаттарының баламаларының ерекшеліктері:
— валюта жүйесінің типтері , даму кезеңдері;
— кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттары есебі
— ағымдағы банк шоттарындағы ұлттық валютасындағы ақша қаражаттарының есебі
— банктегі арнаулы шоттардағы ақша қаражаттарын есепке алу
— Қазақстан Республикасының валютасы. Қазақстан Республикасының банкноттары.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Зерттеудің теориялық негізіне отандық басқа да ғылыми жұмыстар және алынған статистикалық есептер көмектесті.
курстық жұмыс / 34 бет
Экономиканы салықтық реттеу
Мазмұны
Кiрiспе…………..3
1 Салықтың экономикадағы ролі…………..5
1.1 Салықтың мәні, функциясы……………….5
1.2 Салықтың түрлерi………………7
1.3 Салықтың элементтері, қызметi…………………12
2 Салық мемлекет саясатын реттейтін басты құралы…………..18
2.1 Салық – экономиканы реттеу құралы……..18
2.2 Қазақстандағы салық салу механизмі……………19
3 Қазақстан Республикасының салық жүйесі…………….23
3.1 Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі ерекшеліктері……….23
3.2 Қазақстандағы салық реформалары……..28
Қорытынды………………………..31
Қолданылған әдебиеттер тізімі……………………33
Кiрiспе
Салықтар мемлекет пайда болғаннан бері бар. Олар барлық азаматтарға қатысты. Бұл курстық жұмыста салық түсінігі, оның түрлері, экономикадағы қызметі, нарықтың экономиканың реттеу мен даму жолдарының алғышарты, сонымен қатар қазіргі таңдағы салық жүйесі қарастырылады.
Елiмiз тәуелсiздiк алғаннан берi мемлекетiмiз әртүрлi реформаларды басынан өткердi. Салық жүйесiнде айналып өткен жоқпыз. Өз салық жүйемiздi қазiргi кезде ретке келтiрiп, аяғынан тiк тұрғыздық, бiрақ әлiде көптеген кемшiлiктерi бар.
Салықтар нарықты экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны болып табылады. Салық негізінде құрылатын мемлекеттік бюджеттің кірісіне қарай, мемлекеттің кәсіпкерлікпен айналысуының және әлеуметтік-кепілдік қызметінің мүмкіндігі белгілі болады. Салық мөлшерімен заңды құқығы бар мекемелер мен жеке адамдардың кәсіпкерлік белсенділігі, Қазiргi заманда кез- келген экономикалық жүйенiң қалыпты жағдайы да жұмыс iстеуiне жағдай жасауда мемлекеттiң маңызы зор. Мемлекет құрылғаннан бергi тарихы барысында тәртiптi, заңды сақтау, ұлттық қауiпсiздiктi ұйымдастыру мiндеттерiмен қатар, нарыққа өту жағдайында экономикалық салықтық реформалардың негiзгi мақсаты елiмiзде тиiмдi салық жүйесiн құрутөлем қабілеті бар сұраныс көлемі реттеледі. Салық саясаты аса нәзік және күрделі аспап, ол жеңілдіктер мен жазалау шаралары арқылы шаруашылық қызметтің барлық жақтарына нысаналы түрде әсер етеді. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде салықтардың тізімі бірнеше бетке сыйып кете алады, ал жеңілдіктер мен жазалау шаралары, оларды пайдалануға түсініктемелер тұтас томдарды алып жатады.
Қазiргi заманда кез- келген экономикалық жүйенiң қалыпты жағдайы да жұмыс iстеуiне жағдай жасауда мемлекеттiң маңызы зор. Мемлекет құрылғаннан бергi тарихы барысында тәртiптi, заңды сақтау, ұлттық қауiпсiздiктi ұйымдастыру мiндеттерiмен қатар, нарыққа өту жағдайында экономикалық салықтық реформалардың негiзгi мақсаты елiмiзде тиiмдi салық жүйесiн құру Қазiргi заманда кез- келген экономикалық жүйенiң қалыпты жағдайы да жұмыс iстеуiне жағдай жасауда мемлекеттiң маңызы зор. Мемлекет құрылғаннан бергi тарихы барысында тәртiптi, заңды сақтау, ұлттық қауiпсiздiктi ұйымдастыру мiндеттерiмен қатар, нарыққа өту жағдайында экономикалық салықтық реформалардың негiзгi мақсаты елiмiзде тиiмдi салық жүйесiн құру.Нарық қатынастары дамыған елдерде салық мемлекет қазынасын толтыруға қызмет ете түседі. Экономикалық мазмұны жағынан салықтар – бұл заңды белгіленген ретпен тұрғындардан, кәсіпорындар мен мекемелерден алынтын міндетті төлемдер жүйесі.
курстық жұмыс / 33 бет
Шағын және орта бизнестің артықшылықтары мен ерекшеліктері
Мазмұны
Кіріспе | 3 | |
1 | ЖШС «Сұлтан» компаниясының құрылымы | 4 |
1.1 | ЖШС «Сұлтан» компаниясының негізгі саясаты | 4 |
1.2 | ЖШС «Сұлтан» компаниясының шаруашылық қызметі | 6 |
2 | Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау | 7 |
2.1 | Баланс баптарының серпіні мен құрылымың жалпы бағалау | 7 |
2.2 | «Сұлтан» ЖШС – тің қазіргі жағдайы | 9 |
2.3 | Кәсіпорынның рентабельділік коэфицентін талдау | 13 |
2.4 | Іскерлі белсенділікті талдау | 16 |
2.5 | Қаржылық тұрақтылығының интегралдық балдық бағасы | 20 |
3 | Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнсті дамытудың объективті қажеттілігі | 20 |
3.1 | Шағын және орта бизнес түсінігі | 25 |
3.2 | Шағын және орта бизнестің артықшылықтары мен ерекшеліктері | 28 |
3.3 | ҚР экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі | 30 |
Қорытынды | ||
Қолданылған әдебиеттер тізімі | ||
Қосымша А |
Кіріспе
Бітіру жұмысы тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдары шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. 2009 жылы Қазақстандағы шағын және орта бизнес секторымен өндірілген жиынтық өнімдердің ЖІӨ — ге қатынасы 17 % — ды құрады, ал 2009 жылы осы сектор субъектілерінің бұл макроэкономикалық индикаторындағы үлесі 20 % — дан астам шамаға жетті. Осы статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай шағын және орта кәсіпкерлік секторының қазақстан экономикасындағы маңыздылығы барған сайын салмақты болып келеді. 2009 жылғы осы сектордың ЖІӨ — ге қатынасының болжамды көсеткіш деңгейі 30 % (бұл көрсеткіш бағдар ретінде ҚР – ның президентімен өткен жылы халыққа жолдауында қарастырылып, бекітілген).
Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай – ақ жоғарыдағы үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстырғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу мен қолдауға және шағын бизнес пен орта кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы орталарына қатысты әралуан аспектілі қиындықтары мен проблемаларына байланысты.
Сондықтан осы ғылыми жұмыстың өзектілігі жоғарыда аталған әртүрлі аспектідегі проблемаларды және оларды шешу жолдарын зерттеумен анықталады.
Сонымен қатар шағын жәнеи орта бизнес секторының бүкіл әлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруіне байланысты проблемаларды зерттеу осы бітіру жұмысының өзектілігін анықтайды.
Халықаралық сыртқы ортаға қатысты бүкіл потенциялды қиындық қазіргі кезде өте белсенді талқылануының себебі, шағын және орта бизнестің тек қана ішкі рынокқа бағдарлануына байланысты бәсекелік қабілеттің төмендігінде. Сондықтан егер біздің еліміз БСҰ – ына кірсе, онда осы сектордың елімізде экономикамызды әртараптандыруға мүмкіндігі болмай қалады. Осыған орай осы әлемдік ұйымға кірер алдында осы сектордың бәсекелік қабілеттерін жоғарлатуға бағытталған. Дамыту жолдарын зерттеу жоғарыда аталғандай, осы зерттеу жұмысының тақырыбының өзектілігін баянды етеді.
Бітіру жұмысының мақсаты. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуында кедергі болып тұрған проблемаларды қарастырып, оларды шешу жолдары арқылы осы секторды дамыту жолдан зерттеу болып табылады.
Зерттеу жұмысының мәні. Бұл ғылыми жұмыстың зерттеу пәні ҚР – дағы шағын және орта бизнес секторының субъектілері мен олардың қызметтерінің жағдайын (яғни кәсіпкерліктің объектісін) зерттеу, сондай – ақ осы сектордың дамуындағы проблемалар. Сондай – ақ «Сұлтан» ЖШС –і.
Бітіру жұмысының міндеттері:
— шағын және орта бизнестің экономикалық жүйедегі дамытудың варианттарын зерттеу арқылы ролін қарастыру;
— шағын және орта бизнес субъектілерінің түрлі аспектідегі қиындықтары мен проблемаларын терең талдау мен сипаттамаларын бітіріп кету;
— терең талдау негізіндегі проблемаларды шешу жолдарын зертеу арқылы ҚР –дағы шағын және орта бизнес субъектілерін дамыту жолдарын әзірлеу.
Бітіру жұмысының маңыздылығы. Бұл ғылыми жұмыстың теориялық маңыздылығы қазіргі жағдайда өте жоғары. Сондай – ақ бұл бітіру жұмысныда тәжірибелік маңыздылығы да бар. Оның тәжірибелік маңыздылығы қазіргі таңдағы шағын және орта бизнестің қамтуындағы проблемалармен қиындықтарды шешу жолдарының шынайы өмірге, жүзеге асырулары бойынша рекомендацияларды ұсынумен анықталады.
Сонымен бірге 2.2. сұрағындағы «Сұлтан» серіктестігінің қаржылық – экономикалық жағдайын талдауды несиелік ресурстарды тартуға қолданудың мүмкіндігі де осы бітіру жұмысының тәжірибелік маңыздылығын анықтайды.
курстық жұмыс / 30 бет
Халықаралық валюталық қатынастар
МАЗМҰНЫ
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕР……3
КІРІСПЕ…….4
1. ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР………6
1.1 Дүниежүзілік валюталық жүйе эвалюциясы………..6
1.2 Валюта-несиелік қатынастың маңызы, қажеттігі және әдістері…….9
1.3 Валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану жолдары……15
2. ҚР ВАЛЮТАЛЫҚ НАРЫҒЫ МЕН ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТЕҢГЕ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНА ӘСЕРІ…..20
2.1 Валюталық нарық және валюталық бағам олардың экономикаға әсері……20
2.2 Қазақстан Республикасының валюталық саясаты…….26
2.3 Комерциялық банктердің валюталық операциялары…..29
3. ҚР ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ………33
ҚОРЫТЫНДЫ……35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……….37
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕР
- АҚШ – Америка Құрама Штаттары
- ГФР – Германия Федеративтік Республикасы
- ГЭП – Сыйақы ставкаларының өзгерісі
- ДСҰ – Дүниежүзілік сауда ұйымы
- Евро – 1999 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап енгізілген европалық валюта
- ЕО – Европалық Одақ
- ЕВЖ – Европалық Валюта Жүйесі
- ЖКЕ – Капиталдандыру Ережесі
- КСРО – Коммунисті Советтік Республикалар Одағы
- ҚР – Қазақстан Республикасы
- СДР – 1970 жылы айналымға енгізілген халықаралық валюта бірлігі
- СМЕ – Чикаго Сауда Биржасы
- ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
- ХВҚ – Халықаралық Валюталық Қор
- ШИК – Шетел Инвесторларының Кеңесі
- ШТИ – Шетелдік тікелей инвестициялар
- ЭКЮ – 1979 жылы енгізілген Европалық валюта бірлігі
- ҰБ – ҚР-ның Ұлттық Банкі
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Экономиканың толығымен нарықтық қатынастарға өтуі, қазіргі кезде жұмыс жасап отырған валюта нарығының механизмінің жаңаша қызмет етуін талап етеді.
Бүгінгі күні экономиканың басты элементi — валюталық нарық. Валюталық нарықтың қалыптасуына ықпал ететiн факторлар қатары анықталған. Валюталық нарық — экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Валюталық нарықтар уақытылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды бiршама тиiмдi пайдалануды, валюталық операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрiнде пайда алуын, валюталық тәуекелдердi сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеудi, валюталық саясатты жүргiзудi қамтамасыз ете отырып, iшкi және халықаралық төлем айналымына қызмет етедi.
Халықаралық есеп айырысудың өзiндiк ерекшелiгi барлық елдер үшiн жалпыға бiрдей қабылданған төлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда, көрсетiлген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажеттi шарты сатып алу-сату формасында бiр валютаны екiншi бiрiне айырбастау болып табылады.
Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналады және барлық қаржылық капитал арқылы нақты басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіреді.
Қазақстан Республикасының валюта нарығындағы шешімін күтіп тұрған келесі бір мәселе — бұл валюта нарығына байланысты арнайы заңдылықтар мен нормативтік актілердің, сондай-ақ ережелердің, нұcқаулардың, жеткіліксіздігі және әрекет етіп отырған ережелер мен нұсқаулардың ескіруінен олардың дер кезінде жаңартылмауы.
Қазіргі валюта нарығының механизмінің осы уақытқа дейін қолданып келген валюта нарығының механизмінен мүлде айрықша деп айту қиын. Дегенмен де, қазіргі валюта нарығының механизімінің қызмет етуінің өзіндік ерекшеліктері болуға тиіс.
Қазіргі валюта нарығы және оның қызмет етуін жетілдіру барысындағы орын алатын шешімін таппай отырған сұрақтардың бүгінгі күнге дейін, отандық ғылыми жұмыстарда жеке зерттелмей келуі, бұл диплом жұмысының тақырыбын таңдап алуыма себеп болды.
Зерттеу объектісі:Қазақстан Республикасының валюталық нарығы және валюталық операциялары
Жұмысымның мақсаты нарықтық қатынастарға сай қызмет ететін валюта нарығының мазмұны мен құрлымдық элементтеріндегі өзгерістерді сипаттай отырып, Қазақстан Респуликасындағы ваюта нарығының тәжірибелері мен даму ағымына талдау жасау, сондай-ақ қазіргі валюталық жүйесін жетілдіру жолдарын іздестіру болып табылады.
Мақсатқа жетуде келесідей міндеттерді шешуді қажет етеді :
- Қазіргі валюта нарығының тұжұрымдамасын ұсыну;
- Қазіргі валюта нарығының құрлымдық элементтерін және өзіндік ерекшелігін зерттеу;
- Валюта нарығына теориялық тұрғыдан баға беру;
- Әлемдік тәжірибедегі валюталық нарықтың ерекшеліктерін оқып-үйреніп , олардың тиімді жақтарын ұсыну;
- Қазақстан Республикасындағы валюталық нарық тәжірибелеріне және даму ағымына талдау жасау;
- Валюталық жүйені талдау;
- Қазіргі валюта жүйесінің жетілдіру жолдарын анықтау және оларды тиімді бағалау.
Зерттеу жұмысының әдістемелік және теориялық негізінде қазіргі кездегі отандық және шетелдік экономистердің валюталық нарықта орын алатын мәселелер туралы және валюталық қатынастар экономиканың дамуындағы рөлін сипаттайтын зерттеулері пайдаланылады.
Статистикалық жәнне ақпараттар базасы ретінде Қазақстан Респуликасы Ұлттық банктің ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, нормативтік құжаттары, Қазақстан Респуликасындағы валюталық нарық туралы жылдық есеп деректері және валюталық нарыққа байланысты түрлі жобалар, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, сондай-ақ валюталық нарықтың дамуы жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т.с.с. пайдаланылды.
Жұмыстың кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері зерттеу объектісі мен зерттеу заты берілген.
Бірінші бөлімде, валюталық жүйе түсінігі және валюталық жүйенің тарихи тұрғыдан дамуы, валюталық қатынас, оның экономикаға әсері туралы айтылады.
Екінші бөлімде, Қазақстан Республикасының валюталық саясаты, валюталық нарықтар түрлері қарастырылған. Сонымен қатар онда валюталық тәуекелдер және оларды реттеу әдістері жазылған
Үшінші бөлімде,– Қазақстан Республикасындағы валюталық нарық қызметтін ұйымдастыру және реттеу механизмі, Қазақстан Республикасының валюталық заңнамалары, валюталық реттеу, валюталық бағам режимін реттеу туралы айтылады.
Ал қорытынды бөлімде валюталық нарықтың жаңа перспективалары мен даму жолдарын көрсетемін.Сонымен бірге зерттеулердің нәтижелері мен валюта нарығы тұрғысында туындайтын ұсыныстар айтылады.
курстық жұмыс / 37 бет
Ұлттық бантің ақша несие саясаты
Мазмұны
Кіріспе______ 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ПАЙЫЗДЫҚ САЯСАТЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК_ 5
1.1 Қазақстандағы пайыздық саясаттың мәні__ 5
1.2 Ақша – несие саясатының түрлері____ 10
1.3 Пайыздық саясатты жүргізудің шетелдік тәжірибиесі___ 14
2 ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ПАЙЫЗДЫҚ САЯСАТЫ__ 16
2.1 Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша – несие саясаты____ 16
2.2 Ақша – несие саясатының табыстау механизімі және оның салық-бюджет, валюта саясаттарымен байланысы_ 21
3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПАЙЫЗДЫҚ САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ІС-ШАРАЛАРЫ__ 26
3.1 Экономиканы ақша-несиелік реттеудің кейбір аспектілері____ 26
3.2 Қазақстандағы пайыздық саясатты жетілдіру жолдары__ 31
ҚОРЫТЫНДЫ___ 34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ___ 37
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделеңдіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі пайыз саясатының басты мақсаты — айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.
Жалпы, курстық жұмыстың жазылу құрамы кіріспе, үш бөлім, сегіз сұрақты, сондай-ақ қорытынды, пайдаланған әдебиеттер қамтып отыр.
Бірінші бөлімде Ұлттық банктің экономикадағы ролі, мәні және мақсаты мен қажеттілігі қарастырылды, сонымен қатар Ұлттық банктің пайыздық саясаты, ақша – несие саясатының түрлері қарастырылып, пайыздық саясатты жүргізудің шетелдік тәжірбиелеріне сипат берілді.
Осы бөлімде мемлекеттің ақша – несие саясатында пайыздық саясатының қажеттілігінің мәні, мазмұны ашылды. Ақша-несие саясаты — бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Сонымен қатар, ақша – несие саясатының субъектілері анықталды.
Екінші бөлімде, ҚҰБ-нің ақша – несие саясатының басты бағыттары, оны жүргізудің жолдары және реттеуі қарастырылды, сонымен қатар, ақша – несие саясатының табыстау механизімі және оның салық — бюджет, валюта саясаттарымен байланысына сипат берілді. Осы бөлімде Қазақстан Республикасының пайыздық саясатына талдау жасалып, негізгі көрсеткіштеріне баға берілді. Монетарлық саясаттың негізгі бағыттары анықталып, оларды жетілдіру жолдары қарастырылды.
Осы бөлімде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі «банктердің банкі», қызметінің маңыздылығы және екінші деңгейлі банктердің қызметін қабылдау, қадағалау және бақылау жүргізу бағыттарына сипат берілді. Сонымен қатар, Ұлттық банкінің екінші деңгейлі банктермен есеп айырысу операцияларын жүргізу қызметі қарастырылды. Және де Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің 2009 – 2010 жылдарға арналған ақша несие саясатына сипаттама берілді.
Үшінші бөлімде, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен жүргізелетін пайыздық саясатының негізгі проблемалары мен оларды жетілдіру жолдарына сипат берілді.
Яғни, Қазақстан Республикасының пайыздық саясатының қазіргі кездегі қиыншылықтары анықталды және одан шығудың жолдарына сипат берлді.
Курстық жұмыстың жазылу барысында және тақырыптың мазмұнын ашуда белгілі авторлардың оқулықтары, монографиялар, сондай-ақ газет –журналдар беттеріндегі жарияланған мақалалар, маңызды деректер, статистикалық көрсеткіштер жан-жақты пайдаланылып отыр.
курстық жұмыс / 28 бет
Ұлттық банк — оның мақсаттары,міндетері мен қызметтері
Ж О С П А Р
К і р і с п е ……..3-4
I тарау. Ұлттық банк, оның мақсаттары, міндеттері мен қызметтері….5-10
1.1 Ұлттық банктің міндеттері, мақсаттары мен құқықтары……..5-6
1.2 Ұлттық банктің атқаратын қызметтерінің бағыттары…….7-10
II тарау. Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Банктің құрылымы мен басқару органдары…11-21
2.1 Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банк — «Банктердің банкі»……..16-17
2.2 Қазақстан Ұлттық Банкінің бақылау және қадағалау функциялары……18-20
2.3 Қазақстан Ұлттық банкінің мемлекеттік өкімет органдарымен өзара іс ― қимылы…..20-21
III тарау. Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Банктің операциялары мен негізгі бағыттары……22-28
3.1 Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Банктің операциялары және агенттікпен бөлісуі….22-26
3.2 Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Банктің 2004-2006 жылдардағы негізгі бағыттары…….26-28
Қорытынды……..29
Қолданылған әдебиеттер……30
Кіріспе
Мемлекеттің деңгейі мен негізін анықтауда экономика негізгі рөл атқарады. Оның әрбір саласын сәйкестілікпен жұмылдыру маңызды іс болып табылады. Әрбір елдегі нарықтық қатынастардың маңызды бөлігін несие мекемелері құрайды, яғни банк тараптары басты рөл атқарады.
Менің бұл тақырыпты таңдау себебім — Ұлттық Банк – еліміздің эмиссиялық және резервтік орталық ретінде ақша – несие және валюта саясатын анықтайтын және маңызды жүйелерді реттеуші болғандықтан, оны тереңірек түсініп, танып білгім келеді.
Республиканың Ұлттық банкінің ең басты мақсаты – экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы – несие құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді.
Ұлттық Банктің тарихына тоқталатын болсам, Қазақстан Республикасының Орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін КСРО Мембанкінің Республикалық Кеңесінің негізінде 1990 жылдың желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның Мемлекеттік банкі ретінде құрылып, ал 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық Банкі деп аталды. Ол республикадағы банк жүйесінің жоғары деңгейдегі банк, өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.
Ұлттық Банкінің маңызды қызметі — банктердің, жинақ және тағы басқа несиелік мекемелердің резервтер деп аталатын салымдарын сақтау болып табылады. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы» және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» заңдарына сәйкес барлық мекемелер өз резервтерін Ұлттық банкіде сақтауы тиіс, өйткені жоғарыда айтылғандай, олардың ақша айналысын реттеуде, коммерциялық банктердің несиелік қызметін реттеу және өтімділікті қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар.
Ұлттық Банк ― коммерциялық банктерді және басқа да қаржылық ― несиелік мекемелерді несиелеу қызметін атқарады. Ол ― жалпы банктік жүйені қолдау мақсатында аукциондық негізде, ломбардтық несиелерді және РЕПО операциялары арқылы несие береді.
Мен курстық жұмысымның барысында, жалпы Ұлттық Банктің ұғымына, мәніне, мақсатына, оның операциялары мен қызметтеріне , құрылымы мен басқару органдарына тоқталып өтемін.
Курстық жұмысты көрсетілген талаптарға сай орындау үшін еліміздегі Ұлттық Банк мәселелерін талдау бойынша, жарық көрген бірнеше әдебиеттерді, газеттерді қолдандым.