‘Биология, Экология, Медицина’ бөлімінің мұрағаты
Тұтыну ссудасы
ЖОСПАР
Кіріспе
I-бөлім. Тұтыну ссудасы туралы түсінік және оның түрлері
1.1. Тұтыну ссудасы туралы түсінік және оның мәні
1.2. Тұтыну ссудасының түрлері және қажеттілігі
II-бөлім. Тұтыну ссудасын «Казкоммерцбанк» АҚ тәжірибесінде талдау. Несиелендіру обьектісі
2.1. Тұтыну ссудасын АҚ Казкоммерцбанктің тәжірибесінде талдау
2.2. Несиелендіру обьектісі мен саясаты және оны банктік тәжірибеде талдау
III-бөлім. Жеке тұлғаларды ссудалауды жетілдіру жолдары және мәселелері
3.1. Қазақстанда жеке тұлғаларды несиелеуді жетілдіру жолдары
3.2. Қазақстан Республикасының тұтыну ссудасын беру мәселелері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Нарықтық экономика дамыған сайын несие түрлері де көбеюде. Соның ішінде тұтыну ссудасына келетін болсақ,оның негізгі мақсаты-халыққа тұтыну тауарларын сатуды ынталандыру, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту. Тұтыну ссудасы бөлшек саудамен тығыз байланысты: біріншіден, тауар айналымы өскен сайын, несие көлемі де көбейеді, себебі тауарға деген сұраныс несиеге деген сұранысты тудырады. Екіншіден, төлем қабілеттілігі бар халықтың сұранысын тудырады. Бұл байланыс әсіресе қазір, нарық тұтыну тауарлармен қаныққан сайын нығая түспек. Жиынтығы несиенің объективті қажеттілігін анықтап және оның эволюциясын түсіндіріп береді
Несиенің бұл түрі қымбат және ұзақ мерзімге тұтынатын тауарларды мысалы: автокөліктерді, жиhаздарды сатып алуға қолданылады. Тауар бағасы жоғары болған сайын, несиенің бұл түріне де сұраныс көбейеді. Дамыған елдерде несиенің жартысынан көбі автокөлік сатып алуға беріледі. Қалған тауарларды тауарларды көбінесе қолма қол-ақша арқылы сатып алады.
Тұтыну ссудасы тауар формасында және ақшалай берілуі мүмкін. Соңғы кезде, Қазақстанда ақщалай берілетін тұтыну ссудасы өріс алуда. Олар көбінесе машина және ұзақ мерзімге қолданылатын тауарлар алуға, үйлер салуға, сатып алуға және тағы басқа да мақсаттарға беріледі. Жалпы тұтыну ссудасының көлемі халықтың тұрмыс жағдайын және кәсіпкерлердің тауарларын өткізуге үлкен ықпал жасайды.
Дамыған елдерде тұтыну ссудасы үлкен роль атқарады. Ол тауарларға деген сұранысты, оларды өндіруді көбейтуге және сатуға ынталандырады. Тұтыну ссудасы көбінесе табысы орташа жұмысшылар қызметкерлер пайдаланады. Жеке тұлғаларға ұзақ мерзімге қолданатын тауарларды несие арқылы сатып алған қымбатырақ болғанымен, төленетін соманы біртіндеп өтеуге мүмкіндік алады.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы тұтыну ссудасы да, оның бір түрі болып табылатын ипотекалық несие де дамудың жаңа сатысында.
Несиенің объективті қажеттілігі табиғи және ақшалай түрде жүзеге асатын ерекшеліктерден кеңейтілген өндірісті шығарып тастайды. Ол капитал түрлері үнемі ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалы түрі тауарға, тауарлы меншік өндірістікке, өндірістік тауарлыға және тауарлық қайта түріне аусып тұрады.
Несиенің мүмкіндігін шындыққа айналдыру үшін белгілі бір талаптар бар. Біріншіден, несие келісімінің қатысушылары-несие беруші мен қарыз алушы-экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын өз мойнына алуға материалдық жағынан кепілдік беретін дербес заңды субъектілер болуы керек. Екіншіден, егер несие беруші мен несие алушының мүдделері бір жерден шықса, онда бұл жағдайда несие өте қажет болады. Несие келісімін жүзеге асыру үшін оның қатысушылары міндетті түрде несиеге өзара қызығушылық танытулар керек.
Курстық жұмыстың мақсаты — Тұтыну ссудасының түрлері, жеке тұлғалардың тұтыну ссудасын қандай мақсаттарға алатынын және тұтыну ссудасының берілу тәртібімен танысу Осы мақсатты орындау үшін мынандай міндеттемелер алға тартылады:
— Тұтыну ссудасының түрлеріне зерттеулер жүргізу;
— Несие объектілерінің қажеттілігін қарастыру
— Жеке тұлғалардың несиелік қабілетін бағалау әдістеріне сипаттама беру;
— Несиені уақытында қайтаруды қамтамасыз ету формаларын талдау;
курстық жұмыс / 26 бет
Төлем балансы
КІРІСПЕ
І –Тарау. Төлем балансы және оның мәні
1.1. Төлем айналымы түсінігі
1.2. Төлем айналымы әрекет етуі бойынша қатынастарды реттеу
ІІ – Тарау. Төлем айналымы және ақша-несие саясаты
2.1. Ақша төлемі және аударымды жүзеге асыру тәсілдері
2.2. Ақша-несие саясатын жүргізудегі аспектілер
2.3. Валюталық саясат және оның төлем балансындағы маңызы
ІІІ- Тарау. Әлемдегі несие жүйесінің дамуының қазіргі тенденциялары.
3.1. Халықаралық ақша-несие саясатының қоғамда алатын орны.
3.2. ҚР-ның ақша-несие саясатының қазіргі даму ерекшеліктері.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша – несие саясаты — нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді.
Ақша – несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздыі ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.
Төлем айналымы және оның біздің елдегі қалыптасуы мен жұмыс жасау қарқыны ақша-несие саясатының негізгі мақсатының бірі, мұнымен қоса инфляциялық тежелуді қамтамасыз ету және қаржы нарығының тұрақтылығын қадағалау қызметтері де жүктеледі. Айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру өз алдына үлен жауаптылық. Бұл мақсаттарды бір мезгілде шешу қиындық тудырады. Себебі экономикалық өсу үшін несиелік экспансия, ал инфляцияны тежеу үшін, керісінше, несиелік рестрикция, яғни ақша массасының жалпы шектеулілігі қажет. Сондықтан да ақша-несие саясаты тұрақты бюджет, төлем балансы және салық саясатымен байланысты келеді.
Ақша-несие саясаты бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуге, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы, төлем балансы сұрақтарын шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін таңдаудағы біліктілігіне негізделеді.
курстық жұмыс / 21 бет
ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІ, АУДИТІ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………3
1.ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІ,АУДИТІ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫ
1.1. Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы есебі……4
1.2. Тауарлы-материалдық қорлар және оларды жіктеу мен 2ХҚЕС бойынша тауарлық-материалдық қорлардың бағалануын есепке алу …..8
1.3.Тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысы есебі және құжатталуы…….11
2. ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫ
2.1. Тауарлы-материалдық қорлар аудитінің мақсаты мен міндеттері……15
2.2. Тауарлы- материалдық құндылықтардың қоймадағы есебінің аудиті……16
2.3. Кәсіпорынның қоймасына тауарлы – материалды қорлардың түсуін құжаттық рәсімдеу……20
2.4. Кәсіпорының қоймасынан тауарлы – материалдық қордың шығуын құжаттық рәсімдеу……..23
Қорытынды…….25
КІРІСПЕ
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.Экономиканың барлық саласындағы, кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізатпен материалдарды ұқыпты жүмсауға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік кұнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық қорларын, ақша қаражаттарын және басқада ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға жэне тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызымен мәнін айрықша бағаламауға болмайды. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуының маңызы зор. Бухгалтерлік есеп материалдардың сақтануы, шығындар нормасының төмендетілуі, тиімді қолданылуы туралы мәліметтерді жинақтайды. Тауарлы-материалдық қорлар есебінің жалпы принциптері бухгалтерлік есептің № 7 «Тауарлы-материалдық қорлар есебі» стандарты негізінде ұйымдастырылып, мұнда есептің негізгі бағыттары көрсетілген:
— тауарлы-материалдық қорлардың өзгерісі;
— тауарлы-материалдық қорлардьщ өзіндік қүны және бағалануы;
— шығындардың есептелуі;
— есеп берудегі айқындама.
Тауарлы — материалдық қорлар субъектінің айналымдық қорының негізгі бөлігі болып табылады. Оның құрамына материалдар, аяқталмаған өндіріс, тауарлар кіреді. Нарықтық экономика жағдайында айналымдық қордың айналымдылығын жоғарылату оның маңызды және нақты көрсеткіші болып табылады. Өнімнің өзіндік құнында материалдардың үлес салмағы өнеркәсіптерде 70% құрайды, яғни пайда түсірудің негізгі көзі болып табылады. Негізгі мақсат:
— Тауарлы-материалдық қорларды жіктеу мен бағалау;
— Тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысын есептеу кезінде жасалатын кұжаттар;
— Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы жэне бухгалтериядағы есебі;
— Тауарлы-материалдық қорларды түгелдеу және оларды есеп беруде ашып көрсету;
— Тауарлы-материалдық қорларды талдау;
— Тауарлы-материалдық қорлардың аудиті.
курстық жұмыс / 26 бет
Сыртқы саудадағы мемлекеттік саясат
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ………3
1-Бөлім. Мемлекеттік сауда саясатының түсінігі, бағыты, жабдықтары мен сипаты
1.1 Мемлекеттік сауда саясаты…..5
1.2 Сыртқы сауда тауары…..8
2-Бөлім. Сауда саясатының мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге асыру құралдары
2.1 Сыртқы сауда саясаты…….10
2.2 Сыртқы және халықаралық сауда саясаты….14
2.3 Сыртқы сауданың тарифтік емес әдістері және оның негіздері түрлері…..19
3-Бөлім. Сауда саясатының қаржы әдістері
3.1 Қаржысаясаты……24
3.2 Экспорттық субсидиялар, демпинг және халықаралық сауда……26
4-Бөлім. Қазақстанның саясаты
4.1 Қазақстан саясаты………31
4.2 Мемлекеттің ұлттық саясаты……33
Қорытынды………35
Пайдаланылған әдебиеттер…….37
КІРІСПЕ
Қоғамда өзекті мәселелердің бірі ретінде сауда саясаты ерекше маңызға ие. Себебі жүйелі де тиімді сауда саясаты құқықтық мемлекет пен демократиялық қоғамның ажырамас элементі болып табылады.Сондықтанда сауда саясаты Қазақстан үшін зор маңызды экономикалық сала.
Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен дамуда, ғаламдану мен ақпараттық технологиялар дәуір күн өткен сайын күш алып барады. Қазақстан өзінің экономикалық әлеуметін нығайтып, халықаралық нарықта орнын нақтылауда және Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруді жоспарлауда президентіміз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, «Бізге ауқымды міндет- бәсекеге қабілетті жағынан әлем елдері ішіндегі көшбастаушы елу елдің санатына ену міндетін шешу қажет.Бұл мақсатқа жете алуымыз көбіне қаржыгерлерімізге байланысты». 2006жылы 1 наурыздағы Қ.Р. президентінің халыққа жолдауында Қазақстанның алдағы уақыттарда әлемдегі 50 бәсекелес елдің қатарына кіру туралы міндеті жөнінде «экономикалық жоғары табыстарға қол жеткізген кез келген ел жедел экономикалық өрлеудің алдындағы кезеңде жоғары экспортты азйтып, импортты жоғарлату жөнінде барлық шараларды міндетті түрде қолдаған және кейін макроэкономикалық көрсеткіштерді белгіленген шекте ұстап тұруды қатаң қадағалауды» тапсырды.. Жаратылыстану ғылымдарындағы сияқты, экономикада және өзге де қоғамдық ғаламдарда белгіленген ақиқаттар мүлдем жоқ, ла теориалар жасауға божам жасауға әрекеттер ғана бар, оларды дәлелдеуге болмайды, алйда олар қайсыбір мезетте эксперимент арқылы жоққа жоққа шығарылуы мүмкін. Қоғамдық ғаламдарда да жаратылыстану ғаламдарында да дүниетанымға білім саны («нормативтік сараптық») ықпал жасайды , бірақ соңғысының қалыптасуы негізін дүниетаным , яғни «позитивті» білім қалайды.
Казіргі халыкаралык байланыстардьң саяси, экономикалык, әлеуметпк, технологиялык астарларынын бірыңғайлануы және жалпы жаһандану үрдісінің күшеюі әрбір мемлекеттің сырткы экономикалык қызметін ұдайы бақылап, тиімді баскарып отыруды талап етеді. Бұл талаптьң барған сайын қатая беретіндігін жанагыдай баскару объектісінің алдағы уакытта да кеңейе және күрделене беретіндігімен тусіндіріледі. Сауда саясатының сырткы экономикалык кызмет саласына байланысты
кажстті неізі санаттар, түсініктер мен жіктеулер кслтірілген. Әсіресе, сырткы экономикалык кызметтің баскарушылык астарына ерекше назар аударылады. Бұл кызметтің неігзі сырткы сауда байланыстары мен операциялары және олардың қарқыны мен құрылымыньң сипаттамасы бо-лып табылатындықтан, оларға барынша көбірек көңіл бөлінеді. Сондықтан, экономика мамандықтары бойынша жоғары бім аламын деген адам мемлекеттің сыртқы экономиқалық саясатының қалыптасу заңдылықтарын, оны жүзеге асырудың әкімшілікк механизмдерін жақсы меңгеруге тиісті. Сондай-ақ, рефератта халықаралық байланыстардьң сатып алу-сату, жалдық және мердігерлік жұмыстарды ұйымдастыру мен басқару, сауда делдал-дарыньң кызмет үйлестіру, мемлекетаральқ есеп айырысуды қадағалау және т.б. қарастырылды.
Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің халыққа жолдауында:Біз 2030 жылы Азия Барысы.на айналуымыз керек.Бірнеше жылдан кейін Қазақстан Дүниежүзлік Сауда Ұйымына ДСҰ мүшелікке өтпек. Сөзсіз бұдан біздің ұтарымыз аз емес . Шекара ашылған соң кәсіпкерлеріміз өз тауарларын ешбір шектеусіз шетелге шығаруға мүмкіндік алады. Сондықтан қазіргі уақытта кәсіпкерлеріміздің алдында тұрған ең негізгі міндеттердің бірі – сапалы өнім шығаруға қол жеткізу, өйткені шетелдік өнімдерге бәсекелес бола алмаса, отандық бизнес өкілдері бонкротқа ұшырайды.
курстық жұмыс / 37 бет
Самұрық-Қазына
Мазмұны:
Кіріспе……….3
І Тарау. Коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындардың қаржысы
1.1 Коммерциялық кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың көздері……5
1.2 Кәсіпорындар ұйымдардың қаржы қорлары….12
1.3 Өндірістік капиталдар және кәсіпорындардың қызметінің қаржы нәтижелері..15
ІІ Тарау. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорын талдау.
2.1 «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының қызметін талдау………22
2.2 «Самұрық-Қазына» Қоры 2010 жылдың қорытындысы…..26
2.3 «Самұрық-Қазына» Қорының құрамындағы даму институттары қызметтерінің тиімділігі…..…31
ІІІ Тарау. «Самұрық-Қазына» Қорының маңызды мәселесін шешу жолдары мен стратегиялары.
3.1 «Самұрық-Қазына» мәселелерін шешу жолдары….33
3.2 Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру……37
Қорытынды……..39
Қолданылған әдебиеттер тізімі……..41
Кіріспе
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызмет сферасындағы өндірістік қатынастардың айырықшалықты ерекшеліктері, таза қаржы қатынастарының басқа ақша қатынастармен өте тығыз байланысты, бірқатар ғалымдардың пікірі бойынша кәсіпорындар мен салалар қаржысы қаржы жүйесінің жалпымемлекеттік қаржылардан ортақ белгілерінен гөрі көбірек айырмашылығы бар буыны болып табылады дегенге жеткізеді. Олардың пікірінше, егер бұл буынға кәсіпорындардың ақша қатынастарының бүкіл жиынтығын қосса, онда дербес экономикалық категорияның – кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша шаруашылығының бар екендігі жөніндегі мәселені қоюға болады.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардын, қаржысы қаржы жүйесінің маңызды сфераларының бірі ретінде құн түріндегі ЖІӨ жасау, болу және пайдалану процестерін қамтиды. Олар негізінен ЖІӨ мен ҰТ жасалатьш материалдық өндіріс сферасында іс-әрекет етеді. Сондықтан коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы материалдық өндіріс кәсіпорындары (ұйымдары) қаржысының мазмұнымен және оларды ұйымдастырудың қағидаттарымен бірдей болып келеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы тәжірибесінде кәсіпорындардың, жеке саланың немесе бүкіл ұлтгық шаруашылыктың өндірістік, шаруашылық және әлеуметтік қызметіндегі мақсат-міндеттеріне қарай әр түрлі қорлар пайдаланылды. Өздерінің кызметтерінің орындалуына немесе экономикалық жағдайдың өзгеруіне қарай кейбір қорлар жойылса, кейбірі өзгсртіліп, қайсы біреулері жеке бөлініп шықты
Коммерциялық қызметтің мақсаты табыс алу болып табылады. Коммерциялық негізде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жүмыс істейді.
Өндірістік емес сфера мекемелерінің едәуір бөлігі: мемлекеттік басқару, қорғаныс, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жәнс қамсыздандыру, құқық тәртібін қорғау, айналадағы ортаны қорғау, денсаулық сақтау мен білім берудің, мәдениеттің және шығармашылықтың үлкен тобы,
Курстық жұмысымның мақсаты – Коммерциялық кәсіпорын қаржысының негізгі көзі ретінде пайда келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым занды тұлға бола алады. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл ауқат қоры дағдарысқа қарсы түзген бағдарламасын жүзеге асыру барысында материалдық әрi стратегиялық жоспарын талдауы қарастырылған.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестігі, өндірістік кооператив нысандарында қүрылуы мүмкін.
Менің курстық жұмысымның тақырыбымның аты «Коммерциялық кәсіпорындардың қаржысы» деп аталады. Курстық жұмысымда негізге алған «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры туралы мәлімет берілген. Ол экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру және әлемдік нарықтағы өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге ықтимал жайсыз әсер етуі факторларынан сақтандыру үшін құрылды.
Дайындаған курстық жұмысым үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде — Коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындардың қаржысы туралы жазылған. Кәсіпорын мен ұйымдар қаржысын — белгілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланады. Екінші бөлімінде — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорын талдау және оның құрамындағы даму институттары қызметтерінің тиімділін арттыру туралы мағлұмат берілген. Ал, үшінші бөлімінде — «Самұрық-Қазына» мәселелерін шешу жолдары және индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру
курстық жұмыс / 41 бет
Салықтық тексерістің ұйымдастырылуының кезеңділігі
МАЗМҰНЫ
І КІРІСПЕ……..3
IІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ……….4
1. Cалықтық тексерістің ұйымдастырылуының кезеңділігі……4
1.1. Салықтық тексеруінің түрлері……..4
1.2 Салық тексерулерін жүргізу тәртібі……..6
1.3 Салық тексеруін жүргізудің басталуы…….7
1.4 Cалықтық тексерісі нәтижелері бойынша шешім……..8
2. Cалықтық тексеру нәтижелерін рәсімдеу әдістері ……11
2.1 Камералдық бақылау нәтижелерін рәсімдеу әдістері…………11
2.2 Рейдтік тексерісті жүргізу нәтижелерін рәсімдеу әдістері…..11
2.3 Хрономераждық зерттеу нәтижелерін рәсімдеу әдістері……..13
2.4 Құжаттық тексерісті жүргізу нәтижелерін рәсімдеу әдістері.15
3. «Қазақстан тЕмір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы «Шаруашылық басқармасы» филиалында өткен тақырыптық құжаттық тексеріс туралы……20
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ…….22
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……23
ҚОСЫМШАЛАР…….25
І КІРІСПЕ
Салық түсімдерінің арқасында өмір сүретін мемлекет, бюджетке ақша қаражатының толық және дұрыс түсуін қадағалайды. Осы тапсырманың орындалуын әрдайым мемлекет тарапынан қадағалап, бақылау жасап отыру керек. Осындай мемлекеттік бақылауды басқару механизімі тарапынан қаралады. Соның арқасында салықтық тексеру мемлекеттік бақылаудың ең жақсы ұйымдастырылған түрі болып келеді.
Салық — мемлекеттiң бекiтуi. Тек сол ғана азаматтарды белгiлi бiр көлемде ақшалай қаржыларды беруге мiндеттi. Қазақстан Республикасында салықты төлеу мiндеттемелерi азаматтардың Конституциялық мiндеттемелерiнiң қатарына жатады. Осыған байланысты мемлекет саяси үкiмет субъект өкiлдiгiне сүйене отырып әрекет етедi.
Мемлекет ақшалай қаржыларды түрлi жолдармен табады, бiр жағдайда мемлекеттiк зайымдар iшкi және сыртқы ретiнде меншiк иесiнiң қаражатты өз еркiмен беруге негiзделетiн әдiс қолданылады, ал басқа жағдайларда ақшалай қаражаттар ерiксiз өндiрiп алу жолымен алынады.
Салықтар мемлекеттiк бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгiлi мөлшерде мiндеттi төлемдер болып табылады.
Салықтар шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бiр бөлiгiн бiлдiредi. Сонымен қатар, шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен халық табысының белгiлi бiр мөлшерiн мемлекет үлесiне жинақтап, жинақтаудың қаржылық қатынас-тарын көрсетедi. Салықтар мемлекеттiң пайда болуымен бiрге қалыптасады және мемлекеттiң тiршiлiк етiп дамуының негiзi болып табылады.
Қазақстан Республикасы бюджетiнiң қалыптасуында маңызды орынды салық түсiмдерi алады.
Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Жұмыстың бірінші бөлімінде Салықтық тексеруінің экономикалық мәні мен түрлері онда:салық тексерулерін жүргізу тәртібі, салық тексеруін жүргізудің басталуыс салықтық тексерісі нәтижелері бойынша шешім, ал екінші бөлімінде: салықтық тексеру нәтижелерін рәсімдеу әдістері: камералдық бақылау нәтижелерін рәсімдеу әдістері, рейдтік тексерісті жүргізу нәтижелерін рәсімдеу әдістері, хрономераждық зерттеу нәтижелерін рәсімдеу әдістері, құжаттық тексерісті жүргізу нәтижелерін рәсімдеу әдістері қарастырылған.
курстық жұмыс / 25 бет
Салық жүйесі
Мазмұны:
Кіріспе……. 3 бет.
1. Салық жүйесінің мазмұны мен маңызы
Салық жүйесінің мәні……..4-9 бет.
Салық жүйесінің ықпалы мен рөлі…….10-13 бет.
Салық жүйесінің негізгі бағыттары…… 14-16 бет.
2. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің жүргізілуі мен бюджетке әсері
Салық жүйесінің бюджетті толтырудағы рөлі…….17-26 бет
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің бюджеттің кіріс бөлігін толтырудағы басқа дамыған елдерден ерекшелігі…26-32 бет
3. Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының салық жүйесін дамыту жолдары…….33-36 бет
Қорытынды…. 37 бет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі…… 38 бет.
Кіріспе
Осы курстық жұмыс «Қазақстан Республикасының салық саясатының қазіргі кезеңдегі негізгі бағыттары» деген тақырыпта қазіргі мемлекетіміздің жүргізіп отырған саясатына талдау мақсатында жасалды. 1991 жылдың желтоқсанында өз тәуелсіздігін алған жас мемлекетіміздің жаңа экономикалық саясатында салық жүйесінің атқаратын рөлін жан – жақты қамтуға арналған жұмыс. Аталған жұмыста еліміздегі қазіргі салық жүйесі мен салық саясатына шолу жасап, еліміздегі қолданып жүрген салықтар мен алымдардың мәні мен маңызын және де кемшілігін көрсетуге тырыстым.
Салық жүйесі өте күрделі жүйе. Мемлекетіміздің әл – қуаты мен қауіпсіздік саясатына арқау боларлық тұрақты экономикалық дамуына әсер ететін жүйе. Бұл арада салық төлеушілер де, мемлекетте арақайшылық болмайтын қатынас болу үшін салық саясатын заң арқылы дұрыс жолға қоя білу керек.
Мемлекеттік салық саясатын – салықтар саласындағы іс- шаралары жүйесін әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес қоғам дамуының нақты кезеңдегі әлеуметтік –экономикалық және басқа мақсаттар мен міндеттеріне қарай жүргізеді.
Салық салу обьектісін бағалау дәрежесіне қарай салықтар нақты және жеке болып бөлінеді.Нақты салықтар – мүліктердің сыртқы белгісіне қарай, нақтылы табыстың түсуі есептелместен (жер салығы , мүлікке салынатын салық, құнды қағаздарға лынатын салық) салынады.
Жеке салықтар жеке адамдар мен зеңды мекемелердің қаражат жағдайына байланысты (пайдаға салынатын салық, табыс салығы, мұра немесе сыйға тартуға ауысқан мүліктерге салынатын салық) салынады.
Бұл курстық жұмыста мынадай мәселелерді ашуға тырыстым:
— Салық жүйесінің мазмұны мен маңызы;
— Салық жүйесінің саясатының мәні;
— Салық жүйесінің ықпалы мен рөлі;
— Салық жүйесінің негізгі бағыттары.
— Қазақстан Республикасының салық жүйесінің жүргізілуі мен бюджетке әсері;
— салық жүйесінің бюджетті толтырудағы рөлі;
— Қазақстан Рнеспубликасының салық жүйесінің бюджеттің кіріс бөлігін толтырудағы басқа дамыған елдерден ерекшелігі;
— Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының салық саясатын дамыту жетістіктері.
Қазіргі экономикалық дағдарыстан әлі де құтыла алмай отырған еліміз үшін салық жүйесін жетілдіру, дамыту тақырыбы өте өзекті, маңызды және де керекті деп ойлаймын.
Айта кету керек, 1995 жылы 24 сәуірде Президенттің Заң күші бар жарлығымен қабылданған «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Салық Кодексі біздің еліміздің экономикасы үшін үлкен қызмет атқарды. Жалпы ішкі табыстың бүгінгі күні барлық ТМД елдерімен салыстырғанда жоғары деңгейде тұруы – соның айғағы.
Шетел инвестициялары біздің экономикаға келтіру және бағыттау бағдарламалары салық заңдылығымен айтылып жатқанын айту керек. Жалпы қарап отырсақ, салық кодексінің әлемдік стандартқа сай болуы – шетелдік инвестицияның біздің елге келуіне көп әсер беруі.
Біздің салық жүйеміздің жоғары деңгейде көріне білгені елімізге көп пайда келтіреді.
курстық жұмыс / 38 бет
Өнеркәсіптік кәсіпорында өнім сапасын басқару
КІРІСПЕ——-3
І. Сапа және оның теориясы—-7
1.1 Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі——7
1.2 Тауар сапасының бәсекеге жарамдылығы——8
1.3 Сапа көрсеткіштері—-
ІІ. Сапаны басқару——11
2.1 Өнім сапасын басқару жүйесі——11
2.2 Стандарт және стандарттау ұғымы——13
2.3 Сапаға қойылатын талаптар
ІІІ. Қазақстан Республикасындағы сапа менеджменті жүйесін жетілдіру——15
Қорытынды——20
Пайдаланылған әдебиеттер——-23
Қосымша——24
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. ХІХ – ғасырдың француз экономисті Жан Батист Сәй (1767 -1832 жылдар) жылдар кәсіпорыннның шаруашылық қызметінің негізгі ережесін қалыптастырды. «Пайданы көбейту үшін өндіріс шығындарын азайту керек».
Осы классикалық ереже еркін, жетілген нарықтық бәсеке жағдайында бас тартпай жұмыс істеді. Бұл жағдай сол кездегі өнеркәсіп фирмаларының шаруашылық қызметтері, шығарылған өнім ассортименті және өткізу рыноктары салыстырмалы түрде тұрақты болуымен түсіндіріледі. Тұрақты рынокта фирмалар осы нарықта өздерінің белгілі бір үлесі үшін күресті. Фирманың стратегиялық мақсаты сатуда бағаларды және өндіріс шығындарын азайту арқылы өзінің үлесін көбейту болды.
Осы дәуір, еркін бәсеке дәуірі теоретикалық экономикаға баға бәсеке дәуірі ретінде белгілі. Осы уақытта бәсекелестеріне қарағанда сондай өнімге бағасы төмен фирма алға шықты.
Осы бойынша америка ғылымы, экономист, П. Самуэльсон: «Тауар өндірушілер бағалар бәсекесіне қарсы тұра алады және өздерінің пайдасын максимум деңгейге дейін көтере алады, тек қана шығындарды минумум деңгейге дейін азайтқанда, бұл өз кезегінде өндірістің ең тиімді әдістерін ендіргенде ғана қол жеткізіледі» — деп жазды.
Қазіргі жетілмеген, бағалық емес бәсеке жағдайында өндірістің шығындары азайту арқылы пайданы көбейту жолын іздеу әрекеті, әсіресе фирмалар арасында бәсеке болғанда ерте ме кеш не фирма үшін төлем төлей алмау әкеледі.
Әлемдік қауымдастықтың қазіргі экономикасы өтпелі экономика ретінде сипатталады: бір елдер, бұрынғы социалистік елдерді қосып алып нарықтық экономикаға өтуде, дамушы елдердің бір қатары дамудың индустриалдыға дейінгі деңгейіннен индустриалды дәуірге өтуде, индустриалды дамыған елдер индустриалдықтан ақпараттық дәуірге өтуде.
Ақпараттық дәуірде тұтынушылардың мұқтаждықтары мен сұраныстары көн қырлы және ұлттық рыноктар рамкаларынан алыстауда, сұраныстар мінезі өзіндік сипат алып және де өзінің құрылымы бойынша әр түрлі болуда.
Фирма, егер ол нарықта үлгеруге ұмтылса, мына ережені бұлжытпай орындауы тиіс: табыстарды көбейтуді, шығындарды азайту арқылы емес, сату көлемін арттыру болса да.
Зерттеудің мақсаты мен тіндеттері. Жалпы қабылдағандай, фирма басшысы білімді және жан – жақты болса да, менеджерлер мен инженерлердің қандай таланттары мен қабілеттері болғанымен, бағалық емес, қатаң бәсеке жағдайларында, яғни тұтынушылар сұраныстарының құрылымында бірінші орынға жаңашылдық, сапа, дизайн, жиі жаңарту мен әр алуан ассортимент, сатудан кейінгі жоғары деңгейдегі сервис қойылғанда, өз фирмасында өндірістік шығындар деңгейін белгілі бір шекарасынан төмен азайту мүмкін еместігіне көзі жетеді.
Микроэкономика саласындағы мамандардың бағалауынша кез – келген фирма үшін кез – келген экономика үшін шаруашылық қызметтің бағдары болып әлемдік сыныпты қазіргі заманға сай кәсіпорындарда өндірісті ұйымдастыруы болуы тиіс және мына параметрлерге сәйкес келуі тиіс:
- үлкен икемділігі, өнім ассортиментін тез өзгертуге және өнімді жиі жаңарту қабілеттер болуы керек. Стандартталған өнімнің қатаң стандартқа негізделген жаппай өндірісі тұтынушылардың тез өзгеретін сұраныстарына бейімделуге қабілетсіз және оның салдары төлем төлей алмауға әкеледі;
- фирма жаңа технология мен өндірісті ұйымдастырудың жаңа нышандарына көшуге ұмтылуы тиіс. Өндіріс технологиясы күрделі екені соншалықты, қазір еңбек бөлінісі мен ұйымдастырудың басқа да нышандарын әсіресе фирма өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі туралы мәселе шынымен қойылған жағдайда қажет етеді;
- фирмаға өзінің өнімінің сапасын және сатудан кейінгі сервистің деңгейіне көтеруге ерекше көңіл бөлуі керек. Тұтынушылардың өнім сапасына деген талаптары бүгін тек, өсіп қана қойған жоқ, және де өзінің сипатын түбірмен өзгертті. Қазір жақсы өнімді шығару аз, сонымен бірге сатудан кейінгі сервисті ұйымдастыруды, тұтынушылардың жоғары деңгейдегі өзіндік сұраныстарына қосымша фирмалық қызметтерді көрсету туралы ойлау керек.
Нарықты орта жағдайында және кәсіпорынның толық экономикалық, құқықтық өзінше еркіндік алуы, оған көптеген қосымша міндеттер жүктейді. Кәсіпорынның айналысатын қызметі, шеңбері ұлғаяды. Мемлекеттік экономика жағдайында негізгі буынның іс — әрекеті тек қана өндірістік қызметпен тұйықталды. Кәсіпорын өзінің экономикалық және әлеуметтік қызметін жалпы мемлекеттік шаруашылық механизмі арқылы жүзеге асырады. Аралас әрі әлеуметтік – бағытталған нарықтық экономика жағдайында мемлекет кәсіпорынға иелік құқ бере отырып, оның өз мүлкін, өндірген өнімін және тапқан табыстарын пайдалану мен жаратуды, кәсіпорын шығындары арқылы әлеуметтік шаралардың бір бөлігін жүктейді.
Сондықтан да барлық кәсіпорындар меншік түріне байланыссыз – ақ экономикалық қызметті ғана емес, әлеуметтік қызметті де атқаруға міндетті. Ендеше экономикалық қызметтің құрылымын қарастырамыз:
− өндірістік қызмет, бұл қоғамдық тұтынуды қанағаттандыру үшін қажетті тауар мен қызмет өндірісімен байланысты;
− алынған табысты бөлу мен мақсатты қолдану қызметі, мұнда өндіріс іс — әрекетінен алынған табыс өндірісті ұлғайтуға және ұжымды әлеуметтік дамытуға жұмсалады;
− жаңа жағдайда кәсіпорын өндірілген өнімді өткеру қызметімен айналысуға мәжбүр, мұнда ол нарықтық конъюнктурамен, бәсекелестік орта жағдайымен сұраным төлем қабілеттілігімен және нарықтық ортаның басқа да фактормен есептесуі керек;
− жаңа жағдайда кәсіпорын иығына мемлекеттік экономикадағы кәсіпорында кездеспеген – кәсіпкерлік қызмет жүктеледі. Осы қызмет бұрындары және қазіргі кезде же дәстүрлі түрде шағын бизнеспен байланыстырылады. Қазіргі нарықтық жағдай кәсіпкерлік жайлы ескі көзқарасты барынша жоюда.
Экономикалық бизнес саласындағы кәсіпкер жетістігін, олардың бизнес жүргізу мүмкіндігін ашу қабілеттілігі және оны қолдану шеберлігімен байланыстырады. Жалпы кәсіпорын кәсіпкер ретінде мынаны шешуі қажет:
1. нарықтық тұтыныстардың құрылымын дұрыс бағалау керек және олардың ішінен табысын қалай максимилизацияласа, сатып алушылардың пайдалылығын да солай арттыру қажет;
2. кәсіпорынның мақсатын анықтап, адамдады соған қол жеткізу үшін ұйымдастыру керек. Ол үшін оған ынталандыру мен мотивация құрылады. Сондай – ақ осыдан туындайтын нарықтық экономиканың жаңа жағдайында кәсіпорынға басқада бірнеше қызметтерді жүзеге асыруға тура келеді;
3. нарықтық ортаның жағдайында кәсіпорынның бәсекелестік қабілеттілігін қолдау;
4. менеджмент жүйесін қолдана отырып, ішкі ортаны басқару қызметі және қазіргі маркетингтік жүйені қолданып, сыртқы нарықтық ортына басқару қызметі.
курстық жұмыс / 21 бет
Өндірістік тәжірибенің есебі
Мазмұны:
І КІРІСПЕ…..3
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ…….4
1. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционкерлік қоғамының тарихы….4
2. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқарма» филиалы туралы жалпы мағлұмат…8
2.1.Филиалдың жалпы сипаттамасы……8
2.2. Филиалдың бухгалтерлік есепті жүргізудегі саясаты (есеп саясаты)…..10
3. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқарма» филиалы бухгалтериясының есебінің ұйымдастырылуы…13
3.1. Ақша қаражаттарының қозғалысы……13
3.2. Еңбек және еңбек ақының алғашқы есебі……14
3.3 Ағымдағы активтердің алғашқы есебі…….15
3.4. Ұзақ мерзімді активтердің алғашқы есебі…..17
4. Қаржылық және салықтық есептілік, салықтық бақылау……….20
4.1. Жергілікті салықтар бойынша есептілік……20
4.2. Корпоротивті табыс және қосылған құн салығы бойынша есептіліктің тәртібі……22
5. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды автоматтандыру….24
5.1. SAP (халықаралық американдық бағдарлама)…..24
5.2. Фаворит…….25
5.3. СЕӨЖ (СОНО)……25
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ……26
ҚОСЫМШАЛАР……27
І КІРІСПЕ
Тәжірибе дегеніміз – теориялық негізде жинаған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады. Тәжірибе жинаған мәліметтерді нақты бекіту үшін қолданылатын біржен бір жол. Осы себептен мен 30 наурыз – 7 маусым аралығында 18 жұмыс күніне бухгалтерлік есеп пәнінен «Қазақстан Темір жол» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының «Шаруашылық басқармаы» филиалының бухгалтерия бөліміне жіберілдім. Тәжірибедегі ең басты мақсаттарым – филиалдың құрылудағы мақсаты, жүзеге асырылу тәртібін, ақша қаражаттарының, ағымдағы және ұзак мерзімді активтерінің, жұмыскерлермен есеп айырысу, яғни еңбекақының алғашқы есептерінің ұйымдастырылуын, сондай-ақ қаржылық есептіліктің дұрыс орындалуын зерттеу болды. Кәсіптік біліктілікті дамытуды жетілдіргенмен қоса, ең алдымен мен этикалық нормаларды сақтай отырып рұқсат етілген нормада компитенциялы жұмыскерге қойылатын талаптарды игеруге тырыстым. Ол үшін мен келесі міндеттерді орындауға тырыстым:
— филиалдағы белгіленген жұмыс тәртібін сақтау;
— әкімшіліктен белгіленген құқықтар шегінде тағайындалған жұмыстарды толығымен әрі уақтылы орындау;
— филиалда белгіленген эстетикалық және этикалық нормаларға сай ұқыпты кйіну;
— филиалда болған барлық іс-шараларға қатысу.
Тәжірибені ұйымдастыру үшін келесі міндеттерді естен шығармауымыз тиіс:
— бухгалтерлік есепті жүргізу нысанын үйрену;
— ұзақ мерзімді активтердің, ағымдағы активтердің, еңбек және еңбекақының алғашқы есебімен танысу;
— меншікті капиталды құру тәртібі жөнінде түсініктің болуы;
— кірістер мен шығыстардың алғашқы есебі;
— ұйымның қаржылық есептілігі туралы мәліметтерді қарастыру.
Келесі тәжірибе есебі негізгі 3 бөлімнен тұрады, 3 тақырыпты қарастырады. Бірінші тақырып «Қазақстан Темір жол» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының «Шаруашылық басқармаы» филиалы туралы сипаттадым. Келесі бөлімде бухгалтерлік есептің жүргізілу тәртібін қарастырдым. Үшінші бөлімді екінші бөлімнен жекелеп алған себебім қаржылық есеп кәсіпорынның жағдайын көрсететін бірден-бір әдіс. Сол себепті ол тақырыпты толығымен ашу үшін жекелеп зерттеуге кірістім.
Бұл мекемеде тәжірибе жетекшісі болып бухгалтерия бөлімінің бастығы Ашуова Гүлнар Айнабековна тағайындалды. Барлық құжаттарды бекіткен бас бухгалтер Көшкімбаева Бақыт Құлжақызы болды.
курстық жұмыс / 27 бет
НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН МАҢЫЗЫ
Жоспар:
Кіріспе
1. Несиенің мәні, қызметі
Несие формалары мен түрлері
НЕСИЕ ЗАҢДАРЫ
2. Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі
2.1 Несиенің экономикадағы ролі
2.2 Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің даму тарихы
2.3 Банктердің экономикадағы ролі
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Несие — нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде экономикалық дамудың ажырамас элементiн бiлдiредi. Оны барлық шаруашылық субъектiлерiмен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Құнның қозғалысы — бұл несиенiң қозғалысының кiндiгiн сипапайды. Несиелiк Қатынастардың пайда болатын экономикалық негiзiне капитал айналымын жатқызуға болады.
Көбiне несиенi ақша ретiнде түсiнедi. Бiр жағынан қараганда бұган негiз де бар сияқты. Себебi, қазiргi шаруашылықта қарыз көбiне ақшалай түрде берiлуде. Бiрақ бұл жерде ақша мен несиенiң әр түрлi ұғымды бiлдiрiп, әр түрлi қатынастарды түсiндiретiнін естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бiр санайтындар да аз емес, несие — бұл ақшалай қаражаттың екi жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берiлуiн және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы — сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейдi, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрiнде берiлсе, олар кайтарымсыз сипатқа ие.
Несие — бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берiлетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие — бұл банктiң қаражатын құрайтын көзi ретiнде барлық несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлi формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының формасын бiлдiретiн кең ұғымды сипаттайды. Ссуда — бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың бiр ғана формасын бiлдiредi.
Қарыз берушi — қарызды беретiн несиелiк қатынасының бір жағы. Қарыз берушi — бұл уақытша пайдалануға қарыз берушi субъектiлер болып табылады. Қарыз берушiлерге: банктер, банктiк емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектiлерi және халық жатады.
Қарыз алушы — бұл несиенi алушы және оны қайтаруга міндеттi, несиелiк қатынастың екiнші жағы. Борышқор және қарыз алушы бiр-бiрiмен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсiнiктерi әр түрлі. Мысалға, кәсiпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдерi кешігуi мүмкiн, бiрақ бұл жерде ешқандай да несиелiк қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономи калық қатынасты емес, сондай-ақ ада адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш — бұл өте ауқымды ұгым. Ал қарыз алушы — бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлга.
Қарыз берушi және қарыз алушымен қатар несиенiң құрылымының элементiне берiлетiн объекті де жатады. Беру объектiсi — бұл құнның ерекше бөлiгi, яғни қарызға берiлген құнды бiлдiреді.
Несие — ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып абылады. «Кредит» деген сөз, «қарызға», «несие» деген «kredo»- сенемiн деген магына беретiн латынша «kreditum» деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже ретiнде әр турлi экономикалық қоғамдарда қызмет етедi. Ол тауар өндiрiсiнiң пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрiнедi. Несие қатынастарын ақша қатынастары сияқты үнемi даму үстiнде болады. Алғашқы несие табиғи түрде қоғамның дәулеттi топтарынан мүлiксiз шаруалар мен кәсiпкерлерге тұтыну муктаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамымен несие ақша түрiнде көштi.
Құндық қатынасты ерекше формасы сияқты несиенiң пайда болуы шаруашылық жүргiзуi бiр субъектiден босаған құн шаруашытлық мәмiледе қолданысқа түсетiн, бiрақ бiр уақыттарда жаңа қайта өндiру цикiліне ене алмайтын кезде ғана жүзеге асады. Несиеге байланысты бұл құн қосымша қаражатқа уақытша қажеттiлiгi туып отырган басқа субъектiге өтедi және қайта өндiру процесiніц шеңберiнде қызметiн жалгастыра береді. Бiрақ, несиелiк қатынастардың пайда болуың экономикалық байланысқа түсуге дайын меншiк иелерi сияқты бiр-бiрiне қарсы тұралатын тауар иеленушiлер арасындагы айырбас ауқымынан iздеген жөн. Тауарларды Қолдан-қолға өткiзу сияқты тауар айырбастау және қызмет көрсетумен ауысу несиелiк қатынастардан туындаған экономикалық жемiс.
Несиелiк қатынастар пайда болатын және дамығын нақты экономикалық негiзде қаражат айналымы мен ауыспалы айналым, яғни несиелiк қатынастың материалдық негiзi боп құн козғалысы саналатын болады.
Қарызға алуына несиенi кедей болғаны үшiн алмайды, ол өзнiң меншiктi қорларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының объективтi күшне толық шамада жетпей тұрғандықтан өз iсiн алға бастыру үшiн алады.
Несие объективтi қажеттiлiктен туындаған және ол когамдық өндіріс процесiнде маңызды рөл атқарады. Несие ақшалай капиталдық қарызга трансформациясын қамтамасыз етедi және несие берушiлер мен қарызга алушылардың арасындагы қарым-қатынасты бiлдіредi.
Оның көмегімен мемлекеттiң, халыктың, ұйымдардың және кәсiпорындардың табыстары мен бос (еркiн) ақшалай қаражаттары жинақталып, уақытша пайдаланудың төлемiне аударылатын несие капиталына айналады.