‘Биология, Экология, Медицина’ бөлімінің мұрағаты
Несие жүйесі және банктердің экономиканы тұрақтандырудағы рөлі
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ……3
І НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ …5
1.1 Несие жүйесінің мәні және дамуы ……5
1.2 ҚР-ның несие жүйесінің құрылымы …..9
ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ….14
2.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі несие жүйесінің басты операторы және оның несие жүйесін реттеудегі рөлі …14
2.2 Несие жүйесінің екінші деңгейлі банк және парабанктік жүйесі, олардың соңғы жылдардағы даму көрсеткіштері …18
III ҚАЗАҚСТАННЫҢ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ…..23
ҚОРЫТЫНДЫ ……….29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ……..31
КІРІСПЕ
Қазақстан Рсепубликасының нарықтық экономикаға өтуіне байланысты қаржылардың бір саладан екінші салаға ауысуын, яғни қаржы қажет етіп отырған салаға қаржысы артық салалардан қаржыны бір-біріне ауыстыру механизмі несиеге негiзделген. Басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшiлiгi шартқа қол қойып, өздерiне несие алу ретінде экономикалық қызметтерін іске асырады. Кәсiпкерлердiң өзара жасаған дәл осы мiндеттемелерi экономикалық механизмнiң тұрақтылығы болып табылады. Ал осы несиелік қатынастар және несиенің формалары ұлттық несие жүйесін қалыптастырады.
Нарықтық экономика – күрделi, әрi жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол бiр жағынан тауар және көрсетiлген қызмет нарығын қамтыса, екiншi жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегiнде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлiк нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың өзара байланысы ұлттық экономикалық механизмдi құрайды.
Ал бұл механизм несиеге негiзделген. Басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшiлiгi шартқа қол қойып, өздерiне несие алу ретінде экономикалық қызметтерін іске асырады. Кәсiпкерлердiң өзара жасаған дәл осы мiндеттемелерi экономикалық механизмнiң тұрақтылығы болып табылады. Ал осы несиелік қатынастар және несиенің формалары ұлттық несие жүйесін қалыптастырады.
Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды рөл атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және оны экономикада белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады
Қазақстандағы несиелік жүйе екі буыннан тұрады: біріншісі – банктік жүйе, ал екіншісі – парабанктік жүйе (банктік емес мекемелер).
Осылайша курстық жұмыс тақырыбын «Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі және банктердің экономиканы тұрақтандырудағы рөлі» деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі несие нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас бөлігін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жекелеген азаматтар да пайдаланады. Ал осы маңызды болып табылатын несиелік қатынастарды ұйымдастыру, несиелік мекемелердің іс-әрекетіне тікелей байланысты. Яғни, бір сөзбен айтқанда несие жүйесі несиелік қатынастар мен несиелік мекемелер жиынтығын құрайды.
Осы жұмысты орындаудағы негізгі мақсатым несие жүйесінің құрылымын және ондағы несиелік қатынастарды экономикалық тұрғыдан талдап, еліміздегі несие жүйесінің дамуын, несиелік ұйымдар мен несиелік қатынастарды талдау болып табылады.
Ал міндеттеріме тоқталатын болсақ:
- Несиенің экономикалық қатынастардың дамуына қажеттігі мен қызметтерін анықтау;
- Несие жүйесі несиелік қатынастар мен несие мекемелерінің жиынтығы ретінде оның құрылымын және несие жүйесінің дамуын талдау және жан-жақты талқылау;
- Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің қалыптасуы мен бүгінгі таңдағы құрылымын сипаттау;
- Еліміз үшін бүгінде маңызды болып отырған несие жүйесінің бір элменті болып табылатын ипотекалық несиенің әлемдік үлгілері және оның Қазақстандағы қолданысы туралы тоқталып өту;
- Несие жүйесіндегі парабанктік жүйенің маңыздылығы мен бүгінгі таңдағы даму барысын талдау жағдайы болып отыр.
- Несие жүйесінің бүгінгі таңдағы дамуы мен жетілдіру шараларын ұсыну болып табылады.
Жұмыс барысында несие формаларына байланысты сызбалар, Қазақстан Республикасы несие жүйесінің схемасы, экономикамыздағы екінші деңгейлі банктердің несиелеуіндегі статистикалық мәліметтер бойынша графиктер, сонымен қатар несие жүйесі бойынша жан-жақты мағлұматтар қарастырылды.
Курстық жұмыстыжазу барысында келесідей экономикалық еңбектер қолданылды: Мақыш С.Б., Ғ.С. Сейiтқасымов., Баян Көшенова, О.И Ловрушина, Каренов Р., Мырзабеков Ш., Сайденов А. Ғ. және әр түрлі экономикалық басылымдар (Банки Казахстана, Қаржы-Қаражат, Аль-Пари және т.б.) қолданылды.
курстық жұмыс / 31 бет
Негізгі құралдар талдау
Мазмұны
Кіріспе
1 Негізгі құралдар талдау
1.1 Кәсіпорынның негізгі құралдарының экономикалық маңызы.
1.2Негізгі құралдардың түсуі мен тозуы
1.3Негігі құралдар есебін ұйымдастыру және оның алдындағы міндеттемелері.
2 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
2.1 «Техоснастка-Ремсервис»ЖШС экономикалық сипаттама
2.2.Қаржы жұмысы мен есебінің ұйымдастырылуы.
Қортынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымшалар
Кіріспе
Тақырып өзектілігі нарықты қатынастар кеізнде кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметтерін үздіксіз қамтамасыз ету үшін олардың негізгі құрал- жабдықтары болуға тиісті.
Кез келген өнеркәсіп, өндіріс түрлері еңбек күші, еңбек құралдары және еңбек бұйымдарысыз өндірістік процестің басталуы мүмкін емес.
Өндіріс тиімділігін анықтауда негізгі құралдардың түсуі мен шығуы олардың бағасы, негізгі әсер етуші факторлардың бірі болып табылады.
Сондықтан оның есбін дұрыс ұйымдастырмай, ішкі бақылауы мен аудитін дұрыс жүзеге асырмай қадағалау мүмкін емес.
Тақырыптың мақсаты болып «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС негізгі құралдардың есебін, аудитін жүргізу тәртіптері мен әдістеріне тоқтала кетіп, оның есебі мен аудитін жүргізудегі артықшылықтар мен кемшіліктерді көрсету, жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.
Тақырыптың міндеті:
— Негізгі құралдардың түсінігі мен экономикалық мазмұны;
— Олардың есебін жетілдіруде ғалымдар мен тәжірибиешілердің еңбектеріне;
— Кәсіпорынның ұйымдық – экономикалық және есеп қаржылық жұмысына;
— Негізгі құралдардың түсуі мен тозуына;
— Олардың қозғалысын құжаттауға;
— Синтетикалық және аналитикалық есебі мен аудитіне сипаттама беру саналады.
Жұмысты орындау кезінде Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп туралы заңы”, “Қазақстан Респуликасының қаржылық есеп стандарттары”, “Дәнқамту” ашық акционерлік қоғамының жылдық есеп мәліметтері қолданылды
Жұмыстың теоретикалық және әдістмелік негізі болған ғалымдардың және тәжірибиешілердің еңбектері, инструкивтік және нормативтік құжаттар.
Тақырып бойынша жұмыс жүргенде келесі әдістер қолданылды: салыстыру, талдау әдістері, теоретикалық және нақты материалды тұжырымдау, статистикалық топтастыру, баланстық тұжырым, екі жақты жазу, түгелдеу, бағалау.
Күтілетін нәтижие болып негізгі құралдардың есебімен мен аудитін кәсіпорындарда тиімді ұйымдастыру жолдарын және жетілдіру бағыттарын қарастыру болып табылады.
курстық жұмыс / 20 бет
Негізгі құралдар есебі
Мазмұны
Кіріспе……3
I Бөлім. Негізгі құралдарды мойындау………..4
1.1 Негізгі құралдардың түсінігі және жіктелуі………4-6
II Бөлім. Негізгі құралдардың амортизациясы бойынша есебі…..7
2.1 Негізгі құралдардың тозуына түсінік…..7-8
2.2 Амортизацияның әдістері……9-16
2.3 Амортизацияның синтетикалық есебі……17
Қорытынды…….18-19
Пайдаланған әдебиеттер тізімі…….20
Негізгі құралдардың амортизациясы бойынша есебіне слайд
Кіріспе
Ел Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан – 2030». «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы».Жолдауында былай делінген: «біздің еліміздің мұраты ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқаг тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сыйлау деп санймын. Барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы-өзіміз орнатсақ дейтін Қазақстанды сипаттайтын өрелі сөздер, міне, осылар. Біздің ілгері жылжуымызға қарай бұл сөздер әрдайым біздің ізашарымыз болып қалуға тиіс».
Осы міндетті ойдағыдай шешу үшін еңбек өнімділігін арттыру ғылыми- техникалық прогресті жеделдету, қолданылып жүрген негізгі құралдарды тиімдірек пайдалану және олардың қуаттарын арттыру, шаруашылыққа салынған әрбір теңгенің қайтарымын өсіру жолымен ел экономикасының барлық салаларының тиімділігін жақсарту қажет.
Экономиканың тиімділігін арттыру мемлекеттің осы заманғы экономиалық стратегиясының басты міндеті болып табылады. Мұнда ерекше ролді кәсіпорындардың өндірістік – шаруашылық қызметін басқарудың маңызды құрамы ретінде және барлық шаруашылық құралдарының оның ішінде негізгі құралдардың болуы, жағдайы, қозғалысы мен тиімді пайдалануына қатаң бақылау жасауды жүзеге асыратын бухгалтерлік есеп атқарады.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында көптеген кәсіпорындардың қаржы жағдайы оларды жаңа күрделі қаржыдан шектеп, қаржыны тек негізгі құралдардың ең қажетті объектілеріне бағыттауды мезгейді. Осыдан қолда бар негізгі құралдардың сақталуы мен тиімді пайдаланылуына қатаң есеп пен бақылаудың объективті қажеттілігі туындайды.
Осы курстық жұмысының басты мақсаты- негізгі құралдарды қалыптастыру және кәсіпорында қалай жүргізілуін қамтамасыз ету. Бұл курстық жұмыс ХҚЕС №16 «Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар» стандартына сәйкес негізгі құралдың экономикалық мәнін, жіктелуі мен амортизация тәсілдерін, сондай-ақ оларды экономикалық тиімді пайдалануда бухгалтерлік есептің ролін ашады. Негізгі бөлімде негізгі құралдың нарықтық экономикаға көшу жағдайындағы қозғалысын, құжаттармен рәсімделуі қарастырылған. Шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есеп шоттырының жұмыс жоспарын қолдана отырып жүргізілген.
курстық жұмыс / 21 бет
Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлау мен болжау
Жоспар
Кіріспе
I. Қаржылық жоспарлаудың теориялық аспектілері
1.1. Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары
1.2. Қаржылық жоспарлаудың жүйесі
1.3. Жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер
ІІ. Мемлекеттің қаржысын жоспарлаудың тәжірибесін талдау
2.1. Мемлекеттің қаржысын жоспарлау
2.2. Мемлекеттің бюджеттік түсімдерін болжамдау
2.3. Қаржыны жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі
ІІІ. Нарықтық экономикадағы қаржыны жоспарлаудың жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
курстық жұмыс / 41 бет
Мерзімді валюталық операциялар
Мазмұны
Кіріспе
І Валюталық операциялар туралы түсінік
1.1 Валюталық операциялардың сипаттамасы
1.2 Валюталық операциялардың жіктелуі
ІІ Мерзімді валюталық операцияларды талдау
2.1 Мерзімді валюталық операциялардың сипаттамасы
2.2 Мерзімді валюталық операциялардың экономикалық негіздері
III Валюталық операция түрлерін жүргізетін және реттейтін органдар
3.1 Валютаны реттеу мен бақылау
3.2 ҚР Ұлттық Банктің валюталық операциялары мен реттеу шаралары
3.3 Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялар және олардың құқықтық қамтылуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Әлемдік валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi. Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық бағам, валюталық операциялар, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады. Өз кезегінде валюталық операциялар осы аталған валюталық қатынастардың негізі болып табылатын валюталардың арасындағы әр түрлі есеп айырысулардың жүргізілуін, төлем құралы ретiнде шетел валютасындағы өзге төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәлiмелердің атқарылуын, ұлттық валютаға, сондай-ақ номиналы мен құны ұлттық валютада көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құралдарына меншік құқығы мен басқа құқықтардың ауысуына байланысты резиденттер мен резидент еместердің арасындағы валюталық операциялар болып табылады. Сонымен қатар валюталық операциялардың негізінен банктік операция ретінде және Ұлттық банктен лицензиясы бас басқа да валюталық операцияларды жүзеге асыруға құқысы бар органдардың валюталық операцияларды жүргізуіне байланысты валюталық операцияның көптеген түрлері болады және олар валюталық мәмілелерде әр түрлі сипатта және мақсаттарда қолданылады.
Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда – бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық — экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық -заңдық тұрғысынан қарағанда – белгілі бір қоғамдық — экономикалық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік — құқықтық формасы.
Валюталық жүйелердің дамуы өз кезегінде валюта нарықтарының дамуына септігін тигізді. Валюта нарығы – FOREX (Foreign Exchange Operations – шетелдік айырбас операциялары) деп аталады.
Қазіргі уақытта валюта нарығы ең үлкен қаржы нарығы.
Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады. Валюталық операцияларды қамтиды.
Валюталық операциялар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.
Қазақстан Республикасында КASE қор нарығында тек акция, облигациялармен ғана емес, сонымен қатар валюталармен де операциялар жасалады.
Валюта нарығы ел экономикасын қан жүйесі секілді. Валюталық операцияларды реттеу – бүкіл ел экономикасын реттеудің алғышарты.
Курстық жұмыстың өзектілігі – Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды және оның түрлерін жүзеге асыруға байланысты зерттеу жүргізу, оны жетілдіру жолдарын анықтау. Осының барлығы курстық жұмыстың тақырыбын талдауға әсер етті.
Валюталық операциялар — валюталық құндылықтарға қатысты жасалатын мәмілелер екендігінін мәнін ашу. Олардың ұлттық заңдармен және халықаралық келісімдермен реттеледі.
Валюталық операциялар экономиканың бір бөлігі ретінде қарастырылады. Оның жағдайы ерекше роль атқаратындықтан, курстық жұмыста валюталық операциялар мәселелерін талқылау қажет.
Курстық жұмыстың мақсаты – мемлекетте жүргізілетін валюталық операцияларға талдау жүргізу, валюталық операциялар түрлерін анықтау және валюталық операциялардың түрлерінің экономикамен байланысын талдау болып табылады.
Осы мақсатты орындау үшін келесі міндеттер қойылады:
— мемлекеттің валютамен жүргізетін операциялары мен оның түрлерінің
ерекшеліктері;
— мерзімді валюталық операциялардың экономикамен байланысын талдау;
— валютаны реттеу мен бақылаудың ерекшеліктері;
— Ұлттық Банктің валюталық операциялары мен реттеу шараларын жетілдіру жолдары ұсыну.
Курстық жұмыстың міндеті – валюталық операциялардың жүргізілуін және мерзімді валюталық опеациялардың ерекшеліктерін толық зерттеу, жүргізілген зерттеуді статистикалық мәліметтермен толықтыру, қорытындысына зерттелген тақырыпқа қатысты өз ойымды жазып қорытындылау.
Курстық жұмыстың құрылымына тоқталсақ, курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
курстық жұмыс / 25 бет
Мемлекеттің фискалдық саясаты
КІРІСПЕ…….. 3
І. ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ……. 4
I. 1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен ұйымдық- методологиялық негіздері…… 4
I. 2. Өтпелі экономика кезеңіндегі макроэканомикалық процестерді мемлекеттік реттеу……11
I. 3. Мемлекеттің фискалдық саясаты….13
ІІ. ФИСКАЛДЫҚ САЯСАТТЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ……17
II. 1. АҚШ – та соңғы уақытта қазыналық саясаттың жүргізілуі…. 17
II. 2. Шығыс Еуропа мен оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі нарықтық қатынастарды дамыту және экономиканы мемлекеттік реттеу….19
II. 3. Қазақстан жағдайында шетелдік макроэкономикалық реттеу тәжірибесін пайдалану мәселелері……23
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ САЛЫҚ САЯСАТЫ…….27
III. 1 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы…….27
III. 2. Мемлекеттік бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы…….36
ҚОРЫТЫНДЫ……….45
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……46
КІРІСПЕ
Мемлекеттің фискалдық саясаты атты курсттық жұмыста мынадай мәселелерге тоқталып кетеміз: Экономиканы мемлекеттік реттеу тарауында экономиканы мемлекеттік реттеудің не екенін біліп, оның толықтай мән – мағынасын ашамыз. Экономиканы реттеудің негізгі бағыттары мен бастапқы қалпын, әдістерін қарастырамыз. Несие ақша саясаты, бағаны және табысты реттеу саясаты, мемлекеттің фискалдық саясатын оның ішінде дискрециялық және дискрециялық емес саясатты, қазыналық экспансия мен қазыналық шектеуді толықтай қарастырып өтеміз. Фискалдық саясаттың шетелдік тәжірибесін яғни нақтырақ айтқанда АҚШ – та соңғы уақытта фискалдық саясаттың жүргізілуін талдаймыз. Шығыс Еуропа мен оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі нарықтық қатынастардың дамыуын және экономиканы мемлекеттік реттеуін және Қазақстан жағдайында шетелдік макроэкономикалық реттеу тәжірибесін пайдалану мәселелеріне тоқталып кетеміз. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі құрылысын қарастырамыз. Федеративтік және унитарлық мемлекеттерде қандай бюджет жүйесі қолданылатынын тоқталып кетеміз. Республикалық және жергілікті бюджетті, республиканың бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымын қарастырамыз.
курстық жұмыс / 46 бет
Мемлекеттік несиелерді баскаруда туындайтын мәселелерді шешу жолдары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ……..3
1. МЕЛЕКЕТТІК НЕСИЕ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ…….5
1.1. Мемлекеттік несие мен мемлекеттік қарыз мәні…….5
1.1. Мемлекеттік несиелердің негізгі қызметтері…….9
1.2. Мемлекеттік несиенің нысандары мен әдістері…….11
2. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ…..16
2.1. Мемлекеттік қарыз және оны басқару……16
2.2. Мемлекеттік қарызды басқарудың заңнамалық нысандары…….20
2.3. Мемлекеттік қарызды басқару стратегиясы……..23
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗДЫ БАСҚАРУЫНДА КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ….28
3.1. Мемлекеттік қарызды басқаруда кездесетін мәселелер……28
3.2. Мемлекеттік қарызды басқарудағы кездесетін мәселелерді шешу жолдары……..31
3.3. Мемлекеттік қарыздың экономикалық салдары……34
ҚОРЫТЫНДЫ…….39
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ….40
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік несие мен мемлекеттік борыштарды зерттеудің маңыздылығы экономикалық жүйедегі орнымен анықталады.
Көптеген елдер, оның ішінде Қазақстан да борышкерлік міндеттемелермен, әсіресе, активтер мен пассивтердің құрамы мөлшерінің құбылмалы пайыздарының үлкен көлемдері және қысқа мерзімдер мен сипатталатын инвестициялардың ағындары дұрыс болжауда қиындықтарды кездестіруде. Үйлестіру қажеттілігі түрлі мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар мен қарыз алу жөніндегі бағдарламалардың өсуімен арта түседі. Біз, бұл мәселеге қатысты кешігіп қалмауды төтенше маңызды санаймыз, өйткені, кейін борышқорлық міндеттемелерді өтеу құны мемлекеттің әлі келмейтін мәселе болуы мүмкін, оның көптеген дамушы елдерде орын алғанын байқауға болады.
Қазақстан қазіргі кезде экономикалық өсу сатысында және мемлекет тұрғысынан инвестициялардың, ал соңғы жылдары жеке меншік арналар бойынша аса балсенді айтарлықтай үлкен көлемдерін тартуда. Мемлкеттік кепілдігі жоқ жеке меншік секторының борышы еліміздің жалпы борышының 90,4%-ын құрайды, және оның одан әрі өсу үрдісі бақалады. Мұнда ең үлкен қауіпті екінші дәрежедегі банктердің сыртқы міндеттемелердің өсуі тудырады.
Еліміздің дүниежүзілік экономикаға белсенді кірігуі, еліміздің тәуелсіз несие рейтингінің жақсаруы, шетел инвестициясының үлкен көлемін тарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Ұлттық Банктің валюта режимін ырықтандыру жөніндегі жоспарлары Қазақстан Республикасының тұрақты дамуында сөзсіз шешуші рөл алады.
Сонда да, экономиканың ашық деңгейін арттыруға бағытталған қадамдар, сондай-ақ толыққанды ішкі қаржы нарығын қалыптастыру қажеттілігі Қазақстан Республикасы Үкіметі, Ұлттық банкі және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның республиканың экономикалық қауіпсіздігінің тиісті деңгейін қамтамасыз ету, сондай-ақ борыш құралдарының ішкі нарығын дамыту үшін жағдайлар жасау жөніндегі бірқатар шаралар қабылдауға алып келеді.
Біріншіден, бұл қаржы секторы тұрақтылығының қажетті деңгейін қамтамасыз етуді және экономика салаларын дамытуды ескере отырып, несие капиталының ішкі және сыртқы нарықтарында қарыз алуды дұрыс жоспарлау мәселесі. Екіншіден, бұл мемлекеттік сектордың борышын басқару тетіктерін жетілдіру және қажетті нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жеке сектордың сыртқы борышын реттеу мәселесі.
Халықаралық тәжірибе байыпты қарыз алу саясатын жүргізу және мемлекеттік сектор борышын басқару және жеке сектордың сыртқы борышын реттеу саласында мемлекеттің әлеуетін нығайту үшін қажетті шараларды уақтылы қабылдау елдің макроэкономикалық тұрақтылығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін ең маңызды фактор болып табылатындығына куә болып отыр.
Әлемдік практикада, әдетте, көптеген елдердің сыртқы және ішкі нарықтарда өз қарыз алу стратегиялары және борышты басқару саласындағы әлеуетін нығайту жөніндегі жоспарлары бар. Бұл қажеттіліктер капиталдың ішкі нарығын дамыту деңгейімен, валюта режимінің ерекшеліктерімен, макроэкономикалық саясаттың және нормативтік реттеу шараларының сапасымен, реформаларды әзірлеу және жүзеге асыру саласында ұйымдастыру-құқықтық әлеуетпен, елдің кредит қабілеттілігімен және оның борышты басқару саласындағы мақсаттарымен айқындалады.
Экономикалық ахуалын және институционалдық мүмкіндіктерін ескере отырып, жеке бір ел алып қарайтын берешектің экономикалық жағынан қолайлы деңгейлері көрсеткіштерінің (өлшемдерінің) белгілі бір біріздендірілген нормалары бар.
Мемлекеттік несиелер әдістері әр түрлі және баяндалған нысандарға сай келеді. Мемлекеттік қарыздарда — бұл қаражаттарды тартудың және оларды кейін қайтарудың амалдары, тәсілдері: олар қарыздарды шығарудың шарттарымен анықталады: табыстылықты анықтаудың және табыс алудың әдістері, іс-қимылдың мерзімі, орналастыру амалдары (облигацияларды, бондарды еркін сатып алу және сату; жазылу; мәжбүрлеме орналастыру), өтеу амалы (облигациялар бойынша ұтыстар, қордаланған пайыздық кірісі бар облигацияларды төлеп (сатып) алу; мерзімсіз қарыздарда — пайыздық кірісті дүркіндік төлеу).
курстық жұмыс / 40 бет
Мемлекеттік қаржылық саясаты
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе……..3
І тарау. Мемлекеттің қаржы саясатының жалпы сипаттамасы.
1.1 Әлеуметтік-экономикалық процестердегі қаржы саясатының мәні мен маңызы……..5
1.2. Қаржы саясатының мазмұны мен міндеттері қаржы саясатының мақсаттары және қағидаттары……11
1.3. Қаржы саясатының негізгі формалары….16
ІІ тарау Экономикалық өсу процесіндегі мемлекеттің қаржы саясатының жағдайы.
2.1. 2010 жылғы мемлекеттік бюджеттің атқарылу қорытындыларын талдау……19
2.2. Экономикалық өсу процесіндегі фискалды салықтық қатынастардың аспектілері…….31
2.3. Мемлекеттің оңтайлы фискалдық жүйесі ұлттық экономиканы дамытудың негізгі ретінде….33
III тарау. ҚР толық фиксалды механизмді және ақша-кредит саясатын дамыту, жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасында толық фискалды механизмді жетілдірудің жолдары және шет елдік тәжірибе (АҚШ-пен салыстыру)..36.
3.2 Қазақстан Республикасының 2010 жылға арналған ақша-кредит саясатын дамыту…39
Қорытынды……44
Пайдаланылған әдебиеттер…..46
КІРІСПЕ
Саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Саяси ықпал жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың сферасына қарай экономикалық немесе әлеуметтік, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе кредит, ішкі немесе сыртқы саясат туралы айтады.
Қаржы саясаты – бұл қоғамның элеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады.
Материалистік диалектика жүйесінде түрлі басқа саясат сияқты қаржы саясаты қондырмаға жатады, ал қаржы саясатында білінетін және өндірістік қатынастардың, белгілі бір экономикалық формацияның бір бөлігі ретінде көрінетін қаржы қатынастары базистік болып табылады. Қаржы саясатын жасау процесінде елдің алдына қойылған міндеттердің орындалуы үшін материалдық жағдайлар қамтамасыз етіледі. Сондықтан тап қаржы саясаты экономика мен әлеуметтік сфераға ықпал жасаудың белсенді тетігі болып табылады.
Демек, қаржы саясаты қаржы ресурстарын іздестіру, шоғырландыру және жинақтау және экономикалық саясат жасайтын дамудың бағыттары бойынша оларды бөлудің міндеттерін шешеді.
Қаржы саясатының мақсаты – қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жұмылдыру. Осыған байланысты қаржы саясаты кәсіпкерлік қызметті жандандыра түсуге қолайлы жағдайлар жасауға шақырады. Мемлекет пайдасына кәсіпорындардың табысын алудың ұтымды нысандарын, сондай-ақ қаржы ресурстарын қалыптастыруға халықтың қатысу үлесін анықтауға көп көңіл бөлінеді. Қоғамдық өндіріс салалары арасында қаржы ресурстарын бөлу жолымен оларды пайдаланудың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ оларды экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарына шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі.
Таяудағы мақсат ретінде – мемлекеттік бюджет теңгерімділігіне жету және экономиканы тұрақтандырудың негізінде ұлттық шаруашылықтың қаржы жағдайын сауықтыру проблемасын шешу.
Менің курстық жұмысымның тақырыбының аты « Мемлекеттің қаржылық саясаты» деп аталады. Бұл жұмыс қазіргі таңдағы Мемлекеттің қаржылық саясатының жағдайы туралы қарастырылған.
Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден саясатын қамтиды. Өз кезегінде мемлекеттің қаржы саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы рөлді орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттарын – ұлттық, геосаясатты, әскери саясаттарды да ұмытуға болмайды.
Осы курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады: бірінші бөлім – Мемлекеттің қаржы саясаты туралы жазылған. Әлеуметтік-экономикалық процестердегі қаржы саясатының мәні мен маңызы туралы, Қаржы саясатының мазмұны мен міндеттері туралы, Қаржы саясатының негізгі формалары туралы қарастырылған. Екінші бөлімінде – Қазіргі мемлекеттің қаржы саясатының жағдайы, соның ішінде 2010 жылғы мемлекеттік бюджеттің атқарылу жайлы, фискалды салықтық қатынастар және фискалдық жүйесі ұлттық экономиканы дамыту туралы мәлімделген. Үшінші бөлімде — ҚР толық фиксалды механизмді және ақша-кредит саясатын дамыту, жетілдіру жолдары жайлы мағлұмат берілген.
курстық жұмыс / 46 бет
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың шетел тәжірибесі
Кіріспе
І бөлім. Мемлекеттік қаржылық бақылау
1.1 Қаржылық бақылаудың мәні мен мазмұны
1.2 Қаржылық бақылаудың сыныптамасы мен түрлері
1.3 Мемлекеттік қаржылық бақылаудың шетел тәжірибесі
ІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау Және оның даму тенденциялары
2.1 Мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру
2.2 Соңғы жылдардағы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылауға талдау жасау
2.3 2004-2006 жылдағы бюджеттердің атқарылуын мемлекеттік бақылау жєне ШҚО-дағы қаржы бақылау органының есебі
ІІІ бөлім. Мемлекеттік қаржының бақылау қызметтерін жетілдіру шаралары
3.1 Мемлекеттік қаржылық бақылауда туындайтын мәселелер
3.2 ҚР-дағы мемлекеттік қаржылық бақылауды одан әрі жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Нарық жағдайында жалпы экономиканың, жеке шаруашылық жүргізуші субъектісінің қаржылық бақылауды қоғам дамуының басқа кезендерінен де үлкен дәрежеде қажетсінетінін шет елдердің тәжірибесі, республиканың өзіндік тәжірибиесі көрсетіп отыр.
Мемлекеттің алдында жан-жақты, жүйелі, кешеңді бақьлауды, соның ішінде қаржылық бақылауды да ұйымдастыру міндеті туып отыр. Бұл шаруашылық жүргізуші барлық субъектілер мен олардың қаржы-шаруашылық қызметінің барлық жақтары қаржылық бақылаумен қамтылуы тиіс дегенді бідціреді. Қойылып отырған міндетті іске асыру үшін қаржылық бақылау мына бағыттарда дамуы тиіс:
— мемлекеттік бақылауды нығайту;
— тәуелсіз аудиторлық бақылауды дамыту;
— түрлі бақылаушы органдар мамандарының еңбегін компьютерлендіру;
— бақылаудың барлық органдарының қызметін үйлестіру және басқалары.
Қаржылық бақылау – қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшылық қызмет. Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспралау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.
Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады. Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық бақылаудың нәтижелілігі қаржылық жоспарлауда, опретивті басқаруда пайдаланылады.
Қаржылық бақылау органдарының басты міндеті – бюджеттік қаржы мен мемлекет мүлкінің мақсатты да тиімді жұмсалуын мұқият қадағалап отыру. Қаржы саласындағы нақ осы бақылау қызметінің нарықтық қатынастар жағдайында мемлекеттік қаржы ресурстарын тиімді басқару үдерісін қамтамасыз етуге тиіс неғұрлым пәрменді тетіктердің бірі болып табылады. Қаржы саласындағы тәртіп дұрыс жолға қойылса ғана, Қазақстанның ұлттық экономикалық мүдделері қорғалып, адамдардың әл-ауқаттарының артуына жағдай туғыза алатын болады.
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстандағы мемлекеттік қаржылық бақылаудың түрлері, типтері мен нысандарын теориялық жағынан ұғыну. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу керек:
— қаржылықбақылаудың мәні мен мазмұнын қарастыру;
— қаржылық бақылаудың сыныптамасы мен түрлерін зерделеу;
— мемлекеттік қаржылық бақылаудың шетел тєжіриебесімен танысу;
— мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастырылуын қарастыру;
— соңғы жылдардағы ҚР-дағы мемлекеттік қаржылық бақылауға талдау жасау;
— 2005-2006 жылдардағы бюджеттердің атқарылуын мемлекеттік бақылау және ШҚО-дағы қаржы бақылау органының есебімен танысу;
— мемлекеттік қаржылық бақылау қызметтерін жетілдіру шараларын қарастыру, зерттеу.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
курстық жұмыс / 30 бет
МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ МЕХАНИЗМІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ………..3
1 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ МЕХАНИЗМІ……5-8
1.1 Мемлекеттік бюджет түсінігі……5
1.2 Қазақстан Республикасының бюджесі және құрылымы……7
1.3 Шетелдердің мемлекеттік бюджетінің ұйымдастырылуы…….8
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2008 – 2010 ЖЫЛДАРДАҒЫ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ …..11-15
2.1 Мемлекетік бюджеттің кірісін толтырудағы және шығындарын қаржыландырудағы рөлі…..11
2.2 2008 -2010 жылдардағы бюджеттің атқарылуын талдау…..14
2.3 Қазақстандағы мемлекеттік бюджеттің орны мен рөлі……15
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ….18-24
3.1 Мемлекеттік бюджет механизмінде кездесетін мәселелер ……18
3.2 Бюджет жүйесін шешу жолдары …….19
ҚОРЫТЫНДЫ…….22
Пайдаланған әдебиеттер……24
Кіріспе
Бюджет- ақшалай қатынастар жүйесі болып табылады. Мемлекет әлеуметтік- экономикалық үрдістерді реттеуді жүзеге асыра отырып, экономикалық міндеттерге, материалдық мүмкіншілікке, реттіудің жинақталған тәжірибесіне байланысты өзгеріп тұратын әдістер мен құралдар жүйесін пайдаланады. Экономиканың ішкі тепе- теңдігіне қло жеткізуге көбіне- көп бюджеттік реттеу құралдары сәкес келеді. Бюджет экономикалық ықпал ету әдісі ретінде экономикалық өсуді ынталандырады.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4- бабында бюджетке келесідей түсінік берілген: « Бюджет- ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры ».Бюджеттің формасы-қаржылық жоспар, материалдық негізі- орталықтандырылған қор, экономикалық негізі- жалпы экономикалық қарым- қатынас, заңнамалық белсендіруі- заң.
« Бюджет » деген көптеген ұғымға сүйене отырып, ол келесідей түсініктемелерден қалыптасады деп айтуға болады:
— ол өз алдында жеке бір экономикалық категория;
— ол мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры;
— ол экономиканы реттеуге арналған құрал ( бюджеттік механизм арқылы );
— ол мемлекеттің негізгі қаржы жоспары;
— ол барлық бюджеттік қарым- қатынасқа қатысушылар міндетті түрде
орындайтын заң.
Бюджет экономикалық қарым- қатынасқа негізделгендіктен объективтік түрде сипатталады. Өз алды бюджеттік сала болуы адамзаттың суюъективтік пікіріне байланысты емес, ең алдымен ол қоғамдық өндірістің дамуына керекті орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттің табиғаты мен функцияларынан туатын объективтік қажеттіліктерге байланысты.
1991 жылы қабылданған « Бюджет жүйесі туралы » Қазақстан Республикасының заңы республикамыздың бюджет жүйесін қайта ұйымдастырудағы аса маңызды құжат болды деп білеміз. 1991 жылы 17 желтоқсанда қабылданған жаңа заң Қазақстан Республикасының бюджеті қалыптастыруының негізгі қағидаларын, заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың салық төлеу, басқа да төлемдер мен бюджеттен қаржы бөлу жөніндегі бюджет қарым- қатынасын айқындады. Бұл заңның негізгі ұстыны мемлекеттің бюджет жүйесі бөліктерінің- республикалық және жергілікті бюджеттердің дербестігі болып табылады. Облыстық, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандардың, поселкелік, селолық және ауылдық бюджеттер жергілікті бюджетке жатқызылды.
1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының екінші Конституциясын қабылдау, экономикалық және саяси жағдайлардағы өзгерістер, нарықтық экономикаға көшу, 1995 жылы Салық кодексінің қабылдануы, Қазынашылық органдардың құрылуы 1996 жылғы 24 желтоқсанда « Бюджеттік жүйе туралы » Қазақстан Республикасының екінші заңын әзірлеу және қабылдауға себепші болды. Бюджет жүйесінің негізгі реформалары осы Заңмен енгізілді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде объективті сипатта болады. Мемлекет шарушылықтың басым слаларын қаржыландыруға, бүкіл қоғам масштабында әлеуметтік- мәдени іс- шараларды өткізуге, қорғаныс міндеттерін шешуге, мемлекетті басқарудың жалпы шығындарын жабуға керекті орталықтанған ресурстарды қажет етеді. Сондықтан, құнды үлестірудің ерекше бөлігі рнтінде мемлекеттік бюджет арнайы қоғамдық міндеттемелерді орындайды, жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандырады. Қаржылық қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджеттің де қаржы тәрізді ерекшеліктері бар: бюджеттік қатынастар үлестірушілік сипатта болады, ақшалай нысанда жүргізіледі.