‘Биология, Экология, Медицина’ бөлімінің мұрағаты
Коммерциялық емес сфера ұйымдар мен мекемелердің қаржысы
Мазмұны
Кіріспе
1 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны .
1.2 Кәсіпорындардың, ұйымдардың жэне мекемелердің сыныптамасы.,….
1.3. Негізгі үйымдық-құқықық нысандардың шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктері
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ¥ЙЫМДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ
2.1. Коммерциялық емес сфера ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны үйымдастыру
2.2. Коммерциялық емес қызметгің ұйымдары мен мекемелерін қаржьшандырудың көздері
2.3. Коммерциялық емес сфера ұйымдар мен мекемелердің шығыстары .
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызмет сферасындағы өндірістік қатынастардьщ айырықшалықты ерекшеліктері, таза қаржы қатынастарының басқа ақша қатынастармен өте тығыз байланысты, бірқатар ғалымдардың пікірі бойынша кәсіпорындар мен салалар қаржысы қаржы жүйесінің жалпы мемлекеттік қаржылардан ортақ белгілерінен гөрі көбірек айырмашылығы бар буыны болып табылады дегенге жеткізеді. Олардың пікірінше, егер бүл буынға кәсіпорындардың ақша қатынастарының бүкіл жиынтығын қосса, онда дербес экономикалық категорияның – кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша шаруашылығының бар екендігі жөніндегі мәселені қоюға болады.
Коммерциялык, шаруашылық жүргізуші субъектілер табыс (пайда) алу мақсатында құрылады. Олар өзінің кызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра алады: мемлекеттік жэне муниципалдық кәсіпорыцдар; шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер; өндірістік кооперативтер. Коммерциялық негіздерде материалдық өндіріс сферасы кэсіпорындарының басым бөліғі жэнс материалдық емес сфера ұйымдары мсн мскемслерінің едэуір бөлігі жұмыс істейді: коммерциялық банктер, сақтық үйымдары, қаржы секторының баска мекмелері (жинақ ақша-деиозит мекемелері, инвестидиялық қорлар, қор биржалары, бағалы қағаздар рыногі мен ақша-кредит рыноктеріне қызмет көрсететін әр түрлі мекемелер), сауда-делдалдық кәсіпорындар, ерікті қоғамдық қорлар, трасттық компаниялар және басқалары.
Қаржы қорларында кәсіпорындар мен үйымдар мүлкінің қозғалысы бұл акпарат өндіріс, шаруашылық-каржы жэне әлеуметтік қызметгі басқаруда пайдалану үшін толық немесе ішінара түрде бейнеленеді. Жекелеген қорлардың қозғалысы қаржының көлемін, нысанын, пайдалану мөлшерін неғүрлым анық көрсетеді. Сондықтан кейбір қорлар бір мезгілде орындалуға белгіленген (жоспарланған), сондай-ақ іс жүзінде қол жеткен кәсіпорын қызметінің қаржылық көрсеткіштсрі де болыл табылады немесе есеп-қисап үшін бастапқы мәліметтер ретінде қызмст етеді.
Өндірістік емес сферада коммерциялық негізде жұмыс істейтін түрғын үй-коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету, сақтандыру, банк және баска кәсіпорындарымен (ұйымдарымен) қатар коммерциялық емес қызмет жүргізетін ұйымдардың үлкен бөлігі жүмыс істейді.
Бүл жұмыстың мақсаты мемлекеттік жалпы республикалық деңгейдегі коммерциялық емес кэсіпорындардың каржысын жан-жақты ашып талдау.
курстық жұмыс / 33 бет
Коммерциялық банктердің негізі мен құрылымы
Кіріспе…………..3
І. Коммерциялық банктердің негізі мен құрылымы.
1.1. Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде…………4
1.2. Коммерциялық банктердің басқару және функционалдық құрылымы…..5
1.3. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары…….10
ІІ. Коммерциялық банктердің оның ішіндегі «ТұранӘлемБанк» АҚ – ның қызметтері мен операциялары.
ІІ. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары.
2.1. Ресурстарды тартудың жаңарту жолдары………….28
2.2. Қаржы секторын тұрақтандыру……..31
Қорытынды……………..35
Пайдаланған әдебиеттер…………36
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стра-тегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген.
Қазақстанның алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигациялар немесе акциялар жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.
Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр.
Жаңа қызметтерге пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есеп-айырысулар, элемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының құрылуы жатады.
Біздің еліміздегі қазіргі банктік институттар аталған жаңа қызметтерді атқара бастады. Клиенттің заказы бойынша маркеингтік зерттеуді, валюталық операцияларды, басқа да қызметтерді, соның ішінде, трасталық, ақпараттық-анықтамалық консультациялық.
курстық жұмыс / 36 бет
Коммерциялық банктердің қызметін реттеу
Мазмұны
Кіріспе………….3
І бөлім. Коммерциялық банктердің қызметін реттеудің мәні мен әдістері.
1.1. Коммерциялық банктердің мәні және экономикадағы рөлі…..5
1.2. Коммерциялық банктердің қызметін реттеудің қажеттілігі және әдістері…….7
1.3. Коммерциялық банктердің қызметін реттеудің шетелдік тәжірибесі…….10
ІІ бөлім. «БТА Банкі» АҚ-ның ұйымдық — экономикалық сипаттамасы.
2.1.«БТА Банкі» АҚ-ның тарихы……..13
2.2.«БТА Банкі» АҚ-ның ұйымдық – құрылымдылық сипаттамасы…….14
2.3.«БТА Банкі» АҚ-да қаржы жұмысының ұйымдастырылуы…..19
ІІІ бөлім. «БТА Банкі» АҚ қызметтерінің ҚР-да ретелудің экономикалық әдістері.
3.1. «БТА Банкі» АҚ – да уәкілетті орган және Үкімет тарапынан қолданған шараларға шолу……27
3.2. «БТА Банкі» АҚ мысалы негізінде мемлекеттік реттеудің іске асырылу тәжірибесі………30
3.2. «БТА Банкі» АҚ – да мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары…..33
Қорытынды…………37
Қолданылған әдебиеттер тізімі әдебиеттер……..39
Кіріспе
Банк деп ақша қаражаттарды тарту және оларды өз атынан қайтарымдылық, ақылық және мерзімділік шарттары негізінде орналастыру үшін құрылған ұйым аталады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нұсқауларын орындап, оған бағынатын банктер екінші деңгейлі банктер деп аталады.
Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызметтер көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.
Банктердің негізгі мақсаты – ақшалай қаражатты кредиторлардан борышкерлерге және сатушылардан сатып алушыларға жеткізуге делдалдық.
Коммерциялық банктер өздерінің депозиттік және несиелік операцияларының көмегімен олар уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтайды және несие түрінде оларды бере отырып, халық шаруашылығының қажетілігін қанағатттандырады, яғни жаңа төлем құралдарын жасайды.
Қоғамымызда және еліміздің экономикасында коммерциялық банктердің атқаратын ролі мен орны ерекше. Сондықтан ол мемлекеттік орындардың тарапынан мұқият қадағалау және реттеу объектісі болып табылады. Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажыраттатын функцияларды орындаудан көрініс табады.
Банк қызметін – банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс — әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімнің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға қажеттілігі жатады.
Банктердің қызметтерін мемлекеттік бақылау жасаудағы басты міндет — халықтың ақшалай салымдарының сақталуын, Қазақстанның банк жүйесіне деген сенімді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын ынталандыру жөнінен кең ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру, сол сияқты жұмыссыздыққа қарсы күрес және халықтың осал топтарына қолдау көрсету болып табылады.
Курстық жұмыстың объектісі ретінде «БТА Банкі» АҚ алынған. Бұл объекті тақырыпты жан-жақты зерттеп, қолданудың ерекшеліктерін нақты көрсетуге мүмкіндік береді. Жұмысты орындау барысында «БТА Банкі» АҚ-ның ұйымдық-экономикалық жағдайы, қаржылық нәтижесі, қызметтерінің ҚР-да реттелу әдістері, дағдарыс кезңнде Үкімет тарапынан қолданылған шаралар және мемлекеттік реттеудің жетілдіру жолдары қарастырылмақ.
Курстық жұмыстың тапсырмалары:
— Коммерциялық банктердің мәні мен оның экономикалық рөлін анықтау;
— Коммерциялық банктердің қызметін реттеудің қажеттілігіy және әдістерін көрсету;
— Коммерциялық банктердің қызметін реттеудің шетелдік тәжірибесіне шолу жасау;
— «БТА Банкі» АҚ-ның ұйымдық — құрылымдық сипаттама беру.
— «БТА Банкі» АҚ-ның экономикалық көрсеткіштерін талдау.
— «БТА Банкі» АҚ – да уәкілетті орган және Үкімет тарапынан қолданған шараларға шолу:
— «БТА Банкі» АҚ мысалы негізінде мемлекеттік реттеудің іске асырылу тәжірибесін қарастыру;
— «БТА Банкі» АҚ – да мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдарын анықтау:
Курстық жұмысты орындау барысында ақпараттық және әдістемелік негізі болып, Қазақстан Республикасының заң актілері, отандық авторлардың еңбектері және «БТА Банкі» АҚ-ның жылдық есептері табылды.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, әдебиет тізімінен тұрады.
курстық жұмыс / 38 бет
Коммерциялық банк
Мазмұны:
Кіріспе
1. Коммерциялық банктердің жіктелуі.
2. Коммерциялық банктердің операциялары және қызметтері.
3. Коммерциялық банктердің пассив операциялары және оның түрлері.
4. Коммерциялық банктердің актив операциялары және оның түрлері.
5. Коммерциялық банктердің шығындары мен табыстары.
6. Коммерциялық банктердің несиелік жүйесі.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер.
КІРІСПЕ
Қазіргі коммерциялық банктер – бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер деп бұл жерде ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.
Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
- Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:
— мемлекеттік;
— акционерлік;
— жеке;
— пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);
— аралас (шетел капиталының қатысуымен).
2. Операцияларының түрлеріне қарай:
— әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;
— маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;
3. Аумақтық белгісіне қарай:
— халықаралық;
— мемлекетаралық;
— ұлттық;
— аймақтық;
4. Салалық белгісіне қарай:
— өнеркәсіптік банктер;
— сауда банктері;
— ауыл шаруашылық банктері;
— құрылыс банктері;
— басқа.
- Филиалдар санына қарай:
— филиалсыз;
— көп филиалды.
Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан түсетін түсімдерден құралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және артықшылығы бар.
Жай акция – оның иелерінің сол қоғамдық басқару ісіне араласуына, оның пайдасына қарай дивиденд алып отыруға құқық береді.
Ал артықшылығы бар акция — оның иесіне қоғамды басқаруға қатысуына құқық бермегенмен, уақытылы, яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жай акция иесінен бұрын қоғамға қосқан өз үлесін алуға құқық береді.
курстық жұмыс / 30 бет
Кәсіпорынның маркетингтік және менеджменттік салалары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Маркетингтің мәні мен мағынасы және принциптері 5
1.2 Фирманы басқарудың маркетингтік қағидалары 9
1.3 Менеджменттің мәні, әдістері және қызметтері 15
ІІ «БЕЛЫЙ ВЕТЕР» ЖШС КӘСІПОРНЫНДАҒЫ МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫН ТАЛДАУ
2.1. Кәсіпорынның қысқаша сиапаттамасы 19
2.2. Кәсіпорнының басқару қызметін ұйымдастыру 22
2.3 «Белый ветер» ЖШС кәсіпорнының маркетингтік қызметін талдау 27
ІІІ МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ САЛАЛАЛАРЫНЫҢ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕСІ 33
ҚОРЫТЫНДЫ 38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАКІРІСПЕ
Экономикасы дамыған елдерде маркетинг пен менеджмент фирманың нарықтық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқарудың басты пернесі ретінде қаралады. Осы жағдайда байланысты ол нақты тұтынушылардың, нақты зерттеумен болжау негізінде мол табыс табуға, сыртқы өнім шығарушы фирманың ішкі және сыртқы рыноктың қазіргі жағдайын және оның болашағын білуге бағытталады. Сонымен бірге, фирманың маркетинг қызметіне бәсекелесті зерттеу, баға саясатын қамтамасыз ету, өнімді өткізу мен жарнамалауды ынталандыру, ауарларды өткізу тиімді ұйымдастыруды жолға қою, тағы басқа да шаруалар жатады.
Маркетингтің негізі болып табылатыны – бұл бірін-бірі толықтыратын тәсілдеме. Бұл дегеніміз рынокты жан-жақты және нақтылы зерделеу, сол сияқты рынокқа белсенді ықпал ету, қажеттілікті және тұтынуының артықшылығын қалыптастыру. Дайындаушы мен тұтынушы байланыстыру және олардың бірін-бірі табуға жәрдем беру – кез-келген маркетинг қызметінің басты мақсатына жатады.
Елімізде болып жатқан нарықтық қатынастардың ықпалымен үнемі қозғалыста болатын маркетинг қызметі рыноктың шарттары мен қызметі рыноктың шарттары мен талаптарына толық бағынышты.
Қазақстанның қазіргі жағдайындағы әлеуметтік экономикалық жүйелердің ауысу үрдісі барысында ұйымның қалыптасуы мен тиімді қызмет етуінің кешенді негіздеудің маңызы зор. Ұйымның басқару кұрылымына қойылатын жаңа талаптарды нарықтық қатынастар, кәсіпкерлік белсенділік, әртүрлі меншік формаларына өту, мемлекеттік реттеу мен басқару функцияларының өзгеруі қойып отыр. Ғылыми негізделген принциптерге сүйеніп құрылған тиімді ұйымдар мен басқару табысты экономикалық реформаларды жүзеге асырудың басты шартына айналды. Өнімдер мен қызметтер бәсеклестілігі айтқанды ұйымды басқарудың формалардың, әдістердің және құрылымдардың бәсекелестілігне айналды. Әрбір ұйымның тиімді қызмет етуі, қойылған мақсаты мен миссясын орындау, стратегиясының жүзеге асырудың маңызды шарты — сыртқы орта өзгерістеріне бейімделген, қазіргі тенденцияларды ескере отырып қалыптастырылған басқару құрылымы.
Біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігіне оны әлемдік экономикаға интеграцияланған жағдайға қол жеткізу үшін біз кәсіпорындарымыздың жұмысын шетелдік стандарттарға сай ұйымдастыру үшін жаңа технологияларды қолдануымыз қажет. Соның бірі кәсіпорындағы маркетингтік тәжірибелерді қолдану. Қазіргі қалаптасқан жағдайда бұл өте көкейкесті мәселелердің бірі болып саналуда. Осы мәселенің көкекестілігі курстық жұмыстың мақсатын анықтаған болатын.
Курстық жұмыстың мақсаты — кәсіпорынның маркетингтік және менеджменттік салаларын зерттеу болып табылады. Осы масатқа жету үшін келесі міндеттерді қарастыру көзделді:
— маркетингтің мәні мен мағынасы және принциптерін қарастыру;
— фирманы басқарудың маркетингтік қағидаларын анықтау;
— менеджменттің мәні, әдістері және қызметтеріне тоқталу;
— «Белый ветер» кәсіпорнының басқару қызметін ұйымдастыруын талдау;
— «Белый ветер» кәсіпорнының маркетингтік қызметін талдау.
Курстық жұмыстың объектісі — “Белый Ветер” Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Осы жұмысты жазу барысында тақырыпқа қатысты оқу-құралдары, газет-журналдар, сонымен қатар “Белый Ветер” Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің маркетингтік және менеджменттік бөлімінен алынған арнайы құжаттар қолданылды.
Кәсіпорынның қаржылық жоспары мен әдістері
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
І. ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ НЕГІЗДЕРІ
І.1. Қаржылық жоспарлаудың мазмұны, міндеттері және әдістері
І.2. Қаржылық жоспарлау процесі
І.3. Қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі, оның құрылымы
ІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫН ЖОСПАРЛАУДЫҢ БАРЫСЫ
ІІ.1. Қазақстанда кәсіпорындағы индикативтік жоспарлаудың енгізілуі
ІІ.2. Индикативті қаржылық жоспарлаудың даму перспективалары
ІІІ. ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУДЫҢ РӨЛІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
ІІІ.1. Қазіргі кезеңдегі қаржылық жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары
ІІІ.2. Қаржылық жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі механизмі болжау мен жоспарлау болып табылады, яғни олардың экономиканы басқаруда рөлі жоғары. 90 – жылдардың басында мамандар «Экономиканы жорспарлаудың керегі жоқ, оның дамуын нарықтың өзі – ақ ретейді» — деген қате пікір айтты. Енді одан 5 – 6 жыл өткеннен кейін халық шаруашылығы саларының даму барысын стратегиялық жағынан да болжау – жоспарлау керек екендігін өмір дәлелдеп берді. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігін құрды.
Ал индикативті жоспарды әзірлеу алғашында экономика министрлігіне, кейін Экономика жоспарлау агенттігіне тапсырылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылдың 13 қазанында қол қойылған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының жүйесін жетілдіру және қызметтерін анықтау туралы» Жарлығына сәйкес жоғарында аталған функцияны қайта құрылған экономика және сауда министрлігі атқарады.
Жұмыстың мақсаты. Зерттеу жұмысына қатысты өзекті мәселелер қаралады, яғни жоспар дегеніміз – алдыға белгілі бір мақсат қойып, соған жетудің нақты жолдарын белгілеу, ал жоспарлау – экономиканың объективті заңдары мен заңдылықтарын зерттеп түсіне білу және оларды саналы түрде пайдалану арқылы әлеуметтік — экономикалық дамудың жоспарларын ғылыми негізде дайындау мен олардың орындалуын ұйымдастыру процесі.
Жоспарлаудың негізгі мақсаты – экономикада баланстық үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдыққа қол жеткізу.
Жоспарлау төменде көрсетілген міндеттерді атқарады:
1) қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының басыңқы (негізгі) бағыттарын анықтау;
2) жоспарлы кезең экономикасының сандық және сапалық сипаттамаларын белгілеу;
3) материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын (қорларын) орынды пайдалану арқылы ғылыми – техникалық, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын таңдау;
4) жекелеген салалар мен аумақтардың даму қарқыны мен пропорцияларын (өзара сандық өатынастарын) анықтау т.с.с.
Жоспарлаудың ғылыми негіздеріне объективті экономикалық заңдарды тану және саналы түрде қолдану, ұдайы өндіріс теориясы, жүйелілік, кешендік, жоспар жасау тәртібі, реті мен логикасының бірлігі және жоспарлау қағидалары (принциптері) мен әдістері жатады.
Ал, индикативтік жоспарға келсек, оның мынадай түрлері бар: стратегиялық, орта мерзімдік және жылдық жоспарлар.
Республика Президенті Н.Назарбаевтың 1997 жылы Қазақстан халқына жолдауында жарияланған «Қазақстан — 2030» — жоспары стратегиялық жоспарға жатады.
Стратегиялық жоспарлар ұзақ мерзімге жасалады және ұлттық экономика дамуының ұзақ мерзімдік мақсаттарын, мәселелерін жүзеге асыруды көздейді.
Зерттеу жұмысының құрылымы: зерттеліп отырған «Қаржы жоспарларымен болжамдарының жүйесі» атты курстық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттен тұрады.
курстық жұмыс / 27 бет
Кәсіпорынның ақшалай кірістерін талдау
Жоспар:
Кіріспе
І. Кәсіпорынның ақшалай кірістерін талдау
1.1 Кәсіпорынның кірісі,оның мәні мен мағынасы
1.2 Кәсіпорынның ақша қаражаттарын бөлу механизмі
ІІ.Кірістілік. Экономикалық мәні мен түрлері
2.1 Кәсіпорын ақшалай кірістерінің атқаратын қызметтері мен оны басқарудың түрлері
2.2 Кәсіпорындағы ақша қаражатының қозғалысы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Қазіргі таңдағы шаруашылық шарттарында көптеген кәсіпорындарда өз дамуының стратегиясы мен тактикасын жеке таңдау мүмкіндіктері бар. Кәсіпорынның өзін өзі қаржыландыруы басты мәселе болып табылады. Кәсіпорын қаржысы мемлекеттің қаржы жүйесінің негізі болып табылады, себебі кәсіпорындар халық шаруашылық кешенінің негізгі бөлігі. Кәсіпорын қаржысының жағдайы жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорларының қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуіне әсер етеді. Мұнда тікелей байланыс орнайды: кәсіпорындардың қаржылық жағдайы неғұрлым тұрақты болса, соғұрлым жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорлары қаржы ресурстарымен қамтамасыз етіледі, әлеуметтік-мәдени және басқа да қажеттіліктер қанағаттандырылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жыл 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауындағы «Жаңа кезеңнің негізгі міндеттері» деп аталатын бесінші бөлімнің «Өндіруші сектордың тиімділігін арттыру» атты үшінші міндетінде мұнай-газ саласы кәсіпорындарының тиімділігін арттырудағы маңызды мәселелер мен алға қойылған міндеттерді атап өтті. Ақша қаражаттары нарықтық экономикадағы ең дефицитті ресурстар болып табылады. Кәсіпорыннның қызметінің кіріске жетуі ең алдымен оның басшыларымен ақша қаражаттарын тарту және оларды тиімді мақсаттарда бөлуне байланысты. Кәсіпорынның тұрақты қызмет етуі үшін негізгі шаруашылықтың бірі ақша қаражаттарымен қамтамасыз етілу деңгейі болып табылады. Кәсіпорынның белгілі бір уақытқа алынған жалпы капиталы тұрақты, алайда уақыт өте келе ол өзгеріске ұшырайды. Кәсіпорынның капиталы үнемі қозғалыс үстінде. Кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік үнемі өзгерістегі шарттарға тез бейімделуді қажетсінеді. Мұндай шарттарға: біршама капитал салымын қажет ететін технологиялық жетістіктер, инфляция, пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісі, салықтық заңдылықтар – бұлардың барлығы кәсіпорын капиталының қозғалысына үлкен әсер етеді. Сондықтан да кәсіпорын аясындағы капитал қозғалысын тиімді басқара білу қажет. Ақша қаражатының негізін, бөліну механизімін, оны жоспарлай және болжай білу, кәсіпорын қызметінің күтілетін нәтижеге жету, яғни пайда табудағы басты құралы болып табылады. Зерттеу тақырыбы осындай шарттарға негізделген. Ақша қаражаттары – бұл кәсіпорынға жоғарғы өтімділікті қалыптастыратын және қызметті таңдаудағы еркіндік беретін активтердің ең өтімді категориясы
курстық жұмыс / 30 бет
Кәсіпорындар мен азаматтық ғимараттардың электр жабдыктары
Мазмұны
Кіріспе 3-4
1 Тақырыптың мінездемесі 5
2. Есептеу бөлім 6-7
2.1. Электр жүктемелердің есептелуі 6-7
2.2 Күштік трансформаторды таңдау 8
2.3 Қысқа тұйықталу тогын есептеу 9-11
2.4 Қысқа тұйықталу тогының электродинамикалық әрекеті 12-13
2.5 Ток пен қысқа тұйықталудың термикалық әрекеті 14
2.6 Электр жабдықтау подстанциясы жүйесінің өткізгіштері мен аппараттарын таңдау 15-17
2.7 Өткізгіштерді таңдау 18-20
2.8 1кВ жоғары кернеулі әуе желілері өткізгіштерінің тарту сымдарын таңдау 21
2.9 Кернеу трансформаторын тандау 22
2.10 Ток трансформаторын таңдау 23
2.11 Электр ауыртпалығын және жарықтандыруды есептеу 24
3 Еңбекті қорғау 25
4 Қауіпсіздік техникасы 26
5 Қоршаған ортаны қорғау 27-29
6 Өрт қауіпсіздігі 30-31
Қорытынды 32
Пайдаланылған әдебиеттер 33
Кіріспе
Электр станциялардан шығатын барлық электр энергиясы әуе және кабельді желіліер арқылы подстанцияларға жіберіледі.
Электр энергиясын шығарудың өсуі оның таратылуы мен жіберілуін жетілдіруді талап етеді. Электр энергиясын таратуда ауылдық электр желілері үлкен рөл атқарады. Жыл сайын ауылдық электр желілерінің халық шаруашылығына деген маңызы артуда және оларға тұтынушыларға тиімді де үзіліссіз электр энергиясымен қамтамасыз ету талап етіледі.Ауыл тұтынушыларын электр энергиясымен қамтамасыз етуде кезіндегі үзіліс кәсіпорынның қызметінің тоқтоуына, өнімнің тиісті дәрежеде өндірілмеуіне, кей жағдайда жабдықтардың бүлінуіне әкеп соғады, ал ол мемлекетке үлкен шығын келтіреді.
Сондықтан ауылдық электр желілерін өндіріс және тұрғын үй тұтынушыларына үзіліссіз электр энергиясымен қамтамасыз етуді ескере отырып жасайды. Бұған тұтынушыларды электр энергиясымен резервті жүйесі және автоматика мен телемеханикалық құрылғыларды қамтамасыз ету арқылы қол жеткізуге болады. Электр энергиясы энергияның әлдеқайда әмбебап түрі болып табылады. Ол өте қарапайым және үнемді, энергияның басқа түрлеріне ауыса алады – жылу, механикалық, жарықтық және т.б. электр энергиясы автоматика, электроника және т.б. құрылғыларда өзінің маңызы қолданыс табады, оларсыз қазіргі кездегі аппараттар мен техникалық құрылыстарды елестету қиын. Сондықтан қазір электр энергиялары елдің халық шаруашылығында кеңінен барлық салада қолданылады. Электр желілері электр энергиясын электр станциясынан жіберіп, таратумен айналысады. Шығарылатын барлық электр энергиясы дерлік өз қабылдаушыларына электр желілері арқылы түсіп отырады. Мұнда электр энергиясы өте үлкен қашықтыққа жеткізілді мүмкін – ондаған, жүздеген, мыңдаған киллометрлерге және бірнеше рет ауысып, сандық сапалық жағынан өзгеруң мүмкін. Электр желілері желілер мен трансформаторлардан тұрады. Трансформаторлар берілетін электр энергиясы параметлерін өзгерту үін қызмет атқарады – ток пен кернеу. Трансформаторлар подстанцияларда коммутациялық аппаратурамен бірге орнатылады — өшіру және бөлу құрылғылары және т.б. олар арқылы желі элементтерін сөндіру жүзеге асырылады. Жергілікті жағдайларға байланысты кернеу мен токтың маңызы жеткілікті түрде кеңінен өзгереді. Аварияға қарсы автоматика құрылғысы ток пен кернеу параметрлеріндегі өзгерістерді тексереді және бүлінген учаскелерді дараландыруды жүргізеді. Аталған қорғауыш және автоматика құрылғыларына белгілі бір талаптар қойылаы. Тиісті талаптар режимді жүргізу үшін – режимді автоматикаға да қойылады – олар электр энергиясының қажетті сапасын бақылайды, электр станциялары арасында тиімді таратуды жүргізеді, электр желілерінің анағұрлым үнемді жұмыс режимін қамтамасыз етеді.
курстық жұмыс / 34 бет
Кәсіпорын ресурстар мен ақпараттар қозғалысының теориялық негізі
Кіріспе
1 Кәсіпорын ресурстар мен ақпараттар қозғалысының теориялық негізі
1.1 Кәсіпорынның экономикалық ресурстары
1.2 Ақпараттар қозғалысы түсінігі
1.3 Кәсіпорынның қаржы ресурстары
2 «АКА» ЖШС қаржылық жағдайын, ресурстардың ұйымдастырылуын талдау
2.1 Кәсіпорынның сипаттамасы, басқару құрылымы
2.2 Кәсіпорынның қаржы ресурстарының құралу көздері
3 «АКА» ЖШС-ның ресурстарын пайдалану тиімділігі мен жетілдіру жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Сондықтан да бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған байланысты ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері маңызды болып отыр. Кәсіпорындардың дербестігі өсіп, олардың экономикалық және заң алдындағы жауапкершіліктері артты. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы тұрақтылығының мәні жоғарлады. Осының барлығы кәсіпорынның ресурстарын және оларды құру көздерін тиімді пайдалануды талап етеді.
Курс жұмысының тақырыбы- «Кәсіпорында ресурстар мен ақпараттар қозғалысын ұйымдастыру». Курстық жұмыс кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорынның ресурстарының құрылу көздерін, олардың құрылымын қарастыру, сонымен қатар кәсіпорынның ақпараттар қозғалысы болып табылады.
Ресурстар – бұл экономикалық игіліктерді өндіруге пайдаланатын факторлар. Олар материалдық және еңбек ресурстары болып бөлінеді. Материалдық ресурстар – жер немесе шикізат материалдары және капитал.
Кәсіпорында өндіріс тиімділігін арттыру және еңбектің соңғы нәтижесі тікелей еңбек ресурстарының пайдалану дәрежесімен қызметкерлердің біліктілік деңгейіне байланысты.
Ақпарат істің жай-күйі және біреудің іс-әрекеті туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандайда бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны.
Зерттеу объектісі — «АКА» ЖШС. Қазіргі таңда жан-жақты өнім түрлерін өндіреді, тек қана өнім өндірумен айналыспайды, сонымен қатар қызмет көрсетумен айналысады.
Кәсіпорын ресурстарын қалыптасуын және оны пайдалануын талдаған кезде “АКА ” ЖШС мәліметтері, оның ішінде бухгалтерлік баланс, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп қолданылды.
курстық жұмыс / 31 бет
Кәсіпорын қаржысы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………….3
1 ТАРАУ. ҚАЗІРГІ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫНЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ…….5
1.1 Кәсіпорындағы қаржы ресурстарын басқару жүйесінің қызмет ету процесі және құрылымы……..5
1.2 Нарықтық экономика жағдайындағы қаржы менеджменттің мәні мақсаты және міндеттері…………9
1.3 Қаржы рыноктар — кәсіпорын қазметінің негізі ретінде……….13
2 ТАРАУ. ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ……15
2.1 Қаржылық менеджердің біліктілік сипаты және оның функциялары……15
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау…….20
2.3 Қазақстан кәсіпорындарындағы қаржылық менеджмент………22
Қорытынды……..26
Қолданған әдебиеттер тізімі……27
Кіріспе
Менеджмент теориясының эволюциясы фирманың, корпорацияның басқарылуымен тығыз байланысты. Қаржылық менеджменттің энциклопедиясында былай делінген: қаржылық менеджмент — кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесінің ерекше түрдегі ішкі жүйесі ретінде басқару қызметінің өзге салаларымен тығыз қиылысып жатыр.
«Менеджмент» термині өзінің мағынасы бойынша көбінесе «басқару» түсінігіне сәйкес келеді. Алайда «басқару» түсінігі адамның іс-әрекетінің әртүрлі салаларында (мемлекетті, биологиялық процестерді басқару және т.б.) қолданылатын болғандықтан, одан да кеңірек болып келеді. «Менеджмент» термині нарықтық жағдайларда қызмет ететін кәсіпорын, фирма, корпорация деңгейінде әлеуметтік-экономикалық процестерді басқару ісінде ғана қолданылады. Ол орыс тіліне сөзбе-сөз аударылмайды. Ағылшын тілінде сөйлейтін, және ең алдымен осы термин пайда болған АҚШ-та «менеджмент» сөзі әрдайым шаруашылық іс-әрекетке қатысты қолданылады
Қазақстанда нарықтық экономика барған сайын үлкен қарқын алуда. Онымен бірге шаруашылық процесті реттеудің негізгі механизмі ретінде бәсекелестік те күш алуда. Бәсеке қабілеттелік кәсіпорынға, акционерлік қоғамға, кез-келген шаруашылық субъектісіне капиталдың қозғалысын дұрыс басқарумен ондағы қаржы ресурстарының басқарылуын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпорындардың келесі түрлері құрылып жұмыс істеуі мүмкін:
- Адамдардың бірігуі ретінде серіктестік, олардың қызметіне
қүрылтайшылар тікелей қатысуы міндетті; - Капиталды біріктіру ретіндегі қоғам;
- Қарапайым азаматтардң өндіріске қатысу нысанындағы өндірістік коперативтердің нысаны;
• Мемлекеттік кәсіпорындар.
Шарушылық қоғам үш түрде болуы мүмкін:
1 Акционерлік қоғам
2 Жаупкершілігі шектеулі шаруашылық қоғам
3 Қосымша жауапкершілігі шектеулі шарушылық қоғам
Меншік нысанының әр-түрлілігі Қазақстандағы қаржы нарығының пайда болуы рынок қатысушыларының арасындағы қаржылық қатынастардың пайда болуын көздейді.
Қаржылық қатынастар келесі негіздерден пайда болады:
- Ұйымдар мен кәсіпорындар арасында жиынтық табысты
қалыптастыру мен бөлу процесінде, жеткізілімді төлеу кезінде,
дайын өнімді сату кезінде; - кәсіпорынның акцияларын шығару мен тарату кезінде;
- Валюталық қорды пайдалану кезінде кәсіпорындармен және шетелдік әріптестер арасында.
Қаржылық менеджмент немесе қаржылық ресурстарды және қатынастарды басқару шаруашылық субъектінің бәсекелестік қабілетінің көтерілуі мақсатында қаржы саласында нарықтық механизмді реттеудің нысандары мен тәсілдерін, қағидаларын, әдістерін қамтиды.
Шағын бизнесте қаржыларды басқару үшін бухгалтер мен экономистің біліктілігі жетіп жатыр, өйткені қаржылық операциялар негізі ақша айналымы болып табылған жай қолма-қолсыз есептесудің шегінен шықпайды. Ірі бизнестегі көрініс тіптен басқаша. Ірі бизнесте санының сапаға өтуінің заңдылығы жұмыс істейді. Ірі бизнеске ірі капитал қажет және өнімді түтынушылар қажет. Орташа немесе үлкен бизнестегі қызметінің көлемімен мөлшерін инвестициямен, капиталды көбейтумен байланысты қаржылық операциялар иеленеді.
Ірі бизнестегі қаржыны басқару үшін қаржылық бизнес саласында арнайы дайындықтағы мамандар қажет. Қаржылық менеджерлер (қаржылық директорлар). Қаржылық теориясын біле тұра менеджмент негіздері, қаржылық менеджер тәжірибе жинақтай отыра бизнестің негізгі түлғасы болады. Қазақстанда елдің әлемдік дамудың жалпы экономикалық процестеріне тартылуымен қамтылған терең экономикалық өзгерістер болды. Экономиканы басқарудың бүрыңғы механизмін түбегейлі қайта қүруы жүріп жатыр.
Нарықтық экономика оның үүлгілерінің әр-түрлілігі кезінде мемлекет реттеумен толықтырылатын әлеуметтік бағыттаға шаруашылықты білдіреді. Нарықтық қатынастардың өзіндік жүйесінде, сондай-ақ оларды мемлекет тарапынан реттеу механизмінде де қаржы басты рөл атқарады. Олар нарықтық қатынастардың ажырамас бөлігі болып табылады, және мемлекттік саясаттың жүзеге асырылуының маңызды құралы болып табылады. Міне, сондықтанда қаржылық менеджердің жүмысының маңыздылығы артып отыр.
Қазақстанның экономикасының көтерлуі, бұған кең ауқымды теориялық білімдері бар жоғары білікті кадрлардың және оларға инвесторлардың, акционерлердің, несие берушілердің, өзге де қаржылық қатынастар қатысушылардың мүдделердің объектівті қорғауды жүзеге асыратын жақсы тэжірбиелік мектептің қатысуынсыз мүмкін емес.
Міне, сондықтан да қазіргі таңда біздің республикамызда қаржылық қызмет саласында мамандардың даярлаумен оқытуға көп көңіл бөлінуде.
Бүл курстық жұмысы Кәсіпорындағы және қазіргі таңдағы нарықтық экономикадағы қаржылық менеджменттің орынын, қойылған талаптарын, ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Жұмыс қаржылық менеджменттің кәсіпорындағы атқаратын рөлін айқындауға және шарушылық субъектінің қаржылық жағдайын талдау әдістемесіне арналған.