Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Биология, Экология, Медицина’ бөлімінің мұрағаты

Бірлескен кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыру

Жоспар.

Кіріспе….3 бет.
I – бөлім. Бірлескен кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыру…5 бет.
1.1 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру…5 бет.
1.2 Коммерциялық емес қызметтін ұйымдары мен мекелердін қаржыландырудың көздері…10 бет.
1.3. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердін шығыстары……15бет.

II – бөлім. Шаруашылық жүргізүші субъектілердің негізгі ұйымдық-құықтық нысандары….23 бет.
2.1. Шаруашылық серіктестіктері….23 бет.
2.2. Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар…25 бет.

Қорытынды……..31 бет.
Әдебиеттер тізімі…32 бет.

Кіріспе.

Кәсiпорын экономиканың негiзгi буыны ретiнде меншік нысандары мен шаруашылық жүргiзудiн әр алуандығы, тауар-ақша қатынастары мен рыноктың дамуы кезiнде жұмыс iстейдi.

Кәсiпорындарды ұйымдық-құкықтық нысандары бойынша межелеу олардың қаржысын ұйымдастырудағы айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуына, өндiрiстiк-шаруашылық қызметiн қаржыландыруға, шаруашылықты жүргiзудiң нәтижелерiне әкеп соғады.

Меншiк нысандарына қарай шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қорларын қалыптастырудың ерекшелiктерi болады. Мысалы, өндiрiстiк кәсiпорындардың қаржы қорлары мына көздер есебiнен құрылады; меншіктi көздер (амортизациялық аударымдар, табыс (пайда), басқалары); банк несиелерi; бағалы қағаздар шығарудан тусетiн қаражаттар; мемлекеттiк кәсіпорындарда қаражаттардың бұл көздерi қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады; кооперативтерде — кооператив мүшелерiнiң үлестiк жарналарының қаражаттары. Практикада көбiнесе меншiктiң аралас нысандарымен шарттасылған қорлардың көздерi бойынша оларды құрудың аралас нысандары көздеседi. Мысалы, негiзгi құралдар мен айналымдағы  активтердiң үлкен бөлiгi мемлекетке жататын мемлекеттiк кооперативтерде қызметкерлердiң үлестiк жарналары болымсыз рөл атқарады. Мемлекеттік акционерлiк қоғамдарда да осылай.

Кәсіпорындар мен ұйымдардын мүлкiн жалға бергенде айрықшалықты төлем — жалға берiлген мүлiк құнынын амортизациялық аударымдарын, жалға беру мерзiмiнiн өтуiне қарай объектiлердi жөндеу үшiн жалдаушының жалға берушiге берітiн қаражаттарын, жалға алынған мүлiктi қоғамдық қажеттi пайдаланудан түсетiн пайданың (табыстың) бiр бөлiгiн (жалгерлiк пайызды) кiрiктiретін жалгерлiк ақы қолданылады.

Өндiрiстiн бастапқы қорларынын қалыптасуына сәйкес шаруашылық қызметтің мынадай қаржылық нәтижелерi бөлiнедi және пайдаланылады: жалпы табыс, пайыздық табыс, дивиденттер, үлестiктабыстар, бюджеттің (бюджеттік кредиттердiң) және бюджеттен тыс қорлардың шығыстарын өтеу.

Үлестiк жарна негiзiнде жұмыс iстейтiн кәсіпорындардың — шаруашылық серiктестiктерiнiң, кооперативтердiң, бiрлескен кәсіпорындардың қаржысын үйымдастыру мұндай кәсіпорындар қаржысының қалыптасу және алынған табыстарды әрбiр қатысушының — мүлiктегi үлесiне сәйкес кейiнгi бөлудiң ерекшелiктерiмен анықталады. Мұндай кәсiпорындардын құрылтайшылары мен қатысушылары өздерiнiң салымдарын ақша қаражаттары, мүлiктiң әр түрлі түрлерi (үймереттің, ғимараттың, жабдықтың және басқаларының), мүлiктi құкықтар (жердi, табиғи ресурстарды, мүлiктi, зияткерлiк (интеллектуалдық) меншiктi пайдалану құкықтары) түрiнде жүзеге асырады.

  Курстық жұмыс / 32 бет

Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктердің маркетингі

Жоспар

КІРІСПЕ……..3

1 Бағалы қағаздар нарығы және ондағы коммерциялық банктердің менеджменті мен маркетингісінің мәні
1.1 Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктердің менеджментінің маңызы мен рөлі …..5
1.2 Банкілік маркетинг мәні мен ерекшелігі ………11

2 Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктерідң маркетингі мен менеджментін «Халық Банкі» АҚ мысалында талдау
2.1 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның басқару жүйесін сипаттау және бағалау…….19
2.2 Бағалы қағаздар нарығындағы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның менеджментін талдау…..22

3 Банктердің бағалы қағаздар нарығындағы даму перспективалары және банктік менеджмент пен маркетингті жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығында банк менеджменті мен маркетингін жүргізудің мәселелері мен жетілдіру жолдары …27

ҚОРЫТЫНДЫ …………38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ……40

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі еліміздің нарықтық экономикаға өтіп, қаржы нарығының, оның ішінде банктер қызметінің бүгінгі әлемдік стандарттарға сай дамып келе жатқандығына байланысты, олардың қызметтерін дамытудың негізі банктік қызметтегі маркетинг пен менеджменттің әрекетіне тікелей байланысты болады.

Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық банктердің экономикаға тигізетін әсері зор. Олар нарықтық қатынастарды дамыта отырып, мемлекеттің экономикасын дамытады және жандандырады.

Сондықтан коммерциялық банктер менеджменті бүкіл банктің дамуын, оның болашақтағы табысы мен алатын орнына қатысы бар.

Дамыған елдерде банктік менеджментті өндірістің тиімділігін көтерудегі маңызды факторларға жатқызады.

Шетел банктердің тәжірибесіне қарағанда, банк қызметінің алға басуын қамтамасыз ететін стратегиялық бағдарламамен қатар, олардың менеджменттік, маркетингілік белсенділігінің дәрежелерін бөлек қарау керек. Жалпы айтқанда, «менеджмент» ұйымдастыру мен басқарудың оңтайлы жүйесі. Осыған байланысты банктік менеджмент деген сөз, банктің және оның ұжымының қызметтерін ұйымдастыру мен басқару жүйесін білдіреді.

Қазақстан Республикасындағы банк секторының дамуы нарықтық механизмінің ең табысты және тұрақты элементтерінің бірі болып табылады. Біздің банк жүйеміз ТМД елдерінің ішінен алдыңғы қатарлы деп саналып, Ресейдің банк жүйесінен кейбір көрсеткіштер бойынша алға шықты. Сондықтан банк менеджментінің проблемаларын ашып көрсету өзекті болып саналады.

Банктің маркетингі мен менеджменті басқарудың ерекше ортасы ретінде тек дамыған нарықтық экономика жағдайында ғана пайда болады. Банк операцияларының өркениетті елдерде қабылданған деңгейге дейін жетуі келесі қызметтердің болуымен сипатталады: бағалы қағаздармен, несиелік карточкалармен, валютамен жүргізілетін операциялар, басқа банктер мен коммерциялық құрылымдардың акцияларын тарату мен үнемдеуге көмектесу, клиенттерге олардың қаражаттарын рационалды түрде салуға, инвестициялық жобаны бағалауға көмектесу, лизинг, факторинг басқа да қызметтер. Нарықтық экономика жағдайында несиелік мекемелер арасындағы қаржылық нарықтағы нақты бәсекеге негізделген, кәсіпорындарды мемлекеттік қаржыландыруға көшетін, инфляцияға әкелетін, нақты инвестициялық жобалар мен бизнес – жоспарларды нарықтық механизммен қамтамасыз ету, жаңа тауар массасын құруға көзделген банк менеджментісіз болуы мүмкін емес.

18 жыл ішінде егеменді Қазақстан терең экономикалық дағдарысты және сонымен байланысты халықтың өмір сүру деңгейін елеулі төмендететін барлық қызметтер мен тауарлар бағаларының күрт өсуін, бұрын байқалмаған жұмыссыздықты басынан кешірді.

Бүгінгі таңда көптеген қиыншылықтар артта қалды» деп қанағатпен айтуға болады. Реформалардың таңдалған бағыттарын тұрақты сақтаудың нәтижесінде дағдарыс бағындырылды. Соңғы жылдарда өнеркәсіптік және ауылшаруашылықтық өндіріс көлемінің өсуі байқалды; жекеленген кәсіпорындар өздерінің өндірістік күш – қуатын қайтадан қалыптастыруда; шағын және орта бизнес дамуда; басқа да өмірлік маңызы бар орталарда жұмыстар жақсартылуда. Осыған байланысты төлем балансының оң сальдосына қолымыз жетті, инфляция деңгейі біршама төмендеді, ұлттық валюта – теңгенің бағамы тұрақталынды, мемлекеттің қаржылық жағдайы жақсарды. Нарықтық инфрақұрылым жетілдірілгендіктен ақша – несие операцияларында, банктік жүйесінде банк менеджментінің қажеттілігі артты.

Бұл курстық жұмыстың мақсаты болып дамудың қазіргі кезеңінде банк менеджментінің дамуын көрсету болып табылады.

Қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қарастырылады:

— Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктердің менеджменті мен маркетингісінің маңыздылығы мен мәніне тоқталу;

— банк маркетингі мен менеджментінің түсінігін қарастыру;

— «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мысалында банк менеджментін талдау және бағалау;

— Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығындағы банк менеджменті мен маркетингін жүргізудің мәселелері мен жетілдіру жолдарына тоқталу болып табылады.

Жұмыстың обьектісі — «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.

Курстық жұмыс құрылымы келесідей: бірінші бөлімде бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктердің маркетингі мен менджментінің мәні мен ерекшеліктері қарастырылады.

Екінші бөлімде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның банк менджментінің ұйымдастырылуы мен банктік маркетингтік саясаты туралы баяндалады.

Үшінші бөлімде банк бағалы қағаздар нарығындағы маркетингі мен менджментін  жетілдіруге бағытталған ұсыныстар қарастырылды.

 Курстық жұмыс / 40 бет

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫ БУЫНЫ РЕТІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРАТЫН РӨЛІ

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫ БУЫНЫ РЕТІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРАТЫН РӨЛІ,ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ

1 тарау. Шығындар есебінің негізі.
1.1. Шығындар есебінің жалпы сипаттамасы.
1.2. Өндірістік шығындардың жіктелуі.
1.3. Өндірістік шығындардың есебін ұйымдастыру.

2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ КІРІСТЕРІ МЕН ШЫҒЫСТАРЫН ТАЛДАУ
2.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрылымы, өсу қарқынын талдау
2.2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің шығыстарының құрамы, динамикасын талдау
2.3.Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет түсімдері мен шығыстарының мақсаттылығы мен бағыттылығы

3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫ ДАМЫТУ
3.1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетті қаржылық бақылауды дамыту жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштер бір-бірімен тығыз байланысты.

Курстық жұмыстың өзектілігі: мемлекеттік бюджеттің басқа да қаржы тармақтарымен байланысын, оның экономикалық рөлі мен мәнін, маңызын айқындау, мемлекеттік бюджет құрылымын, бюджетаралық қатынастары, функциялары мен оларды жүзеге асыру тәртіптерін, мемлекеттік бюджет түсімдері мен шығыстарынның әлеуметтік-экономикалық салаларға, нақты экономика секторына, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға байланысты жұмсалуын, яғни мақсаттылығын және бағыттылығын, мемлекеттік бюджет түсімдері мен шығыстарын жоспарлауды дамыту мен оларды бақылауды жетілдіру перспективаларын қарастыру.

Курстық жұмыстың мақсаты: мемлекеттің қаржы буыны ретіндегі мемлекеттік бюджеттің атқаратын рөлін,экономикалық мәні мен мазмұнын анықтау, мемлекеттік бюджеттің өз жағдайында қаржының басқа тармақтарымен тығыз байланысын, міндеттері мен функцияларын, мақсаттарын әзірлеу, мемлекеттегі қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетті ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілерін зерттеу, экономиканы басқарудың құралы ретінде мемлекеттік бюджетке сипаттама беру, мемлекеттік бюджет түсімдері мен шығыстарының бөлуін және бақылауын талдау, олардың мақсаты мен бағыттылығын, алдағы жылдарға арналған мемлекеттік бюджет түсімдері мен шығыстарын жоспарлауды дамыту мен оларды қаржылық бақылауды жетілдіру перспективаларын әзірлеу.

Курстық жұмыстың міндеті: мемлекеттік бюджеттің атқаратын рөлі, әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұнын, функцияларын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын, мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрылымын (салықтық және салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттер), өсу қарқынын,2011-2013 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет кірістерінің жоспарын, олардың қайнар көздерін, шығыстарының құрамы (жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер, қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі, бiлiм беру, денсаулық сақтау және т.б.) мен динамикасын, 2011-2013 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет шығыстарының жоспарын кестелер, диаграммалар негізінде көрсету, талдау, мемлекеттік бюджет түсімдері мен шығыстарын жоспарлауды дамыту мен оларды қаржылық бақылауды жетілдіру перспективаларын қарастыру.

Бірінші бөлімінде, мемлекеттің қаржы буыны ретіндегі мемлекеттік бюджеттің атқаратын рөлі, экономикалық мәні мен мазмұны, экономиканы басқарудың құралы ретінде мемлекеттік бюджеттің сипаттамасы, мемлекеттік бюджеттің өз жағдайында қаржының басқа тармақтарымен тығыз байланысы,мемлекеттік бюджет құрылымы, бюджетаралық қатынастары, функциялары мен оларды жүзеге асыру тәртіптері анық қарастырылады.

Екінші бөлімінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын, мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрылымын (салықтық және салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттер), өсу қарқынын,2011-2013 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет кірістерінің жоспарын, олардың қайнар көздерін, шығыстарының құрамы (жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер, қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі, бiлiм беру, денсаулық сақтау және т.б.) мен динамикасын, 2011-2013 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет шығыстарының жоспарын кестелер, диаграммалар негізінде көрсетілген.

Үшінші бөлімінде, мемлекеттік бюджет түсімдері мен шығыстарынның әлеуметтік-экономикалық салаларға, нақты экономика секторына, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға байланысты жұмсалуы, яғни мақсаттылығы және бағыттылығы, даму жағлайы мен қаржылық бақылау деңгейінің даму жолдары қарастырылған.

 Курстық жұмыс / 40 бет

Валюталық жүйе, оның түрлері мен элементтері

МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ

I-ТАРАУ. ВАЛЮТА ЖҮЙЕ: МӘНІ МЕН ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1.1 Валюта жүйе: экономикалық мәні мен түрлері
1.2 Валюталық жүйенің негізгі элементтері: маңызы мен қажеттігі

II-ТАРАУ. ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУІ
2.1 Валюталық бағам және оның экономикадағы маңыздылығы
2.2 Төлем балансы валюталық жүйедегі елдер қатынастарының сауда жағдайын анықтайтын негізгі көрсеткіш

III-ТАРАУ. ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ
3.1 Бүкіләлемдік валюта жүйесінің даму кезеңдері (эволюциясы)
3.2 Қазақстанда валюта жүйесінің дамуы

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КIРIСПЕ

Бүгiнгi әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiргiш күштердiң қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк рыноктың қалыптасуымен, халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байланыстарының интеннационалдануы және жаһанданумен сипатталады.

Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына жалпылама түрде өзiнiң онды әсерiн тигiзедi.

Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi.

Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк,  валюталық курс,  валюталық рыноктар,  халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.

Ваюталық  жүйе — ұлттық  заңдылықтарымен  немесе  мемлекет  аралық  келiсiм шарттарымен  бекiтiлетiн  валюталық  қатынастарды  ұйымдастыру  және  реттеу  формасын  бiлдiредi .

Курстық жұмыстың өзектiлiгi елiмiздiң әлемдiк рынокта алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып, соның iшiнде өзектi саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы елiмiз үшiн маңызды. Өйткенi бiздiң экономикамызда теңгемiз еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта өзгерiстерi бiзге де зор әсер етедi.

Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын  “Валюталық жүйе: мәні және оның түрлері” деп алдым.

Бұл курстық жұмысымды жазудағы негiзгi мақсатым мен мiндеттерiм мыналар:

  • валюталық жүйенiң түсiнiгiн анықтап, оның пайда болуының себептерiн талдау және оның мәнін ашу;
  • халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi элементтерiн анықтау және талдау;
  • халықаралық валюталық жүйенiң, сондай-ақ дүниежүзілік және ұлттық валюталық жүйелерді салыстыру және олардың байланысын анықтау;
  • валюталық жүйенің негізгі элементтеріне тоқталу және оларды талдау;
  • Қазақстан Республикасындағы валюталық жүйенiң қалыптасуы мен қазiргi жағдайы қарастырылды.

 Курстық жұмыс / 49 бет

ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕНДІРУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
1 ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕНДІРУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Ипотекалық несиелендіру жүйесі: ұғымы, бағыттары, түрлері
1.2 Нарықтық экономикаға өту барысындағы ипотекалық несиелендірудің рөлі
1.3 Ұзақ мерзімді ипотекалық несиелендіру жүйесін тұрақтандыру үшін қажетті шарттар
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕНДІРУДІ ТАЛДАУ
2.1 Ипотекалық несиелендірудің Қазақстандағы рөлі мен алғышарттары
2.2 АҚ «Қазақстан Ипотекалық Компаниясының» ипотекалық несиелендіру шаралары
2.3 Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің ипотекалық несиелендіру жүйесін талдау
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
3.1 Ипотекалық несиелендірудің келешектері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Менің курстық жұмыстың мақсаты: Тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесi Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайын жақсарту үшiн қарыз алу мақсатында жеке жинақтардың (қазiргi кезде тұрғын үй құнының 25%-нен кем емес) қорлануына негiзделген тұрғын үйлердi қаржыландыру тетiгiн бiлдiредi. Тұрғын үй құрылысы жинақтарының осы жүйесi көп жағдайда екiншi деңгейдегi банктерден ипотекалық кредиттер алу кезiнде бастапқы жарнаны енгiзу үшiн жеткiлiктi қаражаты жоқ, бiрақ жеткiлiктi тұрақты кiрiсi бар азаматтардың санаттарына арналған.

Құрылыс жинақтары жүйесiнiң субъектiлерi арасындағы қатынастардағы мемлекеттiң рөлi Қазақстан Республикасының азаматтары салымшыларға көрсетiлген жинақтарға салымдар бойынша сыйлық төлеу жолымен тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесiне қолдау көрсету болып табылады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi, банк салымшылары және салымдар бойынша сыйлықтарды тұрғын үй құрылыс жинақ банкiне аудару мен төлеудi жүзеге асыратын мемлекет құрылыс жинақтары жүйесiнiң қатысушылары болып табылады.  Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесiнiң Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыруға iс жүзiнде қатыспайтындығы оның әлсiз жақтары болып табылады. Сөйтiп, Мемлекеттiк бағдарлама бойынша ТҚЖБ жүйесi енгiзiлуiнiң басы — 2005 жыл, қаражатты жинақтау мерзiмi — 3 жыл болса, ТҚЖБ жүйесiнiң қолданысқа енгiзiлуiнiң басы — 2008 жылдан басталады. Қандай  да экономикалық қызмет болмасын ол адамдардың өмір сүру деңгейін жоғарылатуға бағытталады. Яғни, экономикалық дамуда әлеуметтік мәселе бірінші орында болады. Ал осы әлеуметтік мәселелердің ең бастысы қандай да жеке тұлға болмасын ол отбасын құрап, өзінің баспанасы болуын қалайды. Бірақ әрбір жас отбасылардың қазіргі таңдағы элиталық немесе қарапайым үйлерді алуына қаражаттары жетпейді. Сонымен қатар әрбір тұлғаның өзінің жеке кәсібімен шұғылдануына және де көптеген әлеуметтік қажеттіліктерге қол жеткізуіне жағдайы келе қоймайды. Осы әлеуметтік мәселелерді шешуде несиелеу механизмінің маңызы ерекше. Осы аталған қажеттіліктерге байланысты қаражаттары шамалы, бірақ тұрақты жалақылары бар азаматтарды несиелеудің ең ыңғайлы жолы мен түрі ипотекалық несиелеу болып табылады.  Зерттеудің мақсаты ретінде қазіргі күнгі Қазақстандағы ипотекалық  несиелендірудің даму жолдарын  талдау  көзделіп отыр. Мұндай мақсатқа  коммерциялық банкте тұтынушылық несиелендіру жөніндегі қалыптасқан  көзқарастарды   және  оны арттыруға бағытталған  іс-шараларды жүйеге келтіру  қажеттілігінен  туындап отыр.   Ипотека — бұл несие берушінің алдында бұл мiндеттемелердiң қамтамасыз етуге арналған жылжымайтын мүлiктiң кепiлдiктерi. Ипотекалық несие беру барысында, несие алушы, жылжымайтын мүлiктi немесе басқа мақсаттарға қарыз алады. Несие алушының, несие берушінің алдындағы мiндеттемесi қарызды өтеуi болып табылады, бұл мiндеттемені орындауды қамтамасыз ететін, жылжымайтын мүлiктi айтуға болады. Сонымен бiрге тек қана тұрғын үйді емес, жылжымайтын мүлiктiң басқа да объектілерін сатып алуға немесе қарызға қоюға болады: жер, автокөлiк, яхта және т.б. Ипотекалық несиелендіру арқылы алынған жылжымайтын мүлiк, жылжымайтын мүлiкті алғаннан бастап несие алушының меншiгі болып табылады.

Қазақстандағы ипотеканы пайдаланудың кең таралған түрі – несиеге пәтер алу болып табылады. Ережеге сәйкес кепілдікке, жаңа алынған үй және жеке меншігінде үй қойылады.  Ипотекалық  несиелендіру халықтың – тұрғын үй жағдайын жақсартудағы, банктің –  тиімді және табысты жұмыстағы, құрылыс  кешенінің – өндірістің және халықты  ипотекалық несиелендіруді кеңімен  таратуға ықпал ететін экономикалық өсуге мүдделі мемлекеттің серпінді жұмыс істеуіне деген мүдделерді келісуге мүмкіндік береді. Ипотекалық несиелер екінші деңгейлі банктермен беріледі және әр қайсысының несие беру шарттары әр түрлі. Ипотека шарттары, басқа несиелер сияқты несиелендіру мерзімі және пайыздық мөлшерімен сипатталады. Сонымен қатар ипотека жағдайында несие соммасы алынатын үй құнының біршама пайызын құрайды. Құнның қалған бөлігі, бастапқы жарна болып есептеледі және ипотекалық несие алу үшін несие алушы да болуы қажет. Ипотеканың маңызды шарттарының бірі, өзінің жаңа үйі үшін ипотекалық банкке беретін төлемдерді жүргізу тәртібі болып табылады.Ипотекадағы несие валютасы ұлттық және шетелдік болуы мүмкін. Қай валютада ақша салу, несие алушының өз еркі. 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан  Республикасының тұрғын үй құрылысын  дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына  сәйкес, Тұрғын үй құрылысы Қазақстанның  дамуында басты бағыттарының біріне айналуда. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылғы 23 ақпандағы Парламенттегі «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына дәстүрлі жолдауында: «Нарықтық жағдайда әлеуметтік саланы дамыту үшін тұрғын үй сатып алу мәселесі мен жылжымайтын мүлік нарығының дамуы өте маңызды. Тұрғын үй құрылысын дамытуға арналған. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың екі жылында ғана тұрғын үйдің 11 миллион шаршы метрі енгізілді. Бағдарлама 30 пайызға озып, алда жүруде. Біз осы Бағдарламаны жасап, тұрғын үйді кімнің алатынын анықтадық». Бағдарламада қолжетімді тұрғын үй мен жылжымайтын мүлік нарығы дамуының саласындағы саясаттың тізбектілігіне ерекше назар аударылды. Әрине бұл мәселелер Қазақстандағы тұрғын үйді ипотекалық несиелеудің қазіргі жағдайына байланысты туындап отырғаны анық. Халықтың  барлығына қолжетімді тұрғын үй құрылысының  тұрақты дамуын қамтамасыз ету, оның құнын арзандатпайынша, тұрғын несие мерзімі ұзартылмайынша және несиелеу мөлшерлемесі төмендемейінше мүмкін емес. Мұндай мақсатқа тек тұрғын үйді ипотекалық несиелеу жүйесін дамытып, жетілдіру арқылы ғана қол жеткізуге болады. Ипотекалық  несие – бұл тұрғын үй құрылысына инвестиция тартудың ең тиімді тәсілі. Ипотекалық несиенің халықтың тұрғын үй жағдайының жақсаруына, банктердің тиімді және пайдалы жұмыс жасауына, сондай-ақ еліміздегі құрылыс кешенінің қарқынды дамуына мүмкіндік жасайтынын әлемдік тәжірибе дәлелдеп берді.  Жылжымайтын мүлік бағасының шамадан тыс  өсуіне, тұрғын үй құрылысына инвестиция жұмсау деңгейінің төмендігі жағдайына  байланысты орташа табысы бар әлуетті  қарыз алушы ипотекалық несие  алу мүмкіндігінен айырылып қалуда.  Мұндай  мәселелерді шешуде Қазақстан жұмыс  жасап отырған қазіргі тұрғын үй ипотекалық жүйесін дамыту мен  жетілдірудің маңыздылығы теориялық  және тәжірибелік тұрғыдан арта түседі. Қазақстан Республикасының экономикасындағы ипотекалық несиелендірудің тиімді пайдалануы барысындағы жоғарыда аталған  мәселелердің бүгінгі күнге дейін  жете зерттелмей келуі, әлемдік дәрежедегі ипотекалық дағдарыс, бұл курстық жұмыста зерттеуге себеп болды.

 Курстық жұмыс / 34 бет

Қаржы құралдар нарығы

Мазмұны
Кіріспе……3

1 Тарау. Қаржы құралдар нарығы …..5
1.1 Қаржы құралдар оның мәні, жіктелуі және түрлері …. 5
1. . Қаржы құралдар шығару және олардың эмиттенттері …14
1.3 .Қаржы құралдар нарығы — қаржы нарығынын құрамдас бөлігі ….17

2 Тарау. Қаржы құралдар нарығының қызмет ету жағдайына талдау..19
2.1 Қазақстан Республикасында . Қаржы құралдар нарығының пайда болуы…..19
2.2 Қаржы құралдар нарығының қызмет етуі және оны реттетейтін жүйелері…. 21
2.3 Қ Р қаржы құралдары нарығының құқықтық негіздері….. 26
3 Тарау. ҚР қаржы құралдары нарғының жетілдіруі мен даму жолдары..31
3.1 Қ Р қаржы құралдары нарығының жетілдіру жолдары… 31
3.2 Қазақстандағы қаржы құралдары нарығының кәсіби мамандарын даярлау жүйесі…..34

Қорытынды……33
Пайдаланған әдебиеттер….

  Кіріспе

Қаржы құралдары кез келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберілді, яғни оларды нарық жүйесіндегіең өміршең субъектілер ғана ала алады.

Өзінің ұйымдық және құрыламдық ерекшелігіне орай бағалы қағаздар қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық ережелермен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұдай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90-жылдардың басында құрыла бастады.

90-жылдардың экономикалық тәжрибесі дәлелдегеніндей шаруашылықты жетілдірудің нарықтық әдістерін қалпына келтірудің және оны одан әрі дамытудың басты құралы – бағалы қағаздар екені талассыз ақиқат. Бағалы қағаздар ақша түріндегі капиталға да, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп, тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттік меншік акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері – халықтың меншігіне айналдыру мүмкін. Бағалы қағаздар нарығында өзіне тән жүйесі қалыптасып, оларда экономикалық өрістеудің қаржы көздері шоғырланып және инвестициялық қорларды бөлу қатынастары жүзеге асады.

Қазақстан Республикасының мемлекеті қаржы құралдары  нарығын құру және оны одан әрі өрістеу мақсатында қажетті шараларды жасауда. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекеменшіктендірудің Ұлттық бағдарламасы  бағалы қағаздар нарығының негізгі элементтерін құру процесін жеделдетті. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең тиімді механизмдерінің бірі – акция шығаруды пайдалану мүмкіндігін ашты. Бағалы қағаздар нарығының механизмі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндік жасайды. Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктерден алудан гөрі, тиімді жағдайда алуға мүмкіндік береді. Мемлекет бюджет кемшілігін толтыру мақсатында да ақша белгілерін эмиссияламай, мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен айналысады.

Курстық жұмыстын мақсаты Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының жағдайын білу.

Алға қойған мақсатқа жету  үшін төмендегілерді қарастырамыз:

  1. Бағалы қағаздардың мәні мен түрлерін аңықтау, Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы.
  2. Қазіргі кездегі бағалы қағаздар нарығы және қор нарығындағы банктің іс-әрекеті.
  3. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының болашағы мен проблемаларын зерттеу.

  Курстық жұмыс / 37 бет

Банк несиелерін есепке алу

ЖОСПАР
Кіріспе…..3

1 бөлім. Несие туралы түсінік……5-9
1.1. Несие және оның түрлері………5
1.2.Қазақстан Республикасының несие жүйесі….6

2 бөлім. Банк және банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу….10-19
2.1.Банк несиелерін есепке алу…….10
2.2.Банктен тыс мекемелердің берген несиелерін есепке алу…….16

3 бөлім. Басқа да несие операцияларын есепке алу …..20-24
3.1.Тауарларды алу үшін берілетін векселдер есебі…..20
3.2.Индоссамент бойынша векселді беру операцияларының есебі…..24

Қорытынды……25
Қолданылған әдебиеттер…..26

Кіріспе

Бүгінде Қазақстан Республикасы дамыған елдердің қолданып жүрген халықаралық қаржылық есеп стандартына, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп» заңына сәйкес  салық жүйесін толық пайдалануға талпыныс жасауда. Демек, нарықтық қатынастарға, барлық меншік түрін дамытуға және шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістері мен тәсілдерін таңдауға, шаруашылықты басқарудың тиімді механизмін (тетігін) жасауға біртіндеп қолайлы жағдай туып келеді. Сонымен қатар, аталған құбылыстар бухгалтерлік есепке де, талдау жүйесіне де жаңаша талаптар қойып отыр.

Нарықтық экономика жағдайында болатын қатал бәсекелестік күресте, табыс пен кәсіпорынды сақтап қалудың басты факторы болып, кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен қаржылық нәтижесі саналады. Ол үшін осы аталған жағдайдың мәні туралы дер кезінде және сенімді ақпарат қажет.

Тап осындай ақпараттың басым көпшілігі бухгалтерлік есептің еншісіне тиетіндігіне дау жоқ. Бұл арада қажет ақпараттармен қамтамасыз ету, көп жағдайда, бухгалтерия қызметкерлеріне жүктелетіндігі белгілі. Сонымен қоса, олар есепті оңайлатуға, салық жүйесінің талаптарын орындауға, нормативтік актілерді катаң сақтауға, басшыға берілетін мәліметтердің дәл және анық болуына жауапты болып келеді.
Берілген тақырып бойынша, яғни несие есебіне тоқтала келе, нарықтық экономиканың дамуының маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталдарымен қатар басқа қатыстырылған (тартылған) капиталдарды да қолданады. Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Кез келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар алғаны үшін жабдықтаушы-мердігерлерінің алдында міндетті болса, саудамен айналысатын ұйымдар өзінің сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни қызмет көрсетуші ұйымның алдында қарыз болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де немесе саудамен де айналыспайтын кәсіпорындардың өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген еңбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан ұйымдар көптеп кездеседі. Несие есебі бухгалтерлік есептегі ең негізгі, яғни қай саладағы болмасын кәсіпорындардың көкейтесті мәселелері екендігі сөзсіз.

Несие – бұл кәсіпорындарға, ұйымдарға өздерінің белгілі бір мақсаттарына банктен және банктен тыс ұйымдардан тартылған ақша қаражаттары болып табылады.

Қазіргі таңда сыртқы экономикалық себептерге байланысты, яғни ол инфляция, жұмыссыздық, қаржылық тапшылық жеке және заңды тұлғаларды несиені алуға итермелейді. Сол себептен менің тақырыбым өзекті болып келеді.
Курстық жұмыста қойылған негізгі мақсат – сырттан тартылған ақша қаражаттарын, соның ішінде несие есебінің теориялық аспектісін қарастыру. Осы мақсатқа сай, келесі міндеттер қойылды:
—    Қазақстан Республикасының несие жүйесін талдау;
—    банк несиелерін есепке алу;
—    банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу;
—    жылжымайтын мүлікке беретін несиені қарастыру.

Курстық жұмысты жазу барысында заңдар, нормативтік құқықтық
актілер, С.Б.Мақыштың «Банк ісі»  және де В.К.Радостовецтің «Бухгалтерлік есеп» оқулықтарын негізге ала отырып жаздым.

  Курстық жұмыс / 28 бет

Банктердің есеп айырысу шотындағы есептің жүргізілуі

Жоспар:

Кіріспе…….3

I бөлім. Банктегі есеп айрысу шотының теориясы….5
1.1. Банктік шот туралы түсінік, оны ашу, жүргізу және жабу тәртібі….5
1.2. Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі…..8
1.3. ҚР-ның II деңгейлі банктері бухгалтерлік есебінің шот жоспары….9

II бөлім. Банктегі есеп айырысу шотының есебі…..13
2.1. Банктегі есеп айырысу шоты бойынша бастапқы құжаттау….13
2.2. Есеп айырысудың аккредитивтік нысанының есебі……20
2.3. Вексельдермен операциялар есебі……24

III бөлім. Банк операцияларының аудиті….27

Қорытынды……32
Пайдаланылған әдебиеттер……34
Қосымшалар……..35

Кіріспе

Банк ісі нарықтық экономиканың ең маңызды әрі динмикалық құрылымы болып табылады. Банктер ақшалай есеп айырысуды жүргізіп, экономиканы неиелеп, капиталдың қайта бөлінуінде делдал ретінде өндірістің жалпы тиімділігін арттыруды әрі елдің қорлануына өз ықпалын тигізеді. Бүгінгі таңда, яғни осы заманғы жағдайда банк жүйесінің құрылымы күрделене түсті. Қаржы мекемелерінің жаңа түрлері, жаңа несие құралдары және клиентке қызмет көрсетудің жаңа әдістері пайда болып үлгерді. Пайда алуға, коммерциялық жетістікке бағдарланған, әр түрлі меншік формаларына негізделген серпінді әрі икемді несие жүйесіне өту қолға алынды.

Нарықтық экономика Казақстан Республикасында өзінің алғашқы қадамдарын жасап  даму үстінде, жаңа шаруашьшық қатынастарды дамытуға бағытталған заңдар мен қаулылар топтамалары қабылданды. Қазақстанда жарнама өнеркәсіп, сауда салаларымен салыстырғанда қаржы-несие жүйесінде, соның ішінде банк қызметінде нақты дамып келеді. Банк жүйесінің екі деңгейге бөлінуі нәтнжесінде көптеген коммерциялық банктер ашылып, қатаң бәсекелестіктің туыңдауын жеделдетті. Республикамыздың каржы-несие жүйесі қазір өз дамуындағы калыптасу кезеңінен өту үстінде. Әлемдік ірі қаржы орталықтарымен, банктермен арадағы тығыз қарым-қатынас нәтижесінде халыкаралық тәжірибе қазақстан банктерінің күңделікті тірлігіне енді.

Екінші деңгейлі банктердегі есептің ерекшелігі операция сипатына, есеп жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ бухгалтерлік және басқа да есеп құжаттарының мазмұнына байланысты.

Бұл курстық жұмыстың мақсаты: банктегі есеп айырысу шотының теориясы мен есебі және оның аудиті болып табылады. Курстық жұмыстың міндетіне мыналар жатады:
•    Банктік шот  туралы түсінік, оны ашу, жүргізу және жабу тәртібі;
•    Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі;
•    ҚР-ның II деңгейлі банктері бухгалтерлік есебінің шот жоспары;
•    Банктегі есеп айырысу шоты бойынша бастапқы құжаттау;
•    Есеп айырысудың аккредитивтік нысаны;
•    Вексельдермен операциялар есебі.

 Курстық жұмыс / 35 бет

Коммерциялық банктің қарыз алушының несиелік қабілеттілігін бағалау

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I. Несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалау және талдаудың теориялық негіздері
1.1 Қазақстандағы несие тәуекелділігін басқару жүйесі
1.2 Несие тәуекелділігі жіктемесі

II Тәуекелдерді төмендету әдістері мен тәсілдерін қолдану тәжірибесіне талдау
2.1 Қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау
2.2 Несие нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы

III. Банктің несие тәуекелділігін бағалаудың әдістемелік және практикалық негіздерін жетілдіру жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ
Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Несиелік операциялар – қазіргі нарықтық экономика жағдайында неғұрлым табысты және соғұрлым тәуекелділігі жоғары банктік бизнестің  бірі болып саналады және банктік  бизнес болып қана қоймай, мемлекеттің ақша-несие саясатын реттеудегі қолданылатын қаржы құралдарының бірі болып табылады. Несие портфелінің жедел өсімі несие тәуекелділігінің де артуына әкеліп отыр. Несие ұсыну барысындағы жіберген қателіктер банктік жүйенің дамуына айтарлықтай кедергі болып, тіпті әлемдік тәжірибенің өзі дұрыс ұйымдастырылған тәуекел-менеджменті бар ірі банктер мен басқа да корпорациялардың құлдырауына әкелді. Банктер несие тәуекелділігінен сақтанудың сан алуан түрлерін қарастырып, тәжірибеде қолдануда, соның ішінде коммерциялық банктердің несие тәуекелділігін төмендету мен алдын алудың бірден-бір жолы — қарыз алушы тұлғаның төлем және несие қабілеттілігін дұрыс анықтау. Несие қабілеттілік кешегінің ескірген немесе бүгінгі күннің жаңадан шығарылған проблемасы емес, ол несие-қарыз операцияларының пайда болуымен туындады және несиелік қатынастар орындалған орынның барлығында қолданылып, үнемі жаңартумен, толықтыруды талап ететін іс деп санаймын.
Банктер несиелік операцияларды жүзеге асыра отырып, мемлекеттің нарықтық жүйесіндегі қызметін жүргізетін шаруашылық субъектілерді қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Коммерциялық банктердің несие қабілеттілігін анықтау кезінде айтарлықтай мән бермеген олқылықтары, ертеңгі күні, банктің қаржылық жағдайына, абыройы мен беделіне, серіктестері мен клиенттерінің мүдделеріне кері әсер етуі және нұқсан келтіруі мүмкін.
Бүгінгі күні Қазақстанның коммерциялық банктерінен алынатын таза кірістің шамамен 2/3 бөлігін несиелік операциялардан болатын кірістер құрайды. Несиелік операциялардың жүргізілуімен байланысты несие тәуекелділігі пайда болады. Тәуекелділік банктің қалыптасуының ажырамас бөлігі. Несие тәуекелділігі банк тәуекелділігінің бір түрі ретінде банктің үнемі назарда тұратын объектісі болып табылады. Несие тәуекелділігін банктік басқару менеджменттің дәстүрлі және классикалық қызметі. Несие тәуекелділігі көптеген эндогендік және экзогендік себептердің үлкен кешенін құрайды. Коммерциялық банктер дамыған бәсекелес несие нарығы бар ортада қызмет етуі және табысты өмір сүруі үшін, несие қабілеттілікті анықтау, бағалау, болжау және қолдану бойынша көп жылдық тарих пен ізденістерге сүйенуі тиіс. Отандық және шетелдік тәжірибеде, оның ішінде несиелік ұйымдардың банкротқа ұшырауының бірден бір себебі несиелік операциялардан туындайтын тәуекелдердің дер кезінде алдын алмау. Несиелік операциялар бойынша несиелік ұйымдардың ғасырға жуық тарихы болғанымен несиелік институттардағы қазіргі жағдай  несие қабілеттілікті анықтау әдістерінің кемшіліктері бар және жеткіліксіз дамығандығын анықтады. Қазақстандағы кейбір екінші деңгейдегі банктерге несиелік операцияларға қатысты әр түрлі ықпал ету шараларын қолданудың өзі банктердің несиелік операцияларының дұрыс жолға қойылмағандығының көрінісі. Несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілік арқылы банктің несиелік операцияларының сапасын жоғарылату мен коммерциялық банктің табыстылығын арттыру — өзекті мәселе. Ол бүгінгі күннің халықаралық талаптарға жауап беретін мықты әрі сенімді банктерінің қалыптасуына ықпал етеді. Әр елдегі қарыз алушының несие қабілеттілігін кешенді талдау жүйесінің қалыптасуының ерекшелігі, әр елдің ақша-несие саясаты сияқты саясатымен біруақытта қалыптасып, өзгеріп, толықтырылып, дамуда.
Қарыз алушының несие қабілеттілігін несие тәуекелділігін басқару жүйесінде талдау әр түрлі мамандармен зерттеліп заман талабына сай өзгертіліп, толықтырылды. Қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау және несиелік тәуекел мәселелеріне отандық, сондай-ақ шетелдік экономист-ғалымдардың да көптеген еңбектері арналды. Олардың қатарында ең елеулілері Э. Гиллдің, Э.Дж. Доланның, В.Н. Едронованың, В.И. Колесниковтің, Л.П. Кроливецкаяның, К.Д. Кэмпбелдің, Р. Дж Кэмпбелдің, Р. Коггердің, О.И. Лаврушиннің, П.С. Роуздің,  Э. Ридтің, В.Т. Севруктың, Р. Смиттің, Ф.Дж. Синкидің және т.б. еңбектерін жатқызуға болады. Қазақстанда несие қабілеттілігін талдау туралы сұрақтарының ілімін С.А. Аханов, Ә.Ә. Әбішев, Ұ.М. Искаков, С.А. Святов, Ғ.С. Сейітқасымов, Е.Х. Сигаев, А.В. Мельников, С.Б. Мақыш, Н.Н. Хамитов, А.Д. Шелекбай және басқадай ғалымдар дамытты.
Отандық және шетелдік ғалымдардың көптеген еңбектері «несие тәуекелділігі», «несие портфелі» және «несие қабілеттілік» түсініктеріне анықтамалар беріп, отандық экономиканың дамуына байланысты осы көрсеткіштердің есептелуі мен қолданылуы ұсынылады. Алайда бұл еңбектердің қатарында дағдарыс жағдайында немесе әлемдік дағдарыстың алдын алуда коммерциялық банктердің жүргізетін несиелік саясаты мен қарыз-несие операцияларын басқару және несие қабілеттілікті анықтау арқылы тәуекелді төмендету жолдары мардымсыз ұсынылған. Көптеген еңбектерде теория жақсы мазмұндалғанымен оқырманға тәжірибелік көзқарас пен есептеу жолдарының жетіспей жататындығы, банк клиенті бола алатын әр жеке немесе заңды тұлғалардың несиелеу операциясына қатысу кезінде қандай алғышарттарды біліп, қандай қадамдардан сақтануы қажеттілігі жөнінде экономикалық сауаттылығының нашарлығы бәрімізге белгілі. Осы аталған факторларды банктік несиелеуде ескермеу мүмкін емес, себебі несие тәуекелділігі тек банк немесе несиелеуші ұйым тарапынан болмайды.
Несие қабілеттілікті анықтауда әр түрлі қарыз бойынша барлық клиент үшін (сала ерекшелігіне) бір ғана әдісті қолдану үлкен қателік, осы аталғандарға байланысты қарыз алушының несие қабілеттілігін талдаудың теориялық-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әдістемелік тәртібін одан әрі өңдеп және жетілдіруге байланысты іздену, зерттеу қажеттілігі туындады. Жасалған зерттеулер мен ізденістерге қарамастан қарыз алушының несие қабілеттілігі несие операцияларының күрделілігі мен сантүрлілігіне байланысты несие қабілеттілікті талдаудың тиімділігін арттыруға байланысты жаңа әдістер мен тәуекелдердің алдын алу мен төмендету жөніндегі нақты ұсыныстар әзірлеуді қажет етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: коммерциялық банктің несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтаумен байланысты қызметтердің теориялық-әдістемелік, тәжірибелік жақтарын зерттеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін жұмыста келесі міндеттер қарастырылып шешілді:
—    қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтау мен талдаудың теориялық әдістерін жетілдіру;
—    банктердегі несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті талдауды әдістемелік қамтамасыз ету мен оны ұйымдастыру процесін жетілдіру мақсатында қолданылып жүрген әдістемелік базаны зерттеу;
—    дамыған мемлекеттердегі коммерциялық банктердің несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті талдаудың жағдайын қарастыру және танымал әдістемелік нұсқаулар негізінде несие тәуекелділігін талдауға байланысты ұсыныстарды қарастыру;
—    Қазақстанның банктік секторындағы несие тәуекелділігін төмендету әдісі ретінде несие портфелінің статистикалық, аналитикалық және коэффициенттік талдау жолдарын қарастыру;
—    Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріндегі несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті талдаудың неғұрлым ұтымды жолдарын қарастыру;
—     несие тәуекелділік жүйесін басқаруда қолданылатын модельдерді талдау, оның ішінде «Несие нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» моделін қолданып, екінші деңгейдегі банктерге жүргізілген талдау жасау тиімділігін арттыру жолдарын анықтау.
Несие – бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының  болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын  білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Экономикалық категория ретінде, несие – кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және олардың қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші – қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші – бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектілері және халық жатады.
Қарыз алушы – бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әр түрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш – бұл өте ауқымды ұғым. Ал қарыз алушы – бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.

 Курстық жұмыс / 25 бет

Қазақстандағы кредит жүйесі

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I. Кредиттің қажеттілігі және оның мәні.
1.1 Кредиттің қажеттілгі және кредит қатынастарының пайда болуы және оның мәні
1.2 Кредит пен ақшаның өзара әрекеті.
1.3 Кредит теориясы және оның дамуы

II. Қазақстан Республикасының кредит беру жүйесі
2.1 Кредит қызметінің түсінігі,заңдары
2.2 Кредиттің экономикадағы ролі және оны қолданудың шектері
2.3. К ФОРМАЛАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ

ҚОСЫМША
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТТЕР

КІРІСПЕ

Менің қурстық жұмысымның басты мақсаты; кредиттің қажеттілігі және оның мәнің ашу туралы, кредиттің қызметі сонымен қатар кредиттің экономикалық рөлі туралы және кредиттің формалары мен түрлерін анықтау. Несие бұл жерде айналысқа қажетті нақты ақшалардың жеткіліксіздігіне байланысты олардың орын басы құралы ретінде қолданылады.

Осы мақсатыма жету жолында мен алдыма келесі міндеттерді қойдым:
—   Кредит қатынастарын пайда болуы ұғу;
—    Кредиттің мәнің анықтау;
—    Кредит пен ақша арасындағы өзара байланыстық әрекетте зерттеу;
—    Кредиттің теорияларын және дамуына шолу жасау;
—    Қазақстан Республикасының кредит қызметінің түсінігін және кредит қызметінің заңдарын қарастыру;
—    Қазақстан Республикасындағы кредиттің негізгі формалары мен түрлеріне сипаттама беру.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының басты  мақсаты: Ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді. Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін нарықтық зкономика аумағында жинақталған ақша кредит қарым- қатынасының, банк қызметінің даму тәжірибесін дұрыс қолдана білу керек.

Менің қустық жұмысым кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұралы. Бірінші тарау үш тараушадан тұрады. Мұнда мен, негізінен, кредит теориялық мағынасын ашып, оның қажеттілігі және қатынастарының пайда болуына тоқталдым. Сонымен қатар кредит пен ақшаның өзара әрекетін  түсіндірдім. Екінші бөлім үш тараудан тұрады. Бұл тараулар Қазақстандағы кредиттің қызметіне және оның заңдарын анықтап, сонымен қатар кредиттің негізгі формалары мен түрлеріне сипаттама бердім.

Кредиттің мәнін тану үшін оның негізін ашу керек, яғни кредиттік қатынастар туындайтын базаны қарау керек. Кредиттің мәнін ашып көрсететін, кредиттің негізін құрайтын негізгі неден тұрады. Лаврушкин ондай негіз кредиттің қайтарылуын есептейді. Ол кредит қозғалысының бір сатысы бола тұрып, бір мезгілде кредиттелген құн қозғалысының барлық сатыларын қамтиды.  Кредит ақшасын жарату, алу және оны пайдалану қайтарым негізінде жүзеге асады. Кредиттелген құнның қайтарылу кезеңі оның жалпы ауыспалы айналымын ғана аяқтайды. Қайтарымдылық – кредиттік қатынасқа тән белгіні анықтайтын өзіндік ерекшелікті көрсетеді.

Кредит объективті қажеттіліктен туындаған және ол қоғамдық өндіріс процесінде маңызды рөл атқарады. Кредит ақшалай капиталдың қарызға трансформациясын қамтамасыз етеді және кредит берушілер мен қарызға алушылардың арасындығы қарымқатынасты білдіреді.
Оның көмегімен мемлекеттің, халықтың, ұйымдардың және кәсіпорындардың табыстары мен еркін ақшалай қаражаттары жинақталып, уақытша пайдаланудың төлеміне аударылатын кредит капиталына айналады.

 Курстық жұмыс / 35 бет