Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Биология, Экология, Медицина’ бөлімінің мұрағаты

Қазақстан Республикасының қаржылары және қаржы жүйесі

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3

1 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ (тема)
1.1 Қаржы жүйесінің ұғымы және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрылымы 5
1.2 Қаржылардың атқаратын қызметтері және басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы 7
1.3 Шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің құрамы мен құрылымы 10

2 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ НЕМЕСЕ 2004 — 2006 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1 Жалпы мемлекеттік қаржылар – қаржы жүйесінің негізгі буыны ретінде 14
2.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы 18
2.3 2004-2006 жылдардағы қаржы жүйесінің даму тенденциясын талдау 21

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін жетілдіру мәселелері 23
3.2 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытудың алғышарттары 24

ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 29
ҚОСЫМШАЛАР 31

КІРІСПЕ

Мемлекет  экономикасында қаржы жүйесінің  атқаратын қызметтері өте маңызды болып табылады. Қаржы жүйесінің жағдайына қарап экономиканың жағдайын болжауға болады. Қаржы жүйесінің қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру,  пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.
Президенттің  Қазақстан халқына жолдауында қойған біздің мемлекеттің кең ауқымды  мақсаты – тәуелсіз гүлденген  және саяси тұрақты Қазақстанды  орнату үшін шекті ұзақ мерзімді басымдылықтарды  жүзеге асыру керек: ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның үйлесімі, шетелдік инвестициялар мен ішкі жиналымдардың жоғарғы деңгейімен бірге ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өркендеу, республика азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл — ауқаты, инфрақұрылымы, әсіресе көлік пен байланыс, кәсіби мемлекет. Осы басымдылықтарды іске асыру мемлекеттен орасан зор қаржылық ресурстарды жұмылдыру мен тиімді қолдануды талап етеді. Яғни қаржы экономиканың даму процесін қамтамасыз етуге бағытталады.

Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; табысты бөлу және кәсіпорындарда, фирмаларда ішкі шаруашылық арналымының қорларын қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына қаражаттар төлеу және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады.

Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуда, қоғамның экономикалық құрылымын қалыптастыруда, өндіргіш күштерді жетілдіруде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік қаржылар әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараты мен қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық қызметті атқаруға жұмсалады.

Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қаржысы материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес бұл қаржылар ұлттық шаруашылықты одан әрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады.  Ал халықтың қаржысы шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция дивиденті, банк салымының проценті және тағы басқалар) негізінде, коммерциялық және халықтық банктегі сақталған қаржылардың, зейнеткерлік қорды мемлекеттің іске қосуының нәтижесінде ақшалай қаражатты құрайды. Бұл құрылымдардың қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, бөлу, пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.

Менің курстық жұмысымның тақырыбы: «Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің дамуы мен қалыптасуы». Сондықтан бұл курстық жұмыста қаржы жүйесінің мәні, оның құрылымы, қаржылардың атқаратын қызметтері, дамуы мен қалыптасуы және тағы бірнеше мәселелерді қарастырамын.

Курстық жұмыстың мақсаты – қаржы жүйесінің  мәні мен маңызын ашу, Қазақстан  Республикасының қаржы жүйесінің  негізгі буындарымен таныстыру, сонымен қатар шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің құрылымын еліміздің қаржы жүйесімен салыстыра отырып, оның негізгі мәселелері мен осы мәселелердің шешу жолымен таныстыру.

Курстық жұмыстың мақсатына сәйкес, осы жұмысты  жазуда келесідей міндеттер қойылады:
•    Қаржы жүйесінің ұғымын ашу және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрылымымен таныстыру;
•    Қаржылардың атқаратын қызметтерін және басқа экономикалық категориялармен байланысын ашу;
•    Дамыған шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің құрамы мен құрылымымен таныстыру;
•    Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің негізгі элементтерінің маңызын ашу;
•    2004-2006 жылдардағы қаржы жүйесінің даму тенденциясын талдау;
•    Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің дамыту мәселелерімен таныстыру;
•    Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытудың алғы шарттарының маңызын ашу.

Қалыпты әлеуметтік-экономикалық дамудағы қаржылардың  маңыздылығы  ерекше. Сондықтан бірінші  бөлімде мен қаржының мән-мағынасын, экономикалық мазмұнын, оның атқаратын  қызметтері жайындағы мәселелерді және шет мемлекеттің қаржы жүйесін, дәлірек айтсақ, АҚШ мемлекетінің қаржы жүйесін қарастырамын. Екінші бөлімде қаржы жүйесінің құрылымын қарастырамын, 2004-2006 жылдардағы қызметіне талдау жасалады және соңғы үшінші бөлімде Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің даму мәселелерін және жетілдірудің бағыттарын қарастырамын.

Курстық жұмыс / 32 бет

Несие туралы ұғым, оның пайда болуы

Мазмұны

Кіріспе………1

1.Несие туралы ұғым, оның пайда болуы……2-4
2.Несиенің қажеттілігі мен мәні……5-7
3.Несие формалары және түрлері…..7-22

Қорытынды……23
Қолданылған әдебиеттер……..24

КІРІСПЕ

Нарықтық экономикада несие банк жүйесінде маңызды рөл атқарады. Несиенің экономикадағы алатын орны елеулі екендігіне ешбір күмән жоқ. Олай болса, бұл тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге болады. Жұмыстың мақсаты капиталдың, яғни қарызға берілген ақша капиталының жүру формасын несие, ақша капиталының ақша айналуын және несие берушінің қарыз алушы арасындағы қатынастарды көрсетеді. Оның көмегі арқылы жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттің бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, қарыз капиталына айналуы және белгілі уақытқа қолдануға ақылы түрде беріледі.

Несиенің маңызы, сонымен бірге оны қолдау аясы елдің экономикалық жағдайына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканы орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық, лизингтік, трастылық қаржылық банктік операцияларды пайдалану жаңғыртылады, сонымен бірге несие қатынастары мен несиенің көлемі, несие ставкасы де өзгереді.

Сонымен қатар несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, пайыз мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады. Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас ретіндегі несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие.

Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде несиелі ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып табылады. “Несие” деген сөздің өзі, латын тілінен аударғанда “сенім” деген мағынада, ол белгілі — бір тұлғаның мойнына алған міндетін орындауға сенім көрсетуге дегенді білдірсе, екінші жағынан, несие, банктердің филиалдарымен несиелік мекемелердің қанат жаюымен ұштасып, сол арқылы қазақ даласының қойнауының капиталын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Осы жұмысымда несиенің мәні мен қажеттілігін, формалары мен түрлерін, жеке және заңды тұлғалар үшін несиенің өте қажеттігін, олардың

төлем қабілеттілігін, қайтарымдылығын, тиімділігін қарастырамын. Сондай-ақ ауыл шаруашылығына берілетін несиенің мемлекет үшін қажеттілігі, мәні мен маңызы және шет ел тәжірибелері салыстырылып ұсынылып қарастырылған.

Курстық жұмыс / 26 бет

Қаржы лизинг түсінігі, түрлері, функциялары

Жоспар:

Кіріспе.…..3

1 Қаржы лизингке теориялық шолу…..8
1.1 Қаржы лизинг түсінігі, түрлері, функциялары…….8
1.2 Қаржы лизингтің жалға беруден айырмашылығы…..12
1.3 Қаржы лизингтік қатынастарды Қазақстан Республикасындағы нормативтік – құқықтық реттеу..13
1.4 Лизингтік операцияларға салық салу…..15

2 Қазақстан Республикасының 2008-2009 жылдар арасындағы лизинг нарығына сараптама…..18
2.1Қазақстандағы кәсіпкерліктегі2008-2009 жылдар аралығындағы лизингтің жағдайынэкономикалық саралау…18
2.2 «Қазақмыс» АҚ-ң экономикалық жағдайын бағалау…..23

3 Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін арттыруда лизингті қолданумүмкіндіктерін арттыру жолдары……27
3.1 Дамыған елдер тәжірибесіндегі кәсіпкерлік қызметте лизингтік операцияларды жетілдірудің ерекшеліктері мен тиімділігі…..27
3.2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті жандандырудағы лизингті дамыту тетіктері…..28

Қорытынды…33
Пайдаланған әдебиеттер….34

Кіріспе.

Қазіргі уақыттағы Қазақстандағы  кәсіпкерлікті дамытудың негізгі проблемасы —  қаржылық ресурстарға шектеулі қол жеткізерліктің болуы. Шағын және орта бизнесті қаржыландыру тәжірибесіне сәйкес қаржылық институттар құрал- жабдықтарды белгілі бір төлеммен, белгілі бір уақытқа пайдалануға мүмкіндік береді. Ол – лизинг болып табылады. Қазақстанның индустриялды- инновациялық даму стратегиясында негізгі қорларды жаңарту және еліміде өндірістік секторды дамытуды басты тапсырма ретінде қарастырудамыз.Бұл мәселелерді шешудің басты механизмі – лизинг.

Қазақстандағы құрал- жабдықтардың 80%- ға жуығы тозған және жақын арада жаңартуды талап ететін болғандықтан, лизинг операциясы біз үшін өте оптималды шешім болып отыр. Моральдық және физикалық тозған құрал –жабдықтармен сапалы, бәсекеге қабілетті өнім өндіру мүмкін емес. Біздің еліміз бірнеше жылдан кейін БТО – ға өтетін болғандықтан, біз жаңа құрал – жабдықтар, сапалы, бәсекеге қабілетті өнім деген мәселелерді кеңінен қарастыруымыз керек. Лизинг өтпелі экономикалы елдерде де, дамыған елдерде де кәсіпорындарды қаржыландырудың орта мерзімді және қысқа мерзімді көзі болып табылады.Ол лизинг алушының активтерін үлкейтудің тиімді әдісі, соның ішінде, жұмысбастылықпен қамтамассыз етуде, инновацияны енгізуде және осы елдерде бәсекелестікті дамытуда басты рөл атқаратын орта, шағын және қайта құрылған кәсіпорындар.

Елімізде лизингтік қызметпен  айналысушыларға мемлекет көптеп қолдау жасауда. Лизингке әр түрлі салықтақ жеңілдіктер жасалған. Лизинг беруші негізгі құралдарды қаржылық лизингке беру мақсатында импорттталса және оны лизинг алушыға жалғаберген жағдайда қосымша құн салығынан босатылады. Осылайша, лизинг алушы құрал –жабдықтарды арзан бағамен импорттауға мүмкіндік алады.Тікелей өзі импорт жасайтын болса, онда қосымша құн салығы қосылады. Импорт кезінде қосымша құн салығы салынбайтын негізгі құрал тізімі тікелей Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген. Қаржылық лизинг бойынша сыйақылар да қосымша құн салығынан босатылады.

Сонымен қатар, лизинг инвестициялық қызмет болғандықтан, лизинг алушы негізгі құралдарды эксплуатациялау  кезінде корпоративті табыс салығына байланысты инвестициялық салықтық преференцияларға ие болады.

Лизинг негізінде кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдауды ЖАО «Казагрофинанс» және АҚ «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» жүзеге асырады.

ЖАО «Казагрофинанс» келесідей шарттарда агроөнеркәсіптік кешендегі лизингтің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырады: лизинг мерзімі 9 жылға дейін, жылдық сыйақы мөлшері 8%-ға дейін, аванстық төлем 20-50%- ды құрайды.Лизингке ауыл шаруашылық техникасы ұсынылады.

АҚ «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорында» лизинг мерзімі 5 жылға дейін, жылдық сыйақы мөлшері 10%-ға дейін, аванстық төлем объект құнынан 30 %-ды құрайды. Мұнда клиент құрал- жабдықты өзі таңдай алады немесе мүлік таңдау кезінде Қор қызметін тегін пайдалана алады.

Лизингтік келісімдерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін келесідей банктербар: «Альфа- Лизинг», «Альянс – Лизинг», «АТФ Лизинг», «БТА лизинг», «Нур – инвест», «Темірлизинг», «Халық лизинг», «Центрлизинг».

Қазіргі уақытта лизингтің үлесі жалпы инвестиция көлемінде ҚР негізгі капиталының  шамамен 1%-ын құрайды немесе 65 млн. АҚШ доллары.

Дамыған елдерде лизинг үлесінің жалпы инвестиция көлемінде негізгі капиталдың 20-30 %-ын құраса, дамушы елдерде – 5-10 %.Егер лизингтің үлесі жалпы инвестиция көлемінен 4 %-ға дейін өссе, онда  жақындағы 3-4 жылда лизингтік нарық көлемі 530 млн. АҚШ долларын құрайды. Берілген фактор Қазақстанда лизингтік дамудың үлкен перспективаларына алып келеді.

Жалпы айтқанда лизингтік саланың дамуы бірнеше бағыттағы экономикалық дамуға жағымды әсер етеді:

• Лизинг шағын және орта бизнес субьектісінің дамуына әсер етеді, яғни өз негізгі құралдарын жаңартуға қосымша қаржысы болмаған жағдайда.

• Лизинг капитал салымдарының көлемін көбейтеді, себебі ол ұзақ мерзімді қаржыландырудың бір түрі болып табылады.

• Лизинг қосымша қаржылық ресурстарды тарту көзі болғандықтан, негізгі құралдарды жаңарту үрдісін жеделдетеді.

• Лизинг қаржылық қызмет нарығында қосымша бәсекелестікті тудырады. Лизингтің пайда болуымен қаржыландыру бағасы төмендейді және қаржылық қызмет көрсету нарығы кеңейеді.

• Лизинг өнімдерді өткізудің бір жолы болып табылады. Лизинг пайда болғаннан кейін жергілікті өндіруші компаниялар үшін өнімдерін өткізудің жаңа жолы ашылды.

Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі өндірістік кәсіпорындар алдына бірқатар мәселелер қойды. Олар: жоғары бәсекелестік жағдайға үйрену, төлемдердің уақытылы жүрмеуі, тауарға бағаның жоғарылацынан өткізу нарығының қысқаруы, қаржы ресурстарының шектеулілігі, шикізат материалдарымен жабдықтаушыларды іздеудегі қиындықтар.

Осының ішінде ең басты проблемалардың бірі, негізгі құралдардың физикалық және моралдық тозуы. Қазақстанның басты салаларының құрал жабдықтары тозғандықтан біз шет елден жаңа техниканы алуға мәжбүрліміз. Ал ол үшін бізге қаржы көздерін тапқан жөн.

Осы айтылған мәселелердіңтиімді шешу жолы – лизинг.

Менің курстық жұмысымның негізгі мақсаты қаржы лизинг түсінігі және қаржы лизинг арқылы кәсіпорынның өндірістік қорларын арттыру, жаңа технологияны өндіріске осы қаржы лизинг арқылы енгізу және қаржы лизингтің жалға алу (аренда) мен несиеден артықшылықтарын көрсету болып табылады.

Қазіргі кезде көптеген өндірістік кәсіпорындар алдында туындайтын негізгі проблемалардың бірі ол өндірісті кеңейтуге ұзақ мерзімді инвестицияларды тарту, жаңадан шыққан құрал-жабдықтарды сатып алу үшін ұзақ мерзімді инвестицияларды тарту болып табылады. Банктік жүйе толығымен қалыптаспаған жағдайда кейбір кәсіпорындар үііін несие алу мүмкіндігі шектеулі болады. Ал лизинг несиеге қарағанда қол жетімді және бизнеспен өндірісі қаржыландырудағы оңтайлы құрал болуы мүмкін.

Лизингтің принциптері өте қарапайым- лизингтік компания клиенттің таңдаған сатушыдан мүлікті сатып алады және лизинг алушыға белгілі бір трақты төлемдер үшін ұзақ мерзімге тапсырады. Белгіленген мерзім ішінде мүлік бағасы төлемін тұрады және лизинг мүлкі клиент меншігіне өтеді.

Лизинг-бұл жалға беру және несиенің кейбір мінездемелерін қосатын, сонымен қатар тек өзіне тән артықшылықтары бар ерекше нарықта қолданатын қаржылық құрал болып табылады.

 Курстық жұмыс / 34 бет

Қазақстанның кіріс жүйесіндегі жергілікті алымдар мен салықтар маңызы

Мазмұны

Кіріспе….3

1 ҚР жергілікті салық салу жүйесінің теоретикалық аспектілері….5
1.1 Жергілікті салықтар мен алымдардың сипаттамасы және Қазақстанның салық жүйесіндегі олардың рөлі…..5
1.2 ҚР-ғы жергілікті салықтар мен алымдарды есептеу механизмі…..9

2 Арқалық қаласы акиматының «Тазарту» МКК мысалында жергілікті салық салу жүйесін бағалау……16
2.1 Жергілікті салықтардың мемлекеттік бюджеттегі рөлі…..16
2.2 Арқалық қаласы акиматының «Тазарту» МКК қызметіне сипаттама….9
2.3 «Тазарту» МКК салықтық міндеттемелерінің динамикасы мен құрылымының талдауы……22

3 Қазақстанда жергілікті салық салу жүйесін дамыту және жетілдіру перспективалары……28
3.1 Аймақтың салықтық әлеуетін есептеу әдістерін жетілдіру жергілікті салық салу механизмінің тиімділігін көтеру ретінде….28
3.2 ҚР-да жергілікті салық салу жүйесін дамыту перспективалары…..30

Қорытынды……36
Қолданылған әдебиеттер……38

Кіріспе 

Мемлекеттің экономикаға әсер етуіне көмек болатын экономикалық тұтқалардың арасында  маңызды орын салықтарға берiледi. Нарықтық экономика жағдайында әрбір мемлекет салық саясатын нарықтың жағымсыз жағдайларына белгілі реттеуші ретінде ықпал етуге кең қолданады.

Салықтар, мемлекеттің пайда болу сәтінен бастап, қоғамда экономикалық қатынастардың қажетті түйіні болып табылады.

Салықтар қазiргi цивилизациялы қоғамда — мемлекеттiң табыстарының негiзгi кіріс көзі. Себебі салықтардың экономикалық мәні заңды және жеке тұлғалар мен мемлекет арасында орнайтын ақша қатынастарымен сипатталады. Бұл ақша қатынастары объективті негізделген және оның ерекше қызметі бар, яғни мемлекет қарамғындағы ақша қаражаттарын жұмылдыру. Бірақ салықты экономикалық категория ретінде оған тиісті қаржылық функциялармен ғана емес, сонымен қатар экономикалық функциялармен де қарастыруға болады. Экономикалық функцияларын жүзеге асырумен мемлекет өндіріске, оның дамуын тежеуге немесе ынталандыруға, капитал қорын күшейтуге немесе әлсіретуге, тұрғындардың төлемқабілетті сұраныстарын кеңейтуге немесе төмендетуге әсерін тигізеді.Шаруашылықтың нарықтық негізге көшуі қоғамдық өндірісті басқарудың экономикалық әдістерін қолдануды қажетсінді, ал бұрында қолданған жұмылдыру формасының тиімсіздігі табыстың түсімдер жүйесін түбегейлі өзгертуге негіздеген – ол салықтық төлемдер негізінде құрала бастады.

Қазіргі уақытта салықты қолдану басқарудың экономикалық әдістерінің бірі және де ол жалпымемлекеттік қызығушылықтары мен кәсіпкерлердің, кәсіпорындардың коммерциялық қызығушылықтарының, арақатынастарын қамтамасыз ету болып табылады. Салық көмегімен барлық меншік формасындағы кәсіпкерлер, кәсіпорындар мемлекеттік және жергілікті бюджеттермен, банктермен, сонымен қатар жоғары тұрған ұйымдармен өзара қарым-қатынасы анықталады. Салық салу арқылы сыртқы экономикалық қызметтер, оған қоса шет елдер инвестицияларын тарту реттеледі, шаруашылық есеп табысы және кәсіпорын пайдасы құралады.

Жергілікті салық салу жүйесінің болуы, біріншіден, жергілікті атқарушы органның қызығушылықтарына жауап береді, себебі олар жергілікті бюджеттердің тұрақты және дербес табыс көзі. Сонымен бірге салық түріндегі жергілікті қаржыны тартусыз, жалпымемлекеттік, әлеуметтік тапсырмалар қатарын орындау мүмкін емес.

Осындай жолмен, жергілікті салықтар мен алымдардың маңызды рөлі болып, олардың әртүрлі бағдарламалар негізінде аймақтар үшін маңызды қаржылық қолдауға кепіл беруі табылады.

Жұмыстың мақсаты жергілікті салықтар мен алымдардың аймақтық бюджеттерді құрудағы рөлін зерттеуде. Қойылған мақсатты жүзеге асыру барсысында келесі тапсырмалар құрастырылған:

—  Жергілікті салықтар мен алымдардың түрлерін және экономикалық мәнін ашу, олардың Қазақстанның салық жүйесіндегі мәнін анықтау;

—  Жергілікті салықтар мен алымдарды төлеуді және алуды реттейтін, сонымен қатар соңғылардың есебінен жергілікті бюджеттердің құрылу тәртібін белгілейтін қолданыстағы заңнамалық актілерді қарастыру;

— «Тазарту» МКК-ның мысалы негізінде жергілікті салық салу жүйесін бағалау, яғни жергілікті салықтар мен алымдарды есептеу және төлеу механизмін талдау, жергілікті бюджет алдында кәсіпорынның салықтық міндеттмесінің құрамы мен құрылымын бағалау, жергілікті бюджет кірісінде кәсіпорыннан түскен түсімдер рөлін бағалау;

— ҚР-да жергілікті салық салу жүйесін дамытудың негізгі перспективаларын анықтау.

«Тазарту» МКК-ның салық міндеттемесі осы жұмыстың зерттеу пәні болып табылады.

Зерттеу объектісі болып аймақтық бюджеттердщің құрылуын қамтамасыз ету бойынша экономикалық қатынастар табылады.

Отандық және шетел ғалымдарының ғылыми еңбектері, заңнамалық актілер және ҚР Үкіметінің қаулылары зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі болды.

 Курстық жұмыс / 38 бет

Кәсіпкерліктің дамуы

Мазмұны

Кіріспе
1 Кәсіпкерлік: мәні және түрлері
1.1 Кәсіпкерліктің пайда болуы және мәні
1.2 Кәсіпкерлік түрдері және субъектілері
1.3 Шетелдерде кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері
2 Кәсіпкерліктің Қазақстандағы даму ерекшеліктері
2.1 Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасуы жәнедамуы
2.2 Казақстандағы кәсіпкуерліктің қазіргі жағдайын талдау
2.3 Қазақстандағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
3 Қазақстандағы кәсіпкерліктің негізгі мәселелері және оларды шешу жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттердің тізімі

Кіріспе

         Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.

Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы қабылданған «СССР азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы» заңы алғаш рет ресмилендірді. 1988 жылы «Кооперация туралы заң» қабылданды. Кооперативтер мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен нарықтық инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1988-1991 жылдары жалға беру, бірлескен кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар экономикалық жағдайды біршама ырықтандырды. Тұтастай алғанда, негізгі меншік мемлекеттікі болып қала бергенімен, жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар біршама дәрежеде кәсіпкерлік белсенділікке жағдай жасады.

Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына «Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы» (1991), «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды. 1994 жылдың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01.10.1998 ж. Шағын кәсіпкерліктің субьектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1,2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та емес, сауда шықты.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 – наурыздағы №3398 «Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендету және мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы» және 1998 жылғы 27-сәуірдегі №3928 «Жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне деген құқығын қорғау туралы» жарлықтары кәсіпкерліктің дамуына жаңа күш берді. Осы жарлыққа орай, Қазақстанда шағын бизнесті дамыту жөніндегі алғашқы арнайы орган ретінде сауда және экономика министрлігінің құрамында шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі агенттік құру және оның жұмысын  ұйымдастыру ұйғарылды.

Экономиканы тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:

Кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы болуы қажет. Ол – шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау;

Кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерліктің де болмағаны;

Кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге бағдар ұстауы, экономикада қажетті нарықтық құрылым орнатумен байланысты. Яғни кәсіпкерлік дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық шарттары қалануы керек.

Төртінші шарт жоғарыда аталған шарттардан туындайды. Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр түрлі формада, түрде, типте болуын қалайды.

Кәсіпкерлік – қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да белгілі стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтсақ: үлкен бастама, дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын алар жері, ең алдымен кәсіпорын.

Курстық жұмысымның басты мақсаты «Кәсіпкерлік орта» деген тақырыпты ашу. Кәсіпкерлік орта деп аталғандықтан кәсіпкерліктің айналасындағы барлығына да тоқталуы керек деп ойлаймын. Оның ішіне бастысы кәсіпкерліктің өзі, оның түрлері, кәсіпкерлікте болатын тәуекелдер, бәсекелестіктер туралы тоқталу керек. Сонымен қатар, кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу керек, кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғап және қолдау шаралары, кәсіпкерлікті мемлекеттік басқару да кәсіпкерлік ортаға кіреді.

 Курстық жұмыс / 34 бет

Нарық қатынастары жағдайында жеке басты сақтандыру жүйесінің дамуы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ——3

1. САҚТАНДЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ——5
1.1 Сақтандырудың экономикалық мәні мен мазмұны——5
1.2 Сақтандырудың сыныпталуы——8

2. НАРЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖАҒДАЙЫНДА ЖЕКЕ БАСТЫ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ—-13
2.1 Сақтандыру нарығының қатысушылары мен қызметін талдау—-13
2.2 Жеке басты сақтандыру жүйесінің дамуын талдау—-16

3. ҚР САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫН ДАМЫТУ——25
3.1 Жеке басты сақтандырудың шетелдік тәжірибесі—-25
3.2 Жеке басты сақтандырудың ҚР-да даму перспективалары—-29

ҚОРЫТЫНДЫ——32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР——34

 КІРІСПЕ

      Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы N 30 Заңына сәйкес Республикамызда қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру міндетті сақтандыру түрі болып қабылданды. Аталған заң осы  саладағы  туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны өткiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.

Нарықтық қатынастар дамуы кезеңіндегі мемлекет дамуының негізгі шарттарының бірі қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Нарықтық қатынастар дамыған сайын мемлекет шаруашылық субъектілер мен азаматтардың жағымсыз жағдайлар орын алған кездегі шығындарын жабу жауапкершілігін өз мойнына алуды азайта бастайды. Осы нарықтық қатынастар процесінде пайда болатын шығындардың орнын толтырудың негізгі құралы – сақтандыру болып табылады. Нарықтық қатынастарға көшу барысында сақтандыру экономиканың стратегиялық секторларының бірі болып табылады.

Егер бастапқы кезеңдерде сақтандыру біздің елімізде үлкен сұранысқа ие болмай тұрған болса, бүгінгі күні сақтандырудың Қазақстан экономикасының ажырағысыз бөлігі екендігін сеніммен айтуға болады.

Сақтандыру  — қоғамның  экономикалық  қатынастарының  айрықша  сферасын бейнелейтін  көне  категорияларының бірі. Сақтандыру  түрткі  болатын  басты  себеп — өндіріс  пен  адам  өмірінің  қауіп – қатерлі  сипаты. Сондықтан  өндіріс  процестерін жалѓастыру  азаматтардың  жеке  санатының   өмір  тіршілігі  мен жақсы  тұрмыс  халін  қолдап  отыру  мақсатында   қоѓамның , жеке  өндірушілердің,  олардың  топтарының  натуралдық заттай  қорларын  да  немесе  резервтерін  де,  сондай- ақ  ақша  ресурстарын  қамтитын  қажетті  қаражаттары  болуы  тиіс. Мұндай  ақша  қаражаттары  әдетте  резерв  жғне  сақтық  түрінде   қалыптасады. Сақтандыру  дегеніміз – сақтандыру  ұйымы  өз  активтері  есебінен  жүзеге  асыратын сақтандырудың  төлемі  арқылы  сақтандыру  шартында  белгіленген  сақтандыру  жағдайы  немесе  өзге  де  оқиғалар  туындаған  кезде  жеке  немесе  заңды  тұлғаның  заңды  мүдделерін  мүліктік  жағынан  қорғауға  байланысты  қатынастар  кешені. Сақтандыру  сферасы  адам өмірінің  өндірістік  жғне  әлеуметтік – экономикалық  қызметінің  барлық  жағын  қамтиды. Сақтандыру  категориясының  қаржы  категориясымен ортақ  белгісі  бар:

— сақтық  категориясының  ақшалай  қатынасы

— сақтандырудың  қоғамдық  өнімінің  құнын  қайта бөлуге қатысуы

— сақтық  қатынастардың  бір  бөлігінің  міндетті  сипатының болуы

— ақша  қорларын  жасап, пайдалану  кезіндегі  сақтық  қатынастарының бағамалығы.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Нарық қатынастары жағдайындағы жеке басты сақтандыру жүйесінің дамын талдау.

Зерттеу жұмысының міндеттері: Оған байланысты келесі міндеттерді қарастырдық:

— Сақтандырудың экономикалық мәні мен мазмұны

— Сақтандырудың сыныпталуы

— Сақтандыру нарығының қатысушылары мен қызметін талдау

— Жеке басты сақтандырудың жүйесінің дамуын талдау

— Жеке басты сақтандырудың шетелдік тәжірибесі

— Жеке басты сақтандырудың ҚР-да даму перспективалары

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс 3 бөлімнен тұрады:

—   I.  Бөлім.      Сақтандырудың экономикалық мәні мен маңызы

—  II. Бөлім. Нарық қатынастары жағдайында жеке басты сақтандыру  жүйесінің  дамуы

—  III. Бөлім.     ҚР сақтандыру нарығын дамыту.

 Курстық жұмыс / 34 бет

Касса операцияларының есебі

Мазмұны

Кіріспе……3

I Тарау. Касса операцияларының есебі……..5
1.1 Банктегі арнайы шоттардағы ақшалар есебі……12
1.2 Төлем карточкаларының есебі……20
1.3 Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есеп беру…..24

II Тарау. Кассалық операцияларды есепке алу…..29
2.1 Қолма-қол ақшаны қабылдау мен беру және касса құжаттарын ресімдеу тәртібі…..29
2.2 Касса кітабын жүргізу тәртібі және ақшаны сақтау ережесі……..33

Қорытынды…….36
Пайдаланылған әдебиеттер……39

Кіріспе

Бухгалтерлік есеп нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан нарық экономикасына түгелімен көшті, оны бүкіл әлемдік қауымдастық та мойындады. Бұндай жағдайда біздің республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдік нарықта бәсекелестік қабілеті бар кәсіпорындар неғұрлым көп болса, соғұрлым біздің экономикамыздың деңгейі де жоғарлай береді.  Бұл  бүгін, ертең, алдыңғы отыз жыл ішінде де ең өзекті мәселелердің бірі болатыны Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан — 2030» деген халыққа жолдауында да ерекше аталып кеткен. Ал кәсіпорын қызметінің дұрыс жолға қойылуы көптеген факторларға байланысты болып табылады. Соның ішінде бухгалтерлік есептің, аудиттің, оның ішінде қаржылық есептің, ішкі аудиттің және талдаудың дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуі үлкен роль атқарады.  Бұл  қызметтердің мәні «тірі» ақпаратта. Ал кім ақпаратқа ие болса, сол әлемді билейді деген сөз бар. Бухгалтерлік есептің маңызын осыдан ақ білуге болады.

Есепке алу мәліметтегі кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлау жасау үшін, сөйтіп ел экономикасының даму заңдылықтарын зертеу үшін қолданылады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында кәсіпорынның күрделі экономикалық тетігін нық, дұрыс жолға қойылған есеп жүйесінісіз, сондай — ақ сенімді экономикалық ақпаратсыз басқару іс жүзінде мүмкін емес. Осы тұрғыдан есептегенде ақша қаражаттарының есебі мен оның ішкі аудиті өзекті болып есептелінеді.

Бухгалтерлік есепті халықаралық стандарттардың талабына сай жүргізу қазіргі кезде ең басты мәселе болып табылады. Осыған байланысты бухгалтерлік есеп пен аудитке жүктелетін міндеті қай кезде болмасын күрделі болып отыр. Осы тұрғыдан қарағанда ақша қаражаттар есебін дұрыс ұйымдастырудың рөлі зор.

Ақша қаражаттардың есебін зерттеп бақылай отырып кез — келген кәсіпорынның жабдықтаушылары мен клиенттерінің кім екендігін, олардың қандай тауар сататынын, қызмет көрсететінін, олармен қандай қарым -қатынастарда, қандай тәртіпте, қандай құжат негізінде жүзеге асатынын көріп білуге болады.

Бұл  жерде тағы маңызды бір нәрсе — банк мекемесі. Жоғарыдағы айтылып кеткен қарым — қатынастар қолма қолсыз есеп айырысу нысанында жүзеге асырылса банк мекемесі де бұл қатынастарда өз үлесін қосады. Яғни, кәсіпорын банкі мен жабдықтаушы банкі арасындағы қатынастар жүзеге асырылады.  Бұл  жерде банк қызметімен де жақынырақ танысып, олардың құжаттарының кәсіпорын құжаттарымен қандай байланысы бар екенін көруге болады.

 Курстық жұмыс / 40 бет

Қаржы нарығының экономикалық мәні мен функциясы

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 Қаржы нарығының экономикалық мәні мен функциясы
2 Қаржы нарығының құрылымы
3 Қазақстан қаржы нарығының ерекшеліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚРЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ

КІРІСПЕ

Қаржы нарығы мен оның кәсіби қатысушылары басымдылықтарға ие табысы мол экономика салаларында ішкі және сыртқы инвесторлардың қаражатынан тартылған уақытша бос ақша қаражаттары мен капиталдық құйылымы функциясын орындайды, халықаралық қауымдастықта мемлекеттердің бірігуіне ықпал етеді.

Оның үстіне заң тұрғысынан реттеу, ашық ақпарат, дивиденд саясаты және басқа да маңызы зор сапалық көрсеткіштер қаржы нарығын дамытатын баршаға ортақ жалпы қабылданған стандарттарға сәйкес келуі керек.

Біздің елімізде экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық алғышарттары бар қаржы нарығын қалыптастырушы процесс жүріп жатыр. Оны ары қарай дамыту мақсатында институтционалдық құрылымдарды құруға, инвесторлардың қажеттілігіне жауап бере алатын шетелдерде дамыған әр түрлі қаржы құралдарын және қаржы нарығын талдаудың әдістемесін енгізуге, даму тенденцияларымен мемлекеттік қолдаудың бағыттарын бөлуге ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Өндірістік салалардағы инвеститцияларды жүзеге асыру үшін ішкі ресурстардың жеткіліксіздігі Қазақстанның өтпелі экономикасындағы  аса ірі мәселелердің біріне айналды.

Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады.Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап беретін өзіндік аймақты қалыптастырады.Нарықтық экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтың қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Қаржы нарығы »

ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибемен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуынаң өзіндік ерекшеліктеріне сай әртүрлі түсіндіріледі.

Ол ақша, депозит, несие, валюта, қор, сақтандыру, зейнетақы нарықтарының қаржылық құралдарымен ұйымдастырылған сауда жүйесін білдіреді. Мұнда ақша қаражаттарының ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға бағыттап отыратын қаржы институттары негізгі рөл атқарады. Қаржы нарығы кез келген нарық секілді қаржы ресурстарының сатушылары мен сатып алушылар арасындағы тікелей байланысты орнатуға арналған.

Қаржы нарығы – бұл капиталға деген сұраныспен ұсынысты қалыптастыру шеңберінде делдалдардың көмегімен несие берушілермен қарыз алушылар арасындағы капиталды қайта бөлу механизмінің жүйесі.

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстанның қаржы нарығының қазіргі кездегі құрылымы анықтап талдау.

Курстық жұмыстың міндеті:

1 Қаржы нарығының экономикалық мәні мен функциясы

2 Қаржы нарығының құрылымы

3 Қазақстан қаржы нарығының ерекшеліктері

  Курстық жұмыс / 24 бет

Банктік ресурстардың құрылуларының қайнар көздері

МАЗМҰНЫ

Кіріспе……3
I-БӨЛІМ. Банк ресурстарының құрылуының қайнар көздері…..6
1.1. Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы…..-
1.2. Банк ресурстарын жоспарлау мен заңдылығы..9
II-БӨЛІМ. Банктің ресурстарының қалыптастыру сипаты…28
2.1. Банктің меншікті капиталы…….28
2.2. Банктің тартылған қаражаттары және депозиттері…..39
2.3. Инвестициялық операциялардың үлесі……49
Қосымша……….54
Қорытынды……59
Қолданылған әдебиеттер……61

Кіріспе

Бүгінгі әлемде ел экономикасы дамып, нарықтық қатынастардың қалыптасу мақсатына байланысты банк саласындағы қазіргі заманға сай банк ресурстарын қалыптастыру, реттеу және ресурстар көздерінің құрылуын жоспарлау экономика, нарық қатынастары үшін банктің маңызды мәселесі болмақ.

Екінші деңгейлі банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Екінші деңгейлі банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.

Ал, «банктің ресурстары» терминіне ұғым беретін болсақ:

Банк ресурстары деп – банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығын айтамыз.

Банк ресурстарын банктердің өзіндік қаражаты, қарыз қаражаты және тартылған қаражаттары құрайды. Сондықтан да, «банк ресурстары» термині «банктің несиелік ресурсына» қарағанда кең ұғымды білдіреді.

Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланады, яғни табыс табу мақсатында жұмылдырылған ресурстарды орналастырады.

Банктің пассивтік және активтік операциялары бір-бірімен тығыз байланысты. Мәселен, пассивтердің құрылымы мен сипаты көп жағынан банктің активтік операцияларды жүргізудегі мүмкіндігін анықтайды, ал несие саласындағы банк саясатының өзгеруі ресурстардың сипатына елеулі

әсерін тигізеді.

Сондықтан да, бұл курстық жұмыстың өзектілігі осында жатыр. Яғни, қазіргі еліміздің нарықтық экономикасына сай екінші деңгейлі банктердің басты өзекті мәселесі осы банк ресурстарының құрылуының көздерін жоспарлауда дұрыс таңдау жасай білу. Мәселен, ең алғаш құрылған банктер үшін де және қазіргі жұмыс істеп жатқан банктер үшін де басты міндет болып, банк ресурстарын дұрыс орналастыру, яғни өзінің өзіндік және тартылған қаражаттарды жинап алу арқылы, оны тиімді жұмсауды жоспарлау банк үшін маңызы зор.

Сондықтан да, мен курстық жұмысымның тақырыбын «Банктің ресурстарының құрылуының көздері» деп алдым.

Бұл курстық жұмысты жазудағы негізгі мақсатым: қазіргі нарыққа сай құрылған банктердің ресурстарын, яғни меншікті және тартылған қаражаттар жиынтығын дұрыс орналастыру, негізгі бағыттары бойынша олардың құрылу көздерін жоспарлау, реттеу, қалыптастыру негізінде жинақталған мәселелерді аша білу.

Бұл курстық жұмыстың әдістемелік нұсқаулары бойынша: банктің ресурстарының құрылуының қайнар көздері және банктің ресурстарының қалыптастыру сипаты етіп  2 бөлімге бөліп қарастырдым. Бірінші  бөлім бойынша,  банктің ресурстарының ұғымы, мазмұны, құрылымы және банк ресурстарын жоспарлануы мен заңдылықтары туралы мәселелерді қозғадым. Ал, екінші бөлім бойынша, банктің өзіндік қаражаттары, яғни меншікті капиталы және оның жеткіліктілігі туралы толық мағлұматтары және банктің тартылған қаражаттары, оның ішінде депозиттік операциялар (депозит, аманат қабылдау) және депозиттік емес операциялары (банкаралық несие) бойынша басты мәселелер қарастырылды.

Жоғарыда айтылып өткен тақырыптар негізінде банк ресурстарының

толықтай мәселелері  қарастырылды.  Айтар болсақ,  қазіргі уақыттағы

екінші деңгейлі банктердің меншікті қаражаттары мен тартылған қаражаттарының банк үшін экономикалық нарықта алар орны, қазіргі уақытта олардың дәрежелік көрсеткіштері жайында мәселелері.

Курстық жұмысты жазу барысында жан жақты ізденуім негізінде А.Ә. Ілияс, С.Б Мақыш, А.А. Абишева, С.А. Святова, Ғ.С. Сейітқасымов, Н.Н. Хамитов еңбектерін қорыта отырып қолдандым.

 Курстық жұмыс / 61 бет

Қазақстан банкаралық несие нарығын құру

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1. ҚАЗАҚСТАН БАНКАРАЛЫҚ НЕСИЕ НАРЫҒЫН ҚҰРУ 5
1.1 Нарықтағы банкаралық несие ұғымы және маңызы 5
1.2 Банкаралық несие нарығының даму тарихы 10

2 ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ БАНКАРАЛЫҚ НЕСИЕ НАРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ 22
2.1 Банкаралық несие нарығындағы келісімдер 22
2.2 Банк қызметіндегі ұйымдастырылған банкаралық несие нарығының рөлі мен мағынасының нығаю перспективалары 31

3. БАНКАРАЛЫҚ НЕСИЕЛЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ 35
3.1 Банкаралық несиелеудің шетелдік тәжірбиесі 35

ҚОРЫТЫНДЫ 37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 39

КІРІСПЕ

   Өзектілігі. Қазақстанға өзінің нарықтық қаржы жүйесін жоқтан құруға тура келді. Құрылатын жүйенің ең маңызды құраушысы болып тиімді жұмыс істейтін ақша нарығы табылады. Ол ынталандырушы монетарлық саясатты жүргізуде және банк жүйесінің дамуындағы қажетті тереңдікке жетуде өте маңызды.

Ең алдымен, несиенің дамыған банкаралық нарығы банктік инвестицияларды, банк жүйесінде жиналған қаражаттарды тез әрі тиімді қайта бөлу арқылы, нақты экономикаға тиімді орналастыруға көмектеседі. Салдары ретінде, банкаралық нарық инвестициялардың жалпы көлеміне және нәтижесіне әсер етеді, сонымен қатар инвестициялық шешімдерді қабылдау көзқарасынан қарағанда экономика үшін және экономикалық өсуге жету үшін өте маңызды.

Банкаралық нарықтың келісілген жұмысы кез-келген қазіргі заманғы банк жүйесінің негізі бола отырып, банктерге қажетті ресурстарды қолдануды жеңілдетеді, мәмілелер көлемінің өсуіне көмектеседі және қосымша резервтерді ұстау қажеттілігін төмендетіп, банктерге тиімді және аз шығынмен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жақсы жұмыс істеп тұрған банкаралық нарық банктер жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар нарықтық тұрақсыздықтың байқалуын тежейді. Алайда жақсы жұмыс істеп тұрған банкаралық нарық өтімді ресурстарға болжанбаған қажеттілігінен пайда болатын тұрақсыздықтарды тежеп, банк секторының болжанбаған дағдарыстарға қатысты тұрақтылығын, орнықтылығын қамтамасыз етеді.

Банкаралық нарық монетарлық саясатты жүргізу барысында жетекші роль атқарады. Ақша нарығы қаржы ресурстарын банк жүйесіне, нәтижесінде, кәсіпорындарға және үй шаруашылығына тиімді бөлуге арналған. Бұл дегеніміз, тиімді жұмыс істейтін банкаралық нарық монетарлық саясаттың тікелей әсер етуден жанама әсер ету әдістеріне өтудің қажетті шарты болып табылады. Кең қолданылатын ашық нарықтағы операциялардың әсерін бүкіл банктік жүйе бойынша таратуға көмектесетін банкаралық нарықтың жұмысынсыз берілген операциялар жетерліктей тиімді болмайды. Осылай, әлсіз банкаралық нарық монетарлық саясатты асыру мүмкіндіктерін шектейді, өйткені тиімді жұмыс істейтін банкаралық нарығы болмағанда, банк жүйесіне қажетті берілу механизмі да болмайды. Осыдан, өтімділіктің тиімді қайта бөлінуіне көмектесетін, тиімді жұмыс істеп тұрған банкаралық нарық монетарлық саясаттың жанама құралдарының банктік жүйеге берілуі үшін қажетті.

Тиімді жұмыс істейтін банкаралық нарық баға механизмдерін және жекелеген банктердің өтімді ресурстарға жету мүмкіндіктерін қолдана отырып, банк жүйесіндегі нарықтық тәртіпті жоғарлатады. Банктік жүйені ақша-несие реттеу органдарымен саналы басқару банк жүйесі қауіпсіздігінің және орнықтылығының тек біршама деңгейін қамтамасыз ете алады. Банктердің өздері саналы банктік операцияларды жүргізуге ұмтылуының маңыздылығы осыдан артық болмаса кем емес. Банк жүйесі мен нарығы туралы ең интенсивті (және дереу) белгілерді қалыптастыратын жөнді жұмыс істеп тұрған банкаралық нарық бұл нарықтық тәртіп үшін басты негізі болады.

Өтпелі экономикасы бар елдер үшін, соның ішінде ҚР, тиімді банкаралық нарықты құру өте күрделі мәселе. Бүгінгі күнде, ҚР қаржы нарықтары толық жетілмеген, жетерліктей сыйымдылығы жоқ (бұл оларды потенциалды орнықсыз етеді) және жетерліктей функционалды емес. Оларға өтімділік тұрақсыздығының мерзімді ушығуы тән, соған қарамастан Ұлттық банк бүгінге дейін күрделі дағдарыстарды болдырмауға тырысты. Алайда, ҚР халқаралық қаржы нарықтарына бірігу жағдайында, нәтижесінде шетелдік қоржынды инвестициялардың артуы салдарынан жалпы қаржылық жағдай одан аса тұрақсыз болып отыр, бұған 1997 жылдың соңындағы оқиғалар дәлел.

Дамушы нарықтардың мәселелерінің бірі болып қол жетерлік ақпараттың жетерліктей айқын болмауы, бұл халықаралық есеп стандарттары (ХЕС) кіргізу аяқталмаған жағдайда әріптестердің (банктердің) несиеқабілеттілігін сараптауды қиындатады. Берілген кезеңде, стандартталған ақпараттың жетіспеушілігі жағдайында, несиелік тәуекелді сараптау бойынша мүмкіндіктер шектелген, сондықтан берілген жетіспеушілік болашақта да қате инвестициялық шешімдер қабылдауға итермелеуі мүмкін. Осылай, ақпараттың қол жетерлігі мен сапасын жоғарлату нарықтағы табысты жұмыстың маңызды шарттарының бірі болып табылады.

Қаржылық нарықтың сегментациясы дамушы экономикаларға тән тағы бір жетіспеушілігі болып табылады. Несиенің банкаралық нарығы – көптеген басқа нарықтарды өзіне жатқызатын, қаржы жүйесі құраушысының бірі ғана. Олардың арасында банкаралық несие нарығымен ең тығыз байланысты болып мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы табылады. Дәл осы ішкі мемлекеттік несие облигациялары банкаралық несие мәмілелерін жүргізгенде кепілзат ретінде қолданылады. Алайда мемлекеттік бағалы қағаздарының екіншілік нарығының өтімділігі жоғалған жағдайда, осы бағалы қағаздармен қамтамасыз етудің бағасы өсуі мүмкін, бұл өз кезегінде несиенің банкаралық нарығының жұмысы мен дамуына едәуір әсер етеді. Яғни, несиенің банкаралық нарығын, оның жұмысының сыртқы ортасын құрайтын басқа қаржы нарықтарымен тығыз байланыста қарастыру керек. Берілген жұмыстың тақырыбы өзекті және іс жүзінде мағыналы екенін атап айтуға болады.

 Курстық жұмыс / 41 бет