Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Биология, Экология, Медицина’ бөлімінің мұрағаты

АТФ Банктің қызметін ұйымдастыру

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1 АТФБанктің қызметін ұйымдастыру
1.1. Банктің даму тарихы
1.2. Банктің іскерлік қатынастар этикасы
1.3. Банк мақсаты мен орындайтын операциялары

2 АТФБанктің операцияларын ұйымдастыру және оның есебі
2.1 Жеке және заңды тұлғалардың депозиті бойынша операцияларды ұйымдастыру
2.2 Төлем карточкаларын ұйымдастыру және оның мүмкіндіктері
2.3 АТФБанкінің несиелендіру операциясы
2.4 Кассалық операцияны жүргізу тәртібі

3 АТФБанк қызметін экономикалық талдау
3.1 Банк секторын талдау
3.2 Банктің капиталдар өсімі

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Мен Б-43 тобының студенті Бердіоңғарова Дидар Мұратқызы өндірістік тәжірибені «АТФБанк» АҚ Қарағанды филиалында өткіздім. Тәжірибе барысында бағдарламадағы өндірістік-тәжірибелік жоспар бойынша барлық берілген тапсырмаларды орындадым.

АТФБанктегі тәжірибемнің ең алғашқы күні мен кабинеттерді аралап көрдім, бөлім қызметкерлерімен таныстым. Ал, екінші күні мен операциялық бөлімде АТФБанктің есеп-айырысу, депозиттік,  несиелік операциялардың саясатын оқып, зерттеп білдім.

Операциялық бөлімде мен шотты ашу және жүргізу тәртібімен, ашу үшін керекті құжаттар тізімімен, сонымен қатар құжаттарды тексерумен және олардың төлемдерін есеп айырысатын немесе басқа да шотта тіркеумен таныстым.

Өндірістік тәжірибені қандай дәрежеде меңгергенімді осы есеп беру ақпаратынын көруге болады. Есеп беру жалпы үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда АТФБанктің қызметін ұйымдастырылуы, дамуы жайында жазылған. Екінші тарауда жеке және заңды тұлғалардың депозиттері, төлем карточкаларының мүмкіндіктері, клиенттерді несиелендіру операциялары қарастырылған. Ал, үшінші таруда АТФБанк қызметін экономикалық талдау, яғни банк секторын талдап кету қарастырылды.

Өндірістік тәжірибе есебінің әдістемелік нұсқауларын мен көбінесе АТФБанктің жылдық есеп кітабінен, журнал-газеттерінен, қосымша материалдардан көмек ретінде алдым.

 Курстық жұмыс / 28 бет

Мемлеккеттік кірістердің экономикалық мазмұны

Мазмұны

Кіріспе….3

1. Мемлекет кірістерінің мәні
1.1 Мемлекет кірістерінің құрамы………..5
1.2 Мемлекет кірістерінің сыныптамасы……9

2. Салық жүйесінің мәні мен маңызы
2.1 Салықтың түсінігі, ерекшеліктері және элементтері………11
2.2 Салық жүйесінің түсінігі және құрылу принциптері………..15
2.3 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің даму кезеңдері ….20

3. Акциз салығын Қазақстан Республикасында төлеудің ерекшеліктері
3.1 Акциздің құрылу негізі………24
3.2 Акциз салығын алуды жетілдірудің жолдары……27

Қорытынды ………33
Қолданылған әдебиеттер ………35

Кіріспе

      Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.

Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.

Нарықтық қатынастарға көшкенге дейін КСРО-ның мемлекеттік бюджетінің кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың ақша жинақтарына негізделіп келді. Ол бюджет кірістерінің жалпы сомасының 90%-ын құрады және негізінен екі төлемнен – айналым салығы мен пайдадан алынатын төлемдерден тұрды. Бұл жүйе 1930 жылдан 1990 жылға дейін өмір сүрді. 1980 жылдары енгізілген өндірістік қорлар, еңбек ресурстары және басқалары үшін ақы түрінде пайдадан алынатын нормативті төлемдер қолданылып жүрген төлемдер жүйесін өзгертпеді және жеке кәсіпорындар қызметінің жеке-дара нәтижелеріне бағытталып отырды.

Дағдыдағыдай, кірістердің қөзі салықтар немесе оларға бара-бар төлемдер болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады.

Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің құрылымы мына бөлімдерден тұрады:

1) кірістер:

салықтық түсімдер;

салықтық емес түсімдер;

негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;

ресми трансферттер түсімдері;

2)  шығындар;

3)  операциялық сальдо;

4) таза бюджеттік кредит беру:

бюджеттік кредиттер;

бюджеттік кредиттерді өтеу;

5)  қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо:

қаржы активтерін сатып алу;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;

6)  бюджет тапшылығы (профициті);

7)  бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану):

қарыздар түсімі;

қарыздарды өтеу;

бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.

Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады.

Бюджеттің кірістері салықтық және басқа міндетті төлемдер (салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер), ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есептелуге тиісті ақшалар болып табылады. Салықтық емес түсімдер – бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге мемлекеттік мекемелерге бектіліп берілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақшалар жатады. Ресми трансферттердің түсімдері – бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне Ұлттық қордан бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері.

Мақсатты ресми трансферттерді қоспағанда, кірістердің нысаналы мақсаты болмайды.

 Курстық жұмыс / 35 бет

Кәсіпорынның қаржылық инвестициялық қызметінің мәні мен маңызы

Мазмұны

Кiрiспе

1. Кәсіпорынның қаржылық инвестициялық қызметінің мәні мен маңызы
1.1 Кәсіпорынның қаржылық инвестициялық қызметінің мәні
1.2 Кәсіпорындағы қаржылық инвестициялық процестердiң кезеңдерi және жүзеге асыру көздері

2. Қазақстан Республикасының кәсіпорындардағы қаржылық инвестиция тартудың тиімділігін талдау
2.1 Қазақстан Республикасының кәсіпорындардағы қаржылық инвестиция тартудың ерекшеліктері
2.2 Оңтүстік Қазақстан обылысының кәсіпорындағы қаржылық инвестициялық процестерді талдау

3. Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың қаржылық инвестициялық қызметін жетілдіру жолдары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Нарықтық қатнастарға өткен дербес егеменді еліміздің алға қарай даму

барысынды түрлі әрекеттер атқарыла бастады.Кеңестік экономикадан өтпелі экономикаға өткенде еліміздің экономикасындағы байланыстар (өндірістік,экономикалық,сауда-саттық) үзіліп қалды,яғни экономикамыздың әсіресе үзілген байланыс салдарынан тоқтап қалған кәсіпорындарының жұмыс істеуі мен қайта жандануға инвестициялық көздердің маңызы зор.

Қазақстан   Республикасы   нарықтық  экономикаға  өтуіне  байланысты  өз  нарықтық  институтын,  мемлекеттік  басқару  жүйесін,  экономикалық  шаруашылық  жүйесін  қалыптастырды.  Осыған  байланысты  күрделі  бақылау  жүргізу  барысында  мемлекет  экономикасына   инвестицияны  тарту  жөнінде  көлемі  ұлғайғанын  бақылап,  және  тартудың  маңыздылығы  байқалып,   әсерінен  мемлекет  экономикасының  дамуы  көрінуде. Мемлекеттегі  инвестициялық  климоттың  тұрақтылығы   оның  масштабы,  құрылымы,  эффектілігі  шетел  инвесторларға  бизнесін  дамытуға,  үлкен  табыс  алуға,   елдің  жағдайын  көтеруге  жол  ашады

Негізінен  инвестицияларды   тарту  оның  құрылымды   саясатын  жүргізу   ісі   мемлекеттен  нақты  қолдау   табуы  тиіс.   Инвестициялық   қаржыларды  ел   экономикасына   қатыстыру   саясаты   әр  түрлі   нысанда   жүзеге   асыруға   мүмкіндігін,  оған   банктері  мен   халықаралық   ұйымдардан   қарыз   алудан  бастап,   кәсіпорындарды   тікелей   инвестициялардың   меншігіне   сатуға   дейінгі   әрекеттер   жатады.  Мұның   өтпелі   формасы   ретінде  бірлескен   кәсіпорындар     ұйымдастырылу  да  мүмкін.   Шетел   капиталын   ұлттық   экономикаға   тарту   өте   пайдалы   процесс.    Бірден   инвестиция    құрылымдық    саясаты    елдің   өндірістік   базасын  жедел   жаңартуын   және  оның    өндірістік     мүмкіндігінің      артуын   қарастырады.       Екіншіден,    фирмалар   жаңа   өндіріс   орындарын   ашумен   қатар,   капиталистік     бәсекелестік     күресте    шыңдалған   еңбек   пен  өндірісті    ұйымдастыру   тәжірибесін     жүргізеді.

Инвестиция түсінігі капиталды салымдар мәнінен кең ұғым болып табылады.Бұл түзетудің маңыздылығы «юридикалық тұлғалар,азаматтар мен мемлекеттің инвестицияларды жүзеге асырудағы тәжріибелік іс әрекеттер жиынтығы» түсінігіндегі инвестициялық іс-әрекет мәнін түсінуге қажет.

Жалпы инвестиция арқылы қоғамның  прогрессшіл дамуында таптар мен әлеуметтік топтардың мүліктік жағдайы,алатын табысы,орны мен маңызы,Қазақстанның дүние жүзі мемлекеттері арасындағы, макроэкономикалық көрсеткіштері мен абыройы артады, қағам дамуында кешегі, бүгінгі және ертеңгі сатыларының рөлі анықталып, ол болашаққа екпінді қарқынмен жүруіне, дүниежүзілік цивилизацияланған елдерге интеграциялануына кеңістік ашады.Сонымен қатар, жаңа өндірісті рационалды орналастыру, барлық кәсіпорындар ішінде ірі,орта, шағын және шетел фирмалары толығымен қатысатындарының үлесін оптималды ету, экономикалық өрлеудің экстинсивтік түрінде қарағанда  интенсивтік түрін барынша тиімді дамыту үлкен көлемде инвестициялар ағымдарына тәуелді.

 Курстық жұмыс / 40 бет

Мемлекеттік несие және мемлекеттік борыш

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ….3

І тарау. МЕМЛЕКЕТТІК НЕСИЕ – ЖАЛПЫМЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫНЫҢ БАСТЫ БУЫНДАРЫНЫҢ БІРІ
1.1 Мемлекеттік несиенің мәні, нысандары мен әдістері……5
1.2 Халықаралық мемлекеттік несие……13

ІІ тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШ — ҚОҒАМДЫҚ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРДІ ҚАНАҒАТТАНДЫРУ МАҚСАТЫНДАҒЫ АҚША РЕСУРСТАРЫН ТАРТУ НЫСАНДАРЫНЫҢ БІРІ
2.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышы……18
2.2 Мемлекеттік борышты басқару…….26

ҚОРЫТЫНДЫ…..35
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…..38

КІРІСПЕ

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Курстық жұмыстың негізгі алған тақырыбы мемлекеттің қарыз алу арқылы экономикасын көтеруі және оны жөндеуі жөнінде сөз етіледі. Мемлекеттік несие көбінесе экономиканы қаржыландыруға бағытталады. Сол себептен оның өндірістік сипаты бар. Бұл жұмыста қаржыны алу және оны қайтару жолдары көрсетілген. Мемлекеттің ішкі және сыртқы кредиттері қажетке жаратылу түрі мен объектісі, қайтару мақсатындағы жеңілдіктер талданып және сызба арқылы ұсынылған (1.1-ші сызба). Бұған мысал ретінде 1992 жылғы 20 жылға есептелінген Қазақстан Республикасының меншікті ішкі қарыздарды қолданылуы сипатталды және мемлекеттік несиенің нысанындағы әдістер кәдімгі банк несиесінің әдістеріне ұқсас болып келетіндігі талданып көрсетілді. Экономикада айрықша орын алатын Халықаралық мемлекеттік несие – Халықаралық экономикалық қатынастар сферасында елдердің материалдық ресурстарының қозғалысы, мемлекет дүниежүзілік қаржы рыногында борышкер немесе несиегер ретінде болатын қатынастардың жиынтығы. Бүгінде халықаралық несие сферасында қаржылық қызмет етіп келе жатқан валюта-кредит ұйымдары бар. Олар елдердің экономикалық дамуына, оларға техникалық көмек көрсетуі мен елдердің экономикалық әлуетін іске асыруға қабілетті жобаларды қаржыландыру арқылы қолдап отырады. Бұған мысал ретінде Қазақстан Республикасының шетелдерден алған валюта қаражаттарын тиімді және ұтымды пайдалана білуі үшін керекті алғышарттар сөз етілді.

Мемлекеттік несие нәтижесінде мемлекеттік борыш түзіледі. Ол несиенің түрі тәрізді ішкі, сыртқы, күрделі мемлекеттік борыш болып бөлінеді. Курстық жұмыста борыштың өсуі кезеңіндегі экономикаға тигізетін ықтимал жағдайлары және борыштан сақтану жолдары талданды. Бұған мысал ретінде Республикамыздың қазіргі кезеңдегі борыш көлемі көрсетілді. Мемлекеттік несиедегі себеп-салдарлық өзара байланыстар сызба арқылы көрсетілді. Сондай-ақ мемлекеттік емес қарыз алу, мемлекеттік кепілдіктер, мемлекеттік борышқа қызмет көрсету, борышты өтеу, қайта қаржыландыру, жаңғырту, мерзімді ұзарту, сәйкестендіру мәселелері жеке-жеке талданды.

        Курстық жұмыстың мақсаты. Кредит алу жүйесіндегі заңдылық пен жауапкершілік және сауаттылықты көрсету, және түсіндіру. Халықаралық несиенің маңызын айқындау. Оның экономикадағы орны мен қажеттілігі, қайтарудағы жауапкершілік, жабудағы ықтимал жағдайларды таныту. Жалпы қаржы жүйесіндегі заңдылықтарды ұғындыру болып табылады.

Мақсатқа сәйкес қойылатын міндеттер:

— несие алу және борышты өтеу жүйесі заңдылықтарын таныту.

— жүйенің жүргізілу баланстарын дәлелдеп көрсету.

— жүйедегі зардап шекпеу жолдары.

— борыш өтеудегі барлық мүмкіндіктердің ықтимал жағдайларын таныстыру.

— несие алу арқылы экономиканы көтеру.

— валюта айналымын дұрыс қалыптастыру.

—         несиенің дұрыс бағытқа жұмсалынып, борыш өтеуді жеңілдету тәсілдері.

—         борыш өтеудің мерзімін сақтау және ұзарту жолдарын тиімді пайдалана білуді талдап көрсету.

—         Бүгінгі күндегі Қазақстанның кредит алу және борышты өтеу қазынасының көрсеткішімен таныстыру.

Курстық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

   Курстық жұмыс / 40 бет

Жеке табыс салығының экономикалық мәні

Жоспар

Кіріспе……..3

1. Жеке табыс салығының экономикалық негіздері
1.1 Салықтар ұғымы, мәні, қалыптасуы……4-10
1.2 Жеке табыс салығының әлеуметтік – экономикалық мәні…..10-16

2. Жеке табыс салығының бюджеттегі орны
2.1 Жеке табыс салығының төлем көздері….17-24
3. Жеке табыс салығының даму перспективалары
3.1 Дамыған нарықтық экономикалы мемлекеттердегі жеке табыс салығының алыну ерекшеліктері…25-29
3.2 Қазақстан Республикасындағы жеке табыс салығының жетілдірілуі..30-35

Қорытынды……36
Қолданылған әдебиеттер тізімі……37

Кіріспе

Қандай да болмасын мемлекеттің өсіп – дамуының материялдық базасы – қаржыларды қалыптастыратын ең басты қайнар көздерге салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің жататыны белгілі.

Сонымен салықтар дегеніміз — мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдері болып табылады.

Экономикалық категория ретінде салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарын сипаттайды.

Салықтардың экономикалық мәні:

  • Салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін көрсетеді;
  • Шаруашылық жургізуші субъектілер мен халық табысының белгілі-бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.

Курстық жұмыстың өзектілігі — қазіргі кезде еліміздің бюджетінің кіріс көзін 90 пайызы салықтардан тұрады. Ел экономикасы дамып, мемлекеттік бюджеттің кіріс көздері ұлғайған сайын салықтық түсімдердің де өсіп отырғаны байқалады. Себебі салықтың экономикалық табиғаты өндіріске байланысты. Өндіріс бар жерде табыс бар, одан алынатын салықтар да бар. Сондықтан салық өндірістің дамуына барынша өз ықпалын тигізіп, өндірушілердің ынтасын артыруға жағдай жасауы қажет.

Салықтардың бақылаушылық қызметі арқылы салық механизмінің қызмет етуінің тиімділігі бағаланады, қаржы ресурстарының қимылына Салықтардың екінші маңызды қызметі ол, реттеушілік қызметі. Реттеушілік қызметі салық маханизмі арқылы іске асырылады. Оның ішіндегі негізгі тетіктері салық ставкалары мен салық жеңілдіктері. Салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймай, сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асыруы қажет. Әрине салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін олардың басқа да экономикалық тетіктерімен тығыз байланыста болуы керек.

Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жеке табыс салығының мәнін ашу, оның бюджетке деген үлесін анықтау, қажеттілігін айқындау және оны жетілдіру жолдарын қарастыру. Осы мақсатқа сүйене отырып  келесідей міндеттержиынын құрғанымыз жөн:

— Жеке табыс салығының маңызы мен мәнін ашу;

— Қазақстан Республиксында салық жүйесін зерттеу;

— Жеке табыс салығының төлем көздерін айқындау

— Шетел тәжірибесін қарастыру

— Жеке табыс салығының жетілдіру жолдарын қарастыру.

 Курстық жұмыс / 37 бет

Банктің ішкі құрылымы

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Бөлім 1 АҚ «АТФБанк» даму тарихы
1.1 Банк тарихы. Қазіргі таңдағы банк
1.2 UniCredit Group беретін артықшылықтары

Бөлім 2 АҚ «АТФБанк» заңды және жеке тұлғаларға эмиссиялаған төлем карточкаларын шығару және қызмет көрсетілуі.
2.1 Төлем карточкалары туралы түсінік және оның артықшылықтары
2.2 Төлем карточкаларының түрлері
2.3 Төлем карточкаларының қызмет көрсетілуіне тарифтер
2.4 Төлем карточкаларын шығару үшін қажет құжаттар және сол құжаттардың толтырылуы

Бөлім 3 Эквайринг негіздері
3.1 Эквайринг туралы түсініктер
3.2 Кәсіпкерлерді қызықтырудағы міндетті қағидалар

Бөлім 4 АҚ «АТФБанк» 2009 жылдың көрсеткіштері, және 2010 жылға жоспарлар
4.1 Стратегиялық меморандум АҚ «АТФБанк» 2008 – 2010 ж.
4.2 2008 – 2010 жылдарға Банктің стратегиялық даму жоспары.

Қорытынды

 Курстық жұмыс / 30 бет

САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ……3
I САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ… 5
1.1 Салық жүйесінің түсінігі, құрылымы, принциптері, функциялары…….5
1.2 Салық жүйесінің міндет — талаптары және салық салу әдістері…..12

II ҚАЗАҚСТАН САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ДАМУЫНА ТАЛДАУ ……14
2.1 Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлері…..14
2.2 Қазақстандағы салық саясатының басты бағыттары…..24

III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ…..27
3.1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары…….27

ҚОРЫТЫНДЫ…..29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…..31

КІРІСПЕ

Осы жазған курстық жұмысымның басты мақсаты — салықтық жүйе жөнінде неғұрлым толық мәліметтер жинап, танысу, оның құрылымына толығырақ тоқталып, міндеттері мен функцияларын білу мағынасын барынша ашып беру және жетілдіру жолдарын қарастыру, салықтық жүйенің қоғамда, ел экономикасында орны мен ролін қандай екендігіне жауап беру.

Нарықтық қатынастардың даму жағдайында реформалардың басты бір міндеттері болып нәтижелі салықтың механизімін нарықтық экономиканың инстументтерінің бірі болып құрылатын және әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің табысының көбею мәселесін шешуді рұқсат етеді, сондай-ақ бөлек шаруашылық субъектілер мен барлық эканомиканың тұтасымен түсімдік дамуына қызмет етеді.

Тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесіне 18 жыл болды. Дамыған елдер өздерінің салық жүйесін құруда жіберген қателіктерін қайталауға тарих бізге аз уақыт қалдырды, сондықтан қазіргі кезде бұл құнды тәжірибені өзіміздің істе қолданып жүрміз.

Жұмыстың негізгі мақсаты — қалыптасудың барлық кезеңдеріндегі елдің экономикасы үшін салықтық жүйенің маңызын, оның нарықтық өзгерістерге, экономикалық өсімге, инвестицияларды  тарту, кәсіпкерлікті дамытуға әсерін және дүниежүзілік салықтық жүйелерге әсерін анықтаумен сипатталады.

Ол үшін келесідей міндеттер қойылады:

1) салық жүйесінің нарықтық экономикадағы маңыздылық ашу;

2) шет мемлекеттер салық жүйесінің ерекшеліктерін қарастыру;

3) Қазақстан Республикасының салық жүйесіне сипаттама беру.

Жұмыстың әдістемелік негізі болып, Қазақстан мемлекетінің салық туралы заңдары белгілеген ғылымдар мен экономист қызметкерлердің монографиялары, мақалалары негіз болды. Бюджет өзінің қызметін атқару үшін салық жүйесін ұйымдастыру қажет. Себебі, салық бюджеттің кіріс бөлігін толтыратын негізгі көзі болып табылады.

Салық органдары да, салық төлеушілер де бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру үшін ел экономикасындағы өзінің ролінтүсінуі керек. Қаржы министрлігі кәсіпорындардың проблемасына жаңаша қарап, оларды шешуге дайын. Сондай-ақ елдің аса ірі кәсіпорындарының және ірі аумақтық салық төлеушілердің қызметіне сапалы бақылау жасау және оны әкімшіліктендіру үшін өз қолына жаңа құралдар алады.Дамыған елдер әрқашанда өздерінің салықтарын төмендетуге тырысады. Кез-келген мемлекетте мемлекеттік реттеу, мемлекеттік тапсырыс, кәсіпкерлік, ақша-несиелік реттеу мен бюджеттік-салықтық реттеу сияқты құралдарға негізделеді. Мемлекеттік реттеудің экономикалық құралдардың ішінде маңыздысы салық жүйесі болып табылады. Салық жүйесі мемлекеттің маңызды экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуі үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге құрылған. Салық жүйесінің бөлінбес бөлігі болып табылатын салықтар, салықтық жеңілдіктер мен қаржылық санкциялар арқылы мемлекет қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларына қолайлы жағдай жасай отыра, кәсіпорынның экономикалық әрекетіне әсер етеді, инфляциямен күреседі. Экономикалық дамудағы циклдық тербелістерді бәсендетеді, өндірістік және әлеуметтік құрылымды дамытады. Салықтарды алудың әдістері мен формаларының дамуында үш ірі кезеңді бөліп көрсетуге болады:

Бірінші кезең — бұл көне әлемнен орта ғасырға дейінгі даму, мемлекеттің салықтарды жинау және анықтау бойынша қаржылық аппараты жоқ. Мемлекет тек қана алғысы келетін қаражаттардың жалпы сомасын ғана анықтайды, ал салық жинауды тайпаға немесе қалаға жүктейді.

Екінші кезең (XVI – XIX ғасырдың басы) — бұл елде мемлекеттік мекемелер жүйесі, оның ішінде қаржылық пайда болып, мемлекет қызметтердің бір бөлігін өз мойнына алады: салық салу  квотасын белгілейді, салық жинау процесін бақылайды.

Үшінші кезең — қазіргі мемлекет салықты белгілеу және жинау бойынша барлық қызметтерді және салық салудың өңделген.

Осыған орай курстық жұмысымның мақсаты – Республикамыздағы салық жүйесімен танысу, оның құрылымына толығырақ тоқталып, міндеттері мен функцияларын білу және жетілдіру жолдарын қарастыру болса, ал міндеті — осы мақсатқа жету үшін салық жүйесі, оның құрылымы, принциптері, әдіс-тәсілдері, жанама және тікелей салықтар, салық жүйесін жетілдіру жолдары деген сұрақтарды талқылап, Қазақстан Республикасының Салық жүйесінің маңызын, көрінісін көрсету болып табылады.

Салықтар дегеніміз — мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті ақшалай төлемдері болып табылады.

 Курстық жұмыс / 32 бет

ҚР коммерциялық банктері, олардың қызметтері және операциялары

Жоспар

Кіріспе…3

І. Коммерциялық банктердің негізі мен құрылымы.
1.1. Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде……5
1.2. Коммерциялық банктің басқару және функционалдық құрылымы….7
1.3. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары….12

ІІ. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары.
2.1. Ресурстарды тартудың жаңарту жолдары….18
2.2. Қаржы секторын тұрақтандыру…..21

Қорытынды…..24
Пайдаланылған әдебиеттер…..25

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стра-тегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген.

Қазақстанның алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді.

Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигациялар немесе акциялар жұмсағанға  қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.

Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.

Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр.

Жаңа қызметтерге пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есеп-айырысулар, элемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының құрылуы жатады.

Біздің еліміздегі қазіргі банктік институттар аталған жаңа қызметтерді атқара бастады. Клиенттің заказы бойынша маркеингтік зерттеуді, валюталық операцияларды, басқа да қызметтерді, соның ішінде, трасталық, ақпараттық-анықтамалық консультациялық, қор және т.б. жүргізеді.

Халыққа қызмет көрсетіп жүрген банктер ролін жандандырудың мәні мынада: шығынды азайта отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге, банктік қызмет көрсетуінде клиенттер қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыруға,     жеке    тұлғаларға     банктік   қызмет    көрсету  сапасын жақсартуға, банктік қызметтер спектрін кеңейтуге және олардың өзіндік құнын төмендетуге жағдай жасау.

Жоғарыда аталған көптеген мәселелердің шешу жолдарын табу үшін оған терең үңіліп,барлық тақырыпшаларға жеке – жеке  тоқталып, ашатындай етіп,  кешенді түрде қарастыру қажет. Банктік қызметтердің дамуы мен перспективалары – біздің еліміздегі арнайы ғылыми түрде аз зерттелген мәселе болса да, банк саласында қызмет атқарып жүрген көптеген экономисттердің көкейінде жүрген маңызды сұрақтардың бірі.

Курстық жұмыстың басты мақсаты: ҚР-сының коммерциялық банктің функцияларын және операциларының дамуын талдап мәселесін  ашу. Осы мақсатын ашу үшін мына міндеттемелерді орындау керек:

— Коммерциялық банктің мәнін ашу;

— Коммерциялық банктердің фукнцияларын талдау;

— Банктің активті және пассивті операцияларын қарастыру;

— Банктің фукнцияларынның және операцияларының дамуын талдау;

— Коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдарын қарасытыру.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 Курстық жұмыс / 26 бет

Қазақстан Республикасының банк жүйесін ұйымдастыру және оны жетілдіру жолдары

ЖОСПАР
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. БАНКТІК НЕСИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктік несиенiң мәнi, мағынасы және түрлерi
1.2 Банктік несиелеу принциптері және несиелеу механизмі
1.3. Банк клиентінiң несие қабілеттілігін бағалау көрсеткіштері

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАНКТІК НЕСИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ МЕХАНИЗМІ
2.1 Қазақстан Республикасының банктік несиелеу секторын талдау
2.2 Коммерциялық банктегі несиелендірудің жағдайына талдау («БТА банкі» АҚ мысалында)
2.3 «БТА банкі» АҚ несиелік қызметі бойынша ағымдағы несиелендіру бағдарламалары

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТІК НЕСИЕЛЕНДІРУДІ ЖОЛДАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША А, Б, В, Г, Д, Е

КІРІСПЕ 

Еліміздің экономика саласындағы басты рөл қазіргі кездегі ақша, банк және несие ұғымдары болып табылады.

Несие — бұл банктік жүйе арқылы нарықтық экономикада өте маңызды роль атқарады. Несиені барлық шаруашылық субьектілермен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады. Ақшаның қажеттілігін қамтамасыз ететін себептер, несие қажеттілігінің де себептері болып табылады. Несие ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету қажеттілігінен барып туындайды.

Несие экономикалық категория ретінде формаларға ие. Несиеге қатысты оның формасы бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі. Несиенің негізгі екі формасы бар: коммерциялық және банктік несие. Банктік несие-бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несие болып табылады. Бос ақша капиталы өндірістің кез келген саласына беріле береді.

Халық өз мұқтаждықтарына қажетті қаржы ресурстарын  несие алу арқылы қамтамасыз етеді. Халық несиені өздерінің жеке кәсіпшілігіне, шаруашылығына және отбасы бюджетін толтыруға алады.

Банктер мен клиенттер араларында несие берілуіне байланысты пайда болатын қатынастарды, несиелік қатынастар ретінде қарастырамыз. Банк сферасындағы несиелік қатынастар несие болмысының формасы болып табылады, осы ерекше қатынастар шегінен тыс несиенің пайда болуы және қызмет етуі мүмкін емес. Несиелік қарым-қатынастар экономика дамуымен қатарлас жылжып келеді, сонымен бірге ол экономиканы реттеу құралы ретінде шешуші септігін тигізеді.

Несиелік қатынастар қоғамдық  ұдайы өндірістің барлық механизмін қамтып, өндірістің шоғырлануы мен капиталдың орталықтануын күшейтіп, бос ақша қаржыларын елдің экономикасына қолдануға септігін тигізеді.

Қазіргі қалыптасатын банктік несиелік қарым-қатынастары дамуының қарқыны нарықтағы бәсеке факторына тәуелді болып отыр.

Курстық жұмыс өзектілігі: Еліміздегі экономиканың  маңызды салаларының бірі болып табылатын банк секторының несиелендіру жүйесі. Ел экономикасын дамытуда да әсіресе осы салаға көңіл бөліп отыр сондықтан да оның мәні, түрлері механизімін ҚР-ның банк секторының ағымдағы несиелеу жағдайы және клиенттернің төлем қабілеттілігін анықтау сонымен қатар оның жетілдіру жолдарын ұсыну маңызды болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты: банктік несиелеудің теориялық негіздеріне яғни, банктік несиелеудің мәні, түрлері принциптері мен несиелеу механизмі  және банк клиентінің несие қабілеттілігін бағалау көрсеткіштері сонымен қатар ҚР-ның банк секторына талдау және «БТА банк» АҚ мысалында және банктік несиелендіруді жетілдіру тақырыптарының мағынасын ашу және талдау болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеттері:

― Банктік несиелендірудің теориялық негіздерін анықтау;

―  банктік несие ұғымына толық сипаттама беру және оның түрлері мен механизміне шолу;

― Қазақстан Республикасындағы банктік несиелеу секторына  шолу;

― ҚР-ның банктерінің несиелеу секторын  «БТА банк» АҚ мысалында талдау;

― Банктік несиелендірудің жетілдіру жолдарын анықтап, өз ұсынысымды енгізу;

Жұмыстың зерттеу пәні: мемлекетіміздің банктік секторының экономикалық жағдайын талдау,атап айтса, банктік несиелендірудің  мәнін ашу, түрлерін зерттеу және несиелеудегі мәселелерді шешу жолдарын көрсету.

Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі ретінде Қазақстанның банк сферасындағы  қазіргі жағдайы, «БТА банк» АҚ еліміздің банк секторындағы рөлі және несиелендіру бағдарламалары мен операцияларын талдау яғни, ҚР-ғы екінші деңгейлі банктер қызметтері  қаралады.

Жұмыстың ақпараттық негізі: курстық жұмысты жазу барысында ҚР заңдары, отандық әдебиеттер, мерзімді басылымдағы мәліметтер, статистикалық ақпарат көздері қолданылды.

 Курстық жұмыс / 58 бет

Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі реформасы

Мазмұны

Кіріспе

1 Салық жүйесінің теориялық аспектілері және салық реформасы
1.1 Салықтың шығу тарихы мен мәні
1.2 Салық рефорасының ерекшеліктері
1.3 Салықтарды салудың шетелдiк тәжiрибесі

2 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесіндегі салық салуды ұйымдастыруды талдау
2.1 ҚР салық жүйесін талдау
2.2 ҚР мемлекеттік бюджеттегі салық түсымдерін талдау

3 Қазақстан Республикасының салық жүйесі дамыту жолдары, және оған салық реформасының әсері

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Нарықтық экономиканың даму жолын таңдаған кез келген мемлекеттің шыныйы тәуелсіздігі мен егемендігі үшін мықты әрі тұрақты қаржылық негіздің болуы міндетті. Ал, салцықтар мемлекет бюджетінің кіріс бөлігінің қайнар көзі болып қана қоймай, материаллдық, экономикалық және құқықтық категория ретінде қарама қайшылығы мол, күрделі құбылыс әрі тауар өндірісінің барысына тікелей ықпал ететін және мемлекттің экономикалық дамуының маңызды факторы болып табылады.

Мемлекеттегі қолданылып жүрген салықтардың жиынтығы, салықтық қызмет органдарының жүйесі және салықтық заңнама мемлекеттің салықтық жүйесін құрайды. Салықтардың және бүтіндей салықтық жүйенің тиімділігіне қол жеткізу мемлекеттің экономикалық дамуы мен өркендеунің сенімді арқауы болады. Дегенмен, салықтардың мәнін түсінбей, салықтардың қалыптасуы мен дамуының тарихын білмей, басқа мемлекеттердің салықтық жүйелерінің қалыптасу және даму ерекшеліктерін анықтамай салықтық жүйенің тиімділігіне қол жеткізу мүмкін емес.

Қазіргі уақытта, тәуелсіздігін алып, егемендігін жариялаған, экономикалық дамудың нарықтық жолын таңдаған Қазақстан Республикасы үшін өзіндік салықтық жүйесін қалыптастыру аса маңызды мәселе болып отыр. Кез келген мемлекеттің егемендігі оның экономикалық дамуының көрсеткіштерімен және қаржылық негіздерімен айқындалады. Ал, қарапайым салық төлеушілерден, яғни азаматтардан және шаруашылық субъектілерінен жиналатын салықтар мен басқа да міндетті төлемдер мемлекеттің қаржылық қуатының басты тірегі болып табылады.

Мемлекеттің экономикасында болып жатқан елеулі өзгерістер салық салу саласында пайда болатын қоғамдық қатынастарға қатысты қоғамның немесе көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында салық түріндегі түсімдер және бүтіндей салықтық жүйенің қаражат көзі ретінде маңызы арта түсті. Сондықтан да, мемлекет бюджеттің табыс бөлігінің негізгі қайнар көзі болып табылатын салықтар мәселесі экономистер мен құқықтанушылар арасында белсенді ізденісті ынталандырады. Іздену және зерттеу жұмыстары негізінен салықтық жүйенің сол мемлекетте немесе елде қалыптасып келе жатқан экономикалық қатынастарға тән үлгісін анықтау бағытында жүргізіледі.

Салықтарды және салықтық жүйені зеттеу салық салудың және салық жүйесінің теориялық негіздерін ашуды, елдегі салықтық жүйені ұйымдастырудың принциптерін анықтап алуды, бюджетті қалыптастырудың ерекшеліктерін, салықтық қызмет органдарының құрылымын, міндеттері мен құқықтарын, салықтық жүйені одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттарын анықтауды талап етеді.

Салықтық жүйені жетілдіру алдыңғы қатарлы, дамығын өркениетті елдердің тәжірибесін талдау негізінде, Қазақстан Республикасы экономикасының және салықтық жұйесінің ерекшеліктері ескеріле отырып жүргізілуге тиіс.

Дамыған елдердің салықтық жүйелерін зерттеп, талдау салықтық механизмнің дамуының және қызмет етуінің жалпы заңдылықтарын анықтауға, сондай-ақ нарықтық экономикасы қалыптасқан мемлекеттердің салық салу саласындағы тәжірибесін ескеруге мүмкіндік береді. Батыс мемлекеттерінің салықтық жүйелерін ұйымдастырудың маңызды қағидаларының бірі орталық бюджект пен жергілікті бюджеттің немесе басқа деңгейдегі бюджеттердің табысын нақты ажыратып көрсету болып табылады. Әрине, ол елдің мемлекеттік саяси құрылымының типіне байланысты анықталатындығы баршамызға белгілі. Мысалы, федеративтік мемлекеттерде федеративтік, аумақтық, жергілікті бюджеттер және тиісінше федеративтік, аумақтық, жергілікті салықтар көзделсе, унитарлық мемлекеттерде орталық және жергілікті бюджеттер мен тиісінше, орталық және жергілікті салықтар болып бөлінеді.

Қазіргі уақытта Еуропа елдерінің өзінде салық салу мәселесі бойынша түбегейлі өзгерістердің болуы ықтимал. Айталық, Еуропалық қауымдастықта «салықтарды гармонизациялау» тақырыбында пікір таластар туындауда. Еуропалық Одақта салықтық саясаттың біртұтас моделі қолданылмайтын болғандықтан, Еуропалық одаққа мүше болып табылатын әрбір мемлекет өзінің салықтық саясатын қалыптастырады. Бірақ, Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер өздерінің салықтық саясатын қалыптастыру барысында Еуропалық Одақтың біртұтас салықтық саясат құрмақ мақсатында қабылдаған директивалары мен нұсқауларын басшылыққа алатындығын естен шығармаған жөн. Еуропалық Одақтағы «салықтарды гармонизациялау» шараларының мақсаты салықтық шекеараларды жою және ішкі рыноктағы корпорациялар үшін бәсекелестіктің тең жағдайынжасау болып табылады.

Қазақстан Республикаснда іс жүзінде қолданудың оң және теріс жақтарын анықтау мақсатында қажетті талдау, зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін Еуропалық Одақтың құрамына кіретін мемлекеттердегі және Шығыс Еуропа елдеріндегі салық салу тәртібін реформалау шараларына, әсіресе, корпоративтік салықты өзгертудің мән жайларына көз қырын сала жүрген жөн болады.

Салықтар бүгінгі күні мемлекет бюджетінің кіріс бөлігінің негізгі тармағы және экономиканы реттеудің аса маңызды құралы әрі ел экономикасының дамуының басты арқауы және мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын әлеуметтік шараларды қаржыландырудың басты қайнар көзі болып табылады. Дегенмен, елдегі экономикалық және әлеуметтік жағдайдың өзгеруіне, нарықтық қатынастардың дамуына қарай салықтық жүйе де жетілдіріліп отыруды қажет етеді.

 Курстық жұмыс / 45 бет