Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Биология, Экология, Медицина’ бөлімінің мұрағаты

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЛИМАТ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ….3

I. ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЯСАТЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК…..5
1.1 Инвестиция түсінігі және оның түрлері….5
1.2 Инвестициялық тәуекелдің ерекшеліктері…….8
1.3 ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар..12

II. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЛИМАТҚА ТАЛДАУ ЖАСАУ…16
2.1 Қытайдың инвестициялық климатына сипаттама………16
2.2 Инвестициялық тәуекелділікті есептеу кезеңдері мен түрлері….21
2.3 Тәжікістанның инвестициялық климатына талдау жасау….27

III. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЛИМАТТЫҢ ТӘУКЕЛДІЛІГІН ТӨМЕНДЕТУ ЖОЛДАРЫ……30

ҚОРЫТЫНДЫ….33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……..35

 

КІРІСПЕ

Инвестициялық іс-әрекет – кәсіпорын жүргізетін құрылымдық саясатымен тығыз байланысты. Құрылымдық саясат экономиканың дамуының негізгі бағыттары және қызмет етудің жаңа ресурс үнемдеуші, жоғары технологиялы және экологиялық дұрыс моделіне көшумен анықталады. Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекеттің басты механизімінің бірі – инвестиция тиімділігі болып табылады. Инвестиция тиімділігі – кәсіпорын экономиканың тиімділігін реттеу құралдарының басты комплексі болып табылады. Олар мемлекеттік бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан құрылады. Ал экономикалық тиімділік – бұл экономикалық қызметтің, экономикалық бағдарламалар мен шаралардың нәтижелілігі, яғни алынған экономикалық пайданың, нәтиженің осы нәтижені алуға септігін тигізетін факторлардың, ресурстардың шығынына қатынасымен сипатталады.

Ал Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде  инвестициялық саясат басым сипатқа ие. Елімізде шетелдік инвестицияларды  тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті. Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды. Мәселен, мамандандырылған өкілетті орган және ҚР Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы заңдар қабылданды, инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасалды.

Бүгінгі таңда Қазақстанның постиндустриялық тұрпаттағы  әлемдік экономикаға кіріге бастауына мүмкіндік бар. Бірақ ІТ-индустрияны дамытумен қатар әлемнің түрлі елдеріндегі неғұрлым көп пайда әкелетін компанияларға қаржылық қатысуға  негізделген экономиканы дамыту есебінен жүзеге асырылуы керек. Соңғысын «инновациялық тұрпаттағы  инвестор елдің  тұжырымдамасы» деуге болады. Аталған тұжырымдамада Қазақстан экономикасының дамуы шикізат секторынан қозғау алады, бұл оның қазіргі нақты жағдайына сай келеді. Сонымен бірге белгілі бір дәрежеде мемлекеттің бақылауында болуға тиісті шикізаттық салалардан  алынған қаржыны тиімді және жоғары пайдамен инвестициялаудың  жәрдемі арқылы қол жеткізу көзделінеді. Бұлайша инвестициялауды мемлекеттік инвестициялық институттар жүйесін іске асыру керек.

Жоспарлы уақыт кезеңінде Қазақстанның экономикада нақты инвестициялау секторы, орталықтанған шоғырландыру көмегімен және қаржылық ресурстардың көмегімен жүзеге асырылды. Командалық-әкімшілік жүйенің және оған қатысушы дерктивтік әдіспен реттеу жойылып, оның механизмі орталықтанбаған қаржыландыру институттарының ивестициялылық-қаржылық мекемелердің түрлеріне ауысуы керек еді. Бірақ та накты түрде бұл ауысылмаған болатын. Мақсатқа бағытталған ивестициялық саясаттың қатыспауы шамаланған-инновациялық нарық институттарын құру инновацияны дамытудағы инвестицияны қысқартуға алып келді, яғни шектеулер жаңа техника-эконмикалык парадигмаға өтуге мүмкіндік бермеді. Бүгінде эконмикалық әдебиеттердің көз карасы бойынша, ең негізгі жетіспеушіліктер болып оның ішінде даму жолындағы инновациялық қызметтердің бойынша қаржылық ресурстар жеткіліксіз. Қазіргі заманғы этаптардың дамуы Қазақстанның ұлттық жинақтауы оның негізін кұраушы болып Ұлттық қордың құрадарынан тұарды, зейнетақы қорының жинақталуы және банк жүйесіндегі депозиттер есептелінеді. 2007 жылдың аяғындагы статистикалық деректерге сүйенсек зейнетақы жинақтауының салымдары 648,6 млрд теңгені, жалпы депозиттер сомасы 2300,5 млрд теңгені, Ұлттық қордың жинақталуы шамамен 5,2 млрд долларды кұрады. Осылайша сомалық жинақталулар 3599,8 млрд теңге, немесе 60% ЖІӨ-ге жоғарлады. Негізгі капиталдагы инвестицияфның келемі 1,8 долларды құрды. Орта есеппен алғанда 28,6% сомасы шетел инвесторымен салынған, яғни негізгі Қазақстанның экономикасындағы қарама-қарсылық шағын болып табылады, яғни оларды инвестициялық жинақтаумен салыстырғанда. Берілген жағдайда монетарлық саясаттың классикалық наборын қолдануға болмайды. Есептерді шешу үшін, Қазақстанның стратегиялык дамуы «Қазакстан 2030″ және әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің катарына кіру үшін, ұлттық инвестициялык саясатың тиімділігі қажет, инвестицияның сапалық есіміне бағыттары инновациялық дамуда қаржылық және нақты сектордың арақатынасын күшейту негізі. Қазіргі уақытка дейін ешқаидай консепция жасалмаған.

Бұл курстық жұмыстың мақсаты — кәсіпорынның инвестициялық қызметінің еліміздің экономикасы дамуындағы функциялар мен жүргізетін операцияларын, ол қандай саясатты, құралдарды, шараларды қолдану арқылы өз қызметін  атқаратынын зерттеп, алдағы жылдардағы  бағыттарын болжап, соңғы жылдардағы негізгі көрсеткіштерге анализ беру. Мақсатпен байланысты осы жұмыстың орындалуында келесі міндеттерін бөлуге болады:

— инвестиция, инвестициялық қызмет, шетел инвестициялары, инвестор терминдеріне айқындылық беру;

— инвестициялық климатқа әсер етуші факторларды талқылау;

— шетел инвестициясын тарту мәселелерін қарастыру;

— ең алғаш рет ҚР-да инвестициялық саясаттың қалыптаса бастауы;

— инвестициялық саясаттың қажеттілігі мен іске асыру кедергілері жайында көптеген мәселелер талқыланатын болады.

Сонымен еліміздегі инвестициялық саясат маңызды роль атқарады. Біз ТМД елдерінің ішінде бірінші болып шетел инвесторларын тартудамыз. Бұл саясат ел экономикасын көтеруге, кәсіпкерлік қызметті дамытуға, мемлекеттер арасындағы достастықты нығайтуға,экспорттық мүмкіндіктерді жоғарлатуға, кәсіпорындардың бәсекеге төтеп бере алуына  өз әсерін тигізеді.

 Курстық жұмыс / 35 бет

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ ЖӘНЕ МӘНІ

МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ …3

1 ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ ЖӘНЕ МӘНІ
1.1 Қаржы түсінігі, қызметтерi ….4
1.2 Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының құралы мен құрылымы ……6
1.3 Қаржы нарығының маңызды құрамы: несие және валюта нарығы, бағалы қағаздар,олардың жіктелуі…..8
1.4 Қазақстан Республикасының қаржы нарығының ерекшелiктерi…..10

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1. Қазақстан экономикасындағы қаржының рөлі….14
2.2. ҚР қазіргі қаржы жүйесін талдау…18

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕРІ
3.1.Қазақстанның қаржы нарығын жетілдіру жолдарымен,ұсыныстар……24

ҚОРЫТЫНДЫ …28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……30

КIРIСПЕ

         Қаржының экономикадағы басты қажеттiгi  объективтi мән-жайдан – тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен туындайды.  Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi  субъектiлердiң қаржы ресурстарына деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.

Қаржы механизмi арқылы мемлекет өзiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк сфералардағы көптеген қызметтерiн атқаруға қажет ақшалай қаражаттар қорын жасап қолданады. Қаржы деп ақша қаражаттарын бөлу және пайдалану туралы қатынастардың жүйесi аталынады.

Қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру ұйымдарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдырудың, оны бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, валюта және басқа нарықтармен (капитал, жұмыс күші, жер, алтын нарықтарымен) етене байланысты.

Сондықтан курстық жұмыстың тақырыбын “Қаржы нарығын талдау” деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi осы аталған қаржы ресурстарын қалыптастыруда және осы қаржыларды нақты өндiрiске қосуда қаржы нарықтарын талдаудың  орны ерекше болып табылады. Экономикада қаржы нарығының дамуы қалған барлық нарықтардың дамуына даңғыл жол ашады.

Осы тақырыпты орындау барысында келесi мiндеттер ескерілді:

— Қаржы экономикалық категория ретiнде оның мәнi мен қызметтерiн анықтау;

— Қаржы нарығын жан-жақты талдау және оның құрылымы туралы хабардар болу;

— Қаржы нарығы дамуының экономика дамуындағы маңыздылығын анықтау;

— Бағалы қағаздар нарығының қаржы нарығындағы маңыздылығын атап өту;

— Қазақстан Республикасындағы қаржы және бағалы қағаздар нарығына тоқталып өту және ұлттық қор биржасының бүгінгі жағдайын сиапттау.

 Курстық жұмыс / 30 бет

Салықтар және олардың экономикадағы ролі мен қызметтері

Мазмұны

Кіріспе….3

1.Салықтың теорилық негіздері……4-16
1.1. Салықтың мәні, түрлері, қызметтері…..4-10
1.2. Салықты қазіргі экономикада қарастыру ерекшеліктері: кейнсиандық, неоклассикалық, «ұсыныс экономикасы»….11- 16

2.Қазақстандағы салық жүйесі, оның негізгі мәселелері және шешу жолдары……17-32
2.1. Қазақстан Республикасының салық салу жүйесі…..17-21
2.2. Салық салу мәселерін реттеу. Қазақстан Республикасындағы салық ауыртпашылығы деңгейі, оны жеңілдету жолдары……22-26
2.3. Қазақстан Республикасының салық салу жүйесін жетілдіру……27-32

Қорытынды……33
Әдебиеттер тізімі……34-35
Қосымша материал А Мемлекеттік бюджеттің салықтық кірістері…..36
Қосымша материал Б Мемлекеттік бюджет кірістері ( болжам )…….37

Кіріспе

     Мемлекеттердің дүниеге келуінен бастап олардың әрі қарай тіршілік етуіне қаржы қажет болды. Салық салу арқылы мемлекеттер өз қазынасын толтырып, дамуын әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік алды. Бұның өзі салықтың ежелгі кездерден бастап мемлекеттер дамуына қосқан үлесі зорының көрсеткіші. Салықтың негізгі қызметі мемлекет қазынасын, қазіргі кездегі бюджетті толтырып қоюмен шектелмейді. Салық кәсіпкерлікті дамыту саласында да үлкен роль атқарады. Оны салық мөлшерлемесінің көлемі арқылы реттеп отырады. Осы және де бірқатар басқа себептермен байланысты мен өзімнің курстық жұмысымның тақырыбын  «Салықтар және олардың экономикадағы ролі мен қызметтері» деп таңдап, төмендегі мақсатқа жетуді көздедім: салық мәнін, оның қызметін, мемлекет өміріндегі ролін айқындап қарастырып, Қазақстандағы салық салу мәселелерін зерттеу. Мақсатыма жету үшін біріншіден салық түсінігін нақтылап қарастырып, салық түрлерін, салық салу объектісін зерттеп, қазіргі кездегі салық салу механизмдеріне тоқталдым.

Қазақстан өз егемендігін алғаннан кейін алдында қиын мәселе туды, ол – салық салу жүйесін ұйымдастыру. Қазақстанның салық салу жүйесін ұйымдастыру бірнеше сатыдан тұрды. Курстық жұмысымда осы сатыларды қарастырып, Қазақстанның салық салу ерекшеліктеріне көңіл аударып, салық салу мәселелерін, қиындықтарын, шешу жолдарын табуға тырысамын.

Кез – келген елдің егемендігінің бір нышаны – өзіндік салық салу жүйесінің болуы және де ол бірден – бір мемлекеттің қаржы саласындағы реттеу құралы болып табылады. Салықты қарастыру арқылы мен өз елімнің экономикасының дамуына үлес қоса аламын деймін. Осыған дәлел ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың:  « Салық – мемлекет тұрақтылығының кепілі, » деген сөзін келтірейін.

 Курстық жұмыс / 38 бет

Қазақстан Республикасының банктерінде несиені ұсыну және өтеу операцияларының бөлімдеріндегі операциялар есебі

МАЗМҰНЫ

Кіріспе………3-4

Ι бөлім. Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері жүргізетін валюталық операцияларды реттеу,қызметін анықтау және жіктеу
1.1 Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялардың маңызы мен валюталық реттеу қызметі…..6-7
1.2 Қазақстан Республикасының валюталық нарығы мен саясаты…..8-13
1.3 Валюталық операциялардың өзіндік белгілері бойынша жіктелуі….14-16

ΙΙ бөлім. Екінші деңгейлі банктердегі валюталық операциялардың түрлері мен олардың есебі
2.1 Валюталық операциялардың түрлері……..16-20
2.2 Валюталық шотты ашу және жүргізу тәртібі……21-22
2.3 Банктің валютаны айырбастау операциялары мен оның есебі….23-29

III бөлім. Қазіргі таңдағы валюталық операциялардың қолданылуы және болашақта даму тенденциялары……35

ҚОРЫТЫНДЫ………41-42
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…….50
ҚОСЫМШАЛАР

Кіріспе

Коммерциялық банктердің сыртқы экономикалық қызметі тауарлар мен әрекеттерді экспорттау-импорттау, Қазақстан Республикасының аумағында шетел валютасында оларды өткізу, еліміздің ішінде резидент еместердіңшаруашылықпен айналысудағы тауарлық емес сипаттағы мәміле кезінде теңге және шетел валютасындағы банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты.

Әрбір егеменді мемлекетте заңды төлем құралы ретінде сол елдің ұлттық валютасы қолданылады. Сондықтан сыртқы сауда, қызмет, несие, инвестиция, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажетті жағдайы төлеуші немесе сатып алушылар шетел валютасын сатып алу немесе сату нысанында бір валютаны басқа валютаға айырбастау болып табылады.

Кез – келген мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық жағдайының тұрақты дамуына, ең алдымен мемлекет тарапынан қабылданған және жүзеге асырылған реформалар нәтижесінде қол жеткізуге болады. Отандық тәжірибеде көрсетіп отырғандай, ел экономикасының дамуы тәуелсіздікке қол жеткізіп, бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстың нәтижесін көрсетеді.

Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарының дамуы сыртқы экономикалық дамудың қажеттігін және маңыздылығын анықтыды. Оның ішіне қаржы – валюталық қамтамасыздандыру, Валюталық несиені алу, Валютаны сатып алу, оның бағалы қағаздарға салынуы, Валюталық тәуекелдерден сақтандыру және т.б. қажеттігі мен маңыздылығын жатқызуға болады.

Сыртқы экономикалық қызмет жүйесінде кәсіпорындар нарықтық шаруашылық әдістерімен байланысады. Атап айтсақ әлемдік валюталық нарық құралдарымен: шетел валютасы, валюталық курс, маржа, трансферт, есептік ставка, факторинг, форвард, курстық тәуекелдер және т.б. Қазақстан Республикасының территориясында қызмет ететін қазіргі таңдағы валюталық механизм нарықтық экономика принциптеріне негізделген.

Тақырыптың өзектілігі – шетел валютасымен оперциялар жүргізу арқылы басқа мемлекеттердің Орталық банктерімен тәжірибе алмаса отырып, экспорттық және ипорттық операцияларының жүзеге асырылуы. Яғни, өзіміздің отандық өнімдерімізді шетелдік нарыққа шығару.

Курстық жұмысты жазудағы мақсатым – шетел валютасымен ұлттық валютаның қатынасы арқылы ұлттық валютаның бағамын анықтау, шетел валютасында жүргізілетін банктік операцияларды қарастыру.

Курстық жұмысты жазудағы міндетім – мемлекетте болып жатқан валюталық операциялардың жүргізу  тәртіптерін бақылау және реттеу.

Валюталық реттеудің мақсаты тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізуге және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің саясатына жәрдемдесу болып табылады.

Валюталық реттеудің міндеттері:

1) Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтардың айналысының тәртібін белгілеу;

2) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік экономикаға одан әрі кірігуі үшін жағдайлар жасау;

Валюталық операциялар мен капитал жөніндегі ақпараттық базаны қамтамасыз ету болып табылады.

Нарықтық экономика сыртқы экономикалық кәсіпорындардың қызметін орындайтын үлкен мүмкіндіктер туғызды. Бұл клиентке валюталық қызмет көрсететін коммерциялық банктер санының көбеюіне әкелді. 1998 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасында 77 екінші деңгейлі банктер тіркелген, оның 41 сыртқы және ішкі валюталық нарықтарда операциялар жүргізуге лицензиясы бар банктер. ҚР Ұлттық Банкінің шетел валютасымен операция жүргізуге лицензиясы бар коммерциялық банктердің пайда болуы валюталық нарықта валюталық бақталастарды құрды және валюталық механизмнің қызмет ету аясын кеңейтті. Айтып кету керек 1992  жылы Қазақстан өзінің жеке шетел ел валюта акционын  ашты. Ол  1996 жылы  AFINEX болды. Коммерциялық банктердің сыртқы экономикалық  қызметі тауар және қызметтердің экспорт импорт бойынша шетел валютасынмен және ҚР территориясында, шетелдерде шетел валютасының іске асырылуымен байланысты болды.

Курстық жұмысымның бірінші бөлімінде валюталық операцияларға жалпы анықтама, оларды жүргізудің заңға сәйкес реттелуі, лицензиялануы қарастырылады. Валюталық нарықтағы саясаттың түрлері, валюталық бағамның қажеттігі мен жіктелуі жазылған.

Екінші бөлімінде валюталық операциялардың түрлері, оларға шот ашу мен есебін жүргізуі көрсетілген. Соның ішінде халықаралық есеп айырысулар мен айырбас бөлімдерінің есебі сипатталады.

Үшінші бөлімінде қазіргі валюталық нарықтағы жағдай мен валюталық бағамның өзгеруі қарастырылады. Одан басқа Ұлттық банктің 2005 жылы берген қаржылық қорытынды мәліметтеріне сүйене отырып, отандық екінші деңгейлі банктердің жүргізетін негізгі валюталық операциялары сипатталады.

 Курстық жұмыс / 56 бет

Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

I Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерінің экономикалық мәні
1.2. Қазақстан Республикасының Салық жүйесі
1.2. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтарының экономикалық мәні

II Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерін төлеу және ресімдеу тәртібі
2.1 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері бонустарды төлеу мерзімі мен ресмдеу әдістері
2.2 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері роялтиді төлеу мерзімі мен ресмдеу әдістері
2.3 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi
2.4 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi төлеу мерзімі мен ресмдеу әдістері
2.5 Жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайда салығы

III Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерін жүзеге асырудағы қазіргі кездегі жетілдіру жолдары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты- бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.

Салық саясатының басты мақсаты- салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.

Салық жүйесі өз алдына сала болып қалыптасуы үшін, біршама қиындықтарды бастан кешіре отырып, көптеген өзгерістер мен толықтырулар жасалынып, қазіргі кезде тұрақты жүйеге түсті.

Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экономиканы дербес түрде басқарды. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырды.

Қазақстан Республикасының Салық жүйесінің дамуы 3 кезеңнен өтті.

Бірінші кезең. 1991 жылы 9 шілдедегі Қазақ КСР Президентінің «ҚазКСР мемлекеттік салық қызметін құру туралы» Жарлығымен ҚазКСР-нің басты мемелекеттік салық инспекциясы құрылды. 16 жалпы мемлекеттік және 27 жергілікті салық түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілер пакеті қабылданды.

Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу жөніндегі қызметке салық салу:

1. Салық режимiнiң бiрiншi үлгiсi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдер бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу оларды төлеу жөнiндегi міндеттемелер пайда болған кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүргізіледi.

2. Мiндетті салық сараптамасынан өткен және 2004 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе құзыретті орган мен отандық немесе шетелдiк жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарда айқындалған салық режимi олардың қолданылуының белгіленген бүкiл мерзiмi ішiнде сақталады және қолданылады әрі Қазақстан Республикасы салық заңдарының өзгеруіне байланысты тараптардың келісімі бойынша түзетiлуi мүмкiн.

3. өнiмдi бөлу туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жасалған келісім-шартта ғана айқындалады.

Өнiмдi бөлу туралы келiсім-шартта белгіленетiн салық режимi келісім-шартқа қол қойылған (жасалған) күні қолданылатын жеке және заңды тұлғалардың салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуiн реттейтiн Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелерiне сәйкес болуға тиіс.

 Курстық жұмыс / 32 бет

Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі

Жоспар

Кіріспе…..4

I-ТАРАУ. Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі…..7
1.1.26-ХҚЕС Зейнетақы жоспарлары бойынша есеп және есептіліктің халықаралық стандарттары……7
1.2. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі…..17

II-ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесі дамуы…23
2.1. Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесі дамуының қазіргі жағдайы……23
2.2 Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық іс-әрекеттеріне талдау жүргізу мен олардың даму тенденциялары….26

III-ТАРАУ. Қосымша……30
3.1. Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің шетелдік тәжірибелері…..30
3.2. Еңбек ақыдан ұсталатын міндетті төлемдер есебі…33

Қорытынды…..35
Пайданылған әдебиеттер тізімі…38

Кіріспе

Қазақстан Республикасында әлеуметтік-экономикалық жүйелердің барынша қарқынды дамыған бөлімдерінің бірі – зейнетақы жүйесі. Бүгінгі таңда, зейнеткерлердің жинақтаған қорларының зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіздігі, демографиялық мәселелердің толық қанды шешілмегендігі, өмір сүру ұзақтығының және еңбек ақы төлеудің әр түрлілігі, ерлер мен әйелдердің зейнетақы мөлшеріндегі айырмашылықтары қазіргі кездегі шешімін таппаған өндірістегі мүгедектік мәселелердің болуы және зейнетақымен қамтамасыз ету түрлерінің өзгеруінің барлығы да – мемлекет тарапынан дұрыс реттеуді қажет ететін әлеуметтік–экономикалық мәселелер болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаған “Қазақстан –2030”Жолдауында “Барлық қазақстандықтардың гүлденуiнің, қауiпсiздiгiнің және дамуының басым бағыттарының бiрi — халықтың материалдық және әлеуметтiк өмiр сүру деңгейiн жақсарту” деп атап өтті.  Әлемнің тиімді дамып келе жатқан 50  елінің қатарына енуі үшін мемлекет халықты зейнетақымен қамтамасыз етудің деңгейi мен сапасын жақсарту нәтижесінде Қазақстан азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасауы тиіс. Ол үшін халықтың экономикалық және әлеуметтiк жағдайларының маңызды құраушыларының бірі — Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы қорлары әрі қарай  қарқынды  дамып,  зейнетақы жүйесі бәсекелестікке қабілетті болуы керек. Бұл Қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді.

Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде кешіктіріліп берілетін зейнетақы жойылып, зейнетақы жүйесі оң нәтижелерге ие болуда. Зейнетақы жарнасы қазіргі кезеңде салымшылардың нақты зейнетақысын көбейтуге және ел экономикасын инвестициялауға бағытталған екі қызметті атқаруда.

Аталған жетістіктермен қатар, зейнетақы қайта құрулардың әдістемелік есептеулерде жіберген қателіктер де болды. Атап айтқанда, 1998 жылдан бастап қосылған құн салығы, табыс салығы сияқты салықтар қатарына еніп кеткен біріңғай әлеуметтік салықтың (БӘС) енгізілуінде болып отыр.

Зейнетақымен қамтамасыз етудің бүгінгі күндегі маңызды кемшілігі – жоғары дәрежедегі зейнетақымен қамтудың болмауы. Қазіргі таңда зейнетақы мөлшері халықтың өзекті мәселесіне айналған. Нарыққа сай барынша жоғары болмай отыр және азаматтардың еңбектік салылымы дұрыс ескерілмеген. Бұл ҚР Президентінің жолдауындағы: “Зейнетақының мөлшеріндегі бұрынғы еңбек үлесіне сүйеніп анықталатын табысты шектеу өзгертілсін” деген ойымен де расталды.

Қазіргі кезде ірі құрылтайшылары бар ЖЗҚ қызмет етуде. Мұндай қорлардың сәтті қызмет етуі, құрылтайшылардың жағдайына және салымшыларының санына тікелей байланысты. Яғни, қосымша зейнетақымен қамтамасыз етуге, әзірше, тек ірі кәсіпорындардың, банктердің және өндірістік–қаржы топтарының жұмыскерлері ғана сенуіне болады. Зейнетақы төлемдерін сатып алу қабілеттігі күрт төмендеуімен қатар, мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз етуге қатысу мотивтері де, сақтандыру жарналарын төлеу де төмендеді. Сонымен қатар, келешектегі зейнетақы мөлшері және оны есептеу тәртібі көптеген салымшыларға түсініксіз болып қалуда.

ҚР-ның зейнетақымен қамтамасыз етудегі қайта құру мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз етудегі шеңберінде түпкілікті өзгеріс жасауды қажет етеді. Егер уақытында зейнетақымен қамтамасыз етуде институтционалдық, құрылымдық тұрғыда қажетті шаралар қабылданбаса, зейнетақыны сақтандыру үшін және табыс алу үшін активтерді инвестициялау арқылы болашақ зейнеткерлерді ұзақ уақыттың дивидендтермен  кепілдендірмесе  зейнетақы қайта құруларының барлық нәтижелері уақытша сипатқа ие болады. Осыған байланысты жеткілікті зейнетақымен қамту, яғни Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз етуін әсіресе экономикалық және заңдылық базасын, қаржыландыру жүйесі мен субьектілердің құқықтық қатынас жауапкершіліктерін жетілдіруді қажет етеді. Сондықтан да зерттеу жұмысы тақырыбының таңдалу себебі әлеуметтік-экономикалық дамудағы тұрғындардың әлеуметтік жақсаруына бағытталған зейнетақы жүйесінің даму заңдылықтарын зерттеудің қажеттілігімен негізделеді.

Курстық мақсаты. Осы әдістемелік ұсынымдарды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті Азия даму банкісі кеңесшілерінің толық және тығыз ынтымақтастығымен, «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 15 мамырдағы № 88-ө өкімімен бекітілген ХҚЕС-ке көшу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау үшін, сондай-ақ Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарын (ХҚЕС) қолдану кезінде ұйымдарға тәжірибелік көмек көрсету үшін әзірледі.

Берілген ХҚЕС-ті қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдар ХҚЕС болып табылмайды және Қазақстан Республикасында 26 «Зейнетақы жоспарлары бойынша есеп және есептілік» БЕХС (IAS) (бұдан әрі – БЕХС 26) қолдануда тәжірибелік көмек көрсетуге ғана арналған. Берілген әдістемелік ұсынымдарда ешбір ереже БЕХС 26 теріске шығармайды.

Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесi қызметінің ұйымдастырушылық-экономикалық тетігін жетiлдiру бойынша әдістемелік  нұсқаулар дайындап, ғылыми негiзделген ұсыныстар беру.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

— тұрғындарды  зейнетақымен қамтамасыз етудің әлеуметтiк-экономикалық мәнін нақтылау және теориялық негіздеу ;

— экономикасы дамыған елдердегi зейнетақымен қамтамасыз етудің тәжiрибелеріне ғылыми шолу жасап, отандық зейнетақы жүйесімен салыстыра зерттеу;

— тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етуді реттеудегі мемлекеттің мүмкіндіктерін зерттеу және талдау;

— зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің  тиімділігін арттырудың факторлары мен көрсеткіштерін жүйелендіру;

— зейнетақы  қорларының қызметтерін кеңейтудің қажеттілігін ғылыми негіздеу;

— зейнетақы жүйесін жетілдіру бойынша  ұйымдастырушылық – экономикалық тетіктерін жасау;

— зейнетақы жүйесінің тиімді әрекет етуін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар жасауда экономика-математикалық үлгілерін ұсыну

Курстық жұмыстың негізгі тұстары:

  1.  Берілген әдістемелік ұсынымдар БЕХС 26 сәйкес зейнетақы жоспарлары бойынша есеп жүргізу және есептілік жасау тәртібін түсіндіреді және зейнетақы жоспарлары бойынша есеп пен есептілік жасау және беру кезінде қолданылады;
  2. Берілген әдістемелік ұсынымдар есептіліктің осындай түрін жасайтын ұйымдарда зейнетақы жоспарлары бойынша есептілік үшін қолданылады;
  3. Зейнетақы жоспарлары кей кезде басқаша, мысалы, «зейнетақы схемасы», «еңбек сіңірген жылдар бойынша зейнетақы схемасы» немесе «зейнетақылық қамтамасыз ету схемасы» деп аталады. БЕХС 26 зейнетақы жоспарын есеп беретін объект ретінде, жоспарға қатысушылар жұмыс берушілерден бөлек қарастырады.;
  4. БЕХС 26 барлық қатысушылар үшін тұтастай, топ есебінде зейнетақы жоспары бойынша есеп пен есептілікке қатысты. Оның жоспардың жеке қатысушылары үшін олардың зейнетақы төлемдеріне құқығына қатысты ешқандай қатысы жоқ;
  5. Тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудің әлеуметтік- экономикалық мәнінің ғылыми тұжырымдамасы;
  6. Жинақтаушы зейнетақы қорларының активтерін сақтандыру жүйесін тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етуге енгізу қажеттілігіне тұжырымдама;
  7. Тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бағытында міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын қалыптастырудың әдістемелік негізі;
  8. Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қаражаттарды тиімді пайдалану, қор активтерін сақтандыру және салымшылар санын арттыру мақсатында зейнетақы жүйесін  жетілдірудің экономикалық –математикалық үлгілері мен даму болжамы.

 Курстық жұмыс / 38 бет

Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржы және қаржы жүйесін талдау

Мазмұны

Кіріспе …..4
І. Құндық категория ретіндегі қаржының ұғымы, оның мәні және қажеттіліктері…6
1.1 Ұлттық өндіріс көлемдерін өлшеу…6
1.2 Құндық экономикалық категориялардың өзара іс-қимылы мен өзара байланысы….13
1.3. Қаржылық қатынастардың объектісі ретіндегі қаржы ресурстары мен қорлары…..20
ІІ. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржы және қаржы жүйесін талдау….25
2.1 Қаржының функциялары және рөлі…..25
2.2 Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары….27
Қорытынды…..35
Пайдаланылған әдебиеттер…..37

Кіріспе

        Қаржы бұл – французша қолдағы ақша, кіріс деген ұғымды білдірген. Ал мемлекеттің пайда болып, оның дамуына сәйкес тауар – ақша айырбасының  дамуына байланысты экономикалық өмір сақынасына көтерілген қаржы ұғымы ақша қаражаты қорын және оны пайдалану процесін айқындайтын экономикалық категория болып табылады. Сонан қаржының негізгі мәнісі тауар-ақша қатынастарын білдіруге саяды.

Ақша қоры — мемлекеттің қолындағы үлкен байлығы. Сондықтан да кез-келген мелекеттің ақша жөніндегі кірістері мен қорлардың басты материалдық бүлағы-ішкі жалпы өнім, оның құрамды бөлігі ұлттық табыс болып саналады. Осыдан мемлекет қаржы арқылы өз қолындағы қорларды бөлу, қайта бөлу негізінде өндіріс дамуына, өндіру мен тұтынуға ықпал жасап, бұл саладағы түбегейлі мідеттерді ойдағыдай шешіп отырады. Қаржы осындай ықпалды ерекшеліктерімен өндірістік қатынастар ауқымын анықтайды, базалық категорияға қоян-қолтық қатысты буынға айналады. Материалдық өндірістің үрдіс дамуына байланысты экономикалық категория тұтқасын ұстаған мемлекет қаржыны өз тарапынан реттеп, оның өрісіне кең жол ашып отырады.

Қаржы – ақша қатынастарының ажырағыссыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның ролі мен маңызы экономикалық қатынастарда қандай орын алатындығына байланысты.

Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорларымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды.

Экономикалық категория ретінде қаржының мазмұнын қүрайтын қатынастардың өзгешелігі олардың көрісінің әрқашан ақшалай нысаны болатындығында. Қаржы әр қашан ақша және тек ақша қатынастарын ғана білдіреді. Ақша болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйткені қаржы ақшаға байланысты болатын жалпы нышан. Сөйтіп кез келген ақша катынасы қаржы қатынасы болуы мүмкін емес,ал кез келген қаржы қатынасы ол ақша катынасы болып табылады.Қаржы қатынастары өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар болып табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөліктерінде және шаруашылық жүргізудің түрлі денгейлерінде қоғамдық өнім құнын қайта бөлудің сан алуан процестері жүзеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады.

Қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржының аса маңызды белгілері болып табылады, бірақ  тек қана өзіне тән қасиетері емес, өйткені бұл белгілер бағаға да, еңбекақы төлеуге де, несиеге де ортақ.

Қаржының ерекше белгілер: қорларды қалыптастыру, оларды белгілі бір мақсаттарға жұмсау, директивалық (сөзсіз болатын міндетті төлемдер), тепе-теңдіктің болмауы (қаржыға баламалық тән емес).

Қаржы – бұл қоғамдық өнімді бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын айрықша экономикалық қатынастардың жиынтығы, мұның нәтижесінде ұдайы  өндіріс   қатысушыларының сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін олардың ақшалай табыстары  мен қорлары жасалып пайдаланылады. Басқа сөзбен айтқанда қаржы ол ақшалай қорларды қалыптастырумен, бөлумен және пайдаланумен болатын экономикалық қатынастар.

Қаржының қажеттігі тауар – ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.

 Курстық жұмыс / 35 бет

Коммерциялық банктердің валюталық операциялар

ЖОСПАР

Кіріспе
I — Бөлім. Валюталық операциялардың экономикалық мазмұны
1.1 Коммерциялық банктердің валюталық операцияларды жүргізу тәртібі
1.2 Валюталық операциялардың жіктелуі
II — Бөлім. Коммерциялық банктердің валюталық опе-рациялар бойынша негізгі қызметтері
2.1 Қолма – қол валюталық операциялар
2.2 Конверсиондық операциялар
III – Бөлім. Валюталық бақылау туралы заңнамалар
3.1 Ұлттық Банк тарапынан валюталық бақылау
3.2 Коммерциялық банктегі валюталық бақылау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

  ҚР нарықтық қатынастарының дамуы сыртқы экномикалық дамудың қажеттігін және маңыздылығын анықтыды. Оның ішіне қаржы – валюталық қамтамасыздандыру, валюталық несиені алу, валютаны сатып алу, оның бағалы қағаздарға салынуы, валюталық тәуекелдерден сақтандыру және т.б. қажеттігі мен маңыздылығын жатқызуға болады.

Сыртқы экономикалық қызмет жуйесінде кәсіпорындар нарықтық шаруашылық әдістерімен байланымады. Атап айтсақ әлемдік валюталық нарық құралдарымен: шетел валютасы, валюталық курс, маржа, трансферт, есептік ставка, факторинг, форвард, курстық тәуекелдер және т.б. ҚР территориясында қызмет ететін қазіргі таңдағы валюталық механизм нарықтық экономика принциптеріне негізделген.

Нарықтық экономика сыртқы экономикалық кәсіпорындардың қызметін орындайтын үлкен мүмкіндіктер туғызды. Бұл клиентке валюталық қызмет көрсететін коммерциялық банктер санының көбеюіне әкелді. 1998 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасында 77 екінші деңгейлі банктер тіркелген, оның 41 сыртқы және ішкі валюталық нарықтарда операциялар жүргізуге лицензиясы бар банктер. ҚР Ұлттық Банкінің шетел валютасымен операция жүргізуге лицензиясы бар коммерциялық банктердің пайда болуы валюталық нарықта валюталық бақталастарды құрды және валюталық механизмнің қызмет ету аясын кеңейтті. Айтып кету керек 1992  жылы Қазақстан өзінің жеке ШЕТЕЛ ВАЛЮТАСЫ АУКЦИОНЫН ашты. Ол  1996 жылы  AFINEX болды. Коммерциялық банктердің сыртқы экономикалық  қызметі тауар және қызметтердің экспорт импорт бойынша шетел валютасынмен және ҚР территориясында, шетелдерде   шетел валютасының іске асырылуымен байланысты болды.

Валюталық операцияларды біздің елімізде шетел валютасымен банктік операциялар жүргізуге ҚР Ұлттық банкінен алған лицензиясы бар өкілетті банктер ғана орындай алады. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банк валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүргізеді.

Валюталық реттеу   мемлекеттік халықаралық есеп айырысу және валюталық құндылықтармен байланысты мәміле жасау тәртібін реттеуге бағытталған қызметі. Нормативтік актілермен және халықаралық валюталық келісімдермен реттеледі. Сондай – ақ ұлттық заңдар негізінде елдің аумағында шетел валютасының пайдаланылуын тәртіптеу де валюталық реттеуге жатады.

Валюталық реттеу  нормативтік құқықтық актілерді жасау және бекіту, ақпараттарды жинау, валюталық заңдылықтардың орындалуына бақылау жасау, заңмен көзделген санкцияларды қолдану шараларын білдіреді.

 Курстық жұмыс / 22 бет

АҚ БанкЦентрКредит коммерциялық банкі

МАЗМҰНЫ

Кіріспе……..3
Банктің миссиясы….5
Еңбек құқығы………6
1. Несиелік операцияларды ұйымдастыру және есеп жүргізу…..6
1.1. Тұтыну несиені ұйымдастыру…….6
1.2. Шағын және орта бизнесті несиелеу……..16
1.3. Ішкі несиелік саясат туралы ережелер…..18
2. Банктің кассалық операциялары……..20
3. Салым операцияларды есептеу және ұйымдастыру……22
3.1. Пластикалық карточкалар…….23
Қорытынды……….25
Пайдаланылған әдебиеттер……..26
Қосымшалар

Кіріспе

АҚ “БанкЦентрКредитте” практиканы өту кезінде мен осы банктің тарихымен, ұйымдастыру шараларымен және негізгі бағыттарымен таныстым.

АҚ “БанкЦентрКредит” 1988 жылы 19 қыркүйекте ашылды. 19 жыл ішінде  АҚ “Банк Центр Кредит”  Қазақстанның қаржы нарығында өз қызметтерін табысты өткізуде. АҚ “Банк Центр Кредит” Қазақстанда ең бірінші ашылған жеке коммерциялық банк болып табылады.

Банктің республика бойынша кеңейтілген филиалдар желісі бар, банктің 19 филиалы және 100-ден артық есепті-кассалық бөлімшілері бар.

АҚ “Банк Центр Кредит” Қазақстанда ең бірінші барлық банктік өнімдер мен қызметтерді сатумен айналысатын, клиенттерге жоғары деңгейде қызмет көрсететін, ішкі филиалдық операцияларды өңдейтін және барлық клиенттердің шоттары және барлық мәмілелеріне бақылау жасайтын фронт және бэк офистарды

еңгізді.

Банктің корреспондеттік желісі шамамен 40 шетел банктері, сондықтан да бүкіл әлем бойынша клиенттер өз серіктерімен есеп айырыса алады.

Қазіргі кезде АҚ “Банк Центр Кредит” халықаралық стандарттарға өтуді аяқтаған, республиканың жалпыұлттық банктердің санына кіреді. Банк Қазақстанның нарығында жақсы, табысты дамып, халықаралық қаржылық институттармен өзара қарым-қатынастарын кеңейтуде.

Банктің негізгі клиенттері- орта және шағын бизнес, жеке тұлғалар, ірі ұлттық компаниялар, мемлекеттік ұйымдар.

Банк  өз клиенттеріне жалпы банктік қызметтерді көрсетеді, заңды және жеке тұлғалардан депозиттерді алады, несиемен айналысады, Қазақстан бойынша және шетелге аударымдарды жасайды, құжаттық операцияларды (аккредитив, кепілдік және т.б.) жүзеге асырады. Сонымен қатар Банк клиенттің талабына және қажеттілігіне сай қызметтердің жаңа түрлері дамытуда.

Банк Қазақстанның екінші деңгейлі банктреде жеке тұлғалардың салымдарын кепілтендіру қорының қатысушыларының алғашқысы болып табылады.

АҚ “Банк Центр Кредиттің” акциялары Қазақстанның қор биржасының “А” категориясының ресми тізіміне қосылған.

Осы шарттардың бәрі банктің қаржылық институт ретінде табысты, тұрақты дамып отырғанын көрсетеді.

 Курстық жұмыс / 26 бет

Халықаралық қаржылық ұйымдар

Мазмұны

Кіріспе……3
1. Халықаралық қаржылық ұйымдар түсінігі, мақсаты, міндеті….5
1.1. Халықаралық қаржылық ұйымдардың пайда болу тарихы……..5
1.2. Халықаралық қаржылық ұйымдардың қызметтері мен жіктелуі……7
2. Ислам банктері — халықаралық қаржылық ұйымдар мысалында…….13
2.1. Ислам банктері пайда болу тарихы, қызмет ету принцптеріне талдау…..13
2.2. Ислам банктерінің Қазақстанда жүргізген операциялары……17
2.3. Ислам Конференциясы Ұйымы және Қазақстан……21
3. Ислам банкингі және Қазақстанның даму перспективасы….27
Қорытынды….36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……38
Қосымша

Кіріспе

Қазіргі нарықтық жағдайда әлемдік экономикада халықаралық қаржылық ұйымдар маңызды рөл ойнайды. Олардың қызметтері негізінен әлемшаруашылық байланыстарды нығайтуға және валюта несие қатынастарына қатысушы мемлекеттерді белсендіруге бағытталған. ХҚҰ- халықаралық қаржы жүйесінің ең маңызды элементі немесе кілті деп айтуға болады. Қомақты қаржы ресурстарын ұстай отырып, олар көптеген мемлекеттері мен әлем аймақтарының экономикалық дамуына көзге көрінерлік әсер береді. Қазіргі кезде барлық дерлік мемлекеттер халықаралық экономикалық және валюта қаржылық ұйымдармен байланыс орнатуға қызығушылық білдіруде. Кейбір елдер бұл ұйымдарды өзінің стратегиясын жүзеге асыру делдалдары ретінде, басқалары оларға өздерін донор ретінде қатыстыру үшін, ал үшіншілері — реципиенттер – инвестициялық жобалар және бюджеттік қаржыландырудағы дефицит мәселелерінің шешімін табу мақсатында несиелерді тарту үшін пайдаланады. Төртіншілері, ең жаманы, оларсыз өз бетінше өмір сүре алмайды да, солардың алдында қарыздар болып тұрады. Осы ұйымдардың барлығын бір мақсат ортақтастырады  бірлестіктердің дамуы және біртұтастықты қамтамасыз ету және әлемдік шаруашылықтың  қиын жағдайын тұрақтандыру. Олардың арасында ең негізгі орындарын БҰҰ-ның ұйымдары алады:  Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) және Әлемдік банк тобы — Халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚДБ) және оның үш филиалы  — Халықаралық даму ассоциациясы (ХДА), Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК) және Көпжақты кепілді инвестициялық агенттігі (ККИА), сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдар — Париж және Лондон клубтары. Халықаралық қаржылық ұйымдар халықаралық экономикалық байланыстар жүйесінде маңызды орын ала отырып, Қазақстанның экономикасының дамуына елеулі әсерін тигізуде. Соңғы онжылдықта Қазақстанның халықаралық қаржылық ұйымдармен тікелей мүшелік ету статусы немесе келісімшарт негізінде қатынастары белсене түскедігін аңғаруға болады. Осындай ұйымдарға мүшелік экономикамыздың дамуы мен қайта жаңғыртуын жүзеге асыруға  үлкен мүмкіндік береді. Сонымен қатар, осындай халықаралық қаржылық және несиелік ұйымдарға мүшелік ету арқылы Қазақстан әлемдік бірлестіктермен жинақталған  валюталық, несиелік, қаржы сфераларын реттеудегі  тәжірибені меңгеруі өте маңызды екенін атап өткен жөн. Бұл қарастырып отырған тақырыбымыздың өзекетілігі болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты — Қазақстанның халықаралық қаржылық ұйымдармен байланыстарының мәселелерін талқылап, даму перспективасын анықтау. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау керек:

  • халықаралық қаржылық ұйымдардың классификациясын қарастырып, қызметтерінің мәнін ашу;
  • халықаралық қаржылық ұйымдардың негізгі түрлерін қарастыру;
  • халықаралық қаржылық ұйымдардың Қазақстандағы қызмет ету жағдайын Ислам  банктерімен байланысы мысалында талдау;

Курстық жұмыстың зерттеу пәні — Қазақстанның ірі халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдарымен, соның ішінде Исламдық банктермен   байланысы мен олардың қызметтері және даму  перспективасы.

Курстық жұмыстың объектісі — қазіргі замандағы халықаралық валюталық ұйымдар мен олардың қызметі .

Зерттеудің методологиялық негізі болып, Қазақстан экономисттерінің жұмыстары мен ғалымдардың халықаралық қаржылық ұйымдар туралы еңбектері болып табылады. Тақырыппен жұмыстану барысында шетелдік және отандық әдебиеттер, мерзімді басылымдағы мәліметер, статистикалық ақпарат көздері, интернет желісінен алынған ақпараттар мен нормативті актілер қолданылды.

 Курстық жұмыс / 38 бет