‘Биология, Экология, Медицина’ бөлімінің мұрағаты
Цесна ЖШС қаржылық жағдайын талдау
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 Кәсіпорын экономикасында қаржының мәні мен рөлінің теориялық негіздері
1.1 Қаржының мәні мен рөлі
1.2 Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары
1.3 Шетел мен қазақстандағы кәсіпорын экономикасын айырмашылығы
2 ЖШС “Қазақстан ұның” мысалында кәсіпорын экономикасындағы қаржылық жағдайы
2.1 Кәсіпорының қысқаша мінездемесі
2.2 ЖШС «Қазақстан ұның» технологиялық тізбегі
2.3 ЖШС “Қазақстан Ұны” қазіргі кезіндегі қаржылық жағдайы
3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін арттыру
3.1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
3.2 Кәсіпорынның табыстылығын арттыру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттердің тізімі
Кіріспе
Елімізде өтіп жатқан нарқтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа нақыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сыйып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта — ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігіні, қайта артта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қа-жеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргіз-бей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік -әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік («иесіз») меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, бас-қарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен ал-мастыру — нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өз-геше іс-әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, ма-териалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере ал-майды.
Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорлар-ды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың ша-руашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі кө-бінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.
Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз тандауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістікте-рі басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұ-ғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қа-былдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қа-ражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негіздел-ген үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арт-тыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Курстық жұмыс / 40 бет
Кәсіпорындағы инвестициялық қаржылар
ЖОСПАР
Кіріспе
1-бөлім. Салықтардың экономикалық маңызы
1.1. Салықтардың экономикалық мазмұны
1.2 Салық салу принциптері
1.3. Қазақстан Республикасының салық жүйесі
2-бөлім Кәсіпорын табыстарына салық салуды ұйымдастыру
2.1 Салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттері
2.2 Кәсіпорынның салық төлемдерін талдау
2.3 Салық міндеттемесін орындау, салық кезеңдері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қосымшалар
Кіріспе.
Нарықтық қатынастар әлемнің көптеген мемлекеттерінің, әсіресе дамушы елдерде экономикасына тән. Олардың нарықтық экономикаға өту жолдары және олардың қалыптасуының негізгі жағдайлары барлық жерде бірдей болған емес. Қазіргі заманғы жағдайда ТМД-ның басқа елдеріндегі сияқты Қазақстанда да мезгілде екі күрделі міндетті экономикалық дағдарысты жеңу және нарықтық қатынастарға өту жөніндегі шараларды жүзеге асыруды шешу ситуациясы қалыптасты.
Қазақстанда экономикалық жағынан күшті және дамыған мемлекет құру және оны жаңғырту үшін іс-жүзінде барлық жағдай бар. Республиканың экономикалық потенциалы төмендегідей: Қазақстан 2 миллион 717,3 мың шаршы километір жер аумағын алып жатыр. Бұл дүние жүзіндегі Англия, Франция,Германия, Италия, Испания, Бельгия, Жапония, Финляндия және Люксембург сияқты ірі мемлекеттердің барлығын қосқандағы көлемінің жиынтығына тең келеді. өзінің жер аумағы жағынан Қазақстан дүние жүзінде тоѓызыншы орын алады. Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев жарық көрген “Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы” атты еңбегінде Республиканың материалдық өндірісін жаңғыртудың артықшылығы бар жєне оныњ төмендегідей бағыттары белгіленген:
-рынокты азық түлікпен және халық тұтынатын тауарлармен толтыру;
-құрылыс және құрылыс индустриясының базасын нығайту;
-қара және түсті металлургияның соңғы жетістіктерін құру, экономиканың шикізаттың бағытын өзгерту;
-ғылымға негізделген өндіріс пен машина жасауды дамыту, қорғаныс кәсіпорындарын деверсификациялау және конверсиялары;
-экологиялық таза технологияларды енгізу;
-транспорттың , байланыстың, энергетиканың, туризмнің, мейрамхана жүйелерінің және басқаларының қазіргі заманғы инфрақұрлымдарын қалыптастыру.
Н.Ә.Назарбаев – біз тек осындай ғана міндетті алға қойып отырмыз және оны Қазақстанда шешуге тиіспіз. Міне, осы жерде қоғам алдында көкейтесті мәселе-іскерлікті дамыту мен бизнесмендерді тәрбиелеу мәселесі тұр. Ол өзінің ауқымы жағынан болсын, күрделілігі жағынан болсын, өз уақытысында шешілген ұлттық шығармашылық интелегенцияны қалыптастыру проблемасымен бірде-бір кем түспейді. Бұл үшін нарықтық экономикасы мен бизнесі дамыған, оны дамытудың көне дәстүрлерін сақтаған және тұрғындарының көптеген бөлігі іскер бизнесмен әлеуметтік тобына жататын елдердегі іскерліктің тәжірибесін, практикасын, теориясы мен әдістемесін оқып үйреніп негізінде бизнес бойынша теориялық және практикалық білім керек.
Курстық жұмыс / 34 бет
Өндіріс тиімділігін арттырудағы қаржының негізгі принциптері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 Өндіріс тиімділігін арттырудың теориялық негіздері
1.1 Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және маңызы
1.2 Өндірісті тиімді қамтамасыз етудегі қаржы механизмі
1.3 Шетел тәжірибесіндегі өндірістің тиімділігін арттырудағы қаржылардың ролі
2 Өндіріс тиімділігін арттырудағы қаржының негізгі принциптері
2.1 Өндіріс тиімділігі экономикалық өсу мен қоғамның дамуының негізі
2.2 Өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудағы ынталандыру
2.3 Өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау көрсеткіштері
3 Экономикалық өндiрiстiң өсуі қоғамдық игiлiктердiң қамтамасыз етiлуi
3.1 Инвестиция қаржыны ұтымды пайдаланудың көзі, оның өндіріс дамуына қосар үлесі
3.2 Инновация — өндіріс тиімділігін жоғарылатудың негізі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан нық орын алу жөніндегі стратегиялық міндеттің орындалуы үшін әлемдік экономиканың өсімінен тұрақты түрде асып отыратын экономикалық даму қажет. Еліміздің жоғары деңгейде өзіндік жолы бар мемлекет ретінде танылуы, оның әлеуметтік-экономикалық үстемелеп дамуы, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартудың негізі болып табылады. Бұл үшін қаржылық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтай отырып шаруашылық жүргізудің қолайлы жолдарын туғызу қажет, халықаралық еңбек бөлінісіне, ел экономикасының өсуіне тиімді жағдай орната отырып, белсене қатысу керек.
Экономикалық өсуді жеделдетудің және өндірістің тиімділігін арттырудың басты факторы — жоғары өнімді еңбекке уәждеме жасау, белсенді еңбекке экономикалық ынталандыру. Қазақстанда экономикалық реформаларды жедел жүргізу нәтижесінде өндірістің барлық факторы ырықтандырылды, тиімділікті көтеруге бағытталған ынталандыру уәждемелері де жүргізіліп келеді.
Өндіріс тиімділігін ынталандырудың оңтайлы жүйесін қалыптастыруға, біздіңше, адамды экономикалық түрлендіруден, еңбектің меншіктен, жеке мүдде мен ұжымдық мүдденің алшақтауы кері әсерін тигізді.
Жұмыскерлерді жоғары өнімді еңбекке құлшындыратын уәждемелер мен ынталандырмалардың тиімді жүйесін қалыптастыру, еңбекті жоғары бағалау, жалпы адам факторына байланысты проблемалардың шешілуі мемлекет алдындағы аса маңызды экономикалық және әлеуметтік мәселелердің бірі болуы керек. Өндірістің пәрменділігіне уәждемелер мен ынталандырмалардың тиімді жүйесіне қол жеткізуде мына талаптардың бірінші кезекте орындалуы қажет: бір жағынан, постиндустриалық қоғамның жұмыскерге қоятын міндеттеріне байланысты біліктілік пен кәсібилікке талапты күшейту, ал екінші жағынан, «еңбек» деген ұғымның құнсыздануы және еңбек бағасының төмендету барысын жеңу.
Өндірісті тиімді қамтамасыз етудегі қаржы механизмінің экономикаға және әлеуметтік аяға ықпалы, бір жа¬ғынан, қаржы механизм құрылымының және оның түрлі бөліктері¬нің нақты міңдеттерді шешу¬ге және нақты нәтижеге қол жеткізуге бағытталуы арқы¬лы, екінші жағынан, шаруа¬шылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қарамағында құралатын және қо¬ғамның (мемлекеттің, оның аумақтық құрылымдарының, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, азаматтардың) қажеттерін қанағаттаңдыруға жұмсалатын қаржы қорлары арқылы жүзеге асырылады.
Өндіріс тиімділігін арттырудың объективтік қажеттілігі кеңейтілген ұдайы өндіріс процесінің экономикалық мүддемен тікелей байланыстылығында. Дамудың қозғаушы басым күштерінің бірінен саналатын экономикалық мүдделер, өндіріс тиімділігінің артуына ынталандырудың ғылыми негізделген жүйесін ұтымды қолдану арқылы әсер етеді. Сонымен қатар, экономикалық мүдделер, ынталандыруды қоғамның заңдылықтарымен байланыстырып тұратын орталық буын болып табылады.
Қазiргi заманғы және дамыған ғылыми-инновациялық және өндiрiстiк инфрақұрылымды құру, бiлiктiлiгi жоғары басқарушы, ғылыми, инженерлік, техникалық кадрлар мен жұмысшы кадрларын даярлаудың тиiмдi жүйесiн құру есебiнен инвестициялар, технологиялар трансфертi, ғылыми жетiстiктермен алмасу үшiн Қазақстанның тартымдылық деңгейi жоғарылайды.
Курстық жұмыс / 34 бет
Бағалы қағаздардың портфелін басқару
Жоспар
Кіріспе
1. Бағалы қағаздар рыногы, оның мәні және негізгі белгілері. Бағалы қағаздар түрлері.
2. Бағалы қағаздар эмиссиясы және айналысқа шығарылуы. Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары.
3. Инвестициялық жобаның тиімділігін талдау
4. Пайда- кәсіпорын қызметі тиімділігінің басты шарасы
5. Кәсіпорын пайдасының бөлінуі және пайдаланылуы
6. Кәсіпорын қызметінің пайдалылығы
7. Дивиденттер есептеу және төлеу тәртібі
8. Қоғамның дивиденттер төлеу тәртібі
9. Дивиденттер төлеу өніндегі шектеулер
10. Пысықтауға арналған сұрақтар.
11. Тақырыпқа ұсынылатын әдебиеттер.
12. Семинар сұрақтары.
13. Шығармашылық жұмыстардың тақырыптары.
14. Тақырыпты меңгеруге арналған әдістемелік ұсыныс.
15. Өзі өзі бақылау сұрақтары.
Кіріспе
Бағалы қағаздардың негізі, мазмұны және түрлері. Бағалы қағаз арнайы құжат және шоттардағы жазбалар формасы ретінде. Бағалы қағаздармен операциялар. Бағалы қағаздар рыногы және қаржылық институттар. Бағалы қағаздардың алғашқы рыногы. Бағалы қағаздардың екінші рыногы. Биржалық рынок. Биржадан тыс рынок. Бағалы қағаздарды шығару тәртібі және айналымы. Инвестициялық институт. Бағалы қағаздар бойынша пайда табу жолдары.
Курстық жұмыс / 30 бет
Қаржы тәуекелін басқару
Мазмұны
Кіріспе………….3
1.Қаржы тәуекелін басқару теориясы
1.1. Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері…………..5
1.2. Кәсіпорынның қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістері………10
1.3. Тәуекел менеджментінің мәні мен мазмұны……..15
1.4. Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері……………19
2. «Қазақтелеком» АҚ филиалының қаржылық тәуекелін талдау
2.1.Кәсіпорын қызметін қаржылық талдау………….23
2.2.Кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау……….31
3.Кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін жетілдіру………37
Қорытынды………………..41
Қолданылған әдебиеттер………………42
Қосымшалар
Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайында тәуекел – бұл кәсіпкерліктің маңызды элементі. Тәуекел адамдардың кабылдайтын шешімдерінің дұрыс нәтижелілігіне әсер ететін көптеген шарттар және факторлармен байланысты қызметтердің кез келген түрлеріне тән. Тарихи тәжірибе көзделген нәтижелерге жетпеу тәуекелі тауарлы-ақшалай қатынастар және шаруашылық айналым қатысушыларының бәсекелестігі жалпылылығында көрінетіндігін көрсетеді. Сондықтан капиталдық қатынастардың пайда болуы және дамуымен байланысты тәуекелдің түрлі теориялары пайда болады, ал экономикалық теорияның классиктері шаруашылық қызметтегі тәуекел мәселелерін зерттеуге көп көңіл бөледі.
Тәуекелсіз кәсіпкерлік болмайды. Ең көп табысты жоғары тәуекелді нарықтық операциялар әкеледі. Алайда барлық жерде шек керек. Тәуекел міндетті түрде максималды жіберілетін шекке дейін есептелуі тиіс.
Өз нарықтық қызметте қате жіберуден қорықпау өте маңызды, өйткені олардан ешкім сақтандырылмаған, ең маңыздысы — қателіктерді қайталамау. Менеджер міндеті нарықта тік бұрылыстарды жұмсарту үшін қосымша мүмкіндіктерді алдын ала ескеруге бағытталады. Менеджменттің басты мақсаты, әсіресе Қазақстанның бүгінгі жағдайында, ең қиын жағдайларда табыстың тек аз ғана төмендеуі болуы мүмкін, бірақ банкрот туралы сөз болмауы тиіс. Сондықтан әрқашан тәуекелді басқаруды әрқашан жетілдіруге ерекше назар аударылады, яғни тәуекел-менеджментін жетілдіру.
Нарықтық экономика жағдайында өндірушілер, сатушылар және сатып алушылар бәсекелестік жағдайында өздері, яғни өз үрей және тәуекел жағдайында қызмет етеді. Сондықтан олардың қаржылық болашағы көбінесе аз болжанады. Тәуекел-менеджменті тәуекелді бағалау, бизнесте пайда болатын қаржылық қатынастар және тәуекелді басқару жүйесі болып табылады. Белгілі бір дәрежеде тәуекел жағдайы болуын болжамдауға және тәуекел дәрежесін уақытылы төмендету шараларын қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі тәсілдер қолдана отырып, тәуекелді басқаруға болады.
Тәуекел мөлшеріне және дәрежесіне стратегия және қаржылық менеджмент әдістерімен жүзеге асырылатын қаржылық механизм арқылы нақты әсер етуге болады. Бұл тәуекелді басқарудың өзіндік механизмі тәуекел-менеджменті болып табылады. Тәуекел-менеджментінің негізі тәуекелді анықтау және төмендету бойынша ұйымдастырушылық жұмыстар болып табылады.
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – қаржылық тәуекелдің мәнін толығырақ ашып, нақты кәсіпорын мысалында қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау және оның жетіспеушіліктері мен оны жетілдіру бойынша ұсыныстар беру.
Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде қаржы тәуекелін басқару теориясы, яғни тәуекел түрлері, оны бағалау әдістері, тәуекел-менеджментінің мазмұны, тәуекелді төмендету тәсілдері жазылған.
Екінші бөлімінде нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын мысалы ретінде «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының филиалы алынып, қаржылық жағдайы, қаржылық тәуекелді басқару жүйесі талданады.
Үшінші бөлімінде қаржылық тәуекелді басқару жүйесі жетілдіру туралы сөз болады.
Курстық жұмыс / 44 бет
Қаржылық салымдардың аудиті
Мазмұны
Кіріспе…………….. 3
1 Қаржылық салымдарды аудиттеудің теориялық негіздері…… 5
1.1. Қаржылық инвестициялардың ұғымы және олардың жіктелуі…. 5
1.2. Қаржылық инвестициялардың есебін аудиттеудің маңызы, міндеттері мен ақпараттық көздері….. 10
1.3. Қаржылық инвестицияларды аудиттеуді нормативтік-әдістемелік реттеу 11
2. Кәсіпорын нысанындағы қаржылық инвестицияларды аудиттеуді ұйымдастыру қызметтері…… 14
2.1. Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне сипаттама және есеп саясаты 14
2.2. Кәсіпорын бойынша қаржылық инвестициялардың есебін реттеу тәртібі, жағдайы, қозғалысы……… 19
2.3. Кәсіпорындағы қаржылық инвестициялардың аудиті……. 23
3. Қаржылық инвестицияларды жетілдіру жолдары……. 28
3.1. “Либелла Боттлерс” ЖШС ішкі инвестициялық мүмкіндіктерін пайдаланудағы стратегиясын дайындау…….. 28
3.2. Кәсіпорынға қосымша инвестиция тартудың тетіктерін жақсарту 31
Қорытынды………. 36
Пайдаланылған ақпарат көздері…… 38
Кіріспе
Еліміздің инвестициялық аспектісі ірі салымдары қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қаржылық салымдардың аудиті» болып табылады. Бұл тақырыпты таңдаған себебім, қазіргі кезде ҚР-ның экономикасына инвестицияны жұмылдыру, әсіресе отандық және шетелдік инвесторларды тарту өзекті мәселе болып отыр. Жалпы ҚР-ның экономикасын көтеру үшін белгілі бір бағытта ақша қаражаттарын салуды қажет етеді. Былай делінген: «Қазақстанда ең жоғарғы деңгейдегі осы заманғы клиникалар құру мен оларды басқару үшін шетелдік жетекші компанияларды тарту қажет» .
Қазақстандық бизнес қазірдің өзінде аяғынан нық тұрды, өзінің әлеуметтік жауапкершілігін пайымдай бастады және өз қызметін соған сәйкес құруда. Бұл істе ұлттық компаниялар мен ірі инвесторлар қайырымдылық шараларына, білім, денсаулық сақтау, спорт пен мәдениет жобаларына қаржы бөлу арқылы үлгі көрсетуде…”, деп айтқандай еліміздің экономикасын жандандыру мақсатында құрылатын инвестициялық жобалардың маңызы зор.
Бұл курстық жұмысымда І бөлімінде инвестиция туралы түсінік бере отырып, оның түрлеріне тоқталамын, ал ІІ бөлімінде қаржылық инвестиция есебін көрсете отырып, зерттеу объектісі ретінде “Либелла Боттлерс” ЖШС басты назарға алдым ІІІ бөлімді солкәсіпорынның қаржылық инвестициялық тартымдылығын жетілдіру жолдарына арнадым.
Қаржылық инвестиция – ол акция, облигация және басқа да құнды қағаздар мен банктегі депозиттерге салынған салымдар.
Олар қысқа мерзімді (12 ай ішінде айналымда болатын) және ұзақ мерзімді (12 айдан астам мерзім) болып танылады.
Қаржылық инвистициялардын есебі ХҚЕС сәйкес №32 «Қаржылық құралдар: танылып және ақпарат беру», №39 «Қаржылық құралдар: мойындауы және бағалануы» халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес жүргізіледі.
Қаржылық инвистициялардың ақпараттау барысында бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында 1 және 2 бөлімдерінде 1100-1150, 2000-2040 шоттар қарастырылады.
Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.
Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасына Жолдауында өтпелі кезеңнің қиындығын және XXI ғасырдағы республиканың бет бейнесі айқын көрсетілді. Болашақта Орталық Азиядағы Барыс болу үшін, халықтың әл-ауқатын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономикалық күш-қуатты арттыру керек. Осы мақсатқа байланысты жеті стратегиялық басым бағыттарды жүзеге асырудың бір көзі – шетел инвестициясын пайдалану. Әрине Қазақстанның халықаралық байланыстары осы кезеңде де алдымен жақын көршілеріміз – Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және басқа да ТМД елдерін қамтиды. Бірақ ірі трансұлттық капиталды, ҚХР, Батыс және Шығыс елдері, Мұсылман әлемімен де экономикалық қтынастар ұлғаяды. Мұны біздің республиканың геосаяси, геоэкономикалық, географиялық жағдайлары талап етеді.
«Қазақстан – 2030» стратегиясында Н. Ә. Назарбаев халықаралық қатынастардың мынадай маңызды бағыттары мен факторларын атады: — қуатты сыртқы күштер келешегімізді айқындауға сөзсіз елеулі рөл атқаратын күннен-күнге өсе түскен ауқымдану мен ұлғайып келе жатқан өзара тәуелділік дәуірде өмір сүріп отырмыз; — шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу; — Ұлттық қауіпсіздікке Ресей, ҚХР, Орта Азия, Таяу және Орта шығыс елдерінің, АҚШ, БҰҰ, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік Азия, Еуропа, Ислам даму банктерінің, халықаралық институттардың қолдауларын барынша пайдалану.
Курстық жұмыс / 38 бет
Ұйымның қаржы ресурстары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…….3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ….4-12
1.1 Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдаланудың мәні, түрлері және қағидалары…..13-14
1.2 Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдалану ерекшеліктері….14-15
1.3. Кәсіпорынның қаржы ресурстарының құрамы…..15-16
1.4 Қаржы жүйесінің құрамы……..16-17
1.5 Мемлекеттік қаржылар……….17-18
1.6 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы…..18-20
1.7 Қазақстан Республикасының қаржы қатынастары….20-23
1.8Қаржы жүйесінің қағидаттары……..23-24
ҚОРЫТЫНДЫ…….25-27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…..28
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы: Нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстарын пайдалану ерекшеліктерін талдау мәселесі кәсіпорын үшін әрқашан өзекті мәселе, сондықтан ұсынылып отырған курстық жұмыс тақырыбы осы мәселені зерттеуге арналады және жұмыста қаржы ресурстарын пайдалануды ұйымдастырудың қазіргі іс жүзіндегі барысы жан-жақты ғылыми жолмен зерттелініп, оның ерекшеліктерімен жетіспеу-шіліктері айқындалады..
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2009 жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: «Біз әділ бәсекелестік орта қалыптастыру мен экономикалық ойыншылардың бәріне бірдей жағдай туғызу жөніндегі жұмысты тиянақтауға тиістіміз.»– деп айтқандай, нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйін орнықтылығының негізі оның өзінің қаржы ресурстарын тиімді қалыптас-тыра білуінде және орынды пайдалана білуінде болып табылады. Яғни ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен өткізудің үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатындай етіп өзінің қаржы ресурстарын үйлесімді басқаруды білдіреді. Сондықтанда нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстарын пайдалану ерекшеліктерін талдау мәселесі кәсіпорын үшін әрқашан өзекті мәселе, және ұсынылып отырған курстық жұмыс тақырыбы осы мәселені зерттеуге арналады. Әлемдегі көптеген экономист ғалым-дардың еңбектерінде қаржы тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орыны кең және терең зерттелген. Сонымен бірге тәжірибеде теориялық жағынан қамтылған және Батыс елде-рдің үлкен тәжірибесіне негіз болған ғылыми зерттеулер жарияланып жүр. Осы жоғары келтірілген мәселелер зерттелетін тақырыптың таңдалуына, мақсатына және қарастырылатын мәселелер шеңберіне негіз болып отыр. Әлемдік экономика ғылымының классиктерінің, Ресей және Қазақстандық ғалым-экономистер мен маман-практиктердің еңбектері, қарастырылып отырған мәселеге байланысты әр түрлі нысандағы есептілік мәліметтері қолданылған. Алға қойылған мақсаттарға жету барысында жылдық, тоқсандық есепті-ліктері және жедел ақпараттары, сонымен бірге осы қарастырылып отырған мәселеге тиесілі шеңберіндегі арнайы материалдарға, жалпы экономикалық әдебиеттерге жүгініп негізделінген.
Курстық жұмыс / 28 бет