‘Бухгалтерлік есеп және аудит, бюджеттік есеп’ бөлімінің мұрағаты
Бухгалтерлік есеп принциптері
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы “Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес” – деген болса, оның әріптесі Р. А. Фаулки “Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы” – деп атаған. Толығырақ »
Ішкі аудиттер
ҚР СТ ИСО 19011 стандартына сәйкес аудит (тексеріс) — аудит (тексеріс) куәлігін алудың жүйелі, тәуелсіз және құжатталған үрдісі және аудиттің (тексерістің) сәйкестендірілген критерийлерін орындау дәрежесін белгілеу мақсатымен оларды объективті бағалау.
Кейде бірінші жақтың аудиті (тексерісі) деп аталатын ішкі аудиттер (тексерістер) көбінесе ішкі мақсаттары үшін ұйымның өзімен немесе сол ұйымның атынан орындалады. Толығырақ »
Халықаралық аудит стандарттарының сипаттамасы
Халықаралық деңгейдегі кәсіби талаптарды әзірлеумен бірнеше ұйым айналысады, оның ішінде 115 елдің 158 ұйымының өкілдерін қамтитын Халықаралық бухгалтерлер федерециясы бар.
ХБФ аясында аудиорлық стандарттармен тұрақты дербес ұйымның құқығымен әрекет ететін Аудиторлық іс тәжірибе бойынша халықаралық комитет тікелей айналысады. ХАС жалпы әлемдік деңгейден аудиттік деңгейі төмен елдердің бұл саладағы кәсібилігін дамытуға және халықаралық ауқымда аудиттің тәсілдерімен сәйкестендіруге ықпал етеді. ХБФ өткізілетін тәуелсіз аудиттің кез келген жағдайында қолдануға келседе, ол жергілікті жерде қолданылатын аудиттен асып кете алмайды, яғыни одан басым түспейді. Толығырақ »
Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары
Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары өзара байланысты төрт тізбекті бөлімнен тұрады:
- Негізгі постулаттары.
- Жалпы стандарттары.
- Жұмыс стандарттары.
- Есеп беру стандарттары. Толығырақ »
Аудиттің постулаттары, стандарттары және нормалары
Аудиттің көктейтесті мәселелерінің бірі – оның пастулаттарын зерделеу болып табылады. Кең мағынадағы постулат бұл басқаша дәлелденбейінше, жоққа шығарылмайынша ақиқат ретінде қабылданатын аксиомалық ережелер.
Постулаттар ғылым және ғылыми тәртіп жүйесінің негізінде жатады. Олар кез келген ғылыми теорияның дамуы үшін одан кейінгі логикалық құрылымды жасау базасына керекті бастапқы алғышарт пен болжаулар болып табылады. Іргелі постулаттарды негізге алаотырып, ең күрделі мәселелерді түсінуге болады. Толығырақ »
Аудиттің компоненттері, принциптері және концепциялары
Аудит теориясы мына негізгі элементтерден тұрады: компоненттер, принциптер, концепциялар, постулаттар, стандарттар және нормалар.
Аудит компоненттері: бірінші компонент- бұл экономикалық обьект. Аудиторлық қызметті жүргізудің өндірістік жағдай мен ақпаратгізудің қажетті шарты оның аясы туралы айқын түсінік болып табылады. Ол белгілі бір уақыт аралығында, компанияның жылдық есеп беруіне аудит жүргізгенде немесе ішкі аудитте, сондайақ экономикалық обьект болып табылмайтын ақпараттық жүйедегі аудитте нақты шаруашылық жүргізші субьектілердің параметрлерімен анықталды. Толығырақ »
Аудиттің мәні мен маңызы
Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы шаруашлық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынытын аудиторлық фирмалардыңкәсіпкерлік қызметі болып табылуында. Толығырақ »
Тауарлар және оларды өткізудің аудиті
Таурлар және оларды өткізуін аудитінің басты міндеті — оларды есептеудің дұрыс жүргізілуі, олардың сақталу орындарындағы бар болуы мен қозғалысы туралы нақты мәліметтер алу, сақталуын қамтамасыз ету және қабылданған нормативтерге сай болуын қамтамасыз ету болып табылады. Толығырақ »
Материалдық қорларды түгендеу
Қазақстан Республикамызда осы күнгі қолданылып жүрген ереже бойынша кәсіпорындар жылына кем дегенде бір рет өздерінің менщігіндегі материалдық қорларына түгендеу жұмысын жүргізуі керек. Түгендеу жұмысы міндетті түрде мынадай жағдайда жүргізіледі:
— жылдық есеп беру алдында маусыммен жұмыс істейтін қайта өндіруші ұйымдар, сондай-ақ дайындаушы және басқа да ұйымдар материалдар мен шикізатқа олардың қалдығының азайған кезінде түгендеу жұмысын жүргізе алады; Толығырақ »
Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізі
Ол мынандай аспектілерден тұрады:
- Қаржылық есеп берудің мақсаттары – пайдаланушыларға қаржылық жағдай, субъектінің қызмет нәтижелері мен қаржылық жағдай, субъектінің қызмет нәтижелері мен қаржылық жағдайындағы өзгерістер жайлы ақпарат ұсыну болып табылады. Дегенмен қаржылық есеп беру экономикалық шешім қабылдау үшін пайдаланушыға қажетті барлық ақпаратты өзіне енгізе алмайды, өйткені есеп негізінде өткен оқиғаларды бейнелейді. Толығырақ »