Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Бухгалтерлік есеп және аудит, бюджеттік есеп’ бөлімінің мұрағаты

Кәсіпорынның қаржы ресурстары

Кәсіпорынның қаржы ресурстары туралы қазақша реферат

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы – біртұтас қаржы жұйесінің құрамдас бөлігі. Елдегі  ақша қатынастарының маңызды саласын, атап айтқанда,  материалдық өндірістің  ақша қатынастарын  қамтитындықтан, олар  қаржының негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады. өйткені нақ сонда жиынтық  қоғамдық   өнім, ұлттық табыс және ұлттық байлық жасалады. Бұлар – халықтың қажеттері, өндірістік емес салалардың материалдық  шығындары, ұлғаймалы  ұдайы өндіріс процесі қамтамасыз етілетін бірден  бір көздер. Толығырақ »

Ақпараттар қозғалысы түсінігі

 Ақпараттар қозғалысы түсінігі туралы қазақша реферат

Ақпарат термині латынның “information” деген сөзінен шыққан, яғни қазақша баламасы “ түсініктеме, баяндама ”. Ақпарат істің жай-күйі және біреудің іс-әзекеті туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандайда бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны. Ақпарат дегеніміз, оны алушы кісіге дейінқабылдау механизмінің қабылданды-түсінікті-бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе.
Мұндай анықтама ақрпаратты үш деңгейде қарауға мүмкіндік береді: синтаксистік, сематикалық және прогматикалық. Толығырақ »

Кәсіпорынның экономикалық ресурстары

 Кәсіпорынның экономикалық ресурстары туралы қазақша реферат

Кәсіпорын өзінің іс-әрекетін жүзеге асыру үшін нақты жинақталған экономикалық ресурстары немесе өндіріс факторлары болуы қажет. Экономикалық ресурстар дегеніміз – тауарларды өндіру және қызмет көрсету үшін пайдаланылатын барлық табиғи, адамдар және адамдарды  өндіретін ресурстары. Түрліше барлық ресурстарды  түрлі көзқарастарда  сәйкес топтастыруға болады.
1. Материалдық ресурстар – жер немесе шикізат материалдары және капитал
2. Адам ресурстары – еңбек және кәсіпкерлік қызмет. Толығырақ »

Аудиттің мәні, қажеттілігі және зерделеу аспектілері

Аудиттің мәні, қажеттілігі және зерделеу аспектілері туралы қазақша реферат

  Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы комитеті бухгалтерлік есептің негізгі тұжырымдамасы бойынша (ААА) аудитке мынадай анықтама берді: «Аудит – бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге (критерийге) сәйкестігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелердің ұсынатын процесі».

Классикалық ұғымда аудит – кәсіпорында жұмыс істейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау. Толығырақ »

Аудит ұғымы және оның даму кезеңдері

Аудит ұғымы және оның даму кезеңдері туралы қазақша реферат

  Аудит термині осыдан екі мың жыл бұрын «audio» деген латын сөзінен шыққан, аудармадағы мағынасы «ол естиді» немесе «естуші» дегенді білдіреді.

Рухани оқу орындарында озат оқушыны аудитор (тыңдаушы) деп атаған. Оған оқытушы басқа оқытушылардың сабақта өткен материалды қалай меңгергенін, тапсырманы қалай орындағанын, яғни оқу үлгерімдерін тексеріп отыруды сеніп тапсыратын болған. Еуропаның көптеген елдеріндегі мемлекеттік басқару мен шаруашылық қызмет салаларында лауазымды тұлғалардың ауызша есеп беруін тыңдаушы қызметкерді аудитор деп атаған. Есеп берудің бастапқы ауызша түрін көптеген адамдардың сауатсыз болуына байланысты қолданылған, сөйтсе де орта ғасырдағы адамдар есеп берудің ауызша түрі жазбашадан да жақсы болады деп есептеген. Олардың ойынша кез келген құжатты қолдан оңай түзей салуға болады, ал бақылаушы-аудитордың көзіне тура, тіке қарап тұрып өтірік айту мүмкін емес немесе өте қиын, деп санаған. Толығырақ »

Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы

Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы туралы қазақша реферат

  Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан – 2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында XX ғасырдың 90-ыншы жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептері ашылып, оны жеңудің жолдары айтылған. Радикалдық саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру, КСРО-ның құлау және қазақстандық экономиканың әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырды. Толығырақ »

Ілеспе қызметтер бойынша келісімдер

Ілеспе қызметтер бойынша келісімдер туралы қазақша реферат

Қаражылық ақпаратқа қатысты келісілген шараларды орындау бойынша келісімдер

Кіріспе:

  1. Осы өзара байлаысты қызмет көрсету бойынша халықаралық стандарттың мақсаты – қаржылық ақпаратқа қатысты келісілген шараларды орындау бойынша келісімнің стандарттарын белгілеу және ол орындалған жағдайда оның талаптарын орындаған кездегі аудитордың кәсіби жауапкершілігіне қатысты, сондай-ақ қаржылық ақпаратқа қатысты келісілген шараларды орынду бойынша келісімдерге байланысты аудиторға жария ететін есептердің нысаны мен мазмұнына қатысты нұсқаулық беру.
  2. Халықаралық аудиторлық стандарт қаржылық ақпаратқа қатысты келісімді орындауға бағытталған. Дегенмен, ол егер аудитордың осы мәселе бойынша жеткілікті білімі және нақты қорытындылар негізделетін саналы өлшемдер бар болса, қаржылық емес ақпаратқа қатысты келісім үшін пайдалы нұсқаулық бола алады. Толығырақ »

Ілеспе қызметтердің мәні және қысқаша сипаттамасы

Ілеспе қызметтердің мәні және қысқаша сипаттамасы туралы қазақша реферат

Аудит стандарттары дегеніміз – аудитке қойылатын бірегей талаптарды және аудит өткізу тәртібін анықтаушы принциптерді белгілейтін нормативтік құжаттар.

Аудит жұмысын жүргізу үшін заңдар мен стандарттардың деңгейін анықтау қажет:

Бірінші деңгейде, аудит болып табылса, одан кейінгі деңгей ілеспе қызметтер. Ілеспе қызметтерге жататындар: шолу, келісілген реттеуші-тәртіп, құрастырма. Аудитордың қызметіндемаудитті қамтамасыз ететін сенімділіктің салыстырмалы деңгейі жоғары болып есептелінеді. Бірақ та абсолютті деңгейде емес. Шолу кезінде сенімділіктің орташа деңгейі  есептеледі. Толығырақ »

Аудиторлық қызметтерге сипаттама

Аудиторлық қызметтерге сипаттама туралы қазақша реферат

Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық процесіне қатысушылардың қызметінде маңызды рөл атқарады. Ол анық ақпаратпен қамтамасыз етеді, серіктестер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді., оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу менр кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді, сондай-ақ қаржылық жағжайды тұрақтандыруға, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Классикалық ұғымда аудит – кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау. Толығырақ »

Аудиторлық қызметті ұйымдастыру

Аудиторлық қызметті ұйымдастыру туралы қазақша реферат

Аудиттік қызметтерді жүзеге асырумен байланысты құқықтық және этикалық нормалардың өзара қарым-қатынасын мемлекеттік және кәсіби тәуелсіз қаржылық бақылау органдары әзірлейді. Біздің елімізде аудитті нормативті-құқықтық реттеудің мемлекеттік жүйесі құрылған. Тәуелсіз қаржылық бақылау ұйымының заңды базасының негізгі элементтеріне кіретіндер: Толығырақ »