‘Экономика, макроэкономика, микроэкономика’ бөлімінің мұрағаты
ААҚ «ТҰК Казхром» құрылуы және органдары, қызметі, мақсаты, мүлігі және капиталы
ААҚ «ТҰК Казхром» 1995 жылы құрылды. ААҚ «ТҰК Казхром» құрамына: 1968 жылдың 18 қаңтарынан жұмыс жасайтын (феррохром, ферроселиция, ферросиликохром, ферроселикомарганец, ферромарганец өнеркәсібі), «Ақсу ферробалқыту заводы», АҚ «Феррохром» (ферросилихром, жоғары, орта-төмен көміртекті феррохром өндірісі) және ААҚ «Донской ГОК» (алдыңғы екі өнеркәсіп үшін хром рудаларын игереді және өңдейді) өнеркәсіптері кіреді. Толығырақ »
Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, оның төлем қабілеттілігі өндіріске салынған активтердің айналымдылық деңгейінен тәуелді болады. Айналымдылық көрсеткіштері қаншалықты жоғары болса, соншалықты өндіріске салынған активтер нақты ақша қаражаттарына жылдам айналады, яғни кәсіпорын өзінің қарыздық міндеттемелерін уақытылы орындай алады. Толығырақ »
Кәсіпорынның айналым капиталын және қорларын пайдалану мөлшері және тиімділігінің көрсеткіштері
Кәсіпорынның айналым капиталы құрылымын білу өте маңызды, өйткені ол белгілі бір мөлшерде, сол уақыттағы немесе басқа уақыттағы кәсіпорын жұмысының қаржылық жағдайын көрсетеді. Мысалы, дебиторлық қарыздың шектен тыс өсуі, қоймадағы дайын өнімнің, аяқталмаған өндірістің өсуі кәсіпорынның қаржылық жағдайының төмендеуін көрсетеді. Дебиторлық қарыз айналымнан құралдарды алып, оны өз айналымында қарыз дебиторлар қолданады. Аяқталмаған өндіріс көлемінің, қоймадағы дайын өнім көлемінің ұлғаюы айналымнан құралдардың алынғанын, сату көлемінің төмендегенін көрсетеді. Толығырақ »
Кәсіпорынның айналым капиталының мәні, құрамы, құрылымы
Үздіксіз өндірістік үдерісті қамтамасыз ету үшін негізгі өндірістік қорлармен қатар оған заттармен материалдық ресурстар қажет. Еңбек заттары еңбек құралдарымен бірге үдерісіне қатысып, олардың құны өндірілетін өнімнің материялдық негізін жасап, өнімнің өзіндік құнын құрайды. Толығырақ »
Қазақстанның әлемдік бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына ену қажеттілігі
Қазақстанның әлемдік бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына ену қажеттілігі отандық кәсіпорын өнімінің бәсекелес ұстанымын арттыру міндетін қойып отыр. Нарықтық экономика қатаң бәсекелестікпен сипатталады. Нарықтың экономикада өндіріс пен мемлекеттің жалпы ахуалын өркендетудің негізгі бастауларының бірі ─ өндірілетін өнімдердің бәсекелік қабілетін арттыру екендігі белгілі. Бұл тарапта, басты назар нарық тұтынушыларының талғамдарын қанағаттандырытын, өзгермелі сұраныс пен ақыл-ой жетістіктерінің нәтижелерін ескере отырып, өндірушінің мүмкіндіктеріне сай тұтынушылық сипаты жоғары өнім өндіруге жұмылдырылуы керек. Толығырақ »
«ФудМастер» ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
Сүт саласы өнеркәсіптің ірі салаларының бірі және оның үлесіне жалпы ұлттық табыстың 20% көбі келеді. Бұрынғы КСРО-ның барлық мемлекеттерінен Қазақстан сүт табынының мал басы саны бойынша алдыңғы орындардың бірін алады. Республика мал басынан да, сүт өңдеу көлемінен де Ресей, Белоруссия, Украинадан кейін тұрақты 4 орында [3]. Толығырақ »
Бәсекелік ұстанымды жоғарылату стратегиясы
Бәсекелік саясатта тауарға қатысты, ең алдымен, оның функционалдық тағайындалуын, сенімділік, қолдануындағы ыңғайлылық, сыртқы келбетің эстетикалығы және басқа сипаттамалары, яғни берілген тауардың үлгі тауарларға қарағандағы тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктері назарға алынады. Берілген тауардың жиынтық қасиеттерін қосатын тауардың мұндай тұтынушылық құндылықтарын қалыптастыру нарықта өмір сүріп қалудың маңызды шарты болып табылады. өндіруші бәсекеге қабілетті тауарды өндіргенде әртүрлі стратегияны қолданылады: Толығырақ »
«ФудМастер» ЖШС өнімінің бәсекелік ұстанымын бағалау
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру тетіктері сол өнімнің нақты нарықтағы тұтынушылардың талғамдарына сәйкестік деңгейімен айқындалады. Бұл шарт өнімнің бәсекеге қабілет деңгейін анықтауды қажет етеді.
Курстық жұмысымның талдауына негіз болып отырған сүт өнімдері тамақ өнімдеріне жатады, ол адам өмірінің қауіпсіздігімен тікелей байланысты. Сондықтан да, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау, ең алдымен оның сапалық құрамына тәуелді (өңделу деңгейі, дәмі, түсі,иісі, майлылығы, сақталу мерзімі және т.б.). Толығырақ »
«ФудМастер» ЖШС-тің өндірістік-шаруашылық қызметін талдау
«ФудМастер» компаниясының тарихы 1995 жылдан бастау алады. Дәл сол кезде жас кәсіпкерлерді «неліктен сүт өніміне сондай бай Қазақстан өңірінде йогурт атаулы керемет өнім жайлы білмейді?» деген ой мазалады. Дәл сол кезде «ФудМастер» Есік қаласындағы сүт зауытының цехын жалға алып, өте дәмді, үлкен стакандарға салынған «Crystal Lake» йогуртын өндіре бастады. Йогурт өнімінің нарықта сәттілікпен өткенін байқаған кәсіпкерлер, ендігі кезекте бүкіл «сүт саласын» игеруге батыл бел буды. «ФудМастер» компаниясы қазақстандық нарықта алдыңғы қатарлы орынды алуды көздеді 4 сурет. Толығырақ »
Өнімнің бәсекелік қабілеттілігіне әсер ететін факторлар
Бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын барлық факторларды мына топтарға бөліп көрсетуге болады:
- Өнім және қызмет сапасы;
- Өнім және қызмет бағасы;
- Персоналдың квалификациялық деңгейі;
- Өндірістің технологиялық деңгейі;
- Қаржыландыру көздерінің қол жетерлігі;
- Нарықтың қаныққандығы, сұраныс және ұсыныс. Толығырақ »