‘Экономика, макроэкономика, микроэкономика’ бөлімінің мұрағаты
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру жолдарын толық жетілдіру
Сақтандыру бойынша қызмет көрсететін сақтандырушылардың алған мамандықтарына байланысты бұзықтық жасау мүмкін. Сақтандырушылар жағынан мұны алынған даму тәуекелдіктерінен өтірік құжаттарды ұсыну және сақтандыру жағдайлары туралы толық емес ақпарат беру. Толығырақ »
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының дамуын талдау
Қазақстанда сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары мен сақтандыру делдалдарының қызметіне бақылауды мемлекеттік уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкілік және сақтандыруды қадағалау департаменті жүзеге асырады.
Бұл үдерістердің алуан түрлігі басқару мен реттеу арасындағы ортақтық пен айырмашылықты анықтауды талап етеді. Олар ортақтығы бірдей жүйеде қызмет атқарады: реттеу мен басқару көмегімен жүйенің тұрақтануы қамтамасыз етіледі, серпінділік тепетендікке қол жеткізіледі, бағдарламалық мақсаттар іске асырылады. Алайда басқарудың реттеуге қарағанда өрісі кең, өйткені соңғысы біріншінің негізгі атқарымдық қатарына жатады. Толығырақ »
Қазақстанда сақтандыру нарығының қалыптасуы
Марк Твеннен бақытсыздықты болжайтын балгерлерден қорқасыз ба деп сұрағанда, жазушы «өзіне сенімді екенін, өзінің өмірі сақтандырылғанын, әрі сақтандыру компаниялары маған . . . өлуге жол бермейді» деп жауап береді.
Бұл әрине, ұлы адамның әзілі. Бірақ та шындығында, қаржы нарығында заңды және жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау бойынша азаматтық құқықтық қатынастар жүйесіне, олардың өмірі мен денсаулығына, ақша қорланымдарына жай ғана емес, аса стратегиялық рөл беріледі. Қазақстан дербестік алғаннан кейін бұл маңызды сегментті ақша қаржы кеңістігінде реформалауы табиғи нәрсе. Толығырақ »
Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні. Сақтандыру нарығының қызметтері
Сақтандыру — қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне қатегорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп — бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әлауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады. Толығырақ »
Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясат
Қазақстан Республикасының қолданып жүрген заңнамасына сәйкес, жұмыспен қамту деген – жеке басының жеке қоғамның мұқтаждығын қанағаттандыратын заңнамаға қарсы келмейтін және табвс пен еңбекақы алып келетін азаматтардың қызметі.
Жұмыспен қамту саясатының белсенді түрі (еңбек нарығында) – мемлекеттің жұмыссыздық деңгейін төмендетуге көзделген құқық, ұйымдық және экономикалық шаралардың жиынтығы. Толығырақ »
Еңбек нарығының экономикалық қатынастар жүйесіндегі рөлі
Қазақстан Республикасы дамуының қазіргі сатысы экономика мен қоғамды өзгерту өте күрделі мәселелер пайда болумен сипатталады.
Елде нарық қатынастарын дамытуға бейімдейтін стратегиялық бағыт басқару жүйесін жетілдіру талап етеді. Басқару жүйесінде маңызды ресурстың бірі болып адам факторы табылады. Әсіресе мемлекетте еңбек ресурстарын басқару мәселесінің маңызы зор. Өндірістік демократия тікелей басқару технологияларына әсер етеді. Қазірде әлемнің көптеген елдерінде өндірісте, ұйымда демократияның әр формалары кездеседі. Оларға: өндірістік кеңестер, кәсіби ұйымдар, тарифтік келісімдер, кәсіподақтар және т.б. жатады. Осы өндірістік демократия ұйымдармен қарым-қатынасты түзеу басқару қызметінің маңызды бағыты болып саналады. Толығырақ »
Инновациялық инфрақұрылым элементтері
Инжинирингтік ұйымдар – бір жағынан ғылыми зерттеулер мен жасалымдарды, және екінші жағынан жаңалық енгізу мен өндірісті байланыстыратын элементі.
Инжинирингтік қызмет өнеркәсіптік меншік объектілерін жасау, жобалау бойынша қызмет, машина өндірісі мен эксплуатациясы, өндірістік процестерді ұйымдастырумен байланысты. Толығырақ »
Инновациялық инфрақұрылым мәні
Инновациялық инфрақұрылым дамуының негізгі мақсаты отандық, шетелдік потенциал мен технологияны қолдану негізінде өнімнің бәсеке қабілеттігін қамтамасыз ететін ашық инновациялық жүйені құру. Ұлттық инновациялық жүйенің дамуы 2 негізгі бағытты қарастырады – Инновациялық инфрақұрылымның жасалуы мен дамуы және инновациялық қызмет субъектілерінің арасында қатынастардың тиімді жүйесін құру. Толығырақ »
Технологиялар трансферті
Технологияларды тарату әр түрлі формада, түрлі тәсілдермен және әр түрлі каналдар бойынша жүргізілуі мүмкін. Ол коммерциялық және коммерциялық емес негізде таратылуы мүмкін. Ішкі ұйымдық, ішкі мемлекеттік және әлемдік болуы мүмкін. Коммерциялық емес негізде технологияларды тарату формалары: арнайы әдебиет, мәліметтердің компьютерлік базалары, патенттер, анықтамалар; конференциялар, көрмелер, симпозиумдар, семинарлар; оқыту, стажировка, тәжірибе; паритет негізіндегі қиылысқан лицензиялау; ғалымдар мен мамандардың ғылыми құрылымнан коммерциялық құрылымға миграциясы және керісінше. Толығырақ »
Инновациялық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу
1992 ж. «ҚР-ның ғылым және мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат туралы» заңы қабылданды. Заңға сәйкес осы саладағы республиканың мемлекеттік саясатының негізі болып мемлекеттің ғылыми-техникалық потенциалының дамуымен материалды өндірістің жандануы, ғылым мен техниканың басты бағыттарын қолдау табылады. Бүгінгі күнге дейін бұл заң өз күшін жойды.
1992 ж. 4 маусымда жеке кәсіпкерліктің дамуына негіз болған «Жеке кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау туралы» заң қабылданды. Толығырақ »