‘География, Геология, Геодезия’ бөлімінің мұрағаты
Картаның мазмұны және шартты белгілері
Картаның мазмұны және шартты белгілері туралы қазақша реферат
Шартты белгілер. Карта масштабында көрсетуге келмейтін географиялық объектілер масштабтан тыс белгілер әдісімен бейнеленеді. Мысалы, ондай белгілермен заводтар, фабрикалар, диірмендер, электр станциялар, елді мекендер мен олардағы тұрғындардың саны, темір жол станциялары, порттар, пайдалы қазбалардың кен орындары, аэродромдар, ескерткіштер т. с. с. белгіленеді. Көбінесе олар ортасы объект орналасқан пунктке сәйкес келетін қарапайым суреттер немесе геометриялық фигуралар (шеңбер, квадрат, тік бұрыш, т. б.) түрінде болады. Кейде белгінің суреті бейнелейтін заттың пішініне ұқсас болады. Шартты белгінің мөлшері картада бейнеленетін объектінің мөлшерін немесе мәнін (маңызын) сипаттайды. Мысалы, СССР-дің, одақтас және автономиялы республикалардың астаналары үшін мөлшері әр түрлі жұлдызшалар мен дөңгелекшелер қолданылады.Аудандары мен ұзындықтарын картаның масштабында бейнелеуге болатын объектілерді белгілеу үшін де шартты белгілер қолданылады. Масштабтан тыс белгілерден ерекше оларды аудандық және сызықты белгілер деп атайды. Толығырақ »
Карталардың ерекшеліктері
Карталардың ерекшеліктері туралы қазақша реферат
1.Сонымен, топографиялық карталардың барлық табақ беттерінің трапеция түрінде рамкасы болады.Рамканың жоғарғы (солтүстік) және төменгі (оңтүстік) қабырғалары параллельдер, ал қапталдары (батыс және шығыс)— меридиандар болып табылады. Осы меридиандар мен параллельдердің градус есебімен алынған географиялық координаталары картаның бұрыштарында көрсетілген. Топографиялық картада бейнеленген кез келген пункттің немесе объектінің ендігі мен бойлығын анықтауға ыңғайлы болу үшін оның рамкасы бір минутқа (1′) тең кесінділерге бөлінген, ал әрбір минуттық кесіндіде нүктелермен он секундқа (10″) тең бөлімдер белгіленген. Сонымен бірге бүкіл топографиялық картаны бастырып тік бұрышты координаталар торын құрайтын вертикаль және горизонталь сызықтар жүргізілген (қосымшадағы немесе атластағы топографиялық картадан географиялық тор мен тік бұрышты координаталар торының элементтерін табыңдар). Толығырақ »
Қазіргі су объектілерінің Еуразия құрылығында таралуы
Қазіргі су объектілерінің Еуразия құрылығында таралуы туралы қазақша реферат
Материктердің беткі және жерасты сулардың таралуы, рельеф құрылысы мен климаттың контрастілер едәуір айырмашылықтарымен байланысты.
Еуразияның беткі сулары Атлант, Солтүстік Мұзды, Тыңық, Үнді мұхиттар бассейініне жатады. Материктің перефериялық бөліктері, әсіресе батыс, шығыс, оңтүстік – шығыс үлкен су торабын құрайды және оған ірі өзен жүйелері кіреді.
Ішкі және оңтүстік – батыс аудандарда беткі сулары жоқ және мұхитқа шығатын жол жоқ. Ішкі ағындар территориларына (Каспий теңізінің бассейінін қоса) 30 %- і Еуразияның жалпы көлеміне тиеді. Толығырақ »
Еуразия материгінің жер бедерінің ерекшеліктері және су объектілердің таралуына әсер етуі
Еуразия материгінің жер бедерінің ерекшеліктері және су объектілердің таралуына әсер етуі туралы қазақша реферат
Еуразия материгінің қалыптасу тарихы табиғат және оның компоненттерінде айқын көрінеді. Еуразияға жер шарында әйгілі тектоникалық құрлымдар және жер бедерінің барлық типтері тән. Ұлы құрлық Еуропа және Сібір платформаларынан тұрады. Басында тұтас Қытай платформасы 2 учаскіге бөлініп, Қытай – Корей және Оңтүстік Корей субплатформалар түзілді. Соңғысы көп қозғалыста болды және тау түзілу үрдісіне ұшырады. Аравия және Үндістан платформалары Еуразияның басқа бөліктерінен қарағанда, бүкіл геологиялық уақытта қалыптасып, кейін материкке қосылған болатын. Толығырақ »
Топырақ жамылғысы, өсімдіктер және жануарлар әлемі
Топырақ жамылғысы, өсімдіктер және жануарлар әлемі туралы қазақша реферат
Арктикалық белдеудің қиыр солтүстігіндегі аралдарды арктикалық шөл зонасы алып жатыр. Жазы өте суық және қысқа. Аралдарды түгелдей дерлік мұз жауып жатыр. Мұздан бос жерлерде мүк, қына, балырлар өседі, топырақ қалыптасып жетілмеген. Жануарлардан ақ аю мен ақ түлкі кездеседі, жағалаулары жазда құс базарына айналады. Соңғы кезде ақ аю саны азаюда. Мұнда бұталы өсімдіктер жерге төселіп өседі. Жануарлардан бұлан, қоңыр аю, қоян сияқты орман жануарлары мен саңырау құрды кездестіруге болады. Исландияда мұз басу дәуірінен бері сақталған қойөгіз тіршілік етеді. Толығырақ »
Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер, беткі және ішкі сулары
Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер, беткі және ішкі сулары туралы қазақша реферат
Еуразия жағалауларын дүние жүзіндегі төрт мұхиттың сулары шайып жатыр. Олар материк жағалауларын түрліше тілімдеп, өте көп жағалық теңіздер мен шығанақтарды, бұғаздар жүйесін құрайды. Материктің әсіресе батысы мен шығысы күшті тілімделген. Материктің батысы мен оңтүстік – батыс жағалауын шайып жатқан Атлант мұхиты мен оның теңіздерінің материк табиғатына тигізетін әсері мол. Гольфстримның жалғасы болып табылатын Солтүстік Атлант жылы ағысының тропикалық белдеулерден алып келген жылы сулары әсерінен Еуропаның солтүстік – батынысындағы мұхит сулары қыста қатпайды. Тұрақты соғатын батыс желдері Атлант мұхиты үстінде қалыптасатын жылы әрі ылғалды ауа массаларын Еуропа жағалауларын әкеледі. Атлант мұхитының ең таяз бөлігі Балтық және Солтүстік теңіздері мен Британ аралдарының жағалауларында орналасқан. Мұхиттың ең таяз жері – Солтүстік теңіздері Доггер – Банка қайраңы. Толығырақ »
Еуразия материгінің жер бедері
Еуразия материгінің жер бедері туралы қазақша реферат
Еуразияның жер бедері алуан түрлі. Материктің теңіз деңгейінен орташа биіктігі 840 м, оның ауданының жартысынан астамын таулар құрайды. Еуразияда дүние жүзіндегі аса биік тау жүйелері орналасқан. Мұндағы 14 шыңның абсолюттік биіктігі 8000 м – ден жоғары. Олардың 11 – і Гималай тауларында орналасқан, ең биігі – Джомолунгма (Эверест) – 8848 м. Таулардың аралығын кең байтақ жазықтар алып жатыр. Еуразияның жер бедірінің тағы бір ерекшелігі, биіктік ауытқуларының зор болуы теңіз деңгейінен ең төмен жатқан Өлі теңіз (-403) бен Джомолунгманың биіктігі арасындағы айырмашылық 9251 м – ге жетеді. Еуразия жер бедерінің аталған ерекшеліктері материктің даму тарихы мен оны құрайтын жер қыртысындағы өзгерістермен байланысты. Толығырақ »
Еуразия материгінің климаты
Еуразия материгінің климаты туралы қазақша реферат
Еуразия климаты алуан түрлі. Мұнда солтүстік жарты шарға тән климаттың барлық белгілері байқалады. Еуразия материгі солтүстік жарты шардың барлық климаттық белдеулерін кесіп өтеді тіпті оңтүстік – шығысындағы аралдар оңтүстік жарты шардың субэкваторлық белдеуін алып жатыр. Материкте климаттық жағдайлар солтүстіктен оңтүстікке қарай ғана емес, батыстан шығысқа қарай да өзгереді. Бұл климат қалыптастырушы факторлар әсерімен түсіндіріледі. Толығырақ »
Антарктиданың жануарлар дүниесі
Антарктиданың жануарлар дүниесі туралы қазақша реферат
Антарктида жер бетіндегі жануарларға кедей. Жер бетіндік сүтқоректілер онда жоқ, алайда кейбір құрттар, төменде сатыдағы шаян тәрізділер мен қанатсыздар насекомдар кездеседі.Қанаттарының жоқ болуы аймақта күшті жел соғуымен және насекомдардың ауаға көтеріле алмауымен түсіндіріледі.Антарктика аралдарында қоңыздардың, өрмекшілердің, тұщы суда тіршілік ететін моллюскалардың бірнеше түрлері,ұшпайтын көбелектің бір түрі табылды.Тұщы су балықтары жоқ.Құстардан құрлыққа өмір сүретін ақ ржанка,конек,Оңтүстік Георгия аралында ұя салатын үйректің бір түрі белгілі. Толығырақ »
Австралияның жануалар дүниесі
Австралияның жануалар дүниесі туралы қазақша реферат
Австралияның фаунасы түрлерінің байлығымен ерекшеленбейді, әсіресе аралдар фаунасы кедей. Мұның себебі мынау, материк пен аралдар ежелден жер шарының басқа бөліктерінен бөлек тұрады және олардың фаунасы оқшау жағдайда дамыды. Екінші жағынан, Австралия фаунасында Оңтүстік Америка, Антарктида мен Оңтүстік Азия фауналарының ортақ немесе туыс кейбір өкілдері бар.
Австралия мен мұхиттық аралдардың материктік аралдары, әсіресе Жаңа Зеландия фаунасы өте ежелгілігімен және эндемизмділігімен ерекшеленеді және реликтілік сипаты айқын білінеді. Материктер мен мұхиттирдың жабайы фаунасының құрамында дүниенің басқа бөліктерінде таралған жануарлардың көптеген топтары жоқ. Бұл алдымен, плацентарлы сүтқоректілердің бүкіл отрядтары дерлік, құстардың, улы жыландардың кейбір тектері мен тұқымдастары. Толығырақ »