Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘География, Геология, Геодезия’ бөлімінің мұрағаты

Солтүстік Американың жануарлар дүниесі

Солтүстік Американың жануарлар дүниесі туралы қазақша реферат

Солтүстік Американың үлкен бөлігінің зоогеографиялық жағдайы Еуразияға жақын және Голарктикалық зоогеографиялық аймақтың шеңберіне енеді.Бұл ұқсастықты геологиялық даму тұрғыдан алғанда таяуда ғана Солтүстік Шығыс Азия мен Солтүстік Батыс Америка арасында құрлық арқылы байланыс жолының болғандығымен ғана түсіндіру мүмкін. Қазіргі Беринг бұғазының орнындағы құрлық арқылы байланыс жануарлардың  алуан түрлері Солтүстік Америкаға да, Еуразияға да тарап кеткен деп санауға болады.

Солтүстік Америка Еуразиядан бөлініп қалғандықтан қазір территориясында бұл күндері жануарлардың Еуразияда жоқ түрлері пайда болған. Оның үстіне Еуразияға тән жануарлар түрінің көпшілігі жоқ. Толығырақ »

Африканың жануарлар дүниесі

Африканың жануарлар дүниесі туралы қазақша реферат

Материктің солтүстік бөлігі Сахарамен бірге Голарктика зоогеографиялық облысының Жерорта теңіздік кіші облысына, қалған бөлігі фаунасының ерекшк байлығымен ерекшеленетін Эфиоп облысына кіреді. Дегенмен материкте айқын зоогеографиялық шекаралар білінбейді және Африканың жеке аудандарының фауналарындағы айырмашылығы негізінен қазіргі ландшафттық айырмашылықтарға байланысты болады. Материктің солтүстік бөлігінің фаунасы көп жағдайда Оңтүстік Европа мен Батыс Азияның фаунасына жақын келеді.Атластың қуаң аудандары мен Сахараны суды көп қажет етпейтін немесе тамақты алыс жерлерден іздеп табатын жануарлар мекендейді. Бұлар-әр түрлі бөкендер,бубал,мендес.Саваннадан шөлге арыстандар келеді.Атлас тауларында маймылдардың Оңтүстік Испанияда мекендейтін кішкентай түрі(құйрықсыз манан)тіршілік етеді. Толығырақ »

Дүниежүзінің жануарлар дүниеcінің қалыптасуы

Дүниежүзінің жануарлар дүниеcінің қалыптасуы туралы қазақша реферат

Жануарлар географиясы, зоогеография — жер шарындағы жануарлардың белгілі бір аймақта таралуын, олардың тіршілік жағдайларын, түр құрамын, дамуын зерттейтін биогеографиялық ғылымының бір саласы.

Жануарлар географиясының ерте кезде тіршілік еткен  жануарлардың таралуын зерттейтін бөлімін «палеозоогеография» деп атайды. Жануарлар географиясы — биологиялық ғылым, бірақ жануарлар тіршілік мекендері (ареал, стация), тараған жерлеріне (өзен- көлде, теңізде, құрлықта) байланысты реттелетінділіктен география ғылымымен байланысты. Толығырақ »

Дүние жүзінің экономикалық саяси-әлеуметтік географиясы

Дүние жүзінің экономикалық саяси-әлеуметтік географиясы туралы қазақша реферат

№1 Сарамандық жұмыс

1. Тақырыбы:  Дүние жүзінің жалпы сипаттамасы.

2.  Мақсаты: Дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылымы. Басқару түрлері мен әкімшілік-аумақтық құрылымы.

3. Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің саяси — әкімшілік картасы және статистикалық газет материалдары, кескін карта.

Бұл білім бекітуге арналған сарамандық сабақ түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап,  іздендіру бойынша жұмыс істеу әдістерімен өткізілді.

Ұйымдастыру кезеңінен кейін оқушылардың міндеттері мен жұмыс түрлері таныстырылды. Білімдерін бекіту кезеңінде мынадай тапсырмалар орындалды Толығырақ »

Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясын оқытудағы сарамандық жұмыстар

Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясын оқытудағы  сарамандық жұмыстар туралы қазақша реферат

          Адамзат өмір сүріп отырған әлем өзара тығыз байланысты әрі өзара тәуелді. Біздің бәріміз бір планетада қатарласа тіршілік етеміз, ал бұл планетамызды  бөлшектеп танып білу өте қиын.

Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы курсы арқылы бөліп жаруға келмейтін тұтас дүниенің қазіргі заманғы көрінісін көруге болады. Оның табиғи ресурстары мен халықтары туралы, дүниежүзілік шаруашылық, оның ғылыми-техникалық революция жағдайындағы даму беталыстары жайында түсінік алуға болады. Қазіргі заманның келелі проблемаларын ұғынуға болады. Көптеген жаңа географиялық, экономикалық, социологиялық (социология – қоғам жайындағы, адамдардың әрекет-құлқы туралы ғылым.), демографиялық және басқа да ұғымдармен, терминдермен танысатын ілім. Толығырақ »

Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясын оқытудағы сарамандық жұмыстар

Қазақстанның  экономикалық және әлеуметтік географиясын оқытудағы сарамандық жұмыстар туралы қазақша реферат

           Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы курсынан оқушылар республиканың және оның жекелеген экономикалық аудандарының халқымен, шаруашылығының даму және орналасу заңдылықтарымен танысады.   Географияның бұған дейінгі курысынан Қазақстан жөнінде экономикалық-географиялық мағлұмматтар алғандарымен, оқушылар егемендікке ие болған республиканың алдында тұрған мәселелерін пайымдау үшін мүлде аздық етеді. Толығырақ »

Географиядан сарамандық жұмыстарды жүргізу әдістемесі

Географиядан сарамандық жұмыстарды жүргізу әдістемесі туралы қазақша реферат

          Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттілігі туындап отыр.

Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие және білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындауда мектептің рөлі зор. «Қазақстан — 2030» стратегиясы анықтап берген бағыт-бағдарға сәйкес республиканың білім жүйесінің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі – Қазақстан республикасының дамуына, егеменді еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосар білімді, мәдениетті жастар тәрбиелеу болып табылады. Толығырақ »

Географиядан білім беру жүйесі

Географиядан білім беру жүйесі туралы қазақша реферат

       Қоғамның қазіргі әлеуметтік тапсырыстарын орындауда мектеп географиясының қосатын үлесі қоршаған ортаға деген біртұтас көзқарастар жүйесін қалыптастыру және оны бағалай білетін тұлғалық сапарларды тәрбиелеу арқылы көрінеді.

Мектепте оқылатын физикалық және экономикалық географиясын кіріктіре оқыту, қоғамның жасөспірімдерді өмірге, нақтылы бір аумақта оның географиялық ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек етуге даярлаудағы сұраныстарынан туындап отыр. Табиғат пен қоғам арасындағы байланыстар туралы білім, орта географиялық білім беру жүйесінің маңызды элементі болып табылады. Жалпы білімді кіріктірудің танымдық және әдіснамалық маңызы зор. Толығырақ »

География пәнінің жаңа оқыту технологиясы

География пәнінің жаңа оқыту технологиясы туралы қазақша реферат

            Еліміз тәуелсіздік алғалы жас қауымға мемлекет тарапынан көп көңіл бөлініп жатқандығы айқын сезіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 науырыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Жолдауында және Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1459 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Оеспубликасында білім беруді дмытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық тұрғыдан шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті  кәсіби құзіреттіжеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруге назар салып айтқан болатын. Толығырақ »

География пәнінің мақсат-міндеттері

География пәнінің мақсат-міндеттері туралы қазақша реферат

Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында білім беру жүйесін өзгертудің басты бағыттары қарастырылған.

Жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің жаңа құнды бағыты ретінде оқу пәндері мазмұнын қазіргі заман талабына сай өзгертуді қажет етеді. Білім беру саласын демократияландыру мен ізгілендіру идеясы негізінде мектеп географиясы мазмұнына өзгерістер енгізу болашақта білім берудің мақсат-мазмұнын, оқыту әдістерін жаңартуды талап етуде. Жаңа білім парадигмасы оқушыны оқу процесіндегі басты субъект ретінде қарай отырып, оның кең шығармашылықпен ойлауына мүмкіндік туғызып, бүкіл оқу жүйесін өзгертуді талап етуде. Толығырақ »