‘География, Геология, Геодезия’ бөлімінің мұрағаты
Амур өзені
Амур өзені туралы қазақша реферат
Амур өзені – (монғол Хара – Мурен – қара өзен,қытайда Хэйлунцзян — қара айдаһар) – Шығыс Азиядағы өзен. Шилка мен Аргунның қосылуынан құрылып, Охота теңізіне құяды. Ұзындығы 2824 км , Аргунның басталатын жерінен сағасына дейін 4440 км. Амур алабы ТМД (Чита, Амур облысы, Хабаровск өлкесі), Қытай территориясында орналасқан. Алабының басым көпшілігі Қытай территориясында жатыр. Амур өзені дүние жүзінде оныншы орынды алады. Аңғарының сипатына қарай Амур үшке бөлінеді.
Жоғарғы Амур бастауынан Благовещенск қаласына дейін, ұзындығы 900 км шамасында.
Орта Амур Благовешенск қаласынан Уссуридің сағасына дейін, ұзындығы 1000 км – дей.
Төменгі Амур Уссуридің сағасынан құйылысына дейін, ұзындығы 950 км – дей. Толығырақ »
Ішкі тұйық алап өзендері
Ішкі тұйық алап өзендері туралы қазақша реферат
Ішкі тұйық алапқа Шығыс Европа жазығының, Орал тауы мен Кавказдың едәуір бөлігі, Орта Азия мен Қазақстан жері түгелдей дерлік, Иран таулы қыраты мен Арабия түбегінің ішкі аймақтары жатады. Бұл алаптағы өзендердің ірілері – Еділ, Жайық, Амудария мен Сырдария, Іле өзендері ғана ішкі көлдерге құяды. Ал ұсақ өзендер жазда кеуіп қалады немесе құмға сіңіп кетеді. Бұл алаптың ең ірі өзені – Еділ. Шығыс Европа арқылы ағып өтіп, Каспий теңізіне кең атырау жасап құяды. Қоңыржай континенттік климат жағдайында өзен қыста ұзақ уақыт бойы қатып жатады, ал көктемде қар еріген кезде тасиды. Өзен бойында 7 ірі бөген салынған. Толығырақ »
Брахмапутра өзені
Брахмапутра өзені туралы қазақша реферат
Брахмапутра өзені – (жоғарғы ағысында Цангпо) Тибеттің оңтүстігінде – 4700 м биіктіктен басталады. Оның ұзындығы – 2900 км2, бассейнінің ауданы – 95 мың км2 – ден асады. Брахмапутра жоғары ағысында Гималай тауларын бойлай Тибет таулы қыратының оңтүстік шеткі аймағындағы кең алқаппен ағады. Толығырақ »
Ганг өзені
Ганг өзені туралы қазақша реферат
Ганг өзені – маңызы жағынан Үндістанның бірінші өзені және Азияның суы мол өзендердің бірі. Ганг бассейнінің облысы қуатты өзен жүйесі қалыптасуы үшін ерекше қолайлы. Өзен Гималайдың жауын – шашыны мен қары мол биік тауды аудандарында басталып, содан соң кең – байтақ ылғалы көп ойпатқа шығады. Гангының ұзындығы – 2700 км, ал бассейнінің ауданы – 1125 мың км2 . Өзеннің орташа шығыны – 2700м / с, яғни Хуанхэнің шығынынан 5 еседен аса артық. Ганг екі бастаумен (Бхагиратхи және Алананда) боп 4500 м биіктіктен басталады да, Гималай тауларының солтүстік жоталарын тар шатқалдармен тіліп өтіп, жазыққа шығады, бұл жерде баяулап жай ағады. Ганг Гималай тауларынан көптеген суы мол салаларды, оның ішінде өзінің ең ірі саласы Джамнаны қосып алады. Декан таулы үстіртінде Гангқа құятын салалар әлдеқайда аз. Бенгал шығанағына құятын жерінде Ганг Брахмапутрамен бірге кең және ауқымы тез артып отыратын атырау жасайды. Екі өзеннің жалпы атырауының ауданы 80 мың км2 жетеді, ал бұл атырау теңізден 500 км2 қашықтықтан басталады. Ганг пен Брахмапутра тармақтары атырау жазықтығы шегінде арнасын ауыстырып, өзінің бағытын жиі өзгертіп отырады. Ганг өзені Гималай тауларындағы мұз бен қардың еруінен және жаздық муссондық жаңбырдан нәр алады.
Янцзы өзені
Янцзы өзені туралы қазақша реферат
Янцзы өзені — Азия өзендерінің аса зоры және дүние жүзіндегі ең ірі өзендердің бірі. Оның ұзындығы – 5530 км ,бассейнінің ауданы – 1726 мың км, орташа су шығыны 22 000 м3/с – қа тең. Янцзы Тибет тау қыратынан басталып, мұздықтардан шығатын көптеген салалардан құралады. Өзен жоғарғы ағыс тұсында Цзиньшацзян деп аталады. Янцзы таулардан шыққан соң Қызыл Бассейн деп аталатын кең тектоникалық қазаншұңқырлардың ішіне енеді, содан соң ол Оңтүстік – Шығыс Қытайдың біршама аласа тауларын кесіп өтеді. Янцзы көптеген жоталар мен массивтерді тіліп өтетіндіктен, кеме қатынасын өте қиындататын табалдырықтар жасап ағады. Ұлы Қытай жазығына шыққаннан кейін Янцзы кей жерлерде көл тәрізді қолтықтар құрап көптеген тарамдарға бөлінеді. Бас арнамен тармақтар каналдар арқылы қосылатын, мұндай көлдер өзен ағысын реттеп отырады. Толығырақ »
Меконг өзені
Меконг өзені туралы қазақша реферат
Меконг өзені – Үнді Қытай түбегіндегі және Оңтүстік – Шығыс Азиядағы ( Қытай, Лаос, Камбоджа, Вьетнамда ) ең ірі өзен. Оның ұзындығы – 4500 км, бассейнінің ауданы – 810 мың км2, яғни Дунай бассейнінің ауданыны тең дерліктей. Көп жылдық орташа шығыны – 12 мың м3с, яғни Дунай шығынынан екі еседей артық. Меконг Тибеттің оңтүстік шығысынан шамамен 5000 м биіктіктен басталады, сарқырамалар жасап ағады. Төменгі ағысында, ойпатта Меконг ирелеңдей ағады және тарамдарға бөлініп кетеді. Өзен өзінің бір саласы арқылы үлкен Сап көлімен жалғасады да тасыған кезде су Меконгтан көлге құйылып, тартылғанда кері бағытта ағады. Сөйтіп, көл – табиғи су қоймасы және төменгі Меконгтың ағынын реттеуші. Оңтүстік Қытай теңізіне құятын жерінде Меконг орасан зор атырау құрайды. Меконгтың режимі – деңгейі кенет өзгеріп тұратын, жазда максимумы және сәуірде минимумы айқын байқалатын нағыз муссондық. Су тасыған кезде өзен сағасынан 1600 км – ге дейін, ал тартылғанда жеке учаскелерінде ғана кеме жүре алады. Меконг су тасыған кезде егістіктерді суаруға пайдаланылады. Толығырақ »
Тынық мұхиты
Тынық мұхиты туралы қазақша реферат
Тынық мұхит алабына енетін өзендер биік таулардан басталады, жоғарғы ағысында таулық сипатта болады. Ағыны қатты болғандықтан тау жыныстарын тез бұзады және жылдам ағызып тасымалдайды. Ірі өзендеріне Амур, Хуанхэ, Янцзы, Меконг жатады. Муссондық климат жағдайында өзендердің деңгейі жыл мезгілдеріне қарай өзгереді, қыста географиялық ендікке байланысты кейбіреуі қатады. Солтүстіктегі ұсақ өзендерді қоспағанда барлығы дерлік жаңбыр суымен қоректенеді. Толығырақ »
Азия өзендеріне жалпы сипаттама
Азия өзендеріне жалпы сипаттама туралы қазақша реферат
Азияның континенттегі ішкі сулардың таралып орналасуы тіпті әркелкі. Құрылымы мен рельефіндегі бірқатар айырмашылықтар, климаттық контрастар және соған сәйкес жауын – шашынның әркелкі жаууы материктің шегіндегі жер беті, сондай – ақ жерасты суларын таралуындағы үлкен айырмашылықтарды тудырады. Бұл өзендердің қабаттық миллиметрмен алынған жылдық ағыны таралуының каратасында жақсы көрінген: ағынның максималдық жиынтығы ( 1500 мм ден артық) субэкваторлық және экваторлық белдеулерге, әсіресе Зонд архипелагы аралдарына, одан кейін Үндіқытай мен Үндістанның батысында және Гималайдың орталық бөлігіне тән. Толығырақ »
Қышқылдық жаңбыр
Қышқылдық жаңбыр туралы қазақша реферат
Адамның көңіл-күйі мен өмір тіршілігі қоршаған ортаның жағдайымен өте тығыз байланысты. Адамдардың табиғатқа, оның ресурстарына ойсыз араласуы жер шарының климатының өзгеруіне, Дүниежүзілік мұхиттардың ластануына, шөлді-шөлейтті жерлердің кеңеюіне, ормандардың азаюына, қышқылды жаңбырлармен келетін күкірт және азот оксидінің мыңдаған тонналарының жер бетіне түсуіне әкеліп отыр, ал олардан жан-жануарлар мен өсімдіктер, су жүйесін жойып жатқандағы белгілі.