‘География, Геология, Геодезия’ бөлімінің мұрағаты
Созақ ауданы
Созақ ауданы туралы қазақша реферат
Облыстың солтүстігіндегі әкімшілік аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 41,0 мың шаршы шақырым, облыс жерінің 35,0%-ын қамтиды. Тұрғыны 50,0 мың адам. Аудан аумағындағы 36 елді мекен 2 кенттік (Қыземшек, Таукент), 10 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы — Шолаққорған ауылы. Аудан 1928 ж. қантар айында Теріскейді мекендеген 6 болыс ел мен Жылыбұлақ болысы негізінде құрылды. Аудан жерінің көпшілік бөлігін тасты-құмды шөлді жазық (Бетпақдала, Мойынқұм) алып жатыр. Толығырақ »
Сарыағаш ауданы
Сарыағаш ауданы туралы қазақша реферат
Облыстың оңтүстік белігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік 1928ж. Келес ауданы болып құрылған. 1939 жылдан Сарыағаш аталады. Жерінің аумағы 7,7 мың шаршы шақырым. Тұрғыны 226,7 мың адам. Аудандағы 154 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік және 24 ауылдық округтерге біріктірілген. Орталығы- Сарыағаш қаласы.
Аудан жері негізінен төбелі, қырқалы жазықты келеді. Солтүстіктен Белтау жотасы (592 м), батысын Ызақұдық құмы, Қауынбай молда жотасы, оңтүстіктен Шардара бөгені алып жатыр. Толығырақ »
Сайрам ауданы
Сайрам ауданы туралы қазақша реферат
Облыстың оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік аумақтық бөлік. 1928 ж. құрылған. Жерінің аумағы 1,7 мың шаршы шақырым, облыс жерінің 1,4%-ы. Тұрғын саны 241,8 мың адам. Аудан аумағындағы 73 елді мекен 17 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы — Ақсу ауылы.
Аудан жері негізінен оңтүстіктен солтүстікке қарай көлбеу жатқан тауетектік жазық: кей жері төбелі, сайлы-жыралы келеді. Климаты континенттік, қысы біршама жылы, жазы ыстық, қуаң, аңызақты. Ауаның орташа температурасы қаңтарда 3-4°С, шілдеде 24-26°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250-350 мм-ді құрайды. Аудан жерімен Арыс, Ақсу, Сайрамсу, Бадам өзендері ағып өтеді. Аудан аумағында құрылысқа қажетті материалдардың кен орны бар. Толығырақ »
Отырар ауданы
Отырар ауданы туралы қазақша реферат
Облыстың батысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1935 ж. құрылған. Жер аумағы 18,1 мың шаршы шақырым, облыстың 15,4%-ын қамтиды. Тұрғыны 55,2 мың адам. Аудандағы 43 елді мекен 11 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы – Шәуілдір ауылы.
Аудан жері негізінен жазық. Оның басым бөлігін Қызылқұм құмды алқабы және Сыр өзенін бойлай жатқан Шардара даласы алып жатыр. Ауданның биік жері Қарақтау жотасында (Қарамола тауы 388 м). Ол онтүстіктен солтүстікке қарай доғаша иіліп 50 км-ге созылған. Қызылқұмда көптеген құдықтар (Қасымбет, Дүйсенбай, Дәуренбек т.б.) мен мал жайылымына қолайлы қоныстар (Алтынжал, Үрме т.б.), қыстаулар (Есенгелді, Босаға, Орынбай т.б.) көп. Қарақтаудың батысын және Қызылқұмның шығысын сексеуілді тоғай көмкерген. Толығырақ »
Ордабасы ауданы
Ордабасы ауданы туралы қазақша реферат
Аумағы 2,7 мың шаршы шақырым. Тұрғыны 83,3 мың адам. Аудандағы 59 елді мекен 9 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы -Темірлан селосы.
Жер бедері жазық. Оңтүстік бөлігі солтүстігіне қарағанда біршама көтеріңкі және бұл бөлігі Арыс өзенінің салаларымен сай-жыраларға тілімденген. Ауданның ең биік жері Қайнар ауылының шығысында (383 м). Жер қыртысы Тұран плитасының эпигерциндік құрылымынан түзілген. Оның үстін төрттік жүйенің аллювийлі шөгінділері жапқан. Мезозойға дейінгі жер қыртысы 1000-1500 м тереңдікте. Жер қойнауынан құрылыс материалдары барланған. Толығырақ »
Мақтаарал ауданы
Мақтаарал ауданы туралы қазақша реферат
Облыстың қиыр оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 1,8 мың шаршы шақырым, облыс аумағының 1,5%-ы. Тұрғыны 254,3 мың адам. Аудан жеріндегі 183 елді мекен, 1 қалалық, 3 кенттік және 20 ауылдық округке біріктірілген. Орталағы-Жетісай қаласы. Бұрынғы Сырдария губерниясы, Ташқазақ уезінің Иіржар болысы таратылып, соның негізінде 1928 ж. 3-қыркүйекте Иіржар ауданы болып қайта құрылды. 1930 жылдан Мақтаарал ауданы. 1997 ж. 24-сәуірде мақталы үш аудан (Асықата, Жетісай, Мақтаарал) таратылып, олардың аумағында әкімшілік орталығы — Жетісай қаласы болатын Мақтаарал ауданы құрылды. Толығырақ »
Шымкент қаласының экономикасы
Шымкент қаласының экономикасы туралы қазақша реферат
Қазақстанның оңтүстігіндегі ежелгі қалалардың бірі. Облыстың әкімшілік орталығы (1932). Тұрғыны 453,1 мың адам (2003). Жерінің аумағы 300 шаршы шақырым, облыс жерінің 0,3%-ын құрайды. Облыстың шығысында Өгем жотасының тау алды жазығымен ағатын Бадам мен Сайрам өзендерінің аралығында, теніз деңгейінен 506 м биіктікте орналасқан. Ол Қазақстандағы тұрғындарының саны, экономикасы және мәдени маңызы жағынан Алматы, Астана, Қарағанды қалаларынан кейінгі республиканың 4-қаласы. Толығырақ »
Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік демографиялық сипаты
2005 жылдың басына облыстағы халықтың саны 2193, 6 мың құрап, 2004 жылмен салыстырғанда оңтүстік қазақстандықтардың саны 2 % артты.
Халық санының көбеюі негізінен , бүгінгі таңға облыс халқының 59,9 % 1312,9 мың адам бөлігін құрап отырған, ауыл тұрғындары санының өсуі есебінен болып отыр. Оңтүстік қазақстандықтардың 80,7 мыңы ( 40,1 % ) – қалалықтар.
1994 жылдан 2004 жылға дейінгі кезенде облыс бойынша туылғандардың жалпы саны 545,8 мың адамды құрады, барлық туылғандардың 67,0 % ( 365, 9 мың адам) ауыл халқына жатады. Гендер белгісі бойынша, жаңа туылғандардың 48,5 % ( 264, 8 мың адам) әйелдер және 51,5 % ( 281, 0 мың адам) – ерлер. Толығырақ »
Оңтүстік Қазақстан облысының географиялық орналасуы мен табиғи жағдайы
Оңтүстік Қазақстан облысы республика территориясының оңтүстігінде орналасқан. Жер көлемі 117,3 мың шарша шақырым. Оңтүстігінде Өзбекстан республикасымен, батысында Қызылорда облысымен, шығысында Жамбыл облысымен, солтүстігінде Қарағанды облыстарымен шектеседі. Территорияның жер бедері жазықты, негін шаруашылығы мен мал шаруашылығына өте қолайлы. Территориясының солтүстік және қиыр оңтүстік бөліктерінен өзгесі шөл зонасында орналасқан. Облыс жерінен |Сырдарья, Арыс, Келес секілді ірі өзендер ағады. Өзен жағалары егін шаруашылығына өте қолайлы. Осыған орай мұнда мақта, күріш өсіріледі және мал шаруашылығының кейбір салалары жақсы дамыған. Толығырақ »
Арыс ауданының кен өндіру өнеркәсібі
Арыс қаласы брйынша кен өндірумен, табиғи құм, «алтын құм» ЖШС – гі айналысады. Кәсіпорынның 2005 жылғы өндірген өнім көлемі 10.8 млн.теңгеге өнім өндіріп, 2005жылға қарағанда 1120.4 пайыз артқан. Кәсіпорынның табиғи түрде өндірген өнім көлемі 2006 жылы 30.3 мың құб метр. Толығырақ »