‘Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы’ бөлімінің мұрағаты
Ақша агрегаттары және оның құрылымы
Ақша агрегаттары және оның құрылымы туралы қазақша реферат
Ақша айналымының екі жағының ( қолма –қол ақша мен банктік айналымдағы ақшаның ) бірлігі, олардың бір формасының екіншісіне алмасуы жалпы ақша массасының құрамын анықтауды қажет етеді. Себебі ақша массасы — ақша айналымының сандық көрсеткіші. Белгілі бір мерзім аралығында және белгілі бір күнге ақша айналымындағы сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша массасының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс — шаралар жүргізу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады. Ондай көрсеткіштер ақша агрегаттары деп аталады.
Ақша агрегаттарының құрылымы тұрақты, қалыпты болмайды. Ол ақша нарығы құралдарының дамуына байланысты өзгереді. Толығырақ »
Ақша массасы және оның жылдамдығы
Ақша массасы және оның жылдамдығы туралы қазақша реферат
Қандай да болмасын елдің ақша – несие саясатын сипаттайтын негізгі параметр болып ақша массасы саналады. Ақша массасын тауарлар мен көрсетілген қызметтерді төлеу үшін ақша қаражаттарының жиынтығы ретінде анықтауға болады. Ақша массасы экономикалық өсуге, бағалардың динамикасына, жұмысбастылыққа, төлеу – есеп айырысу жүйесінің тоқтаусыз жұмыс істеуіне әсер етеді.
Ақша массасы – бұл жеке тұлғаларға, кәсіпорындар мен мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы. Толығырақ »
Айналым қаражатының қажеттілігін бағалау
Айналым қаражатының қажеттілігін бағалау туралы қазақша реферат
Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін дұрыс бағалау болып табылады. Себебі, өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайданы ең төменгі мөлшердегі шығынмен табуға үлкен ықпалын тигізеді. Айналым қаражатының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің іркілісіне әкеліп соғады. Осының салдарынан өндірістің көлемі мен пайдасы төмендейді. Осы кезекте айналым қарадатының көтеріңкі мөлшері кәсіпорынның өндірісті ұлғайту үшін күрделі қаржы шығынын жұмсау мүмкіндігі төмендейді. Толығырақ »
Қаражаттың ауыспалы айналымы және айналым қаражаттарын қалыптастыру көздері
Қаражаттың ауыспалы айналымы және айналым қаражаттарын қалыптастыру көздері туралы қазақша реферат
Айналым қаржылары үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар үш сатыдан тұратын ауыспалы айналым жасайды. Бірінші сатыда кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.
Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндірс процесіне тікелей өтіп, әуелде өндіріс босалқы қорларына және шала фабрикаттарға, содан соң аяқталған өндіріс процесі — дайын өнімге айналады. Толығырақ »
Кәсіпорында айналым қорларын үнемдеу элементтері
Кәсіпорында айналым қорларын үнемдеу элементтері туралы қазақша реферат
Нарықтық экономикаға көшу кезінде әрбір кәсіпорын үшін маңызды болып материалдық ресурстарды үнемдеу, нақтырақ айтсақ, өндірісте материалдық шығындар шығынының үлкен бөлігін құрайды, оның нәтижесінен табыстың көлемі тікелей байланысты. Нарықтық экономика жағдайында табыс — кәсіпорынның өмірін қамтамасыз етудегі негізгі көзі.
Кәсіпорынның айналым қорларын үнемдеу элементтерінің әр түрлі көздері және жолдары болады. Толығырақ »
Айналым капитал түсінігі, құрамы мен құрылымы
Айналым капитал түсінігі, құрамы мен құрылымы туралы қазақша реферат
Кәсіпорынның айналым қоры мен айналым капиталы түсінігін, оның мәнін, қызметі мен құрамын қарастырайық. Бұл түсініктер барабар ұғымдар емес екенін естен шығармау керек. Айналым қоры – бұл өндірістік үдерістің міндетті, ал өнімнің өзіндік құнының негізгі бөлігі (элементі). Оның негізгі өндірістік қорлардан ерекшелігі-айналым қоры әрбір өндірістік циклде толығымен тұтынылып, өзінің құнын өндірілген өнімге толығымен өткізеді.
Айналым қоры өндірісте пайдалануға немесе белгілі бір жұмыс пен қызметті орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай өңделген өнімдер, құрастырушы өнімдер, отын, ыдыс, ыдысқа арналған материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа да материалдар аяқталмаған өндіріс түрінде болады. Өнім бірлігіне жұмсалған шикізат, материалдар, отын мен энергия шығыны неғұрлым аз болса, өнімді өндіруге және дайындауға жұмсалатын еңбек шығыны солғұрлым үнемді, әрі оның өзіндік құны арзан болады. Толығырақ »
Қазақстан Республикасының валютасы. Қазақстан Республикасының банкноттары
Қазақстан Республикасының валютасы. Қазақстан Республикасының банкноттары туралы қазақша реферат
Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық валютасы болып табылады. Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Кез келген ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді. Ал Теңгенің — Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тарихы Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан басталды. Толығырақ »
Ағымдағы банк шоттарындағы ұлттық валютасындағы ақша қаражаттарының есебі
Ағымдағы банк шоттарындағы ұлттық валютасындағы ақша қаражаттарының есебі туралы қазақша реферат
Банкі шоттары теңгемен де, шетелдік валютасымен де ашылуы мүмкін. Банк келісім бойынша ағымдағы немесе бухгалтерлік есеп шоттарын ашқан кезде, шот иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші тараптарға (жақтарға) тиесілі ақша сомаларын аудару (беру) жөніндегі ұйғарымын орындауды және басқа да қызмет түрлерін көрсетуді өз міндетіне алады. Банк шоттары бойынша жасалған келісім – шарты келесі мәліметтерден тұрады: (жақтардың) реквизиттері; келісім мәні немесе келісім –шартта қарастырылған жағдайлары; салық қызметі органдары берген салық төлеуші – шот иесінің тіркеме нөмірі; банктің көрсететін қызметінің және оларды төлеу тәртібі. Келісімде жақтар тарапынан келісілген басқа да жағдайлар қатыстырылуы мүмкін. Толығырақ »
Валюта жүйесінің типтері, даму кезеңдері
Валюта жүйесінің типтері, даму кезеңдері туралы қазақша реферат
Тарихта ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық валюталық жүйе типтер қалыптасқан. Бастапқы кезде валюталық экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде елдегі ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық қатынастарды пайдалануға және қалыптастыруға, халықаралық айналымды жүзеге асыратын ұлттық жүйе пайда болады. Ұлттық валюта жүйесі дегеніміз – мемлекеттік заңдармен бекітілген, елдің валюталық қатынастарын ұйымдастыру немесе керісінше жіктеуге әсер ететін ең маңызды механизмдердің бірі, мемлекеттік – құқықтық формасы. Толығырақ »
Ақша қаражаттарының баламалары
Ақша қаражаттарының баламалары туралы қазақша реферат
Кәсіпорындағы ақшасыз есеп айырысу мынадай негізгі нысандарда жүргізіледі:
- төлем тапсырма;
- чек;
- вексель;
- төлем-талап тапсырма;
- ұлттық банктің құқықтық-нормативтік актілермен белгіленген басқа да төлем құжаттары; Толығырақ »