‘Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы’ бөлімінің мұрағаты
Ақша қаражаттары түсінігі
Ақша қаражаттары түсінігі туралы қазақша реферат
№7 «Ақша қаражат қозғалысы туралы есеп» Халықаралық Қаржылық Есеп Беру Стандартына сәйкес, ал №4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» Бухгалтерлік Есеп Стандартына сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы «Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаментінің» №4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» — деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: «Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субъектілердің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді» делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында: «Заңды тұлғалар, субъектілер (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында (яғни сонымен бірге) тапсырады» делінген. Толығырақ »
ҚАРЖЫЛЫҚ ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ӨТІМДІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ҚАРЖЫЛЫҚ ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ӨТІМДІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ туралы қазақша реферат
Кез-келген банкті басқарудың аса маңызды міндеттерінің бірі – өтімділіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету. Өтімділіктің жеткіліксіз деңгейі банктің елеулі қаржылық қиыншылықтары барының алғашқы белгілері болып есептеледі. Бұл жағдайда банк, әдетте депозиттер жоғалтады, бұның өзі оның меншікті қаражатын азайтады: төлем қаражатының жетіспеушілігі пайда болады. Банк өз салымшыларының, кредиторларының, клиенттерінің алдындағы және жалақы бойынща өз қызметкерлері алдындағы міндеттемелерін толық және мерзімінде орындай алмайды. Толығырақ »
Шағын және орта бизнесті қаржыландырудың ерекшеліктері
Шағын және орта бизнесті қаржыландырудың ерекшеліктері туралы қазақша реферат
Шағын және орта бизнес қазіргі қоғамның формациясының негізі болып табылады, көптеген дамыған мемлекеттерінің ЖІӨ-нің негізгі бөлігін қалыптастырады. Осы секторда ұлттық ресурстардың негізгі массасы шоғырланған. Шағын және орта бизнестің қызметі инновациялық және зерттеушілік қызметінің бастамасы ретінде болады: зерттеулер көрсеткендей негізгі идеялар мен ірі бизнеске қарағанда, көбірек шағын және орта бизнестен ұсынылып отырады.