‘Құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, заңтану’ бөлімінің мұрағаты
Жерлеуге жәрдемақы алу жолдары қандай?
Зейнетақы немесе жәрдемақы алып жүрген адам қайтыс болған жағдайда қайтыс болған адамды жерлеуді өз міндетіне алған тұлғаға жерлеуге арналған бір реттік жәрдемақы төленеді.
Жерлеуге арналған жәрдемақы алу үшін Сіз ЗТМО (Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық) немесе тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша Үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына барып, мынадай құжаттарды тапсыруыңыз қажет: Толығырақ »
Егер Сізге тағайындалған зейнетақы көлемімен келіспесеңіз, не істеу керек?
Зейнеткерлік жас шамасы бойынша: әйелдер үшін 20 жыл еңбек өтілімен жасы 58-ге толғанда, ал ерлер үшін – 25 жыл еңбек өтілімен 63 жасқа толғанда толық көлемде беріледі.
Зейнетақы көлемі зейнеткерлік төлемді есептеуге берілген орташа айлық көлеміне және 01.01.1998 жылға дейінгі еңбек өтіліне байланысты болады. Толығырақ »
Дүниеге бала келді. Мемлекет Сізге қандай көмек береді?
Егер сіздің отбасыңызда нәресте өмір есігін ашса, сіз мемлекеттік кепілді төлем аласыз. Жәрдемақы мен төлемдердің бірнеше түрі болады.
Біріншіден, Сізге сәби үшін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Ол үшін баланың туу туралы куәлігі мен өзіңіздің жеке куәлігіңізді алып Зейнетақы тағайындау мемлекеттік орталығына барасыз (ЗТМО). Оны туылған баланың анасы сондай-ақ әкесі, болмаса баланың қамқоршысы алуына болады. Бұған Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын барлық азаматтардың құқығы бар (Қазақстан азаматтары, оралмандар, шетелдіктер, азаматтығы жоқтар). Толығырақ »
Арнайы әлеуметтік қызметтер дегеніміз не және оны кімдер ала алады?
Бұл өмірдің қиын жағдайлары туындаған отбасыларға әлеуметтік проблемаларды жеңіп шығу үшін көмектесетін қызметтер. Бұл қызметтер төмендегідей болуы мүмкін:
1) тіршілік әрекетін қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер;
2) денсаулықты жақсартуға және қолдауға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтер;
3) психологиялық жағдайдың өзгеруін қарастыратын әлеуметтік-психологиялық қызметтер; Толығырақ »
Жұмыс іздеушілерге кеңес
Жұмысты қайдан тауып, қайдан іздейтінін білетінін кез келген адамның жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар. Сондықтан жаңа жұмыс іздеу барысында тыңғылықты дайындалып, алдағы әр қадамды жақсылап ойлану керек. Мақсатты алдын ала талдау жасау – өз күшіне сенім тудыру үшін ғана емес, сонымен бірге дұрыс бағыт таңдау үшін де керек. «Дұрыс бағыт» алу үшін біз сізге мынадай кеңес береміз.
1. Өз мақсатыңызды жақсылап ойланыңыз. Болашақ жұмыс орныңызды қалай елестетесіз? Сіздің алдыңызда бірқатар сұрақтар туындайды: сізді нақты қандай жұмыс түрі қызықтырады, қандай салада жұмыс жасағыңыз келеді, өзіңізге қандай деңгейдегі жауапкершілікті алуға дайынсыз, өзіңізге қандай рөл алғыңыз келеді, сіз үшін жалақының қандай деңгейде болғанын қалайсыз және т.с.с. Толығырақ »
Көпбалалы аналардың қандай әлеуметтік төлемақы алуға құқығы бар?
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес көп балалы аналардың:
ü бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін); Толығырақ »
18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы алуға кімнің құқығы бар?
Осы жәрдемақы орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға төленеді.
Жәрдемақы отбасының асырауындағы он сегiз жасқа дейiнгi әр балаға 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.
2011 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 1 512 теңге Толығырақ »
Тұрғын үй көмегіне кімнің құқығы бар?
Тұрғын үй көмегі осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) беріледі. Тұрғын үй көмегі қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша:
ü жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға; Толығырақ »
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға кімнің құқығы бар?
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен аспайтын адамдарға (отбасыларына) берілетін ақшалай төлем (өтініш беруші тұратын аймақта белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 40 %-ы). 2010 жылы республика бойынша орташа ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 13 487 теңгені, кедейлік шегі – 5 395 теңгені құрады.
Атаулы әлеуметтiк көмектің мөлшерi жан басына шаққандағы орташа табыс пен кедейлiк шегiнің белгіленген айырмасы түрiнде есептеледi және атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасының әрбiр мүшесiне тағайындалады. Толығырақ »
Мүгедектерге қандай әлеуметтік төлемдер тиесілі?
Мүгедектік белгіленген жағдайда азаматтардың мүгедектік себебі мен тобына байланысты мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар.
Жәрдемақы тағайындау туралы өтініш Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың аудандық (қалалық) бөлімшесіне беріледі. Оған қажетті құжаттардың барлығын қоса тапсыру керек. Толығырақ »