‘Құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, заңтану’ бөлімінің мұрағаты
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ АРАҚАТЫНАСЫ
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ АРАҚАТЫНАСЫ туралы қазақша реферат
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы толып жатқан ой-пікірлер, әр түрлі теориялар бар. Бұл ой- пікірлердің, теориялардың көп болатын себептері тек қана мемлекеттің, қоғамның мазмұнының өте күрделі болуынан немесе олардың нысанының сан қырлы өзгеруінен емес, сонымен бірге азаматтық қоғам мен мемлекеттің саяси билікті жүргізуі және олардың іс әрекеті барлық таптардың, топтардың мүдде-мақсатына қатысты болуы. Тағы да бұл мәселе қоғамдағы әр түрлі идеологиямен, саяси партиялармен байланысты болуы. Толығырақ »
Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет болып дамуы және қалыптасуы
Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет болып дамуы және қалыптасуы туралы қазақша реферат
Саяси ғылымда өзінін ұзақ және тағлымдық тарихы бар құқықтық мемлекеттің калыптасу теориясы мен тәжірибесі жеткіліксіз зерттелген. Кұкыктык мемлекет идеясы ежелгі дүниеде туындады. Ежелгі Грекия философтарынын, еңбектерінде азаматты саяси адам, қоғам мүшесі деп есептеу негізделген, сондықтан да оның сол қоғамның зандарын орындауға міндетті екені атап көрсетілген. Коғам ішінде адамның өз құқықтары мен міндеттері болады. Алайда, адамның қоғамға бағынуы оның тұлғасын басып жаншуға деиін жетпеуі керек. Мемлекет қол астындағыларды заңмен басқаруды басшылыққа алған азаматтық өмірдің міндетті нормаларын орнатады. Толығырақ »
Құқықтық мемлекет негіздері, белгілері
Құқықтық мемлекет негіздері, белгілері туралы қазақша реферат
Таптық қоғамдағы саяси биліктің негізгі құралы болып табылатын мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншік пен антагонистік таптардың түзілуінің нәтижесінде пайда болған.
Егер, мемлекетке дейінгі рулық қоғамда билікті ақсақалдар жүргізіп, өмір әдет-ғұрыптар арқылы реттеліп отырған болса, ал мемлекеттің құрылуына орай, өкімет билігі (халық билігі) пайда болды. Үстем таптың еркін жүзеге асыратын әскер, сот органдары, түрме мекемелері құрылып, оның мүддесін қорғау үшін құқық пайда болды. Осылайша, үстем таптың мүддесін қорғау үшін қалыптасқан құқық нормалары бірте-бірте әдет-ғұрыптарды ығыстыра бастайды. Толығырақ »
Құқықтық мемлекет шығу тегі, мазмұны және мемлекет қызметінің орындалу әдістері
Құқықтық мемлекет шығу тегі, мазмұны және мемлекет қызметінің орындалу әдістері туралы қазақша реферат
Қазақстан Республикасы заң-құқық ұлттық жүйесінің жылдам қалыптасуы, Қазақстан қоғамының қалыпты қозғалысы мен үнемі жаңарып отыруы шеңберінде болып жатқан оң өзгерістерді басқаша көзқарастар тұрғысынан зерделеп, бағамдап алу міндетін алдыға тартады.
Құқықтық мемлекет пайда болуы қоғамдық ұйымдық құрылымды объективті түрде қажет ететін ішкі эволюциясымен байланысты. Құқықытық мемлекеттің пайда болуының бірнеше түсіндірмелері бар. Ең алдымен – Теологиялық теория, ол мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдыретімен байланыстырады. Бұл теорияның негізгі идеологтары Августин (354-430) және Фома Аквинский (1225-1274) болып табылады. Толығырақ »
Қазақстанда азаматтық қоғам институттарын қалыптастырудың құқықтық негіздері
Қазақстанда азаматтық қоғам институттарын қалыптастырудың құқықтық негіздері туралы қазақша реферат
Адамдардың объективтік тарихи даму процесіне және күнделікті қарым-қатынасында қоғамның бірнеше түрлері болады: өндірістік қоғам, шаруашылық коғам, әлеуметтік қоғам, азаматтық қоғам және т.б. Осылардың ішіндегі ең күрделісі, ең түпкіліктісі адаммен бірге дамып келе жатқан азаматтық қоғам. Қоғамның баска түрлері тез құрылып, тез арада тарап жатады. Олардың өмірі, іс-әрекетінің шеңбері кеңістігі көп өлкеге жайылмайды, уақыты көпке созылмайды. Толығырақ »
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы туралы қазақша реферат
1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басында басталған экономикалық, әлеуметтік және саяси салалардағы түбегейлі реформалар түрлі әлеуметтік топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қоғамдық бірлестіктердің құрылуын ынталандырды.
Қазақстанда алғашқылардың бірі болып экономиканың мемлекеттік емес секторы қызметкерлерінің мүдделерін білдірген тәуелсіз кәсіподақтар пайда бола бастады. Бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық және діни бірлестіктер, саяси партиялар белсенді түрде институцияланды. «Невада – Семей» қоғамдық қозғалысы азаматтық сана-сезімнің анағұрлым жарқын көрінісі болды, ол өз алдына ядролық полигондарды жабу міндетін қойды. Толығырақ »
Азаматтық қоғам, оның тарихы. қалыптасу белгілері, құрылымы және қағидалары
Азаматтық қоғам, оның тарихы. қалыптасу белгілері, құрылымы және қағидалары туралы қазақша реферат
Адам қоғамы қалай қалыптасты, оның себептері қандай — бұл туралы бір қорытынды пікір жоқ. Бірақ бұл түсінікті ең бірінші ғылымға енгізген Адам Смит, Давид Рикардо, оған саяси сипаттама берген Гегель. Дүниежүзілік ғылыми, саяси қайраткерлердің, ойшылдардың айтуынша — қоғам саналы адамдардың ерікті түрде бірігіп өмір сүруі. Бұл бірігудің негізгі себебі адамдардың бір мүдделігі, бір тілектестігі. Мұнсыз бірігу мүмкін емес. Мүдде екі түрлі болады: жеке адамның мүддесі және қоғамның мүддесі. Қоғам осы екі мүдде-мақсатты біріктіріп, дамытып отырады. Осы объективтік даму процесінде адамдардың өзара ынтымақтастығы қалыптасты. Сол арқылы жеке адамның қолынан келмейтін, әлі жетпейтін істерді атқаруға мүмкіншілік туды. К. Маркс қысқаша: «Қоғам — адамдардың өзара еңбек жасауының одағы», — дейді. Толығырақ »
Құқық қатынастың объектісі
Құқық қатынастың объектісі туралы қазақша реферат
Құқық қатынастың объектісі — тек қоғамдық және жеке тұлғалар мүдде-мақсатын реттеп, басқарып отыратын қарым-қатынастарды қамтиды. Осы мүдде-мақсаттарды орындаудағы субъектілердің іс-әрекеті, атқаратын жұмыстары құқықтық қатынастың объектісі болады.
Субъективтік құқық — құқықтық қатынастардағы субъектілердің екі жақты мүдде-мақсаттарының орындалуы. Субъективтік құқық пен заңды міндеттер құқықтық қатынастың ең негізгі мазмұнын құрайды. Толығырақ »
Құқық субъектілерінің құқыққабілеттігі және әрекетқабілеттігі
Құқық субъектілерінің құқыққабілеттігі және әрекетқабілеттігі туралы қазақша реферат
Құқыққабілеттік – бұл тұлғаның құқықтар мен міндеттерді иелену қабілеті.
Әрекетқабілеттік – бұл тұлғаның өз әрекеттері арқылы осы құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру қабілеті. Әрекетқабілеттіктің келесі түрлері болады: толық – 18 жастан басталады; жартылай – 14 пен 18 жас аралығында болады. Толығырақ »
Құқықтық қатынастың құрылымы
Құқықтық қатынастың құрылымы туралы қазақша реферат
Құқықтық қатынастар — құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қоғамдық байланыстар. Құқықтық қатынас тек қана адамның мінез-құлқына құқықтық норма әсер еткенде пайда болады. Құқықтық қатынас — бұл субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы пайда болатын адамдар, ұйымдар, мемлекеттік органдар арасындағы байланыс. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті де жақсартуға мүмкіншілік жасайды.
Құқықтық қатынастың құрылымы төрт элементтен тұрады: субъект, объект, субъективтік құқық, заңды міндеттер. Толығырақ »