Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, заңтану’ бөлімінің мұрағаты

Құқықтық қатынастардың пайда болуының алғышарттары

Құқықтық қатынастардың пайда болуының алғышарттары туралы қазақша реферат

Алғышартар – бұл құқықтық қатынастарды туындататын жағдайлар, факторлар. Құқықтық қатынастардың пайда болу алғышарттарының екі түрін бөліп қарастырады:

1. Материалдық (жалпы) алғышарттар; бұларға адамдардың құқықтық қатынастарға түсуіне әсер ететін өмірлік қажеттіктері мен мүдделері жатады. Кең мағынада – бұл белгілі бір қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің объективтік қажеттігін көрсететін әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б. жағдайлардың жүйесі. Толығырақ »

Құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері

Құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері туралы қазақша реферат

«Құқықтық қатынас» категориясы құқықтың жалпы теориясында негізгі, орталық категориялардың бірі болып табылады және адамдардың жүріс-тұрысына құқықтың қандай жолмен әсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді. Құқықтық қатынас – бұл қатысушылары субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерді иеленетін, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас.

Қоғамдық қатынастар әртүрлі болады: саяси, моральдық, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т.б. байланыстар. Бұл байланыс — қатынастар моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі. Мысалы, отбасы қатынастардың көпшілігі дәстүр, діни нормалармен реттеліп жатады. Толығырақ »

Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекеттің құрылуы

Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекеттің құрылуы туралы қазақша реферат

        Кеңестік Социалистік Республикалар одағы ыдырап, жойылуы нәтижесінде қазақ кеңестік Социалистік  Республикасы (КазКСР-і ) дербес, егемен мемлекет болды. 1991 жылы тәуелсіздік жарияланған кезден бастап бес жыл ішінде Қазақстанда мемлекеттіліктің негізгі атрибуттарын қалыптастыру процесі жүргізілді.

Қазақстан Республикасының егемендігімен тәуелсіздігінің қалыптасуы – жай процесс емес деп жазды Г.Ганиев,- әрбір мемлекет басқа мемлекеттің егемендігін силауға, өзінің жеке аумағы шектерінде заң шығаруы, атқарушылық, әкімшілік және сот биліктерін жүзеге асыру құқығын сыйлауға міндетті. Толығырақ »

Құқықтық мемлекеттің белгілері

Құқықтық мемлекеттің белгілері туралы қазақша реферат

Азаматтық қоғамның негізгі бағалылығы, айтылып өткендей – адам және оның құқығы, ал оны саяси іске асырушы – мемлекет. Ондай миссияны орындау кез келген мемлекеттің қолынан келмейді, тек принципі мен қызметі құқыққа сай келген, құқық үстемдік құратын мемлекеттің қолынан келеді. Ондай мемлекетті жалпы түрде, құқықтық мемлекет деп атайды.

Мемлекет пен құқықтың келіскен әрекеттестігін іздеу моделі, құқықты саяси биліктің негізін іске асыратын құрал ретінде тануы, ерте заманнан басталады. Соған сай идеялардың бастамасы ертедегі қытайлардың Легистерінде (Шан Ян – ІV ғ. б.э. дейінгі) заңды ғана сараптаған, құқықты мемлекеттің мәжбүрлеуінің нысаны ретінде емес, тек билікке оны орындаудың міндеттілігі ескертіледі. Толығырақ »

Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері

Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері туралы қазақша реферат

Құқықтық мемлекет – көп өлшемді даму үстіндегі құбылыс.

Құқықтық мемлекет – көп өлшемді даму үстіндегі құбылыс. Қоғамдық прогресте ол жаңа қасиеттерді бойына жинайды. Қоғамның дамуындағы белгілі жағдайлардың деңгейіне сай келетін жаңа мазмұндармен толығады. Толығырақ »

Мемлекеттердің құқыққа қатысты жіктелуі

Мемлекеттердің құқыққа қатысты жіктелуі туралы қазақша реферат

    Бұрын болған және қазіргі көптеген мемлекеттерді тану үшін оларды түрлі негіздер бойынша жіктейді. Солардың ішіндегі ерекше түрі этатикалық және құқықтық мемлекеттерге жіктеу. Оның негізі мемлекеттің құқыққа қатысынан, сонымен қатар қоғамды мемлекеттік басқарудағы пайдаланылатын нысандар мен әдістер жүйесіндегі құқықтың алатын орнынан тұрады. Толығырақ »

Құқықтық мемлкеттің пайда болуы және дамуы туралы идеялар

Құқықтық мемлкеттің пайда болуы және дамуы туралы идеялар туралы қазақша реферат

Мемлекеттік өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі ойлар адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал нысандарын іздеу құқықтық мемлекет идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар (Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон) құқық пен мемлекеттік билік арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге талаптанғандағы мақсаттары – сол дәуірдегі қоғамды қамтамасыз ететін қатынастарды болжау болатын.

Қазіргі құқықтық мемлекеттің ерекше теориялық тұжырымдама және тиісті практика ретінде – ұзақ және сабақ болардың тарихы бар. Толығырақ »

ҰРЛЫҚ, ТОНАУ МЕН ҚАРАҚШЫЛЫҚ ШАБУЫЛДАРДЫ ТАБЫСТЫ АШУ ЖӘНЕ ТЕРГЕУДІҢ НЕГІЗГІ ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІ

ҰРЛЫҚ, ТОНАУ МЕН ҚАРАҚШЫЛЫҚ ШАБУЫЛДАРДЫ ТАБЫСТЫ АШУ ЖӘНЕ ТЕРГЕУДІҢ НЕГІЗГІ ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІ туралы қазақша реферат

       Ұрлық, тонау мен қарақшылықты тергеу барысында оқиға болған жерді қарау, қылмыскерлер мүлікті тартып алу үшін, алдымен жәбірленушінің қарсылығын не басқа да тосқауылдарды(әйнекті қирату, есікті сындыру және т.б.) жеңіп алуға мәжбүр болғанда, ең жақсы нәтижелер береді. Бірақ мұндай жағдайлар орын алмағанда да қарау жүргізуден бас тартпау керек. Тәжірибе көрсеткендей, оқиға болған жерді мұқиат және әдісін тауып қарағанда, қылмыстың материалдық іздерін әрқашан табуға болады.

Егер жәбірленушінің оқиға болған жерді қарауға қатысуға шамасы болса, оны сонда шақыру керек. Қарауға сарапшы- криминалист пен кинолог инспекторды қатыстыру да үлкен пайда әкеледі. Толығырақ »

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ туралы қазақша реферат

Ұрлық, тонау мен қарақшылық жайлы қылмыстық іс қозғау үшін жиі себеп болып табылатында: жәбірленушілердің немесе олардың туыстарының арыздары, мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке ұйымдардың лауазымды тұлғаларының, осы ұйымдарға жататын мүлікті ашық түрде ұрлап кету фактілері туралы немесе мүлікті тартып алу мақсатында олардың қызметкерлеріне шабуыл жасалғандығы туралы хабарлауы, медицина мекемелерінің шабуыл жасау нәтижесінде жәбірленген адамдарға көмек көрсеткені туралы хабарлауы, көзі көрген тұлғалардың тонау немесе қарақшылық шабуыл белгілері деп табылатын фактілер туралы арыздары, тергеушінің немесе анықтау органдарының қылмыс белгілерін табуы. Толығырақ »

ҰРЛЫҚ, ТОНАУ МЕН ҚАРАҚШЫЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫ БОЙЫНША АНЫҚТАУҒА ТИІС МӘН – ЖАЙЛАР

ҰРЛЫҚ, ТОНАУ МЕН ҚАРАҚШЫЛЫҚ  ҚЫЛМЫСТАРЫ БОЙЫНША АНЫҚТАУҒА ТИІС МӘН – ЖАЙЛАР туралы қазақша реферат

         Бүгінде бұл керағар үрдіс есірткі және порнография бизнесімен, қару-жарақ сату мен, қорқытып алушылық және басқа да қауіпті қылмыстармен  тығыз байланыс орнатып алды. Ұйымдасқан қылмыстылық ұғымына және белгілеріне түсінік берудегі елеулі еңбек криминологиялық ілім өкілдерінің еншісіне тиеді. Мысалы: ұйымдасқан қылмыстылыққа тән белгілер жиынтығының барынша толық анықтамаларын  О.В.Пристанская ұсынды деуге болады.

Олар: 1) Қылмыстық бірлестіктің «тіршілік етуін» материалдық – техникалық және ұйымдастыру жағынан қамтамасыз ету. Толығырақ »