‘Құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, заңтану’ бөлімінің мұрағаты
Қылмыстық заңның түсінігі және оның мәні
Қылмыстық заңның түсінігі және оның мәні туралы қазақша реферат
Қылмыстық құқықтың негізгі бөлімдерінің бірі — қылмыстық заң туралы ілім болып табылады.
Қылмыстық заң дегеніміз — Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған нормативтік құқықтық акт. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтың қағидаттары мен жалпы ережелерін, қандай әрекеттін қылмыс екендігін айқындайды және олар үшін жаза тағайындауды белгілейді. Қылмыстық заңның міндеттері — бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, конституциялық құрылысты, қоғамдык тәртіп пен қауіпсіздікті, ҚК-тің 2-бабында көрсетілген басқа да құндылықтарды қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылады. Толығырақ »
Қылмыс құрамының түрлері
Қылмыс құрамының түрлері туралы қазақша реферат
Жекелеген қылмыс құрамының мазмұнын терең ашу, олардың белгілерін анықтауды жеңілдету және нақты істелген іс-әрекетті дұрыс саралау мақсатымен қылмыс құрамының түрлері нақты белгілер бойынша өзара бөлінуі мүмкін.
Қылмыстық құқық ғылымында мұндай бөлінудің негізі (критериясы) болып: біріншіден, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің дәрежесі, екіншіден, қылмыс құрамының құрылысы есепке алынады.
Толығырақ »
Қылмыс және қылмыс құрамы
Қылмыс және қылмыс құрамы туралы қазақша реферат
Қылмыс пен қылмыс құрамы өзара тығыз байланысты, бірақ бір-біріне ұқсамайтын қылмыстық-құқылық түсініктер. Олардың өзара мазмұны да, бағыты да әртүрлі. Жоғарыда айтқандай қылмыс туралы ұғым Қылмыстық кодекстің 9-бабында берілген. Осы баптағы анықтамадан көрінгендей, қылмыс дегеніміз-адамның әлеуметтік-құқылық, қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы секілді міндетті белгілерінің жиынтығынан туатын ерекше іс-әрекеті болып табылады. Толығырақ »
Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы
Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы туралы қазақша реферат
Қылмыстық заңда қылмыстың жалпы түсінігі берілген, сонымен бірге Ерекше бөлімде нақты қылмыстар жеке-жеке көрсетілген.
Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген түсінікті ашпайды. Бұл түсінікті қылмыстық құқық теориясы ғана береді.
Толығырақ »
Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі
Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі туралы қазақша реферат
Мемлекет өз азаматтарынан конституцияда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылық жауапкершілік жүктеледі. Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып саналады.
Толығырақ »
Қылмыстық құқық нормаларының құрылысы бойынша саралау
Қылмыстық құқық нормаларының құрылысы бойынша саралау туралы қазақша реферат
Жалпы алғанда, қылмыстық құқық нормалардың құрылысын зерттеу үшін, ең алдымен қылмыстық құқық нормасының жалпы ережесіне, құрылымына, маңызына, қолдануына тоқталуымыз қажет. Қылмыстық құқықтық нормадан бұрын қылмыстық норманың түсінігіне қысқаша тоқталсақ, Ғ. Сапарғалиевтің пікірі бойынша, «құқықтық норма заңда ресмилендірген нормативтік нұсқау ол- жалпыға міндетті, мемлеекттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік». Толығырақ »
Қылмыс құрамы- қылмысты саралаудың заңдылық үлгісі
Қылмыс құрамы- қылмысты саралаудың заңдылық үлгісі туралы қазақша реферат
Қылмыстық- құқықтық теорияда қылмыс құрамы толық көлемде зерттелген. Қылмыстың құрамы толық танырлықтай жинақтап қорыту негізінде қылмыстық заң дұрыс қолданылады, оның нышаны қылмысты дұрыс саралауға жетелейді, яғни қылмысты дұрыс саралаудың қаншалықты маңызды екенін, жасалған қоғамға қауіпті әрекеттің нышандарын әлеуметтік заң тұрғысынан дәл таңдау арқылы қамтамасыз етілетін түсінік. Толығырақ »
Қылмыстық заң- қылмыстық саралаудың негізі
Қылмыстық заң- қылмыстық саралаудың негізі туралы қазақша реферат
Қылмыстық құқық нормалардың бәсекелестігінде саралау, яғни нормаларды дұрыс саралау келесі қағидаларды ұстанғанда ғана жүзеге асырылады;
— іс әрекетті тезара зерттеу мен белгілерін анықтау;
— ҚР ҚК Жалпы және Ерекше бөлімді қолдана білу;
— іс-әрекет етуші заңды түгелдей, толық түсіну. Толығырақ »
Қылмысты норма бәсекелестігі жағдайында саралау мәселесі
Қылмысты норма бәсекелестігі жағдайында саралау мәселесі туралы қазақша реферат
Қылмысты саралау мәселесі теория бойынша да, тәжірибе тұрғысынана алғанда да, күрделі де маңызды мәселелердің бірі, себебі қылмыстық заңның тиімділігі де, бұл заң қолданылған адамның тағдыры да жасалған әрекеттің қалай сараланғандығына байланысты. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің нормаларын қолдануда заңсыздыққа жол бермеуіміз, маңызды мәслелелердің бірі. Мұндай жат қылықтарға, кемшіліктерге жол бермеу үшін сот тергеу материалдарына терең талдау жүргізіп, осы тұрғыдан әр түрлі теориялық пікірлерге толық, жан-жақты ғылыми талдау жасап, осы қылмыстан сақтандыруға негіз болатын ғылыми ұсыныстар жасау біздің міндетіміз болып табылады. Толығырақ »
Қылмысты саралау процесінің кезеңдері
Қылмысты саралау процесінің кезеңдері туралы қазақша реферат
Қылмысты саралау процесі іс-әрекеттің күрделі логикалық заңына бағынатын және қылмыстық іс қозғау процесінің барлық кезеңдерінде орын алатын саралау көрінісі. Қылмысты саралау теориясында ғалымдар саралаудың қылмыстық іс қозғаудың кезеңдеріне байланысты көптеген пікірлерін ұсынды. Мәселен, В.Н. кудрявцев: «Қылмысты саралау процесі қылмыстық іс қозғаудың сатыладында ең маңызды негізгі орынға ие», [5,209б]- десе. Б.А. Куринов, қылмысты саралау процесін үш топқа бөліп қарастырды, біріншіден, жасалған іс-әрекеттің қылмысқа және құқық бұзушылыққа қатысы бар ма, жоқ па соны анықтау қажет; екіншіден, қылмыстық іс-әрекеттің түрлік белгірерін анықтау керек, ал үшіншіден, қылмыстық іс-әрекеттің қосымша белгілерін сәйкестендіру қажет, — [9,55б] дейді. Қылмыстық құқықтық нормасын айқындамай қылмыстық іс-әрекетті қылмыс деп айта алмаймыз. Толығырақ »