Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, заңтану’ бөлімінің мұрағаты

Сергектік

Сергектік туралы қазақша реферат

Адам организмінің әрекеттік қалпының бірі – сергектік, ол ұйқымен қосылып, ұйқы-сергектік циклын құрайды.

Сергектік кезінде адам өзінің тіршілік бағдарламасын іске қосады. Мұқтаждық мотивациялық сүлбілерге сәйкес мінезін ұйымдастырып, қоршаған ортамен белсенді түрде өзара әрекеттеседі. Толығырақ »

Организмнің әрекеттік қалпы

Организмнің әрекеттік қалпы туралы қазақша реферат

  Физиология мен психология ғылымдары организмнің әрекеттік қалпы туралы ұғымды кеңінен пайдаланады. Өйткені адамның әртүрлі іс-әрекеті өрісіндегі еңбегі мен тәлімінің сәті, денсаулығы, көңіл-күйі оның әрекеттік қалпынан тәуелді келеді.

Көбінесе әрекеттік қалып орталық жүйке жүйсінің бедерсіз белсенділігі арқылы анықталады. Мұны И.П. Павловтың айтуынша, үлкен ми сыңарлары қыртысының тонусы немесе оның қозғыштық қасиеті көрсетеді. Ал организмде орталық жүйенің бедерсіз белсенділігін жүрек соғуының жиілігі, қанның қысымы, тыныстың жиілігі мен тереңдігі, ЭЭГ – ның өзгерістері сияқты физиологиялық, мінездік және психологиялық деңгейден тұрады. Әрекеттік қалып өз заңдылығы бар психофизиологиялық құбылыс, ол ерекше әрекеттік жүйе құрылысының негізін құрайды.  Толығырақ »

Ажырататын тежелу

Ажырататын тежелу туралы қазақша реферат

 Жаңа қалыптасқан шартты рефлекстің алғашқыда жалпылама өзгешелігі болады. Өйткені ол үйренген шартты тітіркендіргіштен басқа, оған ұқсас немесе көптеген бір райлы тітіркендірулерге де жауап ретінде пайда болады (шартты рефлекстің жалпылама сатысы). Алайда, егер тек шартты тітіркендіргіш ғана бекітіліп, басқалары елеусіз қалса, біраз уақыттан кейін ұқсас тітіркендіргіштерге әсерленіс өшеді (шартты рефлекстің, мамандалыс сатысы). Бұл заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, ұқсастығын жете ажыратуға мүмкіндік береді.
Шартты рефлекстің мамандалуын қамтамасыз ететін үрдіс, яғни тітіркендіргіштерді сұрыптау ажырататын тежелу деп атайды. Бұл үрдіс ми қыртысында өтетін шартты тежелуден туады. Толығырақ »

Шартты рефлекстің тежелуі

Шартты рефлекстің тежелуі туралы қазақша реферат

  Жүйкедегі бірыңғай құбылыстардың екі жағы құрайтын, қозу мен тежелудің тепе-теңдік арақатынасы жануарлар мен адамның сыртқы ортаның өзгермелі түрткілеріне бейімделу іс-әрекетінің нәтижесін анықтайды.

Орталық жүйке жүйсіндегі тежелуді ашқан орыстың атақты ғалымы И.М. Сеченов (1962). Ол орталық тежелуді арнайы тежеуші жүйелердің бірлестігі деп қарады. Толығырақ »

Шартты рефлекстердің түрлері

Шартты рефлекстердің түрлері туралы қазақша реферат

 Шартты рефлекстер рецепторлардың тітіркенуіне және пайда болатын қызметіне байланысты, қозу мен тежелуге және олардың кезеңдеріне, пайда болу механизміне байланысты көптеген түрлерге бөлінеді.
Тітіркендіретін рецепторларына сәйкес экстерорецепті, пропиорецепті және интерорецепті шартты рефлекстер болып бөлінеді.

Экстерорецепті шартты рефлекс шартты тітіркендіргіштер сыртқы сезім мүшелеріне әсер еткенде пайда болады: көзге, құлаққа, иіс мүшесіне, дәм сезу мүшесіне, тері рецепторына. Толығырақ »

Шартты рефлекстерді зерттеу әдістемесі және жасалу механизмі

Шартты рефлекстерді зерттеу әдістемесі және жасалу механизмі туралы қазақша реферат

  Шартты рефлекстерді зерттеуге Павлов 1900 ж. кіріскен. Алғашқы кезде экспериментатор иттің қасында отырып, тамақ беруді, тітіркендіргішпен әсер етуді өз қолымен орындаған.

Бірақ мұндай жағдайда экспериментатродың әрбір қимылының өзі итке қосымша тітіркендіргіш болып, реакцияның жүрісін я күшейтіп, я әлсіретіп отырған. Осындай бөтен тітіркендіргіштер әсер ете алмау үшін, итті ерекше бөлектенген, дыбыс өткезбейтін камераларда ұстайды. Толығырақ »

Шартты рефлекстердің жасалуы

Шартты рефлекстердің жасалуы туралы қазақша реферат

  1. Шартты рефлекстерді жасау үшін қажетті ең негізгі жағдай – индифренттік (өздігінше осы реакцияны тудыра алмайтын, кез келген бөтен) тітіркендіру мен шартсыз, сол реакцияны міндетті түрде тудыратын тітіркендірудің әсер ететін уақытының бір-біріне дәл келуі (ұштасуы).
2. Бөтен тітіркендіргіш шартсыз тітіркендіргіштердің әсеті басталар алдында әсер етуі керек. Екі тітіркендіргіш әсері бір уақытта берілсе шартты рефлекстің жасалуы едәуір қиындайды. Ал алдымен шартсыз, одан кейін индифренттік тітіркендіргіш әсет етсе, шартты рефлекс алынғанмен, ол өте тұрақсыз болады. (Алдымен шартсыз, кейін бөтен тітіркендірумен әсер еткенде шартты рефлекстің жасалуының қиын болатын себебі, теріс индукция заңымен және шартсыз тітіркендірудің күшінен бөтен тітіркендіргіш күшінің кемдігімен түсіндіріледі). Толығырақ »

Шартты рефлекстерінің шартсыз рефлекстерден айырмалары

Шартты рефлекстерінің шартсыз рефлекстерден айырмалары туралы қазақша реферат

  1.Шартсыз рефлекстер туа пайда болған, тұқым қуалайды және тұрақты болады. Ал шартты рефлекстер жеке организмнің тіршілік ету барысында пайда болады, тұқым қуаламайды және онша тұрақты емес.
2. Кез келген шартсыз рефлекс, егер орталық нерв жүйесі тиісті даму дәрежесіне жетсе, белгілі тітіркендіргішті бірінші рет және бір-ақ рет қолданғанның өзінде-ақ пайда болады. Жаңа туған баланың аузына тамақ түссе, шартсыз рефлекторлық жолмен сілекей ағады. Ал шартты рефлекстер бірден пайда болмайды, олар белгілі жағдайларға байланысты, біртіндеп дасалады.
3. Шартсыз рефлекстің дайын рефлекторлық доғасы бар, ал шартты рефлекстер болу үшін шартты байланыс деп аталатын, ми қыртысында жаңа байланыс орнауы қажет. Сөйтіп, бұрын болмаған жаңа рефлекторлық доға тұйықталуы қажет. Толығырақ »

Жоғары жүйке әрекеті

Жоғары жүйке әрекеті туралы қазақша реферат

  Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады.Жоғары жүйке әрекеті адам организінің сыртқы ортамен қарым-қатынасының тиімді қалыптасуын зерттейді. Жоғары дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, ұйқы, түс көру, гиппоз т.с.с. ми сыңарларының негізгі қызметі болып саналады.

Адам мінез-құлқа мен мидың арасындағы байланысты ең алғаш Платон, Гиппоктар секліді алдыңғы қатарлы ғалымдар болжап айтқан болатын.   Толығырақ »

Азаматтық хал актілері

Азаматтық хал актілері туралы қазақша реферат

   Азаматтық хал актілерін жазу бөлімдері жеті түрлі акт жазбасын жүргізеді. Соның ішінде тууды және қайтыс болған адамдарды тіркеу тәртібі де бар. Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы Заңына сәйкес балалардың тууын тіркеуді азаматтық актілерін жазу бөлімі баланың туған жері бойынша немесе ата-анасының, не олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша жүргізеді. Егер баланың тууы оның нақты туған жерінде емес, ата-анасының немесе олардың біреуінің тұратын жері бойынша тіркелетін болса, туу туралы акті жазбасында баланың тууын тіркеген жер көрсетіледі. Толығырақ »