‘Мәдениетттану, философия, әлеуметтану, дінтану’ бөлімінің мұрағаты
Шешендік өнер
Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына. Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген.
Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді «риторика» деген атпен жеке пән ретінде оқыған. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болған. Толығырақ »
Сократтың тәсiлi
Сократтың тәсiлi — асқан шеберлiкпен табылған сұрақ-жауап арқылы қисынды әңгiме-дүкен құру, сөйтiп күрделi, ғибратты ойлар өрбiту. Сократ ұғымдардың өзара байланысу диалектикасына жеттi. Ал диалектика — ақылды ұстартатын ой кешу тәсiлi. Сондықтан ол шешендiк өнердiң шұрайлы өрiсi бола алады. Адамдарды белгiлi бiр уәжге тоқтату, шынайы ақиқатты мойындату — диалектика мен риторикаға ортақ. Софистердiң риторика ғылымына сiңiрген еңбегiн әдебиетшi ғалым С.Негимов былайша бағалайды: ”Олар риториканы – шешендiк, эвристиканы — тартыс өнерi, диалектиканы — дәлелдеу өнерi дәрежесiне жеткiздi” — дейдi . Толығырақ »
Қазақ халқының шешендік өнері
Шешендік – қазақ елінің көнеден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері. Шешендік – сирек ұшырасатын қасиет-дарын. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр қисынға құрылады. Шешендік өнер мен билік қолма-қол туып айтылатын, суырыпсалма жүрекжарды әділ сөздерге негізделіп шығармашылық сипатымен дараланады. Толығырақ »
Шешендіктану ғылымының қағидалары
Шешендік өнер халықтық-демократиялық қоғамдарда өсіп-өркендейді. Ақыл-ойға еркіндік шешендік өнердің дамуының алғашқы шарты болып есептеледі. Мысалы, ежелгі грек тарихында шешендік өнердің дамуына б.ж.х.д. 594 жылы Афины басқарушысы әрі ақыны Солонның құлдық құрылыс пен сот істерін демократиялауға бағытталған заңының себеп болғандығын шешендіктану ғылымының зерттеушілері растайды. Бұл заң бойынша Афинының әрбір азаматы өз мүддесін өзі қорғауға тиіс болды. Сотта өзін-өзі қорғау үшін қызыл тілге жүйрік болуға тиіс. Осыған байланысты сот алдыңда айтылатьш сөзді алдын-ала даярлайтын сөз шеберлері (логографтар) көптеп пайда болған екен. Демосфен шешен алғашында осындай логограф болған. Толығырақ »
Риторика iлiмi
Риторика iлiмнiң атасы саналатын Протогордан бастап Аристотель, Демосфен, Цицерон, Әл-Фараби, Ломоносов, Апресян, Байтұрсынов, Садырбаев сынды шешендер мен ойшылдар, ғалымдар еңбектерiндегi ”саясат шешен сөз”, ”саяси-әлеуметтiк шешендiк сөздер”, ”шешендiк дау сөздер”, ”тұрмыс-салтқа байланысты айтылатын сөздер” немесе ”социально-политические красноречие”, ”богословно-церковное красноречие” деп iшкi үлгiлерге жiктеу жоғарыдағы зерттеудiң фольклорлық принциптерiнен туындап отыр. Толығырақ »
Гуссерльдің иррационализмге жуық феноменология деген ілімі
Гуссерльдің иррационализмге жуық феноменология деген ілімі адамның сана-сезіміндегі қалыптасқан құрылымдарды зерттеген. Алдымен феноменологияны «таза ғылым» есебінде көруге әрекеттенген Гуссерль құрылымдардың тәжірибе мен сынаққа жатпайтынын жоспарлап, оларды логика және математиканың ұғымдарына жақындатқысы келді. Кейіннен Гуссерль ғылым жолынан иррационализмге бүтіндей ауып, құбылыстарды «өмір әлеміне» көшіріп, оларды теориялық және практикалық қызметттің негізі деп санады. Толығырақ »
Ойлау бастамасын негіздеу мәселесі
Ойлау бастамасын негіздеу мәселесін зерттеуі, философия болмысы мен оның тарихындағы логикалық ойлаудың дамуын зерделеуі қарастырамын. Сонымен бірге диалектикалық идеяларының қазіргі заман үшін де өміршеңдігі, рухани сабақтастықпен жалғасқандығы, көптеген ойшылдардың дүниетанымдық жүйелерінде, ойлау қисындарында тереңнен орын алғандығы ғылыми нәтижелер ретінде ұсынылып отыр. Қазақстандағы қатаң мағынадағы, қазіргі заманның өлшемдеріне сәйкес келетін кәсіби философияның қалыптасуы қазақ қоғамы үшін ХХ ғасырдың екінші жартысына келеді. Толығырақ »
Бала бойында азаматтылық пен патриотизмге қалыптастыруда мектеп пен отбасы қарым-қатынасы
Әдептілік, имандылық, иейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыз осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл- парасатына азық ете білу үшін, әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын, сан ғасырларда қалыптасқан салт- дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт. Ол рухани адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алғаны жөн. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезіне білетін, мінез құлқы жетілген саналы адам қалыптасады. Толығырақ »
Діни эволюция
Паркте «сырланған, байқаңыз» деген ескерту жазылған орындықтарда екі профессор әңгімелесіп отырады. Бірі екіншісіне: «Адам өте қызыққұмар жаратылыс иесі. Егер оған ғаламда 8134537540987565443861 жұлдыз бар десең, ол оған сене салады». Ал егер орындыққа «байқаңыз, сырланған» деп жазып қойсаң, ол міндетті түрде қолымен тексеріп көреді. Толығырақ »
Қазіргі заманғы дүниедегі алғашқы қауымдық құрылыстың қалдықтары
Алғашқы қауымның қалдықтары алғашқы қауымдық құрылымның жойылуына байланысты таптық пайда болған қоғамдарда, яғни ертедегі шығыс және феодалдық қоғамдарда көбірек сақталып қалғаны түсінікті. Антикалық қоғамдарда алғашқы қауым қалдықтары оларға қарағанда төмендеу дәрежеде сақтана, капиталистік қоғамда ешқандай белгісі қалған жоқ. Осыған сәйкес, алғашқы қауымның қалдықтары дамудың капиталистік жолын өтпеген халықтарға тән болды. Алғашқы қауымның қалдықтары таптар түзілу кезеңдерінің құрылымы, нормалары мен түсініктері болып саналады. Осылардың көбі одан әрі трансформацияланды. Толығырақ »