‘Мәдениетттану, философия, әлеуметтану, дінтану’ бөлімінің мұрағаты
Қазақтың әдет-ғұрып, тұрмыс-салт әндерінің кейбір мәселелері
Әйтеуір бір халық туралы аз білесіз, тіпті ешнәрсе білмейсіз делік, соған қарамастан оның тек өзіне ғана тән музыкасына құлақ түріңізші -сізге сол бейтаныс жұрттың, өзіңізге бейхабар елдің рухани қайталанбас дүниесі бірте-бірте ашыла бастайды, сіз сол халықтың ақ көңіл, адал жүрегін, қуанышы мен шаттығын, жан дүниесінің кінәратсыз да елгезек темпераментін, сұлулықты, әсемділікті танып білудегі нәзік талғамын, поэтикалық бейнелі ойға ерекше бейімділігін, қоршаған ортаны, дүниені қабылдаудағы икемділік пен айқындылықты көріп, естіп қайран қаласыз, риза боласыз. Толығырақ »
Музыкалық фольклор және оның этнографиялық сипаты. Фольклор – көркем әрі тарихи-этникалық құбылыс
Музыкалық фольклор халық өмірі мен тұрмысы. яғни этнографиясымен тығыз байланысты. Сол себепті оны музыкалық этнография деп те атап келеміз. Өзінің табиғатына орай қазақ фольклоры салт-дәстүрге байланысты және салттан тыс болып екіге жіктелетінін жоғарыда айттық Толығырақ »
Қазақтың ұлттық музыка аспаптары
Қай халықтың музыка аспаптары болсын өмірге жайдан-жай келмеген. Ол адамның жан дүниесі, ішкі сезім иірімдерін білдіру қажеттілігінен, әр халықтың тұрмыс-тіршілік, салт-дөстүр, әдет-ғұрыптарына орайласа туын-дап пайда болған. Адам болмысының сөзбен, ән-өлеңмен айтып жеткізуге болмайтын сырлы саз, әуен үнін, күрделі сезімдерінсыртка шығару үшін музыкалық аспаптарды ойлап шығарған. Толығырақ »
Фольклорлық аспаптық музыка, оның негізгі белгілері мен сипаттары, жиналуы мен зерттелуі
Сыбызғы, қобыз, домбыра атауларының құрылымы мен мән-мағынасы.
Қазақ фольклорының үлкен бір саласын музыкалық аспаптар, соларға арналған музыкалық шығармалар құрайды. Оларды бір стадиялық сипатына орай екі салаға жіктейміз:
- Фольклорлық музыка аспаптары.
- Халық музыка аспаптары. Толығырақ »
Эпос айтушылары: бақсы, ұзан, жырау, жыршы, термеші атауларының мән-мағынасы
Эпикалық дәстүр тудырған жанрлардың бірі — толғау. Оның мазмұны ойлы, мақамы сазды келеді. Толғау деп өмір, тіршілІк туралы терең ой мен толғанысқа құрылған шығарманы айтамыз. Толығырақ »
Музыкалық-поэтикалық дәстүр. Қазақ эпосы, оның поэтикалық, композициялық, коммуникативтік және тәрбиелік сипаты
Эпикалық дәстүр — түркі тайпалары мәдениетінен байқалатын көне құбылыс. Оның туу, қалыптасу кезендері өте тереңге тартады. Осы дәстүр аясында көптеген жанрлар қалыптасқан. Олар әдетте 7-8 буыңды өлшемге негізделіп, халық поэзиясының негізгі қабатын кұрайды. Сонымен бірге эпикалык дәстүрдің макам-саз өнеріне де қатысы бар. Өзінің мазмұны мен мақамдық ерекшеліктеріне байланысты эпикалық жанр бірнеше салаға жіктеледі. Толығырақ »
Лирикалық әндер
Қазақ халқының терең сүйіспеншілік сезімге құрылған лиикалық әндері өзінің көркемдік келбеті, әуездік құрылысы мен жырлаған тақырыбы жағынан аса қомақты. Олардың арғы дәуірлерден келе жатқан үлгілері де жоқ емес. Мұндай әндердің әуен-сазы әдетте қысқа. Соған орай өлең шумағы да ықшам, қос жолдық болып отырады. Сонымен қатар қара өлең өлшеуіне құрылған үлгілері де баршылық. Толығырақ »
Айтыс күйлері
Күймен айтысу, күймен сайысу арқылы өнерлерін сынғасалу қазақ күйшілерінің ертеден бар дәстүрі. Елге есімі мәлім күйшілердің қай-қайсысы да небір әсем өрнекті күйлерін егес үстінде төгіп тастайтын болған. Күй айтысында ердің намысы ғана емес, елдің де намысы сынға түскен сәттер аз емес. Бұған қазақ пен түрікмен, қазақ пен қырғыз, қазақ пен қалмақ арасында болған күйшілер сайысы, соған орай туған толып жатқан күйлер куә. Дәулеткерей, Өскенбай сынды күйшілердің түрікмен күйшілерімен арада болған күй сайыстарында дүниеге келген небір сиқырлы саздары мен шежірелі аңыз-әңгімелері ұрпаққа мұра. Толығырақ »
Айтыс туралы
Қазақ музыкалық фольклорының дара бір саласы — айтыс. Айтыс көбіне түркі тектес халықтардың мәдениетіне тән құбылыс. Оны Еуропа халықгарының әдеби-музыкалық дәстүрінен табу қиын. Толығырақ »
Халық әндері және олардың жанрлық стильдік ерекшеліктері
Тарихи, лирикалық әндер, айтыс өнері, оның музыкалық-поэтикалық құрылымы
Халық әндері
Кез келген халықтың ғасырлар бойы жасалған мәдениеті болады. Оның бір саласы тарих болса, келесі бір арнасы — әдебиет пен өнер.
Өз кезегінде өнер де сала-салаға жіктелелі. Оларды қол өнері, сүрет онері, сәулет өнері және саз өнері дейміз. Толығырақ »