Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Мәдениетттану, философия, әлеуметтану, дінтану’ бөлімінің мұрағаты

Күләш Бәйсейітова

Байсеітова Күләш — әнші (лирико — колоратуралық сопрано). СССР халық артисі, ССРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Алматыда дүниеге келген. 1925-1928 жж. Алматы педагогикалық техникумында және қазақ драма театры жанындағы музыкалық драмалық студияда оқыған. Байсейітова қазақ опералық өнерін қалаушылардың бірі. Бірінші рет қазақ сахнасында ол классикалық опералардағы Баттерфляй (Дж Пуччинидің “Чио-Чио- Сан”, Татьяна (П. И. Чайковскийдің “Евгений Онегині”) т. б. партияларды орындады. Толығырақ »

Қазақтың күй өнері

     Жоспар:

  1. Кіріспе.
  2. Күйшілік өнердің пайда болуы және дамуы.
  3. Күйшілік аймақтар, олардың ерекшеліктері.
  4. Қорытынды. Толығырақ »

Домбыра көшпелі елдің көне өз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі

Домбыра көшпелі елдің көне

                                                                  көз шежіресі, көпті көрген

                                                          қарияның көкірек күйі.

Ахмет Жұбанов

Сан ғасырлар бойы сақталған әуен-саздары әр ұрпақ жадында сақтап, көздің қарашығындай қорғап, ілгері дамытып келеді. Сондай мөраларымыздың ішіндегі ең көнесі, ең байырғысы – қазақ халқының күй сазы. Сол күйлерді шығарған халық сазгерлері жайлы академик А.Жұбанов: «Не бір аруақты, дарынды дала перзенттерінің аты ұмытылып кетседе, сары алтындай шығармалары тот баспай бізге аман жетті,… Олардың бәрі де әліпті таяқ деп білмейтін, нота дегеннен тіпті бейхабар болса да, өз халқының өзегін өртеген мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, көптеген тамаша музыкалық шығармалар өалдырып кеткені және айқын. Олар халық аспаптарына арнап шығармаларын, яғни, домбыра мен қобыз, сыбызғыға арналған музыкалық пьесаларды, «Күй» деген бір-ақ сөзбен атаған»,- дейді Толығырақ »

Кристоф Виллибальд Глюк (1714 – 1787)

 Глюк өзінің шығармашылығында опрены жоғары қойды. Өйткені, Глюктің айтуы бойынша оперваны адамдар тек тыңдап қана қоймай, содан өнеге, тәрбие алуы дұрыс. Глюк үшін операның мазмұны маңызды рөль атқарады. Операның реформасы либреттоның реформасы деп саналды. Глюк өзінің операларын басқа композиторлардың операларына ұқсамайтын, драманы қарапайымдылап шығарғысы келді. Және оның мазмұны жоғары дәрежеде, адамды тәртіпке үйрететін қатаң, жоғары этикалық идеалға сәйкес болуын қалаған.

Глюк операларының негізгі тақырыптары – батырлық, халық үшін, оның амандығы, бақыты үшін күресу. Дәл осы тақырыптар арқылы Глюк жастарға адамның адам болуын үйретеді. Толығырақ »

Итальяндық концерт

1735 жылы басылып шығарылған Итальяндық концерт- бұл Бахтың клавирлік концерт жанрында жұмыс істеудің аяқталу кезеңі.

Клавирлік концерттің «атасы» және алғашқы үлгілерді жасаған композитор И. С. Бах еді.

Итальяндық скрипка мектебі бұл кезде өзінің гүлдену кезеңінде еді, зайырлы музыка жаңа формаларды жайды. Итальяндық шеберлердің қызметі Бахтың әртүрлі зайырлы музыка түрлерін дамыту ойын нығайтты. Толығырақ »

Йозеф Гайдн (1732- 1809)

 Балалық шағы. Йозеф Гайдн 1732 жылы 1 сәуірде Төменгі Австрияның Рорау ауылында дүниеге келді. Әкесі кәсіби каретник, шешесі- аспазшы болатын. Ата- анасы музыканы жақсы көретін және көп қабілеттерге ие болатын. Матиас Гайднның үйінде импровизациялық кештер болып отыратын; әкесі арфада ойнап, ән айтатын.

Гайдн өз балалық шағы өткен ауылдағы жағдай келешекте композитордың шығармашылығына негіз болады. Барлық шығармаларында австрияның ұлттық шығармашылығымен байланыс сақталады. Толығырақ »

Иоган Себастьян Бах (1685 — 1750)

Өткен замандардың композиторлары арасында Бах – ерекше құбылыс. Бұл суретші өзінің тереңдігімен және шығармашылық жолының кеңдігімен әлікүнге дейін таң қалдырады. Гендельдің құрдасы Бах, Гендель сияқты, өзінің заманының көрнекті жақтарын сипаттайды. Бірақ Гендель оның қаһармандығын, әрекеттігін суреттесе, Бах – оның бай, күрделі жағын ашады.

Бах үлкен тарихи кезеңнің  тәжірибесін қорытындылап, өзінің үлкен данышпандылығымен ілгері ұмтылған. Бахтың шығармашылық жорамалымен 19 және 20 ғғ. өнері байытылды. Толығырақ »

Жүсіпбек Елебеков

Елебеков Жүсіпбек (1904-1977) — әнші (тенор). Қазақстанның халық артисі. Қарағанды облысында туған. Елебеков бес жасынан ән айтуды бастаған. Ән өнеріне оны ағасы Ж. Балғабайұлы баулиды. Кейін Ғ. Айтбаевтан, Қ. Байжановтан, Ә. Қашаубаевтан дәріс алады. Елебеков музыкалық фольклордың талантты насихаттаушысы болып табылады. Халық композиторларының шығармалары (“Ардақ”, “Айтбай”, “Құлагер” және т. б.) Елебеков репертуарының негізін қалайды. Абай әндерін де ол аса шеберлікпен орындаған. Толығырақ »

Жаппас Қаламбаев

Жаппас Қаламбаев (1909-1970) мектебінің қобызда ойнау әдіс-тәсілдері, әуендік құрлыс өзгешілігі.

         Қаратау күйшілік мектебі дегенде домбырашылық  пен  қобызшылық өнер қатар қанат жайған Созақ жері бірден ауызға оралады. Күйшілік дәстүрге келсек – Қаратау күйлері, Арқа орындаушылық үлгісінің өзінше дамыған бір арнасы болып табылады. Қаратауға сонымен қатар  қобыз өнері де қонған жер. Қаратау шертпе мектебінің негізін қалаған  Сүгір Әлиұлы, өзіне дейінгі күйшілердің мұрасын терең  меңгерген, өз сазгерлігімен күй өнерін  жаңа  белеске көтерген  дарын иесі. Ол  Ықыластың төл шәкірті ретінде осы екі аспапты да  тең меңгерген. Мұндай феномен Сүгірдің шәкірті – Жаппас Қаламбаевқа да қонып, әрі қарай жалғасын тапқан. Толығырақ »

Жамал Омарова

Омарова Жамал (1912-1976) — әнші (контральто). Қазақстанның халық артисі. Өзбек ССР-нің Янгиюль қаласында туған. Ташкент педагогикалық училищесінде оқу бітірген. Ж. Омарова қазақ ұлттық операсымен ән мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосты. Ол 1934-1936 жж. музыкалық драмалық спектакльдерден Мақпал (Б. Майлиннің “Шұғасы”), Қамқа (Ғ. Мүсіреповтың “Қыз Жібегі”), Айман (М. Әуезовтің “Айман-Шолпан”) образдарын жасады. 1937-1976 жж.- Қазақконцерт пен қазақ филармониясының солисі. Оның репертуарында “Бипыл”, “Қараторғай”, “Ертіс”, “Ләтипа”, “Шынарай” сияқты қазақтың халық әндері, Ш. Қалдаяқовтың “Менің Қазақстаным”, А. Телғозиевтің “Менің елім” және т. б. әндері бар. Ж. Омарованың орындауында қазақтың халық шығармашылығына ұлттық сипаттар, оның әуезділігі, фольклорлық жанрдағы патетика тән. Толығырақ »