Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Мәдениетттану, философия, әлеуметтану, дінтану’ бөлімінің мұрағаты

Ерте замандағы беташар

 «Ел аузынан бір үзік» ерте замандағы беташар туралы түсінік.

Қазақ салт-дәстүрге бай халық. Соның бірі – келін келгенде “Беташар” айту. Беташар бұл ізгілік пен ибалық, имандылық белгісі десек, салт-дәстүр бойынша беташарды сал-серілердің бірі айтып, келінге ең жақын немесе сол елдің сыйлы адамдарын ғана таныстырып, иіліп сәлем бергізеді.

Беташар  — қазақтың келін түсіргенде жасайтын салтының бірі. Толығырақ »

Көне түрік дәуірі

Көне түрік дәуірі туралы қазақша реферат

Көне түрік дәуірі — ежелгі ортағасыр кезеңі (VI-XII-ғ.) казірғі Қазақстан жерлерінде тілдік және саяси жағдайлардын өзгерулеріне тікелей байланысты болып келеді.Осы кезде осы жерлерде түркітілдес халықтар этникалық және саяси үстемдікке ие болады. Өзгерістер негізінен Орталық Азия даласының шығыс бөлігінде оқиғаларға байланысты болды. VI-ғасырдың орта шенінде аталған өңірде түрік деп аталатын тайпалар одағының мемлекеті — ұлы Түрік қағанаты бой көтерді.Көне түрік өркениетінің ұлы жетістіктерінің бірі — өз жазуын жасауы еді. VI-VII-ғасырларда Түрік қағанатының құрамына кірген Орта Азиялық және Қазақстанның тайпалары, сондай-ақ, Төменгі Еділ бойы, Дон өлкесінің, Солтүстік Кавказда Хазар мемлекетін құрған батыс түрік тайпаларының өз жазулары әлдеқашан пайдалануда болатын. Түріктер әріп-белгілерді шағын ағаш тақтайшаларға салатын. Елшілер арнайы ғрамоталармен қамтамасыз етілді. Мәселен, 598-жылы Константинопольдегі император Юстинге келген түрік елшісі қағанның «скиф жазуымен жазылған» сәлемін жеткізген. Толығырақ »

Үнді — будда мәдениеті

Үнді — будда мәдениеті туралы қазақша реферат

Үнді — будда мәдениеті. Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі — Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті. Үнді елінің ғасырлар бойғы мәдени дәстүрлері оның талантты халқының діни сана-сезімінің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты болды.Б.з.б. VI ғасырда үнді елінде, кейіннен дүниежүзілік дінге айналған, будда діні қалыптаса бастады. Оның негізін қалаушы ханзада, кшатрийлер варнасына жататын Будда болды. Оның шын аты — Сиддахартха, ал оның анасы әйел патша Майя еді. Ұлы ханым Майяның шапағаты жер жүзіне тарады, оның жүрегінің тазалығы, өз-өзіне сенімділігі, парасаттылығы мен салмақтылығы, бүл қасиетті ананың қадір-қасиетін арттыра түсті. Толығырақ »

Месопотамия Өркениеті

Месопотамия Өркениеті туралы қазақша реферат

Месопотамия Өркениеті (б.з.б. 3000 – 331) – әлемдегі ең көне өркениеттердің бірі.Тигр мен Евфрат өзенінің аралығындағы (Қосөзен) халықтардың мемлекет құру, мәдениет және әлеуметтік қатынастар жүйесінде қол жеткізген, өзге әлемдік мәдениет және қауымдастықтармен ықпалдастық барысында пісіп жетілген рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы. Оңтүстік Қосөзен бойын алғаш шумер мен аккад тайпалары мекендеген. Осы екі топ Қосөзеннің оңтүстік жақ аймағындағы халықтың негізін құрды және адамзаттың ең ежелгі мәдени орталықтарының бірін негіздеді. Толығырақ »

Танымдық процестер

Танымдық процестер туралы қазақша реферат

Танымдық процестерге түйсік, қабылдау ойлау, сөйлеу және қатынас, қиыл, ес кіреді.

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерiнiң сезiм мүшелерiне тiкелей әсер етуiнен пайда болған мидағы бейнелердi түйсiк деп атайды. Толығырақ »

ЖЕКЕ КҮЙШІЛЕРДІҢ ОРЫНДАУШЫЛЫҚ МЕКТЕБІ

Жеке күйшілердің орындаушылық мектебі туралы қазақша реферат

        Қай дәуірде болмасын, белгілі бір музыкалық ағымның негізін қалап, соның басында тұратын орындаушылығы дара тұлғалар болады. Қазақтың аспаптық музыка мәдениетінің деңгейін көтерген дарынды бабаларымыз әр кезеңде өздеріне тиісті міндеттерін атқарып отырды. Олар күйдің композициялық құрылымының өзінше өсіп-өнуіне үлгі болды, тартыс мәнерінің мектебін қалыптастырып, оны арттағыға атамұра ретінде аманаттап отырды. Күй тарихында мұндай жандарды «Күй атасы» деп мәртебелеп атап отырған. Біздің тоғыз ғасырлық күй шежіремізде аттарын кие тұтып ардақтайтын осындай төбелі өнер иелері аса көп емес: Қорқыт, Кетбұғы, Асан Қайғы (Қайқы болуы да мүмкін), Қазтуған, Байжігіт. Ал, Тәттімбет, Құрманғазы, Бейсенбі, Дәулеткерей, Тоқа, Ықылас, Қожеке, Абыл, Қазанғап, Дина сияқты күйшілер солардың дәстүрін жалғастырушылар. Толығырақ »

ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ШЕРТПЕ ДӘСТҮРІ

Қазіргі замандағы шертпе дәстүрі туралы қазақша реферат

       Кеңес дәуірі (1917-1990) қазақ музыка мәдениетіне үлкен серпіліс әкелді. Бұрынғы күйшілік дәстүрдің ғасырлар бойы еркін дамыған ғұрыптық жолы ендігі жерде басқа соқпаққа түсті. Байырғы күйшілік салт ноталық жүйеге ауыстырылды, барлық күйшілік үрдіске ортақ  орындаушылық методикақалыптасты, бұл жағдай домбырашылықтың ноталық сауатын ашқанмен, күй мектептерінің дәстүрлі дамуына едәуір зардабын тигізді. Европалық нота жүйесінің домбыра меңгертуді жеңілдетуден басқа зияны жоқ еді, мәселе қазақы күй өлшемдерінің орыстың халық аспаптары үлгісіне ұқсастырылып, ықшамдалып нотаға түсуінде болды. Толығырақ »

ҚАРАТАУ КҮЙШІЛІК МЕКТЕБІ

Қаратау күйшілік мектебі туралы қазақша реферат

        Қарата күйшілік мектебі дегенде домбырашылық пен қобызшылық өнер  қатар қанат жайған Созақ жері бірден ауызға оралады. Күйшілік дәстүрге келсек — Қаратау күйлері Арқа орындаушылық үлгісінің өзінше дамыған бір арнасы болып табылады. Арқа күйшілерінің ішінде әуелі Сайдалы сары Тоқа  мен Арғын Дайрабайдың (Алшын Дайрабай дейтін де күйші өткен) ықпалы Қаратау күйшілік мәдениетіне көбірек тигені тарихи дәлелді шындық. Осы күні Қаратау мектебін зерттеушілер Сүгірдің Тоқадан бата алғанын айтқанмен, тарту үлгісін бөлекше деп санап жүр. Шындығында, Сүгірдің ұстазы – Ықылас пен Тоқа бір елдің адамдары болған, олардың күй шалу мәдениеттері Тәттімбеттен тарағаны даусыз ақиқат. Қаратау мектебін талдағанда Ықылас пен Сүгірден арғы күйшілерден ешқандай дерек келтіре алмай жүргеніміздің бір шеті осында жатыр, яғни ежелден қоныстас болған Арқа мен Бетпақдаланың әлеуметтік-мәдени шежіресін білмеуіміз қате пайымдар жасауға түрткі болып-ақ жүр.  Толығырақ »

ЖЕТІСУ КҮЙШІЛІК МЕКТЕБІ

Жетісу күйшілік мектебі туралы қазақша реферат

       Жетісу жері – қазақ халқының тағдыры талай рет талқыға түскен жер,  үш жүздің қаны топырағына мәңгі сіңіп қалған тарихи мекен. Мемлекет басына күн туғызған талай құйтұрқы саясатты көрген қасиетті Алатау  қазақтың байтақ елін көлеңкесімен қорғағалы нелер заман өтпеді, мұқым Шығысқа ықпалы жүрген Қытай империясы құдайы көршісі – Қазақты  бодан қылудың бар айласын жасап бақты, ғасырлар бойы атүсті айқаспен  бостандығын сақтап қалған қазақ елі үшін Жетісу жері әрісі — алты алаштың  жерұйығы боп саналады. Толығырақ »

АРҚА КҮЙШІЛІК МЕКТЕБІ

Арқа күйшілік мектебі туралы қазақша реферат

      Арқаның күйшілік мектебі — шертпе мәдениетінің алтын қазығы деуге  тұрарлық үлкен мектеп. Себебі, Арқа иісі қазақтың тарихи ортақ мекеніне  айналған, үш жүздің еншісі бөлінбегенін айғақтап тұрған қасиетті Ұлытау да осында. Домбырасымен «Ақсақ құланды» толғаған күй атасы — Кетбұғы өмір  кешкен Жошы ұлысы да Арқа өңірінде дәурендегені шежіреден аян. Нелер  балбармақ домбырашылар өмір кешкен Сарыарқа жерінде күй дегенде  алдымен аузымызға абыз Кетбұғыдан бөлек керей батыры–Байжігіт,  арғынның аты аңызға айналған ақылманы – Тәттімбет сері түседі. Осылардың  ішінде Арқа мектебінің басында тұрған тұлға сөз жоқ, Тәттімбет екені  даусыз.  Толығырақ »