Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Мәдениетттану, философия, әлеуметтану, дінтану’ бөлімінің мұрағаты

Әлеуметтану ғылымы

Әлеуметтану ғылымы туралы қазақша реферат

Әлеуметтік фактыларды ғылыми бақылау мен топтастырып жіктеудің алғашқы әрекетгері біз үшін Платонның «Республикасы» мен «Заңдарында» және Аристотельдің «Саясатында» сақталып қалды, бірақ олардың бәрі тек алғашқы талпыныстар болған еді.Алайда, осынау шығармаларда тұтас алғанда коғам азаматтық қауымға немесе мемлекетке ұйымдасу ретінде қарастырылады, ал Рим империясы заманында, орта ғасырларда және Ағартушылық ғасырларында әлеуметтік құбылыстарды барлық ғылыми зерттеулер тым үзік-үзік болды. Толығырақ »

Тәрбие әдістері және процесінің негізгі қағидалары

Тәрбие әдістері және процесінің негізгі қағидалары туралы қазақша реферат

Қазіргі кездегі арнайы мектептің педагогикалық тәрбие әдісі, ұжымы әлі де жете зерттелмеген мәселелердің бірі. Өйткені, бұл жөнінде әр түрлі көзқарастар бар екені байқалуда.

Т.Е.Конникованың анықтамасы бойынша, бұл- педагог жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету.Ал, И.С.Марианканың анықтамасы бойынша, бұл-жеке адамға тікелей және жанама түрде ықпал жасау. В.А.Сластенин тәрбие әдісінің тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері деп тұжырымдайды. Әр түрлі авторлардың анықтамаларына сүйене отырып, келесі тұжырымдама жасауға болады. Толығырақ »

Арнайы мектептегі педагогтардың оқушылармен қарым-қатынас стилін тәрбиелеудің маңызы

Арнайы мектептегі педагогтардың оқушылармен қарым-қатынас стилін тәрбиелеудің маңызы туралы қазақша реферат

Естімейтін балалардың алғашқы мектебі Алматыдағы арнайы мектеп интернат болып табылады. Ол 1931 жылы Қазақ СССР Министрлігінің бұйрығымен ашылды. Естімейтін балалардың алғашқы жылдары, дамуында күрделі және қиын жолдарды басынан өткізді. Ал қазіргі кезде естімейтін балалардың мектеп- интернаты мықты материалдық базасы бар, өздерінің оқу корпустары, жатақханалары, жаңа заманға сай құралдары, есту аппаратары және басқа да құралдармен қамтамасыздандырылған. Арнайы мектепте жүргізетін тәрбие жұмыстары балалардың жеке ерекшеліктерін танып білуден басталады. Естімейтін және нашар еститін балалардың конденсаторлық мүмкіндіктеріне байланысты. Толығырақ »

Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептегі тәрбиенің мазмұны

Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептегі тәрбиенің  мазмұны туралы қазақша реферат

Жалпы айтқанда, тәрбие дегеніміз- адамдарды қоғамдық өмірге және еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамды тарихи тәрбие беру процесі болып табылады. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдық құрылыс ретінде барлық салаларын қамтиды: жанұя, мектепке дейінгі мекеме, оқу, тәрбие орындары, еңбек ұжымы, информатика құралдары және басқа орындар. Тәрбие процесі- күрделі диалектикалық процесс. Жас ұрпақ, бойына саналықты қоршаған ортаға адамгершілікті көз-қарасты, мектеп мақсатына сай, адамзат тарихының бай процестерін игеру. Тәрбие процесі- ұжымды дамытумен, қалыптастыруға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушінің мақсатты және өзара байланысты қызметі. Толығырақ »

Кеңістік пен уақыт

Кеңістік пен уақыт туралы қазақша реферат

         Кеңістік пен уақыт, философияда – философиялық категориялар. Кеңістік пен уақыт категориялары бір-бірімен тығыз байланысты, олардың бірлігі кез келген жүйенің қозғалысы мен дамуынан көрініс табады. Ежелгі дәуір философиясы мен ғылымында Кеңістік пен уақыт категорияларын жүйелеу принципі өзгешелеу болды. Ежелгі грек ойшылдары (Платон, Аристотель) физ. нысандар мен құбылыстарға математикалық (геометриялық) сипаттама беру ықтималдығын жоққа шығарды. Орта ғасырлар ойшылы Ф.Аквинский математикалық кеңістік пен ақырғы нақты физикалық кеңістік (орын) арасындағы айырманы ажыратып қарады. Толығырақ »

Ғарыш философиясы

Ғарыш философиясы туралы қазақша реферат

Ғарыш философиясы деген кезде , біз екі нәрсені айтуымызға болады. Біріншіден, ол — дүниенің біртұтастығы және соның шеңберіндегі адамзаттың , яғни рухтың алатын орны; екіншіден , адамзат мәңгі осы жер бетінде қала ма, я болмаса басқа ғарыштағы объектілерді игеріп, өзінің ықпалын бүкіл ғарышқа тарата ала ма? Бірінші сұраққа қайсібір ұлттық философия жауап беруге тырысады, ал екінші сұрақты қойып, соған жауап беруге тырысқан, негізінен алғанда орыс философиясы болды. Сондықтан бұл ағымды орыс философиясының ерекшеліктерінің біріне жатқызуға болар еді деп ойлаймыз. Толығырақ »

Қазақ жеріндегі алғашқы философиялық түсініктер

Қазақ жеріндегі алғашқы философиялық түсініктер туралы қазақша реферат

Басқа халықтардың философиясы сияқты отандық философия да өз қайнар көзін көне  аңыздар мен дастандар , ертегілерден бастайды. Егер аңыздарға бай халықтарға үнді мен гректерді жатқызса, қазақ елі де олардан кем түспейтін болар, өйткені өне бойы көшіп-қонып жүрген халықтың бір ғана байлығы болды — ол оның тілі, бабалардан келе жатқан дәстүр, аңыз-хикаялар, нақыл сөздер. Олардың көбі жаңа ғана жарық көріп, философиялық тұрғыдан талдануда. Толығырақ »

Астрономиялық түсініктердің пайда болуы және қалыптасуы

Астрономиялық түсініктердің пайда болуы және қалыптасуы туралы қазақша реферат

ФилософияДүниеге деген дамыған көзқарас түрі. Тарихи дүниеге деген көзқарастың  тұрпайы  түрі алғашқы  қауымдық қоғамның  шеңберінде  Дүниеге келді. Оны біз мифология дейміз (mithos-грек сөзі, баян, аңыз,  logos-грек сөзі, ілім деген мағына береді).

Миф — табиғат , қоғам және адам жөніндегі алғашқы тұрпайы фантастикалық  түсініктер (phantasia — грек сөзі, қиял, елес). Алғашқы қауымдық қоғамдағы  әлеуметтік дамудың  тым төмендігі , адамның табиғаттың  әртүрлі күштеріне қарсы тұра алмауы, сонымен қатар өзінің өмірге деген қажеттіліктерін өтеу жолындағы сол табиғат құбылыстарын сезіну және түсіну іңкәрі — мифтердің Дүниеге келуінің қайнар көзі болып табылады. Толығырақ »

Темір дәуіріндегі Қазақстандағы тайпалар мен одақтар мәдениеті

Темір дәуіріндегі Қазақстандағы тайпалар мен одақтар мәдениеті туралы қазақша реферат

Темір дәуірі еңбек құралдары темірден жасалып, металлургияның таралуымен сипатталатын адамзат тарихындағы алғашқы қауым және ертедегі таптық дәуір. Ол хронологиялық жақтан б.з.б. ІХ-VІІ ғасырларды өз ішіне алады. Археологиялық деректерге қарағанда, темір дәуірі әр аймақтарда әртүрлі болғаны байқалады. Темір қорыту б.з.б. 2-мыңжылдықта белгілі болып, б.з.б. ІІ ғасырында Алдыңғы Азия мен Закавказьяда, Үндістанда кеңінен таралғанын Әлем тарихында жазылып келеді. Кейінгі жылдардағы Орталық Азияда жүргізілген деректер бойынша: «Рубеж ІІ-І и начало 1 тысячилетия до н.э. на просторах евразийской аридной зоны озноменовались важным событием — становлением кочевых форм скотоводческого хозяйства и распространением металлургии железа»[1]. Толығырақ »

Орталық Қазақстанда қола дәуірінің соңғы кезеңіндегі Дәндібай-Беғазы мәдениеті

Орталық Қазақстанда қола дәуірінің соңғы кезеңіндегі  Дәндібай-Беғазы мәдениеті туралы қазақша реферат

Беғазы — Дәндібай мәдениеті — қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. IX — VIII ғасырлар) Орталық Қазақстанды қоныстанған тайпалар мәдениеті. Бүкіл Еуразия аумағына тараған Беғазы-Дәндібай мәдениеті қола дәуірінің соңғы кезеңіне жатады. Осы мәдениеттің ескерткіштерін  Ақтоғай ауданында алғаш рет Әлкей Марғұлан ашқан болатын. Беғазы-Дәндібай кезеңі, ғалым Әлкей Марғұланның зерттеулері бойынша, қола дәуірінің Нұра және Атасу кезеңдерінен кейінгі үшінші кезең. Оның олай аталу себебі, Қызыларай тауының етегіндегі Беғазы қорымы мен Қарағанды қаласы маңындағы Топар елдімекеніндегі су қоймасы астындағы Дәндібай ескерткіш қорымдарының бірлесуінен болып отыр.

Дәндібай мәдениеті қамтыған жерлер деген болжам жасалса, бертіндері бұл мәдениеттің Еуразия құрлығын жайлағаны анықталды. Ғалым Сағындық Жауымбаевтың айтуынша, Беғазы-Дәндібай мәдениеті Еуропа жерлерінен Ауғанстан, Иранға дейін созылған. Беғазы — Дәндібай мәдениетін өркендеткен тайпалар батысында Ұлытау, шығысында Абыралы, Шыңғыс таулары, оңтүстігінде Жетіқоңырдан Ертіс бойына дейінгі Нұра, Сарысу, Кеңгір өзендері бойлары мен Қызылтау, Бұғылы, Қызыларай, Қарқаралы, Баянауыл таулары аралығындағы кең жазықтарды қоныс еткен. Бұл кезде одан бұрынғы андрон мәдениетіне тән үлгілер сақталумен қатар, жаңа жерлеу ғимараттары, тұрғын үйлер пайда болып, жерлеу салты, өзіндік шаруашылық түрлері қалыптасады. Жаңа мәдениет қауымның жоғарғы лауазымды билеушілеріне арнап салынған қақпақ тастардан тұрғызылған зәулім кесенелерімен, мәйітті бір қырынан, аяқ-қолын бауырына жинап, сонымен қатар шалқалатып жерлеу, олардың жандарына қару-жарақ, әшекей бұйымдар қою ғұрыптарымен ерекшеленеді. Қыш көзелердің пішіні, жасалу, өрнектелу өзгешелігімен де айрықшаланады. [4]

Беғазы — Дәндібай мәдениетінің кесенелері күрделі сәулет өнері ескерткіштеріне жатады (Ақсу-Аюлы, Бұғылы, Беғазы, Дәндібай, Ортау, т.б.). Олар көбіне дөңгелек, төртбұрышты болып келеді. Ғимараттардың үсті қақпақ тастармен немесе жуан бөренелермен сатылы (пирамидалы) әдіспен жабылып, мәйіт ортадағы үлкен тас жәшіктерге жерленген.

Атасу кезеңінде корымдардың, қоныстардың маңайында өлгендерге мінәжат ететін арнаулы орындар пайда болды. Бұлардың диаметрі 1,5—3 м аралығында. Маңайын үлкен тастармен көмкерген. Шығыс жағынан мінәжат орнына келетін жолға тас төселген. Мінәжат орнында заттардың шірінділері (сүт тағамы болса керек), әр түрлі құралдар кездеседі.

Андронов мәдениетінен Беғазы-Дәндібай мәдениетіне өтпелі кезең ескерткіштері. Беғазы-Дәндібай мәдениеті

Атасу кезеңінде халық саны біршама өскен болатын. Оған бұл дәуірге жататын кешендерде жерлеу орындарының өте көп болуы дәлел, кейде бір жерден сол заманның 100-ден астам зираттары кездеседі. Ру адамдарының ішінде мүлік теңсіздігінің пайда бола бастағанын осы Атасу кезеңі ескерткіштерінен байқаймыз. Бір жерлеу орнынан өте жұпыны ғана заттар шықса, енді біреулерінен алтынмен қапталған, қола әшекейлер көп кездеседі, бір қабірге кейде 6—8 қыш ыдыс қойылады.

Осы кезде рудың ішінен ең жақын аталас туыстардың үлкен патриархалдық отбасы бөліне бастайды. Айшуақ кешенінің қоршауы соның дәлелі. Мұнда 6 адамды бір-ақ үлкен зиратқа жерлеген, кейін қайтыс болған 4 адамды әр кез сол коршауға жапсарлас етіп салған қоршауларда жерлеген. Бұл дәстүр кейінгі қазақтарға дейін жеткен. Жақын туыс адамдарды бір зиратқа қою, не кейін қайтыс болған туыстарының зиратын бұрын дүние салған аталарының, туыстарының зиратына жапсарлата салу қазақта қазірге дейін кездеседі. Нұра кезеңінің қыш ыдыстарының иығы дөңгеленіп келсе, Атасу кезеңі ыдыстарының мойнынан бүйіріне ауысар тұсы тіктеу болып келеді. Нұра кезеңі ыдыстарындағы өрнек мойнынан бүйіріне дейін біртұтас болып келсе, Атасу ыдыстарында өрнек мойнында, ортан белінде, кейде түп жағына да бедерленген.

Бұл кезеңде Андронов дәуірінің кейбір белгілері сақталғанымен, жаңа сипаттағы, әжептәуір биік (1—1,5 м) оба-қоршаулар, сыртын айнала үлкен гранит тастармен көмкерген ірі-ірі жерлеу орындары пайда бола бастады. Өтпелі дәуірге тұрқы қысқа, бүйірі шар тәріздес томпайған, түбі тегіс қыш ыдыстар тән. Мысалы, ыдыстың бүйірінің көпшілік аумағында — ішінде көлбеу сызықтары бар (штрихталған) ленталар осы өтпелі кезеңде пайда болды да, Беғазы-Дәндібай заманында ең жиі кездесетін өрнекке айналды. Өтпелі кезең ескерткіштері өте аз зерттелген. Өтпелі кезеңде түрлі түсті тастардан жасалатын ұсақ моншақтар пайда болды. Беласар кешенінде адаммен бірге қойылған 4 ыдыс, басқа да ғұрыптық заттар сол күйінде қабірде жатыр. Бірақ адамның сүйегі жоқ. Бұл — алыста жау қолында қаза тауып, сүйегі табылмаған адамға қойылған символикалық жерлеу орны. Мұндай ғұрып ерте темір дәуірі халықтарында да болған. Бұл ғұрыптың жаңғырығы қазаққа да жеткен. Ертеде майдан шебінде каза тауып, сүйегі жау қолында кетіп, не табылмаған жағдайда, сол адамның тіпті бір бармағы табылса да, не сауытының бір бөлігі табылса да, зиратына соларды көметін ғұрып болған. Орта қоладан соңғы қолаға өтпелі кезеңге ірі қорған-қоршаулардың, ірі гранит тастар мен шеті көмкерілген үлкен қоршаулардың пайда болуы тән. Бұлар патриархалдық-отбасылық қауымның ортақ жерлеу орны емес, Бұл ескерткіштер сол қауымның ішінен шыққан көсем, қолбасшы, ру басылардың зираты.

Қоныстар мен тұрақтардан табылған көзе ыдыстардың таяқшамен батыңқы сызылып салынған сыртқы өрнектері қарапайым, қиғаш, көлбей салынған шырша, тырнақ, шекілдеуік, жарты ай бейнелі, мойны мен ернеуіне белдемшелер жапсырылған. [4]

Ал қабірлердің ішіне қойылған ыдыстардың пішімдері мен өрнектері мүлде өзгеше. Олар қыл мойын құмыра пішімді, шығыңқы бүйірлі кесе, тостаған тәрізді, сырты сүйек қалыпшалармен әсем етіп өрнектелген. Осы кезеңде бұл өңірде ірі елді мекендер (Кент, Бұғылы, Шортанды-бұлақ, Қарқаралы, Aқкезең, Ұлытау, т.б.) пайда болған. Тұрғын үй құрылыстары әр түрлі. Қабырғасы, іргесі таспен өрілген 4 — 6 бөлмелі үйлермен қатар, бір-екі бөлмелі жер кепе және киіз үй пішіндес құрастырмалы жеңіл үйлер де көп болған.

Олардың орта тұсында немесе шетінде биіктеу етіп тастан салынған төртбұрышты ғибадат ету орындары бар. Әрбір үлкен қоныстардың айналасында 3 — 5 шағын мекендер болған. Бұл жерлерді қоныстанған тайпалардың басым көпшілігі мыс балқыту, көзе жасау, егін егумен, мал ш-мен айналысқан.

Беғазы — Дәндібай мәдениеті жасаушы тайпалар да андрондықтар сияқты негізінен табиғат күштеріне (күн, от, су, т.б.) табынған. Сонымен қатар басты күнкөріс көзі есептелген жылқы, қой, түйе сияқты жануарлар мен қасқыр, аю, т.б. жыртқыш аңдарды құрметтеп, оларға табыну ғұрыптары пайда болған. Олардың тастан қашалған бейнесін зират, қоныс маңына (Қойшоқы, Ақсу-Аюлы, Қызыларай, т.б.) тұрғызып қойған.

Беғазы — Дәндібай мәдениеті тұрғындары — өздерінің әлеум. дамуында беделді рубасылары басқарған, қалыптасқан діни наным-сенімі, саяси әкімш. орталығы бар, өзіндік өндірісі мен өндіргіш күштері дамыған, алғаш мемл. бірлестік құру дәрежесіне жеткен тайпалар. Олар Оңт. Оралдағы (Замарев мәдениеті), Алтай мен Eнисейдегі (Қарасуық мәдениеті) өздеріне туыс тайпалармен саяси-экон. тығыз байланыста дамыды.

Қазақстан жерінде мал шаруашылығымен қатар неолит дәуірінен бастап егіншілік дамыған. Мәселен, Усь-Нарым қонысында (Шығыс Қазақстан) табылған қыстырма орақтар егіншіліктің болғанын көрсетеді. Тастан астық үгетін құралдар: астық түйгіштер, тоқпашалар, келілер, келсаптар жасалған. Егін жинауда алғашқы кезде пышақ пайдаланылған болса, соңғы қола дәуірінде әр түрлі қола және мыс орақ, шалғы қолданылады. Алқаптарда негізінен бидай, қарабидай, тары егілген.

Қола дәуірінде адам қоғамының өндіргіш күштерінің дамуына мал өсіру және егін егумен қатар әр түрлі рудаларды өндіру, тас пен сүйекті пайдалану аса маңызды роль атқарған. Оған Қазақстан жеріндегі мыстың, қалайының және алтынның бай кендерінің болуы қолайлы жағдай жасаған.

Қола дәуірінде Қазақстан жерінде мекен еткен тайпалардың қоныс жайларын анықтаумақсатында бірнеше қазба жұмыстары жүргізілді. Солар- дың нәтижесі көрсеткеніндей, әдетте қоныс өзендердің жағасында, жайылы- мы мол мүйісте, көлдің маңына орналасқан. Қоныстар 6-10 үйден 20 үйден тұрды. Өзен жағасында олар бір немесе екі қатар болып тізілген. Мүйістегі үйлердің ортасынан кең алаң-қотан қалдырылған. Тұрғын үйлердің аумағы кең 100 шаршы метрден 300-400 метрге дейін жеткен.

Қола дәуірінде Қазақстан жеріндегі тайпалардың өмірге керекті және үй тұрмысына қажетті заттарды істеп шығара бастағанын байқаймыз. Мал шаруашылығы адамдарды тек тамақтандырып қана қойған жоқ, сонымен қатар киім-кешекпен және аяқ киіммен де қамтамасыз етті. Сойған малдың жүнін түтіп, оны иіріп киім етіп қию үшін жаңадан ұршық және қарапайым тоқыма станогі пайда болды. Бұлар бірнеше қазбалардан табылды. Мұның өзі сол тұста қазақ даласындағы үлкен жетістік еді. Адамдар малдың терісін өңдеп, үстіне тон, басына тымақ, аяғына киім етіп киетін болды. Жүн киімдер қойдың биязы жүні мен ешкінің түбітінен тоқылды. [4]

Қоныстарды мекендеушілерге керамика ыдыстарын жасау кеңінен дамыған. Оның бәрі шаруашылық пен тұрмыста пайдалануға арналды. Бұл тұстағы құмыра жасаушылардың көбі

  1. әйелдер екен. Күйдірген балшықтан ыдыс-аяқтардың бірнеше түрі жасалған. Ыдыстарға әшекейлеп өрнек салын- ған. Соңғы қола дәуіріндегі құмыралардың дені иіні дөңгелек, бүйірі шығыңқы болып жасалынды.
  2. Қола дәуіріндегі тайпалар жауынгерлік қару жасап, оларды үнемі жетілдіріп отырған. Ол кездегі негізгі қарулар найза, күрзі, дүмі шығыңқы балта, шот. Кейбір жауынгелердің қанжарлары болған.
  3. Қоғамда азық-түліктің көбеюіне байланысты артық заттарды айырбастау, осындай айырбас сауда барысында байлықтың қорлануы етек ала бастайды. Малт шаруашылығының қарқынды дамуы қоғамдық алғашқы ірі еңбек бөлісін туғызды, басқалардан өз алдына бақташылар бөлініп шықты. Сол сияқты егіншілік кәсіпте біраз өзгерістер болады. Өңделіп егілген жерлердің көлемі өседі. Бұл өзгерістер қоғамдық еңбекте үлкен бөлінуді туғызып, матриархаттық қатынастар патриархаттық-рулық қатынастармен ауыса бастады.
  4. Патриархаттық отбасылық қауымның бірнеше сатыдан өткенін айту керек. Ерте кезде мұндай қауымдар әке жағынан туыс адамдардың төрт-бес ұрпағынан құралады және аумағы 200 шаршы метрдей, немесе одан да кең үлкен үйлерде бірге өмір сүрді. Әрбір патриархаттық-рулық қоныс-мекен осындай бірнеше үйлерден құралатын еді.
  5. Отбасылық қауым отбасылық-өндірістік ұжым болды, ал ұжымдық еңбек тұсында өндіріс құрал-жабдықтары мен өндірілген өнім ортақ меншікке айналды.
  6. Кейін, әсіресе соңғы қола дәуірінде кейбір материалдық жағынан күшейіп алған патриархаттық қауымдар барған сайын оқшаулана түсті. Мұның өзі алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауына, отбасылық меншіктің пайда болуына әкелді.

Қорытып айтқанда, қола дәуірінің соңғы кезінде отбасылық және қауымдық топтық еңбектің кезінде өндірістік жабдықтарға және өндірістің өніміне ортақ меншіктің пайда болуына байланысты қоғамда қауымдық құрылыс ыдырап отбасылық меншік пайда болды.