‘Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника’ бөлімінің мұрағаты
Кәсіпорындарды, үйлерді және ғимараттарды жалдау шарты
Кәсіпорындарды, үйлерді және ғимараттарды жалдау шарты туралы қазақша реферат
Кәсіпорынды жалдау шарты және үйлерді, ғимараттарды жалдау шарты азаматтық заңымен мүлік жалдау шартының жеке түрі ретінде қарастырылады. Оларға арналған нормалар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 29-тарауындағы § 3 және § 4 сәйкес қарастырылған. Олар үшін жалпы болып табылатыны осы екі шартта жылжымайтын мүлікті жалдауга байланысты жасалатыны. Сонымен қатар, кәсіпорын — жылжымайтын мүліктің ерекше түрі — мүлік кешені болып табылады, кәсіпорынның қызметі жылжымайтын мүліктің басқа түрлерінің қызметінен ерекшеленуіне сәйкес, көрсетілген шарттардың мазмұнында ерекшеліктер бар. Толығырақ »
Лизинг
Лизинг туралы қазақша реферат
ҚР АК мүлік жалдау (аренда) туралы жалпы ережелерінен кейін лизингке арналған нормалар көзделген (565-572-б.) Бұл кездейсоқтық емес шығар деп есептейміз. Бүның себебі қазіргі нарықтық инфрақұрылымда лизинг қатынастарының маңызы өте жоғары болып келетінінде сияқты. Х.А.Рахманқұловтың бағалауы бойынша лизинг КСРО-да болған материалдық игіліктерді үлестірудің (таратудың) жоспарлы жүйесіне балама болуы мүмкін. Ал негізінен онда белгілі артықшылықтар бар, тұтынушы жабдықтарды алдын ала көп қаражаттарды жұмсамай-ақ ала алады.
Лизингтің тағы да бір артықшылығы бар, пайдалануға алынған жабдықтар үшін мерзімді төлемдердің кезегі (төлеу сәті) әдетте жабдықтар нақты пайдалануға берілгеннен кейін келеді. Толығырақ »
Мүлік жалдау шартының жекелеген түрлері
Мүлік жалдау шартының жекелеген түрлері туралы қазақша реферат
Мүлік жалдау шартының түрлері алдында қарастырылған еді. Қосымша ҚР АК бекіткен мүлік жалдау түрлерінде оларды жіктеудің анық негізі жоқ екенін айтуға болады. Мүлік жалдауды түр-түрге бөлудің негізі біздің ойымызша қазіргі экономика салаларында қалыптасатын арендалық қатынастарды барынша толық қамтуды көздейді. Кейбірде мүлік жасау бөлек түрінің негізі ретінде оған қатысты мүлік жалдау шарты жасалатын мүлік түрі болып келетіндей көрінеді. Осы сипат бойынша кәсіпорынды жалдау, үйлер мен ғимараттарды жалдау, көлік құралдарын жалдау, тұрғын үй жалдау бөлініп шығарылады. Толығырақ »
Мүлік жалдау шартының мазмұны
Мүлік жалдау шартының мазмұны туралы қазақша реферат
Жалға беруші мүлікті жалға алушыға шарт талаптары мен мүліктің мақсатына сәйкес, келетін күйде беруге міндетті (АК 547-б. 1-тармағы). Мүліктің күйі бірінші кезекте шартпен анықталуы тиіс. Мысалы, жалға қоймалар берілгенде, олар өрт қауіпсіздігінің талаптарына бөлмелердегі ауаның ылғалдылығына не құрғақтығына қойылатын талаптарга және басқаларға сәйкес болуы керек екені болжанылуы мүмкін.
Шарттың мүліктік күйіне талаптар анықталмаса, онда олар мүліктің тағайындалуы және мүлікті пайдаланудың болжамды (мақсаты ескеріліп мүмкін күйіне талаптар туралануы мүмкін. Бірақ мүлікті жалдау шарты бойынша мүлікке талаптарды анықтау сатып алу-сату шарты бойынша заттың қажетті сапасын анықтаудан ауырға түседі. Жалға берілетін мүліктік күйіне қатысты талаптар өте субъективті болып келеді. Толығырақ »
Аренда шартының мерзімі
Аренда шартының мерзімі туралы қазақша реферат
Мүлікті жалдау шарты нақты анықталған мерзімге жасалуы мүмкін. (ҚР АК. 545-6, 1-т.) Қаз. ҚСР-ң Азаматтық кодексімен, жалға берілетін мүлік түріне қарамастан мүліктік жалдаудың мерзімі 10 жылдан аспауы тиістігі қарастырылған еді. ҚР АК аренданың ақырғы мерзімін тек оның бөлек түрлері үшін, немесе бөлек мүлік арендасы үшін қарастырады. Айтылғандай жердің арендасы 49 жылдан аспауы керек. Прокат шарты бір жылдан аспайтын мерзімге ғана жасалуы мүмкін. Толығырақ »
Мүлік жалдау шартының элементтері
Мүлік жалдау шартының элементтері туралы қазақша реферат
Мүлік жалдау шартының тараптары жалға алушы және жалға беруші, жалға беруші және жалға алушы ретінде кез келген тұлға, заңды және жеке тұлға бола алады. Егер шарт мемлекет атынан не әкімшілік-аумақтық бірлестік атынан жасалса мүлікті жалға беруші болып өкілетті мемлекеттік орган, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру бойынша комитетінің аумақтық органдары келеді.
Жалға беруші — бұл пайдалануға берілген мүліктің иесі, ал заңды тұлға — оқшауланған мүлікке меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығы бар субъект. Кейбір жағдайларда мүлікті жалға беруші болын оған өзге де құқықтары бар жеке немесе заңды тұлғалар келуі мүмкін, олар мүлікті жалға беруге заңмен немесе шартпен өкілденуі тиіс (мысалы, бүл мүлікті сенімгершілікпен басқаратын болуы мүмкін). Толығырақ »
Мүлік жалдау шартының нысаны
Мүлік жалдау шартының нысаны туралы қазақша реферат
Бұл шартқа да ҚР АК 151-154-б. ұсталатын мәміленің нысаны қойылатын жалпы талаптар қолданымды болып келеді. Сонымен бірге мүлікті жалдау шартының нысанына арнайы талаптар да қойылады. Егер, мысалы, ол бір жылдан астам мерзімге жасалса, онда оның нысаны жазбаша болуы тиіс. Толығырақ »
Мүлік жалдау (аренда) шартының ұғымы және элементтері
Мүлік жалдау (аренда) шартының ұғымы және элементтері туралы қазақша реферат
Мүлік жалдау қатынасы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 29-тарауында реттелген, § 1 мүлік жалдау туралы жалпы ережелер мазмұндалған. Мүлік жалдау қатынастарын реттеу, тек АК-пен шектеліп қоймайды, олар сондай-ақ басқа да заңды актілермен реттеледі. Азаматтық құқық нормаларының диспозитивтік мінезі мүлік жалдау шартына да қатысты өзінің көрінісін табады. Сондықтан нақты шарт қатысушыларына алғашқы нормаларды өзгертуге, оларды өздерінің қажет-тіліктерін барынша толық қамту үшін лайықтауға мүмкіншілік береді. Толығырақ »
Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарты
Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарты туралы қазақша реферат. Мердігерлік шартының шартының бұл түрі құрылыс жұмыстарымен тығыз байланысты жұмыстар жүргізілуін құқықтық реттеуге арналған. Жобалау жұмыстар оларға сәйкес, алда құрылыс жүргізілетін құжаттар өнделуін қарастырады. Әдетте, жобалау құрылыста жаңа конструкцияларды, технологияларды, материалдарды қолдану қажет болса жүргізіледі. Сонымен бірге, құрылыс объектісінің өзі де оларды салу стандартты жоба бойынша жүргізілуі тиіс емес ғимарат олардың кешені болып келуі мүмкін. Толығырақ »
Тұрмыстық мердігерлік
Тұрмыстық мердігерлік туралы қазақша реферат. Бұл шарт мердігердің тұрғындарға қызмет көрсету аясындағы қатынастарды реттейді. Ол арқылы азаматтар бөлшектеп сатып алу – сату шарттарды жасасып иелене алмайтын заттарға иелене алады, сол сияқты тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша олардың нәтижесі зат болып келмейтін жұмыстар орындалады.
Тұрмыстық мердігерлік ҚР АК 640-650 баптарымен реттеледі. Сонымен бірге Қазақ КСР «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заңда қолданылады. Тұрмыстық мердігерлік қатынастарының белгілі бөлігі 1996 жылғы 20 қыркүйтегі №9/7 баға және антимонополиялық саясаты бойынша, ҚР Мемлекеттік комитетінің Қаулысымен бекітілген тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету Ережесімен бекітіледі. Тұрмыстық мердігерлік шарты ерекшелігінің үлкен бөлігі оның тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға болатын арнайы мақсатының салдарынан болып келеді. Бөлшектеп сатып алу – сатуда сатып алушы қалай қорғалса, тұрмыстық мердігерлік қатынастарында тұтынушы сол шекте қорғалады. Тұтынушылардың құқықтық жағдайын анықтайтын бірқатар нормалар Азаматтық Кодекстің өзінде бар. Толығырақ »