‘Қазақша реферат’ бөлімінің мұрағаты
Қарахандар әулетi
ҚАРАХАНДАР ӘУЛЕТI
Қарахандар әулетi 10-ғасырдың орта шенiнде қалыптасты. 12-ғасырдың басында ыдырай бастады. Олардың территориясы қазiргi Шинжаң өлкесi мен Жетiсу өңiрiн және Мауараннахрды (қос өзен аралығын) қамтыды. Қарахандар елiнiң екi орталығы болды. Оның бiрi Шу өзенi бойындағы Баласағұн қаласында, ендi бiрi Қашқар қаласында едi. Толығырақ »
Қаладағы көлікпен байланысты экстремальдық жағдайлар
Адамның өзі жасаған өмір суру ортасының бірден бір бөлігі – көлік жүйесі.Кез-келген адам өзінің жасына немесе мамандығына қарамастан әр күнді осы көліктің түрлерімен күнделікті пайдаланып жатады.Көлік адамның,тіпті қоғам өмірінің боліп тастауға келмейтін белсенді бөлігі.
Бүгінгі заманғы көлік жүйесі қоғамдық (теміржол, автокөлік, теңіз,өзен, әуе көлігі және труба арқылы) және жекеменшік болып екіге бөлінеді.Жоғарыда айтылғанның бәрі көлік жүргізушілер үшін ғана емес,айнала қоршаған орта үшін де аса қауіпті аймақ болып есептеледі. Толығырақ »
Қазақ жерлерінің ресей империясының құрамына қосыла бастауы мен алғы шарттары
ХІІғасырдың аяғы менХІІІғасырдың басында Тәуке хан басын біріктірген қазақ феодалдық мемлекеті Орталық Азиядағы халықаралық қатынастарда беделді орын алды. Жайылым жер үшін қырқысқан ру аралық тартысқа белсене қатысқан Шыңғыс тұқымдарының алакөздігін уақытша болсада әлсіреткен Тәукенің мемлекеті Қасым, Хақназар және Тәуекел тұсындағы елден қайда берік болды.Алайда 1718жылы Тәукенің өлімінен кейін қазақ жерінің бірлігі әлсіреп кетті. Тәукенің мирасқоры Қайып елдің басын құрай алмады. Алғашында Қайып ханға тәуелділігін мойындаған кіші жүз билеушілерінің бірі Әбілқайыр 1723 жылдан жетекші хан болып саналды. Толығырақ »
Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік-саяси дамуы
20-жылдардың соңында жеңіске жеткен әміршіләкімшіл жүйе 40-50-жылдарда күшейіп тұрған еді. Қазақстан тарихын қоғамның сол кездегі саяси жүйесінсіз кезге елестету мүмкін емес. Оған адамның бостандығын аяққа басу, оның құқын елемеу, еңбекщілерді өндіріс құралдарынаан ажырату, оларды саясат пен мемлекеттік басқарудан шеттету сияқты теріс құбылыстар толығымен тән еді. Республикада, бүкіл елдегі сияқты, бір адамның -И. В. Сталиннің жеке басына табыну үстемдік құрды. Қандай табыс болсын, соның басқару қабілетіне байланысты дәріптеліп, кемшіліктер мен өрескел қателіктерге көз жұма қаралды. Осының бәрі Қазақстаның қоғамдық-саяси дамуына теріс әсер етті. Ал мұның аса ауыр зиянды зардаптары болды. Толығырақ »
Қазақстан жерін мекендеген халықтар
Қазақстан Халықтары ассамблеясының X сессиясында сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев, бұл жылда этникалық отаны Ресей болып табылатын, бірақ Қазақстанда тұратын халықтардыңмәдениетін дамытуға күш салу керек деп мәлім деді. Әңгіме орыс, татар, шешен, ингуш тағы басқа ұлт өкілдері туралы болып отыр.Осы ретте Қазақстан Халықтарының достығын, ұлтаралық ынтымақты сақтау тәжірибесін Ресей де үйренуге тырысатын сияқты. Оны ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған бүгінгі Москва саясатының аңысынан анық аңғаруға болады. Толығырақ »
Қазақ хандығының жойылуы
1718- жылы қазақтың ұлы ханы Әз Тәуке қайтыс болған соң, Қазақ хандығында туылған ішкі енжарылық, қазақ жүздерінің үсақ иеліктерге жіктеліп ыдырауы, жоңғар ақсүйектерінің шапқыншылығы, « ақтабан шұбырында» апаты Қазақ хандығының күш – қуатын құлдыратқан еді. Осы мезгілде кіші жүз ханы Әбілқайыр өзіне қараған елдің бір бөлігін ( 40 мың адамды) бастап батысқа қарай ауып барып, орыс патшасына бағынуға ант берді. Толығырақ »
XVII-XVIII ғасырлардағы ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ
Қазақ тарихының шоғырлы тұсы деп XVII ғасырдың екінші және XVIII ғасырдың алғашқы жартысы бекерге аталмаса керек. Осынау кезең қазақ ұлтының тарихындағы ең ауыр белес болып табылады, сонымен қатар халық санасына жоңғарлардың шапқыншылығынан туындаған қасірет пен жоқшылық жайлаған жылдар ретінде сіңіп қалды. Толығырақ »
XІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Кіші жүз қазақтарының сауда-саттық кәсібі
Кіші жүз жерінде патшалы әкімшілік-баскару жүйесінің орнауы, қазақ даласында хандықтың жойылуы елге саяси өзгерістер әкелсе, сонымен бірге шаруашылық саласында да көптеген өзгерістер ене бастады. Ресейдің отарлық саясаты ХІХ ғасырдың бірінші жартысында, Кіші жүз даласын экономикалық жағынан оған тәуелді етіп қойды. Себебі өндірістің пайда болуы казақ даласындағы байырғы шаруашылықтың ыдырауын туғызған. Казақстан біртіндеп патшалы Ресейдің шикізат өндіретін аймағына айнала бастады. Ал мұның өзі сауда-саттық істің жандануына әкелді. Толығырақ »
XІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Кіші жүз жеріндегі егіншілік
Кіші жүз қазақтары мал шаруашылығымен қатар, егіншілікпен де айналысқан, бірақ бәрі бірдей емес. Мал шаруашылығы сияқты, егіншілік те табиғаттың, ауа-райының жағдайына байланысты дамиды. Кіші жүз даласында егіншілікке қолайлы жер көп болған жоқ. Оңтүстік-шығыс ауданы, Сыр өзені бойы, батыс бөліктің солтүстік-шығыс жеріндегі қазақтар егіншілікпен ғана емес, бау-бақша өсірумен де айналысқанын көреміз. Егіншілік пен көшпелі шаруашылық қатар жүріп отырды. Толығырақ »
Кіші жүз қазақтарының мал шаруашылығы
XVIII ғасырдың бірінші жартысында Кіші жүз қазақтары өздерінің ежелден келе жатқан кәсібі мал бағумен айналысқан. Мал шаруашылығы экстенсивті жағдайда дамып отырған. Ол негізінен табиғи жайылымның жыл бойына пайдалануына байланысты еді. Кіші жүз даласының барлық жерінде мал саны өте көп болған. Қазақтардың күн көрісі, тіршілігі, малдың төрт түлігіне тәуелді болды. Бұл жөнінде Кіші жүз даласына саяхат жасаған И. Фальк былай деген: «Қазақтардың ежелден кәсібі мал бағу, олардың малы өте көп, және малдары сол жердің табиғатына бейімді әрі төзімді келеді». [1] Толығырақ »