‘Қазақша реферат’ бөлімінің мұрағаты
Араб-мұсылман философиясы
Араб философиясы – мұсылман дінін қабылдаған және араб тілінде сөйлейтін Шығыс халықтары ойшылдарының ортағасырлар дәуіріндегі философиялық ілімдерінің жиынтығы. Араб философиясының пайда болуы мутализиттердің («оқшауланғандардың») – қаламның рационалдық дін ілімінің – ертедегі өкілдерінің қызметіне байланысты, олар адамның ерік-жігерінің бостандығы мен Құдайдың ерекше белгілері туралы мәселелерді талқылаудан бастап, діннің шегінен шыққан және тіпті оның кейбір догматтарын мақсат еткен концепцияларды жасаумен аяқтады. Толығырақ »
Жаңа дәуір философиясы
Негізгі ерекшеліктері:
— ғылыми рационализмнің қалыптасу дәуірі
— білімнің қарқынды дамуы
— ғылмдардың пайда болуы
— діннің беделі мен билігі алдыңғы орынға шығуы. Толығырақ »
Ресейлік контекстегі орыс философиясы
Ресейде философиялық ой – пікірдің өз дәстүрлері мен ерекшеліктері бар. Олар көбінесе, Ресейде ғасырлар бойы орын алған мәдени — әлеуметтік процестерге байланысты. Орыс философиясының қалыптасуының алғашқы кезеңі ‑ ХІ-ХVII ғасырлар, ол әлемдік философиямен байланысты, бірақ оның төлтумашылығын да теріске шығаруға болмайды. Ол Киев Русінде пайда болады және 988 жылы Рустің шоқынуынан басталған христиандандыру үдерісімен байланысты болды. Толығырақ »
Қазақ философиясы мен ойлау мәдениетінің шығу тегі
Қазақ философиясы мен ойлау мәдениетінің шығу тегі көне түркі заманынан басталады.V-VІ ғасырларда түріктердің әліппесі (алфавиті) мен жазуы болды. Соның негізінде түріктер жазба мәдениетін тудырды. Оны мәдениет тарихында «көне түркі жырлары» деп атайды. Ол мәдени мұралар Талас, Орхон, Енисей өзендері бойынан табылғандықтан «Орхон ‑ Енисей» руна жазулары деп аталады. Тарихқа өз төл алфавитімен өзге халықтар санаулы. Көптеген халықтар алфавитті өзге дамыған жұрттардан алған. Әрине, түркі алфавиті болған кезде тарихта қазақ этносы болмады. Бірақ түркі жазуларымен жазылған шығармалармен таныссаңыз, сол замандағы түркілер мен қазіргі қазақ санасының арасындағы терең рухани сабақтастықты аңғарасыз. Толығырақ »
Кеңестік дәуірдегі Марксизм философиясы
Марксизм философиясының пайда болуының тікелей әлеуметтік алғышарты — өнеркәсіптік жұмысшы табының дамуы және оның революциялық қызметінің өсуі болып табылады. Марксизм философиясының дүниеге келуінің ғылыми себептері де болды. Марксизм философияның пайда болуына үлкен үш жаңалық әсер етті: 1) Клеткалардың ашылу заңы; 2) Энергияның сақталу заңы; 3) Дарвинның эволюциясы; Толығырақ »
Философиядағы болмыс мәселесі
Онтология грек тілінен аударғанда онтос — болмыс, логос — ілім яғни болмыс туралы ілім болып табылады. Болмыс — тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет. Толығырақ »
Философиядағы адам мәселесі
Философиялық антропология – адамның мәні, құрылымының мәні туралы ғылым. Оның қоршаған әлемге, барлық заттың негізіне, болып жатқандардың метафизикалық мәніне және оның әлемдегі физикалық, психологиялық жеке рухтың пайда болуына қатынасы оның биологиялық психикалық, рухани — тарихи және әлеуметтік даму заңдылықтары туралы ғылым. Толығырақ »
Әлеуметтік философия
Әлеуметтік философия — қоғам мен адам туралы философиялық принциптер мен заңдылықтар туралы мәселені қарастырады. Әлеуметтік философияның зерттейтін пәні адам және адам туған қоғамдық болмыс болып табылады. Оның басқа ғылымдардан айырмашылығы қоғамдық зерттейтін (тарих, әлеуметтану, мәдениет тарихы т.б.) түсініктерге назар аударады. Тарихи процесстің мәні мен бағыты, қозғаушы күші және мақсаты «қоғам», «қоғамдық», «әлеуметтік» сөздерінің түсінігі кеңінен таралған, бірақ олардың мәні көбінесе көп мағыналы және толық түсініксіз болып келеді. Толығырақ »
Аристотель
Аристотель (грекше: Ἀριστοτέλης Aristotélēs) (б.з.д. 384 – б.з.д. 322 жылдар) — грек пәлсапашысы, Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде физика, метафизика, ақындық өнер, театр, музыка, логика, шешендік өнері, саясат, үкімет, этика, биология және зоология. Толығырақ »
Даосизм
Даосизм (қытайша «дао цзяо” – «жол ілімі”) б.з.б. ІV-ІІІ ғасырларда Ежелгі Қытайда пайда болды. Аңыз бойынша бұл ілімнің құпиясын аты аңызға айналған Хуан-ди («Сары император”) ашқан. Ақиқатында даосизм шамандық нанымдардан және ежелгі магтар ілімінен бастау алады, ал оның негізгі қағидалары данышпан Лао-цзынікі деп саналатын «Жол мен ізгіліктер туралы канонда” (Дао-дэ-цзинде) және философ Чжуан Чжоу көзқарастары көрініс тапқан (б.з.б. ІV-ІІІ ғғ.) «Чжуан-цзыда” баяндалады. Толығырақ »