‘Педагогика, дефектология’ бөлімінің мұрағаты
Өсімдіктерді қорғау жолдары
Өсімдіктер қоры тауысылатын, бірақ қайтадан қалпына келетін табиғи ресурстарға жатады. Қазір планетамыздағы жалпы құрылым территориясының небарі 26 проценті ғана орман алқаптарының еншісіне тиеді. Бұл ағаштарды кесіп, жойып жіберу қиын емес, ал оны қалпына келтіру үшін ұзақ жылдар керек. Ғылыми деректерге қарағанда, отырғызылған балғын шыбықтан бәйтерек ағаш өсуі үшін 100-150 жыл керек.
Біздің ормандарымызда жыл сайын 844 млн м3 ағаш қосымша өсіріледі де 460 млн га кесіледі.
Толығырақ »
Отбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны
Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең үлкен мәнге ие орта.
Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.
Толығырақ »
Педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен іс-әрекеті және оның бала тәрбиесі мен ата-аналардың мәдениетін көтерудегі маңызы
Мектеп- өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі ролі өте зор. Еліміздің бүкіл жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, өз бетінше жеке автономиялық мекеме болған емес, сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Міне, мектептің үлкен тәрбиелік функциясы осында.
Толығырақ »
Педагогикалық-кәсіптік қасиеттері – балаға деген ынта
Ықылас махаббат, педагогикалық еңбекке қызығу, психологиялық-педагогикалық сезгіштік, байқағыштық, әділдік, талап қоя білушілік, табандылық, ұстамдылық өзін-өзі басқара білу, қайырымдылық, мамандық еңбекті сүйе білу. Қазіргі кезде мұғалім мамандығына қойылатын талаптың бірі оның өзі тарапынан оқушымен, ата-аналар мен әріптестермен демократиялық, гуманитарлық және жариялық принципті негіздерде қарым-қатынас жасау педагогикалық ынтымақтастықты жүзеге асыра білу. Сонымен, мұғалімнің өсіп жетілуі оның педагогикалық шеберлігіне байланысты. Ал педагогикалық шеберлік мұғалімнің мектептегі оқу тәрбие жұмысы мен кәсіби білімнің кешенді дайындығының негізі болып табылады.
Толығырақ »
Қазақстан тарихының тәрбиелiк мүмкiндiгiн жүзеге асырудың әдiстемелiк жолдары
Тарих пәнiнiң мектеп оқушыларына жан-жақты тәрбие беруде ерекше орын алатынына қарамастан, кейiнгi 15–20 жылдан берi пәннiң тәрбиелiк маңызы бiршама әлсiредi. Оның да себептерi бар. Оқыту үрдiсiне техникалық құралдардың көптеп енгiзiлуi, сабақта оқушылардың ойлау қызметiнiң дамуына айрықша көңiл бөлiнуiмен ( мұғалiмнiң шамасы келсе де, келмесе де) әуестенушiлiк, оның үстiне кейiнгi оншақты жылда оқыту үрдiсiндегi тәрбие мәселесiне бiрқатар өзгерiстердiң енгiзiлуi сияқты басқа да жаңалықтар ғылым негiздерiн оқытып үйрету барысындағы тәрбиенiң рөлiн бiраз кемiттi. Толығырақ »
Тарихи — экономикалық материалды оқытудың әдiстемелiк жолдары
Тарих ғылымы, мектептiң тарих пәнi адамзат тәжiрибесiн, оның басынан кешкен қоғамдар тарихын баяндайтын болғандықтан, ол қоғамның барлық салаларын, қырларын қарастырады. Ал қай қоғамда болмасын, халық кәсiп еткен шаруашылығы- экономикасы, оның жетiлу, даму өркендеу тарихы болғаны белгiлi. Шақпақ тастардың көмегiмен тiршiлiк ету үшiн ағаштан, тастан қарапайым құралдар жасаған алғашқы адамдар тiршiлiгi мен қазiргi машина жасайтын зауыттарды жүргiзiп тұрған адамдар арасындағы кәсiби мамандық жөнiндегi айырмашылықты салыстыру тiптi мүмкiн емес. Толығырақ »
Пәндi оқыту барысында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру
Оқушыларда бастауыш мектепте-ақ эстетикалық тәрбие берудiң негiзi қаланады. Ал негiзгi, орта мектептерде эстетикалық тәрбие берудiң мүмкiндiктерi кеңейе түседi. Тәрбиенiң бұл саласына қойылатын мiндеттерге тарих пәнi ойдағыдай үлес қосады. Тарихты оқыту барысында эстетикалық тәрбие берудiң мiндетi–оқушыларды тарихи құбылыстардың, әсiресе, өнер туындыларын қабылдап, түсiне бiлу, оны бағалай бiлу қабiлетiн қалыптастыру түрлi қоғамдық құбылыстарға эстетикалық тұрғыдан қарауды үйрету. Толығырақ »
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды аттестациялау
Педагогикалық қызметтің инновациялық багыттылыгы. Білім берудегі инновациялар
Жаңа енгізілген немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің бәрінс де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанасына айналды. Ииновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми әдістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірбиесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді.
Толығырақ »
Шәкәрім Құдайбердиевтің педагогикалық көзқарастары
Қазақ халқының тарихы мен мәдениетінде өзіндік із қалдырған, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген, ұлы Абай мектебінің дәстүрін жалғастырушы, өзінен кейінгі ұрпаққа сарқылмас мол мәдени мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердиев белгілі гуманист ақын, ойшыл тарихшы-шежіреші ағартушы, ғұлама болды. Толығырақ »
Жас ерекшеліктері туралы ұғым. Белгілі кезеңдерге бөлінуі
Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі шираңтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің үштасуын жиі байқауға болады. Толығырақ »