Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Педагогика, дефектология’ бөлімінің мұрағаты

Публицистикалық стиль

Мұғалім публицистикалық стильдің сипатын танытуды мақсат етіп қояды. Публицистикалық стильдің ауызша, жазбаша түрлері болатындығы, олардың ауызша түріне — шешендік сөздер, жазбаша түріне газет-журналдағы мақалалар, памфлет, очерктер т.б. жататыны айтылады. Мұғалім публицистикалық мақалалардың тақырыбы саяси, экономикалық, экологиялық, мәдени, моральдық т.б. алуан түрлі мәселелер қарастыратынын, публицистикалық стильдің жазба түрінің қалыптаса бастауы халықтың жалпы экономикасы мен мәдениетіне байланысты екенін оқушыларға түсіндіргені дұрыс. Сондай-ақ публицистикалық стильдің өзіндік ерекшелігі болып танылатын екінші бір қыры өмірдің әр саласына байланысты болғандықтан, тақырып жағынан ғылыми стиль мен көркем әдебиет стиліне жақын болып келетінін де нақты түсіндірген жөн. Толығырақ »

Ресми іс қағаздары стилі

Алдымен төменгі сыныптардан таныс іс қағаздары жөнінде оқушылардың есіне салу керек. Жалпы, ресми құжаттар деп отырғанымыз не екені түсіндіріліп, анықтамасы беріледі.

Оқушыларды құжаттардың түрлерімен таныстырып, оның басқа стильдерден өзіндік ерекшеліктеріне тоқталу қажет. Іс қағаздары стиліне мысал ретінде әр түрлі мекемелерде жүргізілетін құжат үлгілерін ұсынуға болады. Толығырақ »

Көркем әдебиет стилі

Оқулықта көркем әдебиет стилі және оған тән ерекшеліктер жөнінде түсінік берілген. Осы анықтамаларды пайдалана отырып, оқулықтағы жаттыруларды орындатқаннан кейін көркем әдебиет стиліне тілдің эстетикалық   қызметінің,    көп   мағыналық,    бейнелік    сипаттар   тән болатындығын   ескерте   отырып,   оларды   көркем-әдеби   шығармалардан іздестіру мақсатында қосымша материалдармен жұмыс жасауға болады.

Толығырақ »

Ауызекі сөйлеу стилі

Сөйлеу стилі адамдардың бір-бірімен күнделікті қарым-қатынасында ауызекі тілдесу түрінде жүзеге асатыны белгілі, яғни бұл жерде тілдің коммуникативтік функциясының баса сезілетіндігіне оқушылардың назарын аудару керек. Ауызша сөйлеуде еркіндік басым екендігі, күнделікті өмірдің барлық саласында тілдің қызмет ететіндігі, бірақ тілдік жүйені пайдаланудың әртектілігі    түсіндіріледі.    Сыныпта    оқулықта    берілген    жаттығуларды Толығырақ »

9-сыныпта қазақ тілі пәнін оқытудың ерекшеліктері

Мектепте қазақ тілін оқытудың басты мақсаты — ана тілінің қызметін жетік білетін, оны қарым-қатынас құралы ретінде емін-еркін пайдалана алатын тәлімді оқушы тәрбиелеп шығару. Ана тілі коммуникативтік қызметіне қоса, оқушының жалпы дүниетанымын, ойлау қабілетін қалыптастыратын маңызды құрал. Қазіргі таңда, қазақ тілі өзінің қоғамдық қызметіне шын мәнінде ие болып келе жатқан кезеңде, ана тілін оқыту – аса жауапты міндет. Оқу бағдарламасында қазақ тілін оқытуға қойылатын талап туралы: «Ана тілінің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, коммуникативтік біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу», — делінген. Міне, осы мақсатты орындау бағытында мектептегі қазақ тілі пәнінің құрылымы мен білім мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілді. Олардың ең бастылары 9-сыныпта оқытылатын материалдардық көлемі мен мазмұнына қатысты. Толығырақ »

9-СЫНЫПТА СТИЛИСТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

9-сыныпта қазақ тілін оқыту бағдарламасының мазмұны бүгінгі таңда бұрынғыдан әлдеқайда өзгеше. Мұның басты себебі қазақ тілінің қазіргі қоғамдық мәнімен байланысты. Қай қоғамда да тіл проблемасы болатыны белгілі шындық десек, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін иеленуіне орай, шешімін табуға тиісті күрделі мәселелер әлі де баршылық. Бұл жағынан білім беру саласында да атқарылуға тиісті ауқымды істер жетерлік. Толығырақ »

Функционалды стильдердің стильдік белгілері

 Әрбір функционалды стильдің өзіндік белгілері болады, олар тілдік бірліктердің белгілі бір түрлерінен және сол стильдің өзіне тән жүйелік ерекшелігінен құралады. Алайда, ол ерекшеліктер көп емес және кейбір жақтарынан бірнеше стильге ортақ та болып келеді.

Функционалды стильдерге тән стильдік белгілерге дұрыстық, дәлдік, бейнелілік, қисындылық, анықтық, мәнерлілік, деректілік, дерексіздік, көп мағыналылық, бір мағыналылық, стандарттылық жатады. Толығырақ »

Функционалды стильдердің тілдік сипаттамасы

Функционалды стильдер тілден тысқары (экстралингвистикалық) жағдайлардың негізінде жасалады. Алайда стиль тілдің (сөздің) бір түрі болғандықтан, ол тілдік (лингвистикалық) жағынан да сипатталады, яғни әр стильге тән, оның ерекшелігін белгілейтін тілдік құралдар болады.

Стиль құрайтын тілдік құралдар екі топқа бөлінеді. Біріншісіне тілдің стилистикалық парадигматикасын  құрайтын тілдік құралдар (стилистикалық бояуға ие құралдар, стилистикалық синонимдер мен варианттар) кіреді. Екіншісіне функционалды-тілдік құралдар жатады, яғни әр стиль түрінде басым қолданылатын тілдік құралдар болады. Функционалды стильдер стилистикалық бояулы және функционалды-тілдік құралдар мен бейтарап тілдік құралдардың бірігуі арқылы жасалады. Осы тұрғыдан функционалды стильдердің ерекшелігі төмендегідей сипатқа ие болып келеді. Толығырақ »

Стилистикадағы «стиль» ұғымы

«Стиль» — стилистиканың негізгі орталық ұғымы. Стилистика ғылымында оның көптеген түсінігі бар. Олай болу себебі, біріншіден, стилистика ғылымының тарихи даму жағдайымен түсіндірілсе, екіншіден, «стиль» ұғымының күрделілігінен туындайды.

Дәстүрлі практикалық стилистикада «стиль» термині тілдің нормативті-стилистикалық  ережелеріне сәйкес келу дәрежесін білдіреді (мысалы, «жақсы стиль», «жаман стиль»). Стиль терминінің кең мағынасы — сөйлеу мәнерін білдіріп келсе, тар мағынасы — жеке шығарманың немесе жазушы шығармашылығының тілдік ерекшелігі (көркем әдебиет стилистикасы тұрғысынан алғанда) дегенді білдіреді. Соңғы мағынасында «стиль» термині әдебиеттік стилистикада да қолданылады. Толығырақ »

Стилистиканың негізгі ұғым, категориялары

Стилистика өзіне тән ұғымдар мен категорияларға ие. Мысалы, стиль, функционалды стиль, стилистикалық бояу, стилистикалық құрал, стилистикалық белгі, стилистикалық мағына, стилистикалық норма, стиль құраушы факторлар, стильдің тілдік жүйелілігі. Бұлардың ішінде стилистикалық бояу, стилистикалық құралдар, стилистикалық мағына бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар.

Тілдік қабаттардың бірліктері (әсіресе, лексикалық қабаттың) өздерінің негізгі мағыналарынан тысқары, әрқилы реңктерге ие болып келеді. Стилистикалық табиғаты жағынан олар бірдей емес. Тілдік құралдар, осындай ерекшелігіне орай, алдымен бейтарап және стилистикалық бояулы болып бөлінеді. Толығырақ »