Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Тарих, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы’ бөлімінің мұрағаты

Этнос – руханият – өркениет

XX ғасырдың гуманитарлық ғылымында тарихи процес-терді, этносты, этосты түсіндірудің бірнеше келістері бой көрсетті. Мәселен, маркстік ілім, теологиялық-провиденциа-листік сипаттас пәлсапа тарихы, сондай-ақ, модернизация мен конвергенцияны атап көрсетуге болады. Бұлардың бәрі бір ауыздан дүниежүзілік тарихтың бірлігін мойындайды. Толығырақ »

Этностың табиғаты мен тарихы

ЭТНОСТЫҢ ТАБИҒАТЫ МЕН ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 

Өткенді білу бүгініміз үшін керек, сондықтан ол өзіне біздің назарымызды әрдайым аудартып отырады. Біздің жадымыз мағынасы бар нәрсені сақтайды. Әсіресе, Ел басқарған жандардың өз халқының тарихынан, этностық ерекшеліктерінен хабары мардымсыз болса, олар көп қателік жіберіп алады. Ағылшын ғалымы Г.С.Боллингброк «История – это философия, которая учит нас с помощью примеров», – деген еді[1]. Толығырақ »

«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» газетінің қазіргі безендірілу сипаты

Әр дәуір келбетін жаңғырта жеткізуде, бүгінгі заман талабына лайық байлам жасауда әркім әрқалай жолды таңдап алады. Мәселен, тарихшы дәуір тағылымына тарихи тұрғыдан баға беруге ұмтылса, әдебиетші көркем туындылары арқылы үлес қосады. Ал журналист дәуір дауылпазы – публицистика тілімен шындықтың шырайын аша көрсеткенді жөн көреді. Осы орайда газет, оның ішінде «Қазақ әдебиеті» қазақ еліндегі жаңалықтарды, мәдениетке, өнерге, тарихқа, әдебиетке қатысты зерделі мақалаларды қамтып отырған бірден бір басылым екенін айта кетуіміз керек. Толығырақ »

«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» газетінің өткені мен бүгіні

Қай елдің де өзіне қымбат көрінетін, мақтаныш етіп жоғары бағалайтын, ұлттық байлығы саналатын рухани қазыналары болады. Біздер үшін сондай қазыналардың бірі – «Қазақ әдебиеті» газеті болса керек. Егер дүниеде «Қазақ әдебиеті» газеті болмаса қазақ елінің рухани өмірінде үлкен олқылықтың, жүдеуліктің орны сезіліп-ақ тұрар еді. «Қазақ әдебиетінің» біздің күнделікті тірлігімізге тереңдеп енгені соншалық, әр апта сайын жұма күні осы газеттің келуін асыға күтеміз. Толығырақ »

Қола дәуірі петроглифтерінің кейбір образдары мен сюжеттерінің семантикасы

Қола дәуірінің жартас суреттері арасында антропоморфты бейнелер негізгі кейіпкер ретінде кескінделеді. Бұл кезең адам мен оның болмысына деген қызығушылықтың өсуімен ерекшеленеді. Осы сәттен бастап басқа жануарлар бейнелері, таңбалар мен символдар  негізгі тақырып болып саналатын адамға (образына) бағынышты құрамдас бөлігі болып табылады (әлемдік мифологияның архаикалық образдарын бақылау, олардың дамуындағы қызық заңдылықты, яғни ежелгі тотемдік, зоо немесе орнитоморфтылықтан антропоморфтылыққа ауыса бастағандығын көреміз  Толығырақ »

Қазақ батырларының бес қару туралы түсініктерінің тарихи деректерде көрініс табуы

Бұл мақалада қазақ тілінде кездесетін «бес қаруын асынған» фразеологиялық тіркесінің астарлы мағынасына қарай оның халық фольклорындағы эпостық жырлардағы қолданысына түсініктер берілген. Тарихи деректерге сүйене отырып, автор батырлар жырында жиі кездесетін бұл тіркестің мән-мағынасын ашуға ұмтылыс жасайды. Көшпелі халық арасындағы әскери құрылым, сол кездегі жауынгерлердің пайдаланған қарулары жайлы тың деректер келтірілген. Өте ерте замандағы әскери құрал-саймандар туралы жазба деректерге сүйеніп, оның бүгінгі таным-түсініктегі көрінісін арқау етеді.  Толығырақ »

Газеттегі сызба жұмыстарының кейбір қиындықтары

Қазіргі газеттердің басым бөлігінің «Adobe in Design», «Adobe Page Maker», «Adobe Photoshop», «Corel Draw» сияқты компьютерлік бағдарламалармен беттелетінін осы салаға қатысы бар мамандар жақсы біледі. Алғашқы мақаланың бастапқы сөйлемдерінің қаншалықты қиын жазылатыны сияқты, компьютер экранындағы форманы беттеудің де өзіндік қиындықтары бар. Әр бетті бір-біріне ұқсатпауға тырысып, түрлі идеялар іздестіріп, әбден бас қатырасыз. Журнал дизайны жұмысында да осы сияқты қиындықтар ұшырасады. Бетке орналасуы тиіс мақаланың нобайын ойластырасыз, олардың редактор ұсынған  ескертпелері мен маңызын ескересіз. Толығырақ »

Фотоаппараттың дүниеге келуі

 Фото – (грек) жарық, графо – сызу, жазу  деген мағынаны береді. Ерте заманда адамдар күн сәулесiнiң қараңғы бөлмеге әлдебiр дененiң көлеңкесiн қаз-қалпында түсiретiнiн байқаған. Бұл жаңалықты ең алғаш рет аңғарған бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi IV ғасырда өмiр сүрген ұлы ойшыл Аристотель [1.5].

Әлемдегi фотография саласының алғашқы жұрнағын обскура-камерасымен байланыстырамыз. Обскур-камерасының кескiн-келбетiн ұлы қылқалам шеберi Леонардо да Винчи сызып жазған болатын. Толығырақ »

Әйтеке би ауданы шаруашылығының даму мүмкіндіктері

 Бұл мақалада Ақтөбе облысының солтүстік-батысында орналасқан Әйтекеби ауданының шаруашылығы қаралады. Әйтекеби ауданында өнеркәсіп жақсы дамымаған. Ауданның табыс көзі негізінен ауыл шаруашылығы болып табылады. Ақтөбе облысының АӨК-нің үлкен үлесі Әйтекеби ауданына тиесілі. Мақалада ауданның дамуы үшін шешімін табу керек мәселелер анықталып, тұжырымдамалар жасалынған. 

Кілт сөздер: инвестиция, пайдалы қазбалар, өнеркәсіп, статистика, ауылшаруашылық, әлеуметтік экономикалық.  Толығырақ »

1967 жылғы «Алты күндік соғыс»

 Алты күндік соғыс» араб-израиль қақтығысындағы араб және Израиль басшыларының шынайы мүдделерінің үйлеспеушілігі, египеттік амбиция, Сирия радикализмі, Израиль басшылығының айлакерлігі арабтық өзара араздық, американдықтарды вьетнамдық мәселелердің қобалжытуы, кеңестік қауіптену сияқты тізбектелген реакциялар нәтижесі болды. «Алты күндік соғыс» өткен араб елдерінің 1967 жылғы Хартум конференциясы «еврей мемлекетімен бейбітшілікке келмеу, қарым-қатынас орнатпау және еврей мемлекетін танымау» туралы шешім қабылдады. Толығырақ »