‘Тарих, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы’ бөлімінің мұрағаты
Қоланы меңгеру. Ерте металлургия
Қоланы меңгеру. Ерте металургия. Қола дәуiрiнде (б.з.б. 2 — 1 мыңжылдықтар) мыс пен қола металлургиясы дамыды (қ. Ежелгi кен қазбалары). Тайпалар мал және егiн ш-тарымен кешендi түрде айналыса бастады. Еңбек өнiмдiлiгi артты. Жеке отбасылар оқшауланды, отбасылық меншiк кеңейдi, рулық қауым iшiнде мүлiк теңсiздiгi өстi. Қола — еңбек құралдары мен қару жасау үшiн қолданылатын негiзгi шикiзат көзiне айналды. Қола дәуiрiнде Сiбiрдiң, Жайық өңiрiнiң, Қазақстан және Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегi жағынан және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендедi; бұл тайпалар өзiнше бiр үлгiдегi жарқын мәдениет қалдырды. Толығырақ »
Мезолиттегі жер өндеу мен мал шаруашылығы элементтері. Аңшылық, балық аулау шаруашылықтары
Палеолиттен мезолитке (б.з.б. 12 — 10 — 5 мыңжылдықтар) өткен кезеңдерде қазiргi кездегiге жуық табиғи келбет орнықты. Садақ пен жебенiң ойлап табылуы аңшылық кәсiпке үлкен мүмкiндiктер туғызды. Бұл дәуiр ескерткiштерi Қазақстанда аз зерттелген. Оңт. Қазақстанда (Маятас, Жаңашiлiк-1-3, т.б.), Орт. Қазақстанда (Қарағанды-15, Әкiмбек, т.б.), Солт. Қазақстанда (Мичурин, Боголюбов-2, Явленко-2, Атбасар, т.б.), Торғай ойпаты аудандарында (Дүзбай-6, т.б.), Қостанай қ. маңында (Дачная, Евгеньевка, т.б.) орналасқан тұрақтар адамдардың шаруашылығынан, дүниетанымынан мол мағлұмат бередi. Толығырақ »
Палеолиттегі еңбек құралдары мен оларды жасау тәсілдері
Қаратау сiлемдерiндегi ашель кезеңiнiң тұрақтары көп. Ең көрнектiлерi Бөрiқазған мен Тәңiрқазғаннан табылған бұйымдар төрт топқа: бiр жақты, екi жақты шапқыш құралдар; зiл мен сындырғыштар; домалақ iрi бұжыр тастар топтарына жатады. Мұндай шапқыш құралдар Оңт.-Шығыс Азия мен Африканың шелль-ашель кезеңiндегi бұйымдарға өте ұқсас. Түркiстан қ. маңындағы Қошқорған, Шоқтас ескерткiштерiнен табылған тас құралдардың жас мөлш. б.з.б. 500 мыңжылдықтан әрi асады. Ашель кезеңiнiң ескерткiштерi Орт. Қазақстаннан (Құдайкөл, Жаманайбат, Обалысан, т.б.), Шығ. Қазақстаннан (Қозыбай), Маңғыстаудан (Шақпақата, т.б.), Мұғалжар тауларынан (Жалпақ, Мұғалжар, т.б.) да табылған. Екi жақты шапқыш (бифас) құрал, әсiресе, соңғы аталған өңiрдегi бiрнеше орындардан зерттелдi. Толығырақ »
Ерте гоминидтердің палеографиялық өмір сүру жағдайы
Қазiргi Қазақстан жерiн ежелгi адамзат баласы бұдан 1 млн-дай жыл бұрын мекен еткен. Оны Қаратау, Маңғыстау өңiрлерiнен табылған тұрақтардан алынған материалдар дәлелдейдi. Қазақстан жерiндегi ерте палеолиттiк (эоплейстоценнен бастап б.з.б. 150 — 130 мыңжылдықтарға дейiн) ескерткiштер Қаратау, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау, Ертiс алабынан табылған. Толығырақ »
Соңғы орта ғасырлардағы Қазақстанның тарихнамасы
XVIII ғасырда орыс зерттеушілерінің сол кезеңдегі қазақтар туралы мағлұматтар, негізінен тұрмысы, шаруашылығы, ғұрыптары, нанымдары, жүздердің рулық-тайпалық құрамы, орналасуы туралы этнографиялық мағлұматтар жинауы жалғастырылып, халықтың шыққан тегі туралы аңыз-әңгімелер зерттелді. Бұл зерттеушілер арасында П.И.Рычков, И.Г.Георги бар. Қазіргі авторларға қазақтардың жағдайын сипаттап беретін бұл материал Толығырақ »
Әбілқайыр әулетінен шыққан өнерпаздар
Көне кептің байыбына салсақ, көмейіне Жошы хан қорғасын құйғызған домбыра қайтып үн қатпастай тұншықпақ еді. Алайда, ғасырлар өткенде басқа емес – нақ осы әміршінің өзінен өрбіген жұлдызды шоғыр азалы да жазалы аспаптың құдіретіне дүниені қайта табындырды. Жошы заманы тым жырақ – әңгімеміз адасар. Арғы атасы әз-Жәнібек – бұл да бағзы белесі. Бергідегі Әбілқайыр бабаларына алдияр дейік. Иә, әңгіме баһадүр хан ұрпағының тұқымнан тақ тоздырған тегеуріні емес, әулеттен ән оздырған тектілігі хақында болмақ. Әбілқайырдың тікелей мұрагері Нұралының отыз ұлы ішінде, әсіресе, Бөкей, Шығай, Қаратай тарихта аты қалған тұлғалар. Толығырақ »
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ӨМІРДЕ ЖҮЗЕГЕ АСҚАН ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ӨМІРДЕ ЖҮЗЕГЕ АСҚАН ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ ТУРАЛЫ.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігінің жиырма жылдығын түбегейлі әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар жүргізу бағытында кең ауқымды жетістіктермен қарсы алып отырған болса, ал халықаралық қоғамдастық Қазақстанды бүгінде жаһандық үдерістерге беделді де ықпалды қатысушы ретінде таниды.
Толығырақ »
Платонның философиясы
Платон Афиналық (б.з.б. 427 – 347) – ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализмнің негізін салушы. Платон оның лақап аты (жалпақ, кең), өз есімі – Аристокл. 407 ж. Платон Сократпен танысып, оның ең сүйікті шәкіртінің бірі болды. Сократ қайтыс болғаннан кейін Афинадағы саяси жағдайдың қолайсыздығына байланысты Мегарға кетті. 389 ж. Оңтүстік Италия мен Сицилияға саяхат жасап, онда пифагоршылармен ғылым, философия, діни ілім жайында пікір алысты. Платон Афинада өз мектебі – Платон академиясының негізін қалайды. 367 және 361 ж. Сицилияға екі рет саяхат жасап, өмірінің соңғы жылдарын Афинада өткізді. Осында көптеген еңбектер жазып, дәріс оқыды. Негізгі шығармалары: «Апология» (Сократты қорғау), «Критон» (заңды сыйлау туралы), «Кратил» (тіл туралы), «Федон» (әдептілік туралы), «Мемлекет» (идеялар теориясы), «Теэтет» (білім туралы), «Тимей», «Заңдар», т.б. Толығырақ »
Партиялық жүйе
Партиялық жүйе — азаматтармен, мемлекетпен, өзара және басқа саяси институттармен әрекеттесуші әрі осы қоғамда қандай да бір деңгейде саяси-билік қатыстарына араласушы партиялардың жиынтығы; қоғамнын саяси жүйесінің кұрамдас бөлігі
Партиялық жүйе партиялардың ресми санымен емес, олардың қаншалықты дәрежеде саяси биліктің қызмет етуі және құрылуы тетігіндегі шынайы атқаратын рөліне байланысты анықталады. Партиялық жүйенің қалыптасуына бірқатар факторлар әсер етеді: қоғамдағы экономикалық даму деңгейі, әлеуметтік- таптық күштердің арақатынасы, қоғамдық қатынастардың пісіп-жетілу дәрежесі, халықтың этникалық қүрамы, тарихи және діни дәстүрлер және т.б. Толығырақ »
Теңге тарихы. Қазақстан Республикасының валютасы
Жоспар.
Кіріспе.
Негізгі бөлім
Теңге тарихы
Қазақстан Республикасының валютасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер Толығырақ »