‘Тарих, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы’ бөлімінің мұрағаты
Қазақстан сыртқы саясатының көп жақтылығы, Қазақстан және Азия құрлығындағы мемлекеттер (Қытай Халық Демократиялық Республикасы)
Жоспар.
Кіріспе….1
Негізгі бөлім.
Қазақстан сыртқы саясатының көп жақтылығы туралы……2
Қазақстан және Азия құрлығындағы мемлекеттер (Қытай Халық Демократиялық Республикасы)…..5
Қорытынды………….10
Пайдаланылған әдебиеттер…….11
Қазақстан 1960 ж. екінші жартысы мен 1980 жылдар – бірінші жартысы. XXғ. 60-80 жылдарындағы саяси өмір
XXғ. 60-80 жылдарындағы саяси өмір.
Н.С.Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы сияқты пайдаланып, көптеген тың тәжірибелерді, оның ішінде келешегі жоқ тәжірибелерді сынақтан өткізіп байқап көрді. Гидропоникалық әдіспен өсімдік өсіру, жүгері егу т.б. осы сияқты тәжірибелер Қазақстан шаруашылықтарында байқаудан өтті. Оның айтуымен республиканың оңтүстіктегі аудандары көршілес республикаларға берілді, өлкелер құрылды. Көптеген қосалардың аттары өзгертілді: Ақмола – Целиноград атанды, Батыс Қазақстан облысы – Орал облысы болды. Хрущевтің жолсыздықтары мен жөнсіз қылықтарын ашық айтпаса да халық оған наразы болды. Толығырақ »
Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.). Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы
Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы.
КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мүндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді.
Дағдарыстың себебі өте көп болды. Толығырақ »
1991 жылғы тамыз төнкерісі
1991 жылы сәуір-мамыр айларында (Новоогоровте) (президенттің резиденцияси) М.С. Горбачев тоғыз одақтас республикалардың басшыларымен келісім жүргізді. Бұл келісімде жаңа одақтық шарт туралы мәселе көтерілді. Келесімге қатысушылардың барлығы жаңарған Одақ жөніндегі шартты қолдады. Шарта Суверенді Мемлекеттердің Одағын құру көзделді. Сонымен қатар, өкімет органдарын және басқару қүрылымын, жана Конституцияны қабылдау, сайлау жүйесін өзгерту белгіленді. Шартқа қол қою мерзімі 20 тамыз 1991 жыл белгіленді.
Жаңа одақтық шарттың жобасын жариялау және талқылау қоғамда жікке бөлінушілікті тереңдетті М.С. Горбачёвті жақтаушылар бұл құжатта қарама -қарсылықтың деңгейін төмендету және елде азамат соғысының болуы қауіпінен құтқару мүмкіндігін көрді. Бір топ ғалымдар бұл шартқа қарсы шықты. Толығырақ »
КСРО-ның ыдырауы. Қазақстанның тәуелсіздік алуы. ТМД-ның құрылуы. Тәуелсіз Мемлекеттер Достығының (ТМД) құрылуы
Тәуелсіз Мемлекетер Достығын (ТМД) қурылуы.
1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Белеорусь басшилары Минск қаласында кесдесті (Беловеж келесімі). Талқыланған негізгі мәселелер-1922 жылғы КСРО қүру тұралы келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады. Толығырақ »
Қазақстан Республикасының қоғамдық өміріндегі өзгерістер
1992 жылы қыркүйек-қазан айларында Алматыда дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті. Әлемнің 13 елінен келген отандастарымыз қатарында үлкен қазақ диаспорасы бар Өзбекстан (870 мың) мен Ресейден (660 мың) келушілер көп болды. Барлық қатысушылар саны 800 адам болды. Құрылтайда Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 26 маусымда қабылдаған “Көшіп келу туралы” Заң негізінде қандастарымыздың елге оралуына мүмкіндік жасалғаны айтылды.
Дүние жүзі қазақтарының құрылтайына қатысушылардың Қазақ халқына Үндеуі жарияланды. Онда: 30 қыркүйек – Ұлттық бірлік күні деп аталды. – Бүкіл әлемдегі отандастарымызды Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік, мәдени-интеллектуалдық мүмкіншілігін молайтуға, бар қабілеті мен еңбегін туған ел игілігіне жұмсауға шақырды. Толығырақ »
Тәуелсіз Қазақстанның рухани дамуы
Тәуелсіз Қазақстанның рухани дамуы.
Мәдени процестер. 1991 жылдан кейін оқу жүйесі белгілі мөлшерде дағдарысқа ұшырады. 1993 жылдың басында (1 қаңтар) Қазақстанда 154 мыңдық орны бар 303 бала бақшасы жабылды, орта мектептер саны азайды. Екінші жағынан мемлекеттік емес мекемелерінің, мектептер және жоғары оқу орындарының пайда болу процесі басталды.
1989 жылғы Тіл туралы Заңның және Конституция негізінде ұлттық білімнің жандануына мүмкіндік туды.
Елісміздің көп ұлтты мәдениетін дамытуда 40 ұлттық мәдени орталықтар мен Қазақстан халықтарының біріккен Ассамблеясы жұмыстар атқаруда.
1997 жылы Қазақстанда 53 мемлекеттік, 40-тан астам коммерциялық жоғары оқу орындары болған болса, 2000 жылдың басында 51 мемлекеттік, 100-ден астам коммерциялық жоғары оқу орындар болды. Толығырақ »
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы
Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы.
1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б.
1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды. Толығырақ »
Сұлтан Бейбарыс (1223-1277)
Жамақұлы Бейбарыс (1223-1277) – түркі әулеті Бахриден шыққан мамлюктердің Египетті билеген төртінші сұлтаны. Оны тарихи шығармаларда Бейбарыс, Бибарыс деп те атайды. Оның шыққан тегі – қыпшақ. Бірақ қай жердің қыпшағы дегенге келгенде әр түрлі деректер айтылып, бірі – Хорезм, Дербент қыпшақтарынан десе, екіншілері маңғыстаулық еді дегенді айтады. Соңғы зерттеулер бұл дүдәмалдықтың түйінін шешіп, Бейбарыстың қыпшақ тайпасының Беріш руынан шыққан атақты әулеттің тұқымы екені анықтауға мүмкіндік берді. Араб елдерінің «Мың бір түнмен» қатар қоятын халық романы – «Бейбарыста» оның әкесі Жамақ, шешесі әйек деп, олардың нақты есімдерін атап көрсеткен. Бейбарыс өмір бойы қыпшақ тілінде сөйлеген, Алдыңғы Азиядағы араб тілдес халықтармен тілмәш арқылы түсініскен. Толығырақ »
Су қоры — халық байлығы
Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса тіршілік тамам бауырым
Судың біздер біле тұра маңызын,
Көп болған соң ұмытамыз қадірін
Тұрсынзада Есімжанов. (1, 88 бет)
Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% — ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% — ын, ал оттегінің 50% — дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді. Толығырақ »