Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Тарих, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы’ бөлімінің мұрағаты

Сақтардың өнері мен мифологиясы

Жоспар: 

1. Сақ өнеріне түсінік.

2. Тувадағы «Аржан» обасы.

3.  «Аң стилі» өнері.

4. Сақ мифологиясы. «Сәйгүлік ат».

5. Сақтардың аспан әлемі жөніндегі символикалық түсінігі.  Толығырақ »

Рашид-ад-дин Фазлолла Хамаданидің «Жами-ат-Тауарих» еңбегі

Б. ӘБІЛДАҰЛЫ, облыс әкімінің, штаттан тыскеңесшісі

И. ЖЕМЕНЕЙ, филология ғылымының кандидаты, ТарМУ ғылыми зерттеу орталығының жетекші маманы

Облыс әкімі С. Ә. Үмбетовтің тапсырмасы бойынша Иран Ислам Республикасына барған сапарда Тараз тарихына байланысты алып қайтқан кітаптардың бірі — атақты парсы тарихшысы Рашид-ад-дин Фазлолла Хамаданидың «Жами-ат-Тауарих» атты үлкен шығармасының ксерокөшірмесі еді. Толығырақ »

Пушкин және Қазақ даласы

Пушкин. Жәңгір хан және…Махамбет

Иә, баспасөз беттерінде жазылып жүргенімен басы әлі ашыла қоймаған бұл мәселелерге байланысты не айтуға болады?

Ақын 1833 жылдың тамыз айында Петербургтен шығып, Мәскеу, Қазан, Симбирск қалалары арқылы 18 қыркүйекте Орынборға жетеді. Мұнда оны губернатор В.А. Перовский мен Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы Г.Ф. Генс қарсы алады. Бұл екі орыс шенеунігі қызмет бабына байланысты Бөкей ордасындағы жағдайды жақсы білетін, қазақтар жөнінде де, оларға әңгір таяқ орнатып отырған Орал казактары туралы да Пушкинге мол мағлұмат бере алатын еді.

Толығырақ »

Өтеген батыр Өтеғұлұлы

Өтеген батыр Өтеғұлұлы (Мүйізді Өтеген) (1699-1773) – XVIII ғасырдың І жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен батыр.

Ұлы жүздің дулат тайпасынан шыққан. Бабасы Сырымбет 1635 жылы Ойрат ханы Батырдың 50 мың әскеріне қарсы соққы берген Салқам Жәңгірдің сапында ұрысқа қатысқан. Өтеген батыр 15 жасынан жоңғарларға қарсы соғысқа қатысып, қазақ елінің түстігін, Жетісу мен Шығыс Қазақстан өңірін жаудан азат етуге зор еңбек сіңірді. Толығырақ »

Ерте ортағасырлар музыкалық мәдениеті

Орта ғасырлар.

Батыс Европаның музыкалық мәдениетінің дамуындағы ортағасырлар маңызды да кең тарихи кезеңін хронологиялық шектеулі тұтас дәуір ретінде қарастыру қиын. 12 ғ. дейінгі музыкалық өнерде жазбаша ескерткіштер қалдырған жалғыз сала христиандық шіркеу музыкасы боп табылады. Онымен байланысты барлық сантүрлі комплекс Батыс Европадан асып, шығыстық – Палестиналық, Сириялық, Александриялық, мәдениетті қамтыған, 2 ғ. басталған ұзақ тарихи дайындыққа негізделді.

Толығырақ »

Орта ғасырдағы Тараз қаласы, кейбір тарихи мәселелері

 Тараз қаласының көптен күткен 2000 жылдық мерей той мерекесі ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті. Осыған байланысты Тараз тарихының көпті толғандырып жүрген кейбір мәселелері туралы ойларын ортаға салу үшін бұл мерей тойға тек Қазақстан ғалымдары ғана емес, әлемнің талай түпкірінен бір қатар ғұламалар да ат басын тіреді. Осы орайда Тараз тарихы жайлы көптеген пікіплер айтылып, ұсыныстар жасалды. Толығырақ »

Орта ғасырдағы Сығанақ қаласының зерттелу тарихы

  Мақсатым: Қазақстан Республикасы  Президентінің  2004-2006 жылға арналған “Мәдени мұра” бағдарламасына сәйкес, көне ескерткіштермен тарихи мәдени мұралардың мекенін зерттеп, өз үлесімді қоссам деймін.

Негізгі зерттеу объектім:

  1. Қазіргі Сығанақ қаласының орнын көру.
  2. Шырақшымен кездесу.
  3. Ауыл ақсақалдарымен кездесіп, сұқбаттасу. Толығырақ »

Оғыз дәуіріндегі Қазақстан

Орта ғасырлардағы (Оғыз дәуірі)

Қазақстан жеріндегі мемлекеттер мен олардың мәдениеті 

(Қарахан, Қарақытай, Оғыз, Қимақ хандықтарының тұрмыс-тіршілігі туралы)

Қарахан Әулетінің мемлекеті (942-1210 жж.). Негізін салған Сатұқ Боғра хан (915-955). 940 (942) ж. Сатуқ Баласағұн билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қағанмын деп жариялайды. Осы кезден бастап Қарахандар мемлекеті тарихы басталады. Қарахан мемлекетінің құрылуы мен оның ерте тарихында басты рольді Қарлұқ конфедерациясының тайпалары атқарды. 10 ғ. сонына таман Қарахандар иелігі Батыста Амудария мен Сырдария арасындағы Мәуереннахрдан бастап, Шығыста Жетісу мен Қашғарға дейін созылды.  Толығырақ »

Нәзір Төреқұлов

Қазақ елінің, қазақ жұртының тағдыры сынға түскен тарихи кезеңдерде, алмағайып замандарда әсіресе қазақ оқығандары, ұлт зиялылары жанқиярлық еңбек көрсетті. Ұлт болашағын ойлап қам жеген, халқы үшін от пен суға түскен, азап шеккен, керек болса осы мақсатта басын бәйгеге тігіп, жан қиған да осы Алаш арыстары болды. Әсіресе, ұлттық тәуелсіздік үшін күресте олардың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тізе біріктіріп, ел санасын оятудағы қыруар еңбегін ешуақытта ұмытуға болмайды.

Алайда, 1937 жылдың қырғынында осынау қазақтың қаймағы болған арыстарымыз барлығы дерлік қуғын-сүргінге ұшырап, басым көпшілігі ату жазасына кесілді. Ажалдан аман қалғандарының өзі ұзақ жылдар бойында ескерусіз қалдырылды. Толығырақ »

Наурызбай батыр (1706-1781)

Құттымбет (Құтпанбет) ұлы Наурызбай (1706-1781) жоңғар басқыншыларына қарсы күресте аты шыққан атақты батырлардың бірі, белгілі қолбасшы. Шыққан тегі Ұлы жүздің Шапырашты тайпасының Асыл руынан. Мекені Алматы қаласы маңындағы Жалпақтөс, Серіктас деген жерлер.

Ел басына түскен ауыртпалық өзге замандастары сияқты Наурызбайды да ерте есейтеді. Оның ересектер қатарына қосылуына нар тұлғалы алып денесі де септігін тигізген сияқты. Халық жадында оның «Торы ала тұлпарды, түйе тұрпатты» батыр бейнесінде қалуы да содан. Толығырақ »