Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Тарих, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы’ бөлімінің мұрағаты

Мұхамбет-Салық Бабажанов (1834-1871)

Мұхамбет-Салық Бабажанов (1834-1871) – туған халқы және оның ар-абыройы мен теңдігі үшін қайрат-жігерін аямаған, әділдік жолдан таймаған аяулы, білімді, зерделі азаматтардың бірі, публицист, ғалым-этнограф әрі экономист.

Кеңес өкіметі кезінде мүлде атаусыз қалған М.Бабажанов есімі қазақ елі теңдік, азаттық алғаннан өз тұғырына қайта көтерілді.
Толығырақ »

Мұстафа Шоқайдың өмірбаяны

Саяси сауат

Мұстафа Шоқайдың өмірбаяны негізінен анықталып келеді. Бірақ әлі де белгісіз, дүдәмал тұстары бар. Ол әлі анықтала жатады деп ойлаймын. Мұстафа Шоқай сияқты қазақ тарихына ғана емес, бүкіл әлем тарихына із қалдырған адамның өмірбаяны ұзақ жылдар зерттеле түспек. Дауы да болар әлі, бауы да ( кейіннен анықталған жері деген мағынада) болар. Сондықтан да қазіргі белгілі материал­дарға негіздеп, өзім зерттеген, қоғамға таныс материалды өрбітіп, осы кезеңге байланысты айтып бергім келеді. Толығырақ »

Мұстафа Кәмәл Ататүрік

АТАТҮРІК

Ататүрік былай дейді: «Мен үшін ең ұлы қорғаныс ұясы, ең ұлы көмек көзі — ұлтымның кеудесі. Сондықтан да мен ұлтымның кеудесін ешкімге бастырмау үшін барымды саламын!»

Осымен қатар, Ататүрік өз ұлтына қатысты мынадай ойлар айтады:

«Мен қажет болса, ұлтым үшін өз өмірімді де қиямын!» Толығырақ »

Моғолстан мемлекеті

 Жоспары: 

1. Моғолстанның құрылуы,  жер аумағы.

2. Халқының этникалық құрамы.

3. Моғолстанның ішкі-сыртқы жағдай

5. Әмір Темірдің Моғолстанға жорықтары.

6. Моғолстанның ыдырау кезеңі.

7. Моғолстанның Қазақ хандығының құрылуындағы орны.  Толығырақ »

Манаш Қозыбаев

 М. Қ. ҚОЗЫБАЕВ – ҚАЗАҚТЫҢ ЕГЕМЕН ТАРИХЫНЫҢ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУШЫСЫ 

Ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздіктің таңы атты, тарихшылардың жұлдызды сәті туды. Манаштың екінші тынысы ашылды. Ол, өз әріптестерімен бірге “Еркін көшкен елің қайда, ел қорғаны – ерің қайда” деді де, қолына қаламын алып, ереуіл атқа ер салып, сайын дала кезіп, үйдегі-түздегі архивке үңгей бойлап, өткен ақтаңдақтар ізіне түсті. Сөйтсек, “мінсіз таза теруерт су түбінде жатады, мінсіз таза асыл сөз ой түбінде жатады” екен. “Алаш алаш болғалы алаша атқа мінгелі, ала-шұбар ту байлап. Алашқа ұран бергелі Әлім еді ағасы,” — деп Мұрат Мөңкеұлы айтқандай, М.Қ.Қозыбаев ел тарихшыларының ноқта ағасы ретінде көш бастай жөнелді. Толығырақ »

Қыпшақ дәуіріндегі Қазақстан

(Қазақ даласындағы Қыпшақ хандығы, Керей хандығы және Найман хандығы туралы)

Қыпшақ хандығы (11 ғ.б.-1219 ж.). «Қыпшақ» атауы 760 ж. ежелгі түркінің руна ескерткіштерінде аталады. Араб географы Ибн хордадбехтың (9 ғ.) түркі тайпаларының тізімінде көрсетілген.

656 ж. Батыс түркі қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір топтары кимектердің басшылығымен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін-өзі билеуге ұмтылған талаптары сәтсіз болып, 9-10 ғғ. Қимақтар тарихымен бірге болды. Қыпшақтар қимақ қағанатына саяси тәуелді болды. Толығырақ »

Қасым хан

Қасым хан
(1511-1518 ж.ж. билік құрған)

Жәнібекұлы Қасым хан (1445-1518) – қазақтың ұлы хандарының бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі – Жәнібек ханның ортаншы баласы. Шешесі Жаған бегім Шайбани әулетінің атақты ханы Мұхаммед Шайбанидің інісі Махмұд сұлтанның шешесінің туған сіңлісі.

Қасым әуелгі кезінде Бұрындық ханның атты әскерін басқарады. Ол осылай жүріп, қан майдандағы ерлігімен, ел басқаруға қосар ақылымен, көрші елмен байланыста қиыннан жол табар саясаткерлігімен, жұртты соңынан ертіп әкетер шешендігімен ел көзіне ерте түссе де, жеке билікке ұмтылмай, ел бірлігіне жарықшақ түсірмей, Бұрындық ханның дегеніне көніп, оған қалтқысыз бағынады. Толығырақ »

Қарахан әулеті

Қарахан әулетіне кемінде 2800 жыл

Парсы, түркі және қытай деректері осылай дейді

Б. Әбілдаұлы

Ақ жол. – 2002.- 13 маусым.-5б.

Тараз қаласының қақ ортасындағы Әулиеата Қарахан атымен белгілі билеушінің мазары осы кесене ішінде кім жатқандығы
туралы    талай     зерттеушілерді толғандырғандығы сөзсіз. Тіпті сонау қытай еліндегі небір сен тұр — мен атайын деген ғалымдар да Қарахан әулетінің шығу тегі және атауы туралы бірнеше ғасырдан бері қалам тербеп келеді. Толығырақ »

Қарасай батыр

Алтынайұлы Қарасай батыр
(1589-1671)

Алтынайұлы Қарасай (1589-1671) – қазақтың қаһарман батыры, әйгілі қолбасшысы, есімі шапырашты руының ұранына шыққан аса көрнекті тарихи тұлға. Қарасай батыр Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Суықтөбе тауының етегінде Қарасаз деген жерде дүниеге келіп, арқа жерінде Көкшетау үшін болған шайқаста ауыр жараланып дүние салған. Топырақ Көкшетау алабындағы Айыртау сілемінің Құлшынбай деп аталатын төбесінен бұйырған. Қасына өзінің қанды көйлек досы арғын Ағынтай батыр жерленген. Қос арыс — шапырашты Қарасай мен арғын Ағынтай батырға және олармен бірге қанды шайқаста қаза болған сарбаздарға қос күмбезді кесене орнатылған (1999). Толығырақ »

Қаһарман Қалибек

Қашан, қайда болмасын бодан елдің тарихын отаршылдар жазып, ұлттық құндылықтарын да отаршылдар безбендеп отырды. Патшалы Ресей мен кеңестік кезең тұсында қазақ халқының тарихы мен рухани құндылықтары да солай болды. Соның кесірінен ата тарихымыз бен ана мәдениетіміз теріс түсініктердің, ақтаңдақ тақырыптардың қоймасына айналғаны жасырын емес. Тек азаттықтың ақыр айдынына шығып, екі тізгін, бір шылбыр өз қолымызға тиген күннен бастап, тоталитарлық жүйе санамызға сіңіріп кеткен теріс түсініктерді жөнге келтіріп, тарихымызды түгендеудің қамына кірісе бастадық. Толығырақ »