Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Тарих, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы’ бөлімінің мұрағаты

Жәнібек батыр

Шоқан Уалиханов: “Абылай хан заманы – қазақ батырларының дәуірі” деген ұлы сөзін тегін айпаса керек. Оның сыртында Абылай дәуірі жоңғарлар мен қазақтардың сұрапыл шайқастарына толы болды. Не бір батырлар шықты. Соның бірі – біз сөз өткелі отырған Ер Жәнібек батыр.

Осы Керей Жәнібек батырды ел аузында “Ақыр Жәнібек” деп те атайды. Себебі қазақтың тарихында көптеген Жәнібектер өткен. Соларды шатастырмау үшін, әрі Жәнібектердің ерлік дәуірінің ақыры ретінде есте тұтқан болуы мүмкін. Толығырақ »

Әлия Молдағұлова

Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұлова, Кеңес Одағының Батыры.

Әлия Ақтөбе облысы Хобда ауданы Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында 1925 жылдың 15-ші маусымында дүниеге келген. Әлия 8 жасқа келгенде, анасы қайтыс болды.  Нұрмұхаммед Сарқұловтың қолында екі баласы ұлы Бағдат және қызы Әлия қалды. Әкесі Әлияны нағашы әжесі Тәжікенге беруге мәжбүр болды. Әжесі қазіргі Құрайлы ауылында тұрған, немересін өте жақсы көрген, оған адамгершілікті, жақсылықты, еңбекқорлықты үйреткен. Әлия нағашысы Әубәкір Молдағұловтың үйінде, нағашысының қызы өзімен құрдас Сапурамен өсіп, есейді. Үй- іші Әлияні өте жақсы көрді. Толығырақ »

Мәншүк Мәметова

Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы, Кеңес Одағының Батыры 

1922 жылы Гурьев облысы Орда ауданында туылған. Азан шақырып қойған аты Мәнсия. Бес жасынан бастап оны әкесінің немере інісі Ахмет Мәметов және әйелі Әмина асырап алған. Үлкен қара көзі, пысықтығы, ширақтығы үшін олар баланы еркелетіп «Моншағылым» деп атады. Өзінен атын сұрағанда, бала «Мәншүк» деп жауап берген. Солай аты Мәншүк боп қала берді. Толығырақ »

Ежелгі дәуірдегі Қазақстан (Тас және қола дәуірлері)

Тас дәуірі палеолит, мезолит және неолит болып үшке бөлінеді. Әуелгі палеолиттің өзі үш дәуірге бөлінеді. Олар олдувай (2,6 млн.-700 мың жыл бұрын), ашель (700 мың -150-120 мың жыл бұрын) және мустье (150-120 мың -31-30 мың жыл бұрын) дәуірлері. Тас құралдарының мынадай түрлері болды: шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар, пышақтар.

Ауыр салмақты, тік бұрышты, ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатады. Олар Қаратаудан табылды. Бөріқазған мен Тәңірқазған деген жерден табылған құралдар — ашельдік кезеңге жатады. Толығырақ »

Датұлы Сырым

Датұлы Сырым (1712-1802) – Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен. Шыққан тегі — Кіші жүздің Байұлы тайпасының Байбақты руынан.

Өзінің асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдішімен аты шыққан «Бала би» атанды. Жасы ұлғайған кезінде отарлаушылардың озбыр саясатына қарсы шығып, жерінен айырылып, жайылымсыз қалған, патша әкімшілігінің езіп-жаншуынан, тонауынан әбден титықтап біткен халқының наразылығына үн қосып, қарулы күреске шығады. Толығырақ »

Ғұмар Қараш

Көрнекті Алаш қайраткері, ойшыл ақын Ғұмар Қараштың (1875-1921) шығармаларын толық бастырып шығаратын уақыт келді.

Ғұмартанушы ғалым, республикалық «Ана тілі» газетінің бас редакторы Мақсат Тәжмұраттың мәлім еткеніндей, Ғұмар Қараш – Алаш қозғалысына дейін-ақ ел өміріне ерте араласып, соңына бай мұра қалдырған ақын. Толығырақ »

Ұлықбек (толық есімі Мұхаммед Тарағай бин Шахрух) (1394-1449)

Темір әулетінде 1394 жылы 22 март күні дүниеге Мұхаммед Тарағай деген бала келді. Кейін оған Ұлықбек деген лақап ат беріледі. Оның әкесі Шахрух Темірдің үшінші баласы еді. Шахрух біраз уақыт билеуші болып, кезінде ғылымның өркендеуіне үлкен қайырым жасаған кісі. Ұлықбек жастайынан поэзияға, тарихи білімге, астрономия мен математикаға құмарланады. Ұлықбектң ғалымдығының қалыптасуына оның атасы Темірге ілесіп мәдени, ғылыми дәстүрлері бай елдерді аралауы үлкен әсер етеді. Ұлықбек жас шағында осылай Армения, Әзербайжан, Грузия, Иран, Түркия және Ауғанстандарды аралап көреді. Толығырақ »

Бұрындық хан (1480-1511 ж.ж. билік құрған)

Бұрындық хан – Керей ханның үш ұлының бірі. Бұрындықтың қашан дүниеге келгені белгісіз. Орта ғасырлардағы жазба деректердің үзік-үзік мәліметтеріне сүйене отырып, оның өмірінің 40-50 жылдық кезеңін қалпына келтіруге болады.

Бұрындық ханның өмірі Қазақ хандығы тарихының алғашқы дәуірімен тығыз байланысты. Сондықтан да хандық тарихындағы ірі оқиғалар мен дамулар оның өміріндегі белестер болып есептеледі. Жазба деректердің өте тапшылығына қарамастан, Бұрындық хан өмірінен бірнеше белесті айқын көруге болады. Толығырақ »

Бөгенбай батыр

Бөгенбай батыр
(1690 — I778)

Ақшаұлы Бөгенбай (1678-1175) – Жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық жорығын ұйымдастырушылардың бірі, атақты батыр, ұлы қолбасшы. Шыққан тегі – Орта Жүздің Арғын тайпасының Қанжығалы руынан, есімдері әуелден елге мәлім болған батырлар әулетінен. Бөгенбай батырдың даңқты есімі кешелі-бүгінгі қалың қазақ даласын аралап, батырлық пен ерліктің рәмізіндей болып кеткелі қашан…

Батырдың атасы Әлдеуік – қазақтың атақты ханы Есім ханның атақты батырларының бірі болған. Ғұмырының дені атүстінде жортуылмен өткен. Қатағанның Тұрсын ханымен соғыстағы ерен ерлігі үшін оны Түркістанның әмірі етіп тағайындаған. Толығырақ »

Бәсентиін Малайсары батыр

Малайсары тархан

Малайсары батыр. Бұл тұлға туралы деректерді алғаш рет Шоқан жазбаларынан кездестіреміз. Ең алдымен оқырманға ескерте кететін нәрсе, Шоқан Уәлиханов зерттеулеріне қазақ тарихының басты оқиғалары мен ең шешуші тұлғалары іліккені. Қазіргі күні ғылыми тілде бұл мәселені түсіндіру қиын, мүмкін бұл қазақтың дана ұлының табиғи зеректігіне, терең түсінігі мен интуи­циясына байланысты болар, яғни ХVІІІ ғасыр үшін Малайсары батыр Абылай ханмен қатар аталатындай “знаковая фигура”. Ол сол заманның тыныс-тіршілігін, қазақ халқының сыртқы-ішкі жағдайын ашып бере алатын толыққанды тарих қайраткері. Шоқанның аз ғұмырында қазақ тарихының қалың қатпарларынан ең басты мәселелерді, сәулелі тұлғаларды іліп алған талғампаз, көрегендігіне таң қалмасқа болмайды. Толығырақ »