Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Тарих, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы’ бөлімінің мұрағаты

Бекболат батыр

Кiсен үзген көтерiлiс Бекболат батыр

1916 жылғы тарихи оқиғаға Оралдағы-10, Сырдариядағы-13, Cемейдегi-17, Ақмоладағы-27, Торғайдағы-60, Жетiсудағы-102 болыстың ер азаматтары қатысты. Жетiсуда тұратын қазақ, қырғыз, дұнғандардың ұлт-азаттық көтерiлiсi қазақ даласындағы қозғалыстың ең көлемi маңызды орталығына айналды. Олардың iрi ошақтары Асылдағы — Қызылбөрiк, Үшқоңырдағы — Жайылмыс, Қастек-Самсыдағы — Ботбай, Тайторы болыстарында болды. Толығырақ »

Бауыржан Момышұлы (1910-1982)

Момышұлы Бауыржан (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.

Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады. Толығырақ »

Ахмет Яссауи

Қожа Ахмет Ясауи (? – 1166 ж.) қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезнен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Шешесінің аты Қарашаш.

Ахмет Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға кліп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған софылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады. Толығырақ »

Андронов мәдениеті

Адронов  мәдениетін зерттеудегі  ең   күрделі   мәселелердің   бірі  хронологиямен,   уақыт   межесін   анықтау  ісімен   байланысты, зерттеушілердің   көпшілігі  андронов  мәдениетінің   өмір  сүрген  уақытын  үш  кезеңге  бөледі:ерте   қола-б.з. дейнгі   ХVІІІ-ХVІғ.ғ. орта   қола  -б.з.  дейнгі ХVІ-ХІІ ғғ;   кейнгі   қола  -б.з.   дейнгі  ХІІ-

VІІ  ғ.ғ. басы.  Бұл  кезендер    алғашқы    зерттелген   ескерткіштер  атына  сәйкес,  федоров,   алакөл,   замараев   кезеңдерін   көрсетеді Толығырақ »

Алтын адам

Алтын адамға тереңірек үңілсек… 

“Мәдени мұра” бағдарламасы шеңберінде Есік қорық-мұра­жа­йын ашуға байланысты былтыр күз­де Президент Әкімшілігі Бас­шысының орынбасары, “Мәдени мұра” бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңес төр­аға­сы Мәулен Әшімбаевтың ар­на­йы келіп, Алтын адам табыл­ған өңірде отырыс өткізіп, жер жағдайын өз көзімен көріп қайт­қанын біліп, шынымды айтсам, аса қатты қуандым. Бұл мәселе, меніңше, әлдеқашан көтерілуі керек еді. “Мәдени мұра” бағ­дар­ламасына байланысты Пре­зидент Н.Ә.Назарбаев: “Тарихи ескерт­кіш­терді жаңғырту жұ­мысы ерек­ше ыждаһаттылықты талап етеді. Бұл – құрылыс емес, ғылыми жұмыс… Толығырақ »

Алаштың алдаспаны

Бердіқожа батыр туралы біз не білеміз

Балдәурен – балалық шақтағы бір бейне әлі есімде. Ол ауылдағы Тасқынбай атаның келбеті еді. Қадірменді қария тарих туралы, өткен бабалар өмірі туралы керемет әңгімелер айтатын. Соның бірі төмендегідей толғаныс-тын. Толығырақ »

Алаш Орда құрылтайы

2-ші бүкіл қазаққырғыз құрылтайы — 1917 ж. желтоқсанның 5—13 Орынборда өткізілді.

Құрылтайды Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Е. Омарұлы, С. Досжанов ұйымдастырды. Төрағасы Б. Құлманов болды.

Қазан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси ауыр жағдайда өздерінің іс-әрекеттерін айқындап алу үшін ұлттық интеллигенция бастаған қазақ қоғамы құрылтайға қатысты. Толығырақ »

Ақ Орда — Ноғайлы дәуіріндегі Қазақстан

14-15 ғғ. Орта Азия мен Қазақстан монғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі — Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты. Ақ Орданың негізгі халқы — қыпшақтар, арғындар Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар т.б. Ақ Орда хандары — орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасық-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Орыс хан, Құйыршақ, Барақ т.б. Бұлар – кейінгі Қазақ хандарының тікелей арғы бабалары еді. Толығырақ »

Алтын Орда дәуіріндегі Қазақстан

Татар-монғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, монғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Темучин болды. Ол 1155 жылы ірі ноян Есугей баһадүр отбасында туылған. Темучин ер жете келе қол астына монғолдың барлық тайпаларын біріктіреді. 1206 жылы көктемде Онан өзені жағасында Темучинді жақтаушы монғол ақсүйектерінің құрылтайы болып оны Шыңғысхан деген атпен монғол ұлысының әміршісі етіп жариялайды. Шыңғысхан әскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың негізі етіп алады. Елдің бүкіл жері мен халқы он қанат (барунғар), сол қанат (жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери әкімшілік округке бөліп, әрбір округте он мың адамнан тұратын бірнеше түмгелер (түмендер) болды. Олар өз кезегінде «мыңдық», «жүздік», «ондықтан» тұрды. Толығырақ »

Алтын Орда

ЖОСПАР 

1.«Алтын Орда» мемлекетінің құрылуы.

2.Алтын Орданың коғамдық құрылысы.

3.Алтын Орданын гүлденуі мен құлдырауы.

4.Монғол хандарының ұлыс билігі үшін таласы.

5.Монғол шапқыншылығының Қазақстанға тигізген зардаптары.  Толығырақ »