Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Тарих, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы’ бөлімінің мұрағаты

Оңтүстік Қазақстан облысының жер ресурсының сапалық жағдайы

Жер ресурстарының сапалық жағдайына тоқталсақ Оңтүстік  Қазақстан  облысында агроклиматтық ықпал ерекше байқалады.

Қазақстанның оңтүстік аймақтарын аридтік ландшафттар құрайды, мұндай ландшафт антропогендік қысымдарға шыдамсыз, өзіндік қалыптасуға, қайта қалпына келуге әлсіз икемделген. Суармалы егіншілік кезінде ландшафттың кейбір компонентерінің түбірлі өзгерісі   заттардың эволюциялық қалыртасқан айналасымен бұзады. Толығырақ »

Оңтүстік Қазақстан облысының топырақ жамылғысы

Қазақстан- жер көлемі жағынан ірі ел, оның  жер  көлемі Англиядан 11 есе үлкен. Ұлан-байтақ территориясы терістіктен оңтүстікке қарай 1600 км, шығысынан батысына қарай 3000 км жерге созылып жатқан кеңістікті алып жатыр. Республика ТМД елдері ішіндегі Ресейден кейін 2-ші орында. Бейнелеп айтқанда Қазақстан жеріне Армения сияқты 90 республика еркін сиып кетеді. Халқының саны жөнінен әлемде 80 орында болып, жер көлемі жөнінен кең байтақ 10 елдің қатарында. Әлем халқының 0,3 пайызын құрай отырып, Қазақстан жер шарының 2 пайызын алып жатыр. Осындай кең байтақ өлкенің бір бөлігін құрайтын оңтүстік өлке. Оңтүстік Қазақстан облысында жазықтар мен ойпатты жерлер, құмды өлкелер, биіктігі әртүрлі таулар кездеседі. Толығырақ »

Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи жағдайлары

Оңтүстік  Қазақстан  облысы  Тянь-Шань тауларының сiлемдерi мен Тұран ойпатының шығысын ала, 117,3 мың шаршы шақырым аумаққа орналасқан. Оның солтүстiгiн Бетпақдала шөлi, оңтүстік қиыр шетiн Мырзашөл қуаң даласы алып жатыр. Солтүстiк шетi мен оңтүстік шетiнiң ара қашықтығы 600 км.

Оңтүстік Қазақстан ежелгi кезден қолайлы географиялық аймақ саналған. Бұл территориядан Батыс пен Шығысты – Жерорта теңiзi елдерiмен Азияны, Қытай, Монғолияны жалғастыратын маңызды керуен жолдары өткен. Оңтүстік Қазақстанның таулы аудандарынан өткен осы жолдар тарихта “Ұлы Жiбек жолы” атымен белгiлi. Сырдария өзенi жағалауынан өтетiн Орта Азия арқылы Үндiстанға, Хазарияға, кейiнiрек – Алтын Ордамен Мәскеуге алып баратын жолдың да маңызы жоғары болатын. Толығырақ »

Омбы ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың алғы ширегіндегі қазақ интелиигенциясының қалыптасуы мен саяси-рухани орталығы

Зерттеу барысындағы Батыс Сібір интелегенциясының құрамы үлкен империяның Еуропалық бөлігіндегідей болды. Олар көптеген маман иелері: (дәрігерлер, оқытушылар, инженерлер, жоғары әскери шендегілер, ғалымдар, әдебиетшілер, суретшілер, актерлар, музыканттар. Батыс Сібірде 1917 жылы 374 жер аударынлған белсенділер болып олардың көпшілігі Омбы, Томбы, Барнаул қалаларында жұмыс істеді.

Омбы қаласы қазақ даласы мен Батыс сібірдің шекарасында жатқандықтан, қаладағы саяси жағдайлар қазақ зиялы қауымына да өз әсерлерін тигізді. Себебі қазақ интелегенциясының көп бөлігі Омбы қаласында тек білім алып қана қойған жоқ сонымен бірге олар ғылыми жұмыстарын жазып, саяси қызметтермен айналысып патша үкіметін мазасыздандырды. Толығырақ »

Омбыдағы білім ордаларындағы қазақ жастары

Омбы қаласы ХІХғ. ІІ-ші жартысында Сібір өлкесінің ағартушылық орталығының бірі болып табылды. Өз қамалын тұрғызғанға дейін бұл жерде қазақ балаларына арналған мектептер болды.

Омбыда бірінші оқу орны 1789 ж құрылып 1870 ж. дейін өмір сүрген  азиялық мектеп еді. Бұл мекемені құру Омбы қамалын құрушы Сібір корпусының командирі генерал- поручик Шпингер И.И. ойы болатын. Себебі, Азиялық халықтардың қарым-қатынаста болу үшін «толмач» аудармашылар дайындау қажет болатын. Бірақ мектеп ол қайтыс болғаннан   18жылдан кейін ашылды. Бұл оқу орны татар тіліндегі аудармашыларды, қазақтармен, Орта жүз және азия елдерімен байланыс орнату үшін дайындады. Мұнда орыс тілінен басқа математика, түрік тілі, араб, парсы тілдерін оқытатын болды. Кейінірек манчгжур және қалмақ тілдерімен толықтырылды. Толығырақ »

Омбы қаласының қазақ қоғамының экономикалық өмiрiне әсер етуi және Сiбiр темiр жолының ролi (1891-1917жж.)

Омбы Сiбiр казак әскерiнiң әкiмшiлiк орталығы (1808-1907жж), Батыс-Сiбiр (1824-1882жж) және Дала генерал-губернаторлығы (1882-1917жж) болған еді. Қазақ-орыс қарым-қатынасының дамуы мен әлсiреуiнде бұл қала қазақ қоғамының экономикалық өмiрiне маңызды әсер еттi. Ол қазақ көшпендiлерi мен орыс жер игерушi халықпен тығыз байланысының үлкен көлемде жойылуы мен Омбы және шақырылған өлке арасындағы функцияда маңызды роль атқарды. Толығырақ »

Омбы қаласы — дала генерал-губернаторлығының 1882-1917жж. әкiмшiлiк, саяси орталығы

Омбы қаласы 1839-1882 жылдар аралығында Батыс Сiбiрдiң резиденциясы, 1882-1917 жылдар аралығында дала-генерал-губернаторлығының орталығы, кейiн Омбы облысының, Сiбiр қазақтары облысының, Сiбiр қазақтарының, Сiбiр әскери округiнiң орталығы болған. Ол ғасырға жуық далалық өлкенiң қажеттерiн қанағаттандырып, орыс-қазақ халықтарының саяси және әлеуметтiк-экономикалық байланыстарында маңызды рөл атқарды. Статистика бойынша, 1870 жылдардың екiншi жартысында Омбы қаласының тұрғындары бiршама азайыпты. Мысалы, 1863 жылы қала халқының саны 19,5 мың болса, 1870 жылы ол 30,5 мыңға өскен, ал 1877 жылы 25 мыңға дейiн азайған. Қала халқының азаюы әскери қызметкерлердiң оңтүстiкке көшiрiлуiмен түсiндiрiледi. Толығырақ »

НОҒАЙ ОРДАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ

Ноғайтану ғылымында ноғайлардың тегі мен этникалық (ру-тайпалық) құрамы туралы мәселе негізгі тақырыптардың бірі. Осы кезге дейін бұл тақырыпқа көптеген зерттеулер арналғанымен басы ашылмаған мәселелер жеткілікті.

Ғылыми әдебиетте Ноғай Ордасы ұлыстық қауымнан тұрады деген тұжырым орныққан, бірақ ол әртүрлі түсіндіріледі. Кейбір пікірлерде ол “тайпалық ұлыс” яғни бір тайпаны біріктіретін ұлыс деп қолданылса, ендігі бір зерттеушілер керісінше, басшысы мұрагерлікпен тағайындалатын “рулық негізде емес, феодалдық негізде біріккен бірлестік” ретінде қарастырды  Толығырақ »

НОҒАЙ ОРДАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ

Ноғай Ордасының халықаралық жағдайы мен оның жүргізген сыртқы саясаты туралы ресейлік тарих ғылымында орасан зор деректік материал жинақталған. Олар арқылы Ноғай Ордасының бүтін болмысының тарихын қалпына келтіруге болады. Дегенмен ол деректерді барынша саралап пайдалану, олардың тұжырымдарын аса сақтықпен қарау қажеттілігі туындайды. Өйткені ол деректердің көпшілігінде идеологиялық қасаңдық орын алған. Ол идеология сол дәуірде үстемдік еткен, қоғамдық ойдың іргетасы болған русоцентризм (орысорталық деуге болар) концепциясынан туындаған еді. Толығырақ »

НОҒАЙ ОРДАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ІШКІ САЯСИ ЖАҒДАЙЫ

Ноғай ордасы құрылуының тарихнамасындағы ең басты және шатысқан мәселелердің бірі – моңғол-маңғыттар мен кейінгі кезеңдегі түрік-маңғыттардың тарихи байланысы. “Маңғыт” (моңғолдық нұсқада “маңғұт” түрінде) сөзі ХҮ–ХҮІІ ғасырларда ноғайлардың синонимі ретінде жиі қолданылды, өйткені Ноғай ордасының басқарушылары маңғыт тайпасынан шыққан еді. Орта ғасырлардағы дереккөздерден моңғолдың “маңғұт” этнонимі бастапқы кезде Дешті-Қыпшаққа қалай еніп, жергілікті көшпелілер оны қандай жолдармен иемденгендігін тануға болады. Толығырақ »