‘Тарих, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы’ бөлімінің мұрағаты
Ә.Бөкейханов – «Алашорда» автономиялық үкіметтiң қайраткерi
Ә.Бөкейханов – «Алашорда» автономиялық үкіметтiң қайраткерi туралы қазақша реферат
Алашорда Үкіметiнің өмiрге келуiне тiкелей себепшi болған жағдай Уақытша Үкіметтiң басқа да шет аймақтардағыдай Қазақстанда да ең өзектi ұлт өмiрiне қатысты мәселелердi шеше алмаған әлжуаз, тұрақсыз саяси билiкке айналуы, оның арты бүкіл империяны қамтыған анархия, зорлық пен зомбылыққа ұласуы едi. Қазақ облыстарында асғынған жер мәселесiн шешуге бағытталған әрекеттiң болмауы, атты казак әскерi, қарулы солдат пен қоныстанушылардың панасыз жергiлiктi халық үстiнен жүргiзген озбырлығының өрши түсуi соның айғағы болатын. Толығырақ »
Әлихан Бөкейханның 1916 жыл тұсындағы қызметi
Әлихан Бөкейханның 1916 жыл тұсындағы қызметi туралы қазақша реферат
1916 жылдың 15 ғыркүйегiнен бастап 19-31 жас арасындағы қазақ жiгiттерi майдан жұмысына алына бастайды. Сол күндердің куәсi болған кiсiлердің көрсетуiне қарағанда, үлкендi-кiшiлi қалаларды аттанып бара жатқан жiгiттердi шықарып салуға ере келгендер лық толтырған. Сондай куәлердің бiрi: алынған жiгiттердi жөнелтерде жер қайысқан адам – еркек, әйел, у-шу, азан-қазан, жылап-сықтап, кетiп бара жатқан жiгiттердi ендi ол дүниеде жолықтыруға жаза гөр деп, арыздасып, дүниенi күңiренттi, қайғырды, қан жұтты, сарғайды, сандалды, жалғыз қазақтың қана басына ақырзаман туғандай болды,- деп жазды. Толығырақ »
Әлихан Бөкейханов
Әлихан Бөкейханов туралы қазақша реферат
Әлихан Бөкейхановтың өмiрi мен қызметi туралы алғашғы зерттеулер қатарына, Қазан төңкерісiне дейiнгi мерзiмдi баспасөзде жарияланған бiрлi-жарым мақалаларды жатғызуға болады. Толығырақ »
Қазіргі кездегі жастар мен әлеуметтік жұмысының барысы
Жастардың әлеуметтік проблемалары жалпы қоғамның әлеуметтік-экономикалық проблемалардың көрінісі мен жалғасы болып табылады. Жастардың әлеуметтік проблемалары – бұл қоғамның өмір тіршілігі (білім, еңбек, бос уақыт және т.б.) үшін және де, жастар үшін де өмірлік маңызды, халықтың ерекше әлеуметтік – демографиялық топтың спецификалық (өзгеше) проблемалары, жас ұрпақтардың және олардың ұйымдарының жігерін ғана емес сонымен қатар қоғам мен мемелекет тарапынан нақты саясатты талап ететін шешімдер болып табылады. Толығырақ »
Әлеуметтік жұмыс объектіс , субъектісі және қағидалары
Ең біріншіден бұл компоненттердің логикалық қаралуын мынадай дәйектермен белгілейміз: субъекттер өздерінің маңыздылығына қарамай, олар белгілі бір шамада объекттерден туындайды. Шынымен де, әлеуметтік жұмыс объектілері белгілі бір қоғамда әлеуметтік-экономикалық жағдайдың әсерінен объективті түрде туныдайды және қалыптасады: субъектілер объективті жағдайлар әсерінен туындағанымен де, олар саяси және басқа да әлеуметтік институттармен қалыптасады, яғни қондырма болып табылады.
Әлеуметтік жұмыста объект пен субъектті түсіну үшін маңызды үш кезеңді белгілейміз: олардың айырмашылығы; органикалық өзара әрекеті, байланысы; олардың орын ауыстыруына мүмкінділігі. Толығырақ »
Халықтың әртүрлі категорияларымен әлеуметтік жұмысының істеудің мәні мен мазмұны
Әлеуметтік жұмыс қоғамдық өмірдегі құбылыс ретінде, міне, 100 жылдан астам уақыттан бері әр түрлі ғылымдардың зерттеу объектісі болып келеді. ХІХ және ХХ ғасыр шегінде көптеген Еуропа мемлекеттерінде (Ұлыбритания, Германия, Нидерланды, Швеция және Франция және АҚШ-та) қайырымдылық ұйымдарымен қатар дамыған кәсіби қызмет ретінде әлеуметтік жұмыс пайда болды. Ол кәсіби қызмет ретінде қайырымдылықтың және мұқтаждарға мемлекеттік көмек жүйесін құрудың дамуы нәтижесінде мүмкін болды. Оның ХХ ғасыр басында туындауы – адамзаттың қарапайым идеясын түсінгендігінің нәтижесі: мұқтаждарға көмек нәтижелі болу үшін, ол кәсіби болуы керек, бірақ бұл қорытындыға келу үшін мыңдаған жылдар қажет болды. Толығырақ »
Әмір Темірдің жүргізген дипломатиялық қарым-қатынастары
Әмір Темір, Құтбуддин Темір Гүркап, Саһиб Қыран Ағзам Жанат Макан (9. 4. 1336, Қожа-Илгар Кеш, Түркістан — 18. 2. 1405, Самарқан қ.) — қолбасшы, мемлекет қайраткері. Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы. Әмір Темір алғашында Қашқадария уәлаятының билеушісі болды (1361). Осы кезден бастап ол Моғолстан ханы Тоғлұқ-Темірмен, оның ұлы Ілияс Қожа және Балх пен Самарқан әмірі Хүсейнмен билік үшін күрес жүргізіп, 1370 ж. Мауераннахрды өзінің қолына алды. Толығырақ »
Алтын Орда дипломатиясы және Алтын Орданың Египетпен, Осман империясымен қарым-қатынастары
Алтын Орда (1243-1503) – орта ғасырларда Шыңғыс хан империясының құрамында Дешті Қыпшақта құрылған түрік мемлекеті; Экономикалық және әскери күш-қуаты толысып, мәдениеті өркендеген кезеңде. (13-14 ғ.) мемлекеттік жерінің көлемі 10 млн. км2-ден асты. Жошы ұлы Бату (Батый)хан тұсында (1227-55) Алтын Орданың құрамына Ресейдің еуропалық өңірі, Балтық теңізінің шығысындағы өлкелер, Польша, Мажарстан, Бұлғарстан, Солтүстік Кавказ, Хорезм, Шығыс және Батыс Дешті Қыпшақ енді (1236-42 ж.) — Бату қолы Орта Азия қыпшақтарының қарсылығын жойған соң, Мәскеу (1238), Киев (1240), Краков (1241), Бреслау (1241), Будапешт (1241) қалаларын алып, Орталық Еуропа, Тракия өңірін, Австрия, Чехия, Словакияны бағындырды. Толығырақ »
Араб халифатының Дешті қыпшаққа қатысты жүргізген дипломатиясы
Араб халифатының Дешті қыпшаққа қатысты жүргізген дипломатиясы туралы қазақша реферат
Араб халифатының Дешті қыпшаққа қатысты жүргізген дипломатиясы туралы мәліметтер араб жазбаларында көптеп кездеседі.
Араб тіліндегі Қазақстан туралы жазбалар — 8-15 ғасырлардағы Қазақстан жерін мекендеген халықтар мен тайпалардың тарихын, әсіресе, Шыңғыс хан шапқыншылығы кезеңін зерттеуге қажетті деректемелері мол араб тіліндегі тарихи-географиялық әдебиет. Араб халифаты заманында арабтардың шығысты жаулап алып, мұсылман синкретик, мәдениеті мен ислам дінін таратып, мұсылман дүниесінен шалғайдағы кейбір аймақтармен сауда қатынасын дамытуының нәтижесінде көрші және алыс елдерден жан-жақты мәліметтер жиналды. Толығырақ »
Тарихшылар түркі дипломатиясы туралы
Тарихшылар түркі дипломатиясы туралы.
Түркі тарихнамасында түркілердің тарихтағы орны туралы әртүрлі екі қөзқарас қалыптасқан. Бірі бүкіл өркениет түркі әлемінен тараған десе, екіншісі түркілердің тарихын толығымен жоққа шығарады. Біздің ойымызша, Түркі мемлекетінің тарихта болғандығы, олардың басқа мемлекеттермен дипломатиялық қарым – қатынастар жүргізгендігі дау туғызатын мәселе емес. Толығырақ »