‘Тарих, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы’ бөлімінің мұрағаты
Фашистік биліктің алғашқы кезеңі
Осындай қиын-қыстау кезінде халықтың көңіл-күйін аңғарған Муссолини саясат сахнасына қайта шықты. Ол 1914 жылы социалистік партия қатарынан шығып қалған болатын. Соңында Муссолини көптеген бұрынғы интервенционистерді, футуристерді және синдикалистердің басын қосып өз ұйымын құрып алды. 1919 жылдың 23-наурызында Миланда Сан-Сеполькро алаңындағы ғимаратта осы «Фашо ди комбаттименто» атты жаңа ұйымның құрылтайшы жиналысы өтті. Жиналыс бұрынғы соғысқа қатысқан жауынгерлермен ынтымақтастық аясында өткенімен негізгі назар сыртқы саясат мәселесіне бөлінді. Толығырақ »
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі революциялық көтеріліс және фашизмнің басталуы
1918 жылдың қарашасында Вилла Джусти Австрия-Венгрияның толық жеңіліске ұшырағаны туралы құжатқа қол қойды. Италия соғысындағы ұрыстар, одан бірнеше күн өткеннен кейін дүниежүзілік соғыстың басқа да аймақтарында кескілескен ұрыстар доғарылды. Өзінің басқа да одақтастарымен бірге Италия да жеңісін тойлады. Солтүстіктен келетін жолдармен соғыстан қайтқан солдаттар легі келіп жатты. Темір жол көліктері ұлттық жалаулармен әшекейленді. Кішігірім станциялар мен үлкен қалаларда бүкіл халық Витторио Венето батырларын қарсы алды. Мыңдаған жеңіліске ұшыраған әскери тұтқындарды айдағандар өтіп жатты. Барлық орындарда жеңісті атап өтуге арналған үлкен жиындар ұйымдастырылып өткізілді. Толығырақ »
Арыс ауданының жеңіл және тамақ өнеркәсібі
Бұдан басқа 2006- жылдың қаңтар- қараша да облыста да үй шаруашылығында да 21896 т (2005ж тиісті кезегіндегі деңгейіне 104,0%) ірі қара мал, шошқа ешкі, жылқы еттері мен тағамдық ішек қарындар өндіріледі. Бұл олардың облыс бойынша көлемінің 74,8 % құрады өңделген сүт және келегей, тиісінше – 36,2 мың теңге (102,9 %), 72,2 % жаңа пісірілген нан 135,6 мың тенге (105%), немесе 45,2 % өндірілді. Толығырақ »
Арыс ауданының энергетикасы
Энергетика.
Қала аумағында 168 трансформаторлар, 416 шақырым жоғары кернеулі злектр жүйелері мен 270шақырым төменгі кетнеулі электр жүйелері бар. Оның ішінде жоғары кернеулі 35 кв 124.6 шақырым, 10кв 291.3 шақырым төменгі кернеулі 0.4 кв 270.5 шақырым. 5290дана темір – бетон бағаналар, 5137 ағаш бағаналар бар. Толығырақ »
Орта Азия халықтарының ислам дінін қабылдауы
Мұхаммед пайғамбардың ізбасарлары, яғни халифтер тұсында олар Пиреней тауларынан Инд өзеніне дейін созылып жатқан орасан зор мемлекет құрды. Араб Халифатының бір қарағанда, орта ғасырлардың басында бірінен кейін бірі пайда болып, бірақ елеусіз жойылып кетіп отырған көптеген мемлекеттерден еш айырмашылығы жоқ болып көрінуі мүмкін. Басқада мемлекеттер сияқты,арабтар өзінен анағұрлым дамыған елдерді өзіне бағындырды. Алайда халифат ғұндардың, готтар мен түріктердің ұлан-байтақ державалармен салыстырғанда анағұрлым ұзақ өмір сүрді және сондай-ақ әлемдік тарихқа өлшеусіз зор ықпал етті. Толығырақ »
Алғашқы төрт тақуа халифтарының тұсындағы Араб жаулап алушылықтар
Аравияны толық жаулап алғанға дейін Мекке-Медина қауымының қарулы күштері мен оларға қосылған бедуин тайпалары көрші өркениетті елдерге басып кіре бастады. Нәтижесінде ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда Азияның, Африканың және Еуропаның ұлан-байтақ территорияларында араб үстемдігін орнатқан араб жаулап алу соғыстары бірнеше кезеңдерден тұрды. Бірінші кезең алғашқы үш “әділ халифтардың- Абу Бәкр (632-634 жж.) және Осман (644-656жж.) билігі тұсында өтті. Толығырақ »
Араб халифатының құрылуы
632 жылы Мұхаммед пайғамбар өлген соң қауым басшысы болып Мұхаммед пайғамбардың әрі жақын досы, әрі қайын атасы Әбу-бәкір (632-634) жарияланды. Ол “Халиф” (орынбасары) деген атақ алды. Бұл өте мазасыз кезең еді. Жан-жақты Мединаның билігін мойындағысы келмеген тайпалар арасынан жалған пайғамбарлар шыға бастады. Осындай мазасыз кезеңнен кейін араб жазушылары мен тарихшыларының еңбектерінде “Ар-Рида”, яғни, “дінінен безу”, “дінінен бөліну”, деген атаққа ие болады. Ал шын мәнінде ол “діннен безгендер” деп саналған тайпалар әлі ислам дінін қабылдамағандар еді. Жалпы Мұхаммед пайғамбар өлген кезде Ислам дінін қабылдаған араб тайпаларынан ол дінді әлі қабылдап үлгермеген тайпалар көп болатын. Олардың кейбіреулері өздерінің бұрынғы нанымдарында қалғанымен, мединалық қауымның саяси билігін мойындады. Толығырақ »
Ислам дінінің қалыптасып, араб тайпаларының бірігуі
Ислам Меккеде өмірге келді. Мекке – Хиджаздың ең үлкен елді мекені. Оның төңірегі құлазыған шөл дала, өсімдік те – аз: түйе жейтін жантақ, қой-ешкіге жетерлік шағын жайылым ғана болды. Жері егін егуге мүлде жарамсыз, азын аулақ түйе, ешкі, қой сияқты түлік түрі аяғынан тозып, азық айырдан демесең, мал ұстауға да мейлінше қолайсыз. Құдықтар суы өте тереңнен шығады. Сондықтан да Меккенің тұрғындары не мал өсірумен, не егіншілікпен айналыса алмады. Мекке сауда керуенінің жолындағы зәмзәм бұлағының бойында өмірге келген [35]. Зәмзәм суының шипалы қасиеті бар. Сондықтан Мекке бірден қасиетті мекенге айналды. Зәмзәм бұлағында Каоба Храмы араб бедеуилерінің атамзаманнан табынатын орны болған [13]. Толығырақ »
Александр Македонский монархиясының ыдырауы
Александр Македонский монархиясының ыдырауы
Патшаның кенеттен өлуі барлық жұртқа қатты әсер етті. Александр өлгеннен кейін үйымдасқан күш ретінде жалғыз ғана әскерлер қалды, бірақ олардың өзінде де ынтымақ болмады. Анағүрлым демократияшыл жаяу әскерлер ерекше жағдайда болған Македония әскерлерінің бір бөлігін — олигархиялық атты әскерлер мен көпшілігі жергілікті аристократтардан құралған патша гвардиясын жеккөрді. Армия бірнеше дербес корпустардан құралып, олардың командирлері өзара өш болды. Толығырақ »
Александрдың жорықтары: Дүниежүзілік державаның құрылуы
Александрдың жорықтары: Дүниежүзілік державаның құрылуы.
Сонымен, 334 жылдың көктеміндеАлександр әлі де жуасымаған тылын қорғауға ұрыстарда ысылған Антипатрды басшы етіп өз әскерлерінің бір бөлегін Македонияда қалдырдыда, өзі 30 мыңдай жаяу әскер және 4 500 дей атты әскермен Азияға аттанды.
Македониялықтар мен парсылардың бірінші ұрысы Пропонтидаға құятын Граникөзенінің Геллеспонт жағасында (334 ж.) болды. Мұқиятты Мемнонның кеңесіне көнбей, парсылар ұрыста жеңіліске ұшырады. Мемнон македониялықтармен бетпе-бет соғыспай, оларды елдің түкпіріне еліктіру керек деп ұсынған болатын. Толығырақ »