‘Тарих, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы’ бөлімінің мұрағаты
Қазақ ауылында әлеуметтік-экономикалық шараларды қаржыландыру
20-30 жылдардағы Қазақстанда жүргізілген қауырт, жедел шаралардың себептерін анықтау, оларға объективті баға беру кеңестік әміршіл-әкімшіл экономиканың калыптасу эволюциясын сараптаумен тығыз байланысты.
Ұлттық тарихтағы ақтандақтар қатарына 20-шы жылдардың соңында, 1926-1927 жылдары «Шабындық, егістік жерлерді жөне жайылымдарды бөлу» деген атпен белгілі жер реформаларын жатқызуға болады. Бұл коллективтендіруден 3 жыл бұрын басталып, патриархалды, қауымдық жер қатынастарын өзгерту мақсатын қойған, «тап күресінің шиеленісуі туралы» сталиндік қағида рухында жасалған волюнтаристік шара болды. Толығырақ »
Жаңа экономикалық саясат тұсындағы салық және қазақ шаруашылықтары
Салық жүйесі — мемлекеттің өмір сүру кепілі. Оған адамзат тарихы куә.»Қоғамдық келісім-шарт» негізінде пайда болған мемлекет пен салық жүйесі бөлінбес дүние.
Қазіргі Батыс мемлекеттеріндегі сындарлы салық жүйесі өз бастауын сонау орта ғасырлардан, бір орталықтанған мемлекеттердің калыптасу кезеңінен алады. Француз абсолюттік монархиясы аталары: король Генрих IV мен кардинал Ришелье мемлекетті нығайтудың және экономиканы өркендетудің нақты жолын — шаруаларға салынатын салық мөлшерін азайту арқылы жүргізген болатын. Одан кейінгі сан ғасырлық адамзат тарихы бұл шараның дүрыстығын дәлелдеді. Толығырақ »
ХХ ғ. басында қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде қалыптасуы
«Этнопедагогика» терминін ғылыми айналысқа алғаш енгізген профессор Г.Н. Волков еді. Алайда әлі күнге дейін этнопедагогиканың ұғымдық мазмұны жөніндегі пікірлер толастамай отыр.1 Этнопедагогика мәселесін зерттеушілер зерттеу объектісіне қарай халықтық педагогика және этнопедагогика 2 деп немесе педагогикалық этнография және этнопедагогика 3 деп бөлуі көңілге қонарлық сияқты.
Профессор қ.Б.Жарықбаев » народная педагогика-область эмпири-ческих педагогических знаний и опыта народа, выражающая господствующие в нем воззрения на цели и задачи воспитания. Разработкой ее общетеоретических основ занимается специальная отрасль научной педагогики- этнопедагогика»- деп жазды. Толығырақ »
ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы қазақстандағы ұлттық білім берудің мазмұны мен түрі туралы пікірталастар
Халыққа білім беру ісінің қазақстанда қалыптасу барысында оқу ісінің мазмұны мен түрі туралы да мәселелер де шешіліп отырды. Бұл процеске әлеуметтік-саяси топтардың мүдделері де әсер етті. қазақстандағы білім беру жүйесінде өз орнын табуға және оның дамуына ықпал етуге тырысқан төрт топты атап өтуге болады.
Бірінші топқа фундаменталдық ислам білім беру жүйесін қалыптастыруға ұмтылған мұсылман дін басыларын жатқызуға болады. Ресейге бағынғанға дейін қазақ арасында ислам діні біркелкі тарамағаны белгілі. Бірақ Ресейге толық бағынғаннан кейін және Орта Азияның Ресей қол астына өтуі жағдайды өзгертті. Отарлық езгінің күшеюі халықтың іштей наразылығын тудырып, өзіне рухани жағынан жақындау мұсылман дініне бет бұра бастады. Толығырақ »
1867-1868 жылдардағы патша үкіметі жүргізген реформалардың қазақстандағы ұлттық білім беру жүйесіне әсері
Россияның 1854-1856 жж. қырым соғысынан жеңілуі крепостниктік правоның жойылуына және буржуазиялық қатынастардың кең қанат жаюына әсер етті. 1864-1880 жылдар аралығында жүргізілген буржуазиялық қайта құрулар білім беру жүйесін де қамтыды. Білім беру жүйесіндегі өзгерістер Россияның отарлық саясатындағы жаңа кезең- Орта Азияны жаулап алумен және қазақстанның толық орыс боданына айналуымен тұспа-тұс келді.
1867-1868 жж. әкімшілік реформа қазақстан толық Россия қармағындағы территория және барлық жер патша жері деп жарияланды. Жаңа әкімшілік жүйенің енгізілуі жергілікті кадр дайындау мәселесін де күн тәртібіне қойды. Толығырақ »
Батырлар жыры
Батырлар жыры туралы қазақша реферат
Батырлар жыры. Ауыз әдебиетінің бағы заманнан ескірмей ұрпақтан–ұрпаққа ауысып отырған күрделі де мол бір саласы — батырлар жыры. Бұл жырларды жыршы–жыраулар ғасырлар бойы қобызға немесе домбырыға қосып, белгілі бір әнмен айтып, ауыздан-ауызға таратып келген. Қазақ батырлар жырындағы басты қаһарман елін сүйген батыр, ал оның басты мақсат-мұраты — халқын, Отанын басқыншы жаудан қорғау. Батырлар жырының көпшілігінде халықтың түбегейлі мұң-мүдесі көкселеді. Толығырақ »
Батыр жырау — Қожаберген
Батыр жырау — Қожаберген туралы қазақша реферат
Ел тарихын ұмыттырмаған ән
“Қожаберген жыраудың шығармаларын сұрыптап, толықтырылған жинағын баспаға дайындап жатыр едiк, соған сiз алғы соз жазсаңыз”- деп, Қызылжардан телефон шалғанда уәдемдi берiп қалып едiм. Өзiң атқарар iстi бiреу жарқыратып атқарып жатса, құдайдың бергенi емес пе? Осыған орай, алдымен әдебиеттiң, өнердiң жанашыры, облыс әкiмiнiң орынбасары Қуат Есiмханұлы бастаған Қызылжардың бiр топ азаматтарының игiлiктi iсiне ризашылығымды бiлдiрем, сәттiлiк тiлеймiн. Толығырақ »
Агроөнеркәсіп кешенінің экономикасы – реттеу объектісі ретінде
Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және ол экономикалык, дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіпті дамыту, саяси және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөль атқарады. Көптеген жылдар бойы өнімді еңбекке ынталандыру тетіктерін жете пайдаланбағандықтан аграрлык, салада терең дағдарыс қалыптасты. Одан шығудың бірден-бір жолы, сөзсіз, осы салада кешенді және жүйелі түрде экономикалық реформа жүргізу еді. Толығырақ »
Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттырудың негіздері
Өндіріс тиімділігі — экономикалық категория. Ол — өндіргіш күштер мен өндірістік қарым — қатынастың кең көлемді кешенді шарттарының қалыптасуы. Соның нәтижесінде кеңейтілген ұдайы өндірістік үдеріс қамтамасыз етіледі.
Тиімділіктің басты мәселесі — нарықтық экономика жағдайында тауар өндірушілердің мүддесі үшін тұтыну кұнын өндіру кезінде ресурстарды мейлінше үнемдеу. Осы жағдайда кәсіпкерлік қызмет өзінің тәуекелділігіне мүліктік жауапкершілігі шегінде ұйымдастырушылық, құқыктық нормативті актілермен анықталып, өндіріс табыстылығының есебінде жүргізіледі. Толығырақ »
Қазақстандағы ауыл шаруашылық құрылымдарының даму бағыттары
Аграрлық секторда ғылымға жеткілікті дәрежеде негізделмей жүргізілген реформалар ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің құлдырауына алып келді, әсіресе мал шаруашылығы көбірек жапа шекті. Ауыл шаруашылығы саласының құрылымы, әсіресе ондағы өсімдік пен мал шаруашылығы қатынастары мүлдем өзгерді. Мәселен, 2002 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінде (1994 ж. бағамен) өсімдік шаруашылығы үлесіне 80% және мал шаруашылығы үлесіне небәрі 20% ғана тиесілі (1990 жылы 39% жэне 61% болған) болды. Толығырақ »