‘Тарих, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы’ бөлімінің мұрағаты
Тарақты Байғозы батыр
Ресейден қашқан Торғауыттарды түп ізіне түсіп қуып келе жатқан қазақтар қоналқыға кідіріп, мосыға қазан асып, жылқының сүр етін пісіріп, торсықтағы суға құрт езіп, ауқат жасап, күн ұзақ ас іздемейтін болып бір тояды. Абылайдың шатырында өзінің өркөкірек паңдығымен, серілік салдығымен аты әйгілі арғын Шақшақ Жәнібек батыр отырады. Батыр насыбай атып шақшасын қалтасына сала бергенде шатырдың алдына келіп тоқтай қалған жас жігіт аттан түспей қолын созып; — Жәнібек батыр, шақшаңызды бере тұрыңызшы! — дейді. Жәнібек жігіттің баса-көктеген қылығын жаратпай қалып, оған бұрылып та қарамай, көңіл аудармаған болып шақшаны қызыл сапиян етігінің өкшесіне қағып-қағып алады да, бір сипап қалтасына салады. Толығырақ »
Абылайдың Қалдан Сереңде тұтқында болуы
Жоңғарлардың қазақтарға қарсы бір жорығында айқас даласында Абылай жекпе-жекке шығып Қалданның баласы Шарышты өлтіреді. Өзінің сүйікті ұлы опат болғанын естіген нөкерлеріне қалай болса да, қайда жүрсе де өлтірген адамды ұстап алдына алып келуін бұйырады.
Ханы жіберген қалмақтар аңда жүрген Абылайды қапияда жатқан орнынан басып, бірнеше билерімен және Атығай руының Құдайберді тармағынан тарайтын атақты батыр Жәпекпен бірге Қалданның алдына алып келеді. Толығырақ »
ХVІІІ ғасырдағы батырлар туралы тарихи аңыздар
1. Жоңғарларға қарсы бір жорығында Абылай-хан барлау үшін алғыншы ретінде мың жігіт іріктеп алып, оларды екіге бөледі де, екі қас батырын басшы етеді: олардың бірі — Қанжығалы қарабужыр Жантай1 да, екіншісі — сол рудың ақсақал ағасы Бөгенбай. Батырлар ұзақ уақыт оралмай, Абылай шынымен-ақ абыржиын дейді. Ақыры шыдай алмай: «бұл батырлардың тағдыры не болар екен деп дегбірсізденіп, өзінің ақылшысы Бұқар-жыраудан:
Менің сайыпқырандарым не болды екен, олардың осынша уақыт оралмауның себебі не? — деп сұрайды. Толығырақ »
Константин Фимич Шувалов
1912 жылы Павлодар қаласында дүниеге келеді. Украин, КОКП мүшесі. Қызыл Армия қатарына Соликамск қалалық военкаматымен шақырылады. Майданға 1943 жылдың 27 наурызынан қатысады. Толығырақ »
Степан Кириллович Токарев
Степан Токарев 1922 жылы Павлодар облысы Цюрюпа ауданындағы Сергеевка селосында туған. Ұлты украин, КОКП мүшесі. Соғысқа дейін Магнитогорск кәсіпорнының бірінде жұмысшы болды. Қызыл Армия қатарына 1941 жылы Магнитогорск қалалық әскери комиссарияты арқылы шақырылды. Ржев, Орел, Курск үшін ұрыстарға қатынасып, Десна, Шара, Нарев, өзендерінен өтті. Төрт рет жараланды. «Ерлігі үшін» медалімен, Қызыл ту және Қызыл жұлдыз ордендерімен наградталды. Толығырақ »
Иван Суптель
Иван Игнатьевич Суптель 1919 жылы Алтай өлкесі Красноозер ауданындағы Зубковко селосында шаруа семьясында туған.
1937 жылға дейін Новосибирскіде тұрып, онан кейін Шығыс Қазақстан облысының Глубокое поселкісіне көшіп келеді де, Ертіс мыс қорыту заводында слесарь болып жұмыс істейді. 1939 жылы 24 қарашада Қызыл Армия қатарына шақырылған. Виницк облысында тұрған 371-ші атқыштар полкінде әскери қызметін атқарып жүрген кезінде соғыс басталып кетеді. Отүстік-Батыс, Воронеж және І-Украин майдандарында шайқасқа қатысады. Бес рет жараланды. Толығырақ »
Құдайберген Мағзұмұлы Сұрағанов
Батыр ағамыз 1921 жылы Павлодар облысы, Қашыр ауданы, Сұлуағаш ауылында дүниеге келген. Қазақ, КОКП мүшесі. 1940 ж. Павлодар педогогикалық училищесін бітіріп, Жанауыл мектебінде мұғалім болып жұмыс істейді. Қызыл Армия қатарына 1940 жылы қазан айында шақырылған. 1942 жылы артиллерия училищесін аяқтаған соң майданға кіші лейтенант болып аттанады. Оның соғыс жолдары Сталинградтан Берлинге дейін аралықта жалғасын тапқан. Толығырақ »
Василий Васильевич Степаненко
1923 жылы 24 мамырда Тимофеевка ауылында (қазіргі Павлодар облысы, Қашыр ауданы) дүниеге келген. Ұлты орыс. КПСС мүшесі. 1909 жылы Ұлы Отан Соғысына дейін Фрунзе облысы, Сталин аудандық военкоматымен шақырылады.
1941 жылдан Фрунзе жаяу әскер училищесінің курсанты. 1942 жылы Орталық, 1-ші украин майдандарында өзін батыл, тапқыр командир екендігін таныта білді. Толығырақ »
Кузьма Александрович Семенченко
1896 жылы Чернигов облысы, шаруа отбасында дүниеге келді. 1920 жылдан КОКП мүшесі, ұлты украин. 1909 жылы Семенченконың отбасы Павлодар облысы, Лозов ауданы, Успен ауылына көшіп келеді. Кузьма Семенченко І-ші дүние жүзілік соғысына қатысушы. Азамат соғысы жылдарында – колчакшыларға қарсы күреске белсене қатысты. Кеңес Қарулы Күштері қатарында 1919 жылдан 1947 жылға дейін қатардағы жауынгерден бастап генералға дейін қызмет жасайды. Толығырақ »
Дмитрий Капитонович Потапов
1942 жылдың жазында атқыштар ротасының командирі лейтенант Потапов Воронеж майданында ұрысқа түседі.
Нағыз ауыр шайқастың бірі болды. Біздің мақсатымыз белгілі болғандай немістерді алдап ұстай тұру еді. Ал немістер болса Сталинградқа, Орал тауларына қарай беттей берді. Біз фашистерге қарсы бас көтеруге мүмкіндік бермей, жаңа әскери тың күшті бірінен соң бірін еңгізіп отырдық. Әрине қиын болды. Бірақ әр қайсысы жауды Волгаға жібермеу керек екендігін біліп, біздің әскерилер нағыз батыр екендіктерін көрсетіп берді. Фашистер Сталинград түбіне орныққан кезде біздің әскерилердің жігері он есе арта түсті. Толығырақ »