Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Тіл ғылымы, Филология, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу’ бөлімінің мұрағаты

Мәди Бәпиұлы туралы айтылған деректер

Мәди Бәпиұлының күрескерлігі өз алдына, ақын, сазгерлігі өз алдына бір әлем. Оған музыка зерттеушісі Александр Затаевич және Ахмет Жұбановтар сонау жылдары баға берді. Мәдидің әніне тұңғыш рет ғылыми баға беріп, нотаға түсіріп алған А. Затаевич екендігі Зарқын Тайшыбайдың  «Алтын бесік ән орда» (Қарағанды, 1998 жыл)  кітабында жан-жақты суреттелген. Онда Александр Викторовичтің Ғаббас, Мұсылманқұл, Жұман тәрізді әншілер шырқаған Мәди әндерін сүйсіне тыңдап, қуана нотаға түсіргені айтылады. А. Затаевич Мәдидің әнін нотаға түсіріп, «Қазақтың 1000 әні» музыкалық-этнографиялық жинағына енгізген [2; №661, 251 б.]. Зерттеуші бұл әндерді ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтан, жалынды ақын Сәкен Сейфуллиннен сонау жиырмасыншы жылдардың басында естіп, іштей қатты құмартып, қызыққан. Толығырақ »

Мәдидің көркем бейнесі

Биыл туғанына 125 жыл толайын деп отырған қазақтың ұлы перзенттерінің бірі, әнші, ақын композитор   Мәди Бәпиұлының бізге жеткен        бейнесі-туралы көп жазылып. та айтылып та жүр. — Иә, небары 41- ақ жыл ғұмыр кешкен, өмірі   арпалыспен аласапыран заманда өте шыққан Мәдидің шын келбеті осы ма екен деген сұрақ әлі де болса ойға келе береді.  Былтырдан бері   Мәдидің   125 жылдығын атап өту жөнінде әңгімелер көтеріле бастағаннан-ақ,       осы      сурет төңірегінде тағы да әр түрлі пікірлер айтыла бастады. Тіпті, бұл Мәди емес, басқа адам екен деген сөздерде айтылып қалды. Толығырақ »

Мәди Бәпиұлының өмірбаяны

Мәди  Бәпиұлы  1880  жылы  бұрынғы   Семей губерниясы,       Қарқаралы     уезі, Едірей болысы, №3 ауылда дүниеге келген. Туып,  өскен жері Үшқара  деген  биік  коңыр тау.  Оның   руы   өзі   асқақ   әніне   қосқан —   Қаракесек.  Арғы  аталары  Үш  жүзге  бәтуалы   билік   айтқан аузы  дуалы   Қаздауысты   Қазыбек,   одан   туған   Бекболат   билер   болып   келеді  де  бұдан  бергі   Алшынбай,  одан  Жанықұл, Қақабай,  Қосық,   Шәпи,   Бәпи  болып   тарайды. Мәди   Бәпидің   баласы.  Алшынбайдың   алғашқы  төрт ұлы  «сен тұр да мен атайын»   төрт   құбыласы   түгел    бай-манаптар   болса,  Бәпи шаруасы коңторғай, әрі басқа да жарымаған, ешкімге жасар қиянаты жоқ момын адам екен. Ол осылай қам көңіл күй кешіп жүргенде маңдайына жұлдыз еткен, жалғызы Мәди өмір есігін ашады. Толығырақ »

Мыржақып Дулатов (1885-1935)

Дулатов Міржақып

(1885-1935) 

1. Өмірі

Дулатов Міржақып (1885 жылы, қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы – 1935 жылы туған, Карель АКСР-ы (Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы), Беломорск ауданы, Сосновец темір жолы стансасында жерленген, 1996 жылы еліне әкелініп, қайта жерленді) – көрнекті қазақ ақыны, жазушы, педагог, қоғам қайраткері.  1920-жылдардың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көнкеті өкілі. Толығырақ »

Мұхаммед Хайдар Дулати

  Қазақ ғылымымен мәдениетінің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан майталман ғалым, халкымыздыц тұңғыш тарихшысы Мухаммед Хайдар Дулати (Хайдар Дулат). Енді ғана есін жиып, тәуелзіздігін жариялағаннан кейін өткеніне үніле бастаған елдің тарихының өшкенін тауып, қайнар бастауын зерттеп-білу Хайдар Дулатисыз мүмкін емес. Күні бүгінге дейін Қазақстан мен Орта Азия елдерін зерттеушілердің, тіптен туркі тектес халықтардың мәдениетін зерделеген европалық ғалымдардың қай-қайсысын алсак та, оған жүгінбей,еңбегіне соқпай кете алмайды.

Солай бола тұрса да осындай біртуар тарланбоз жайлы енбектер бізде жоқтық қасы. Оның өмірі жайлы деректер де аз, ғалым шығармашылығына мемлекеттік тұрғыдан мән беріп зерттеп-бідіп жаткан ғылыми мекемелер де көрінбейді. Оның басты еңбегі әлемге әйгілі «Тарих-и-Рашиди» де қазақ тіліне аударылған жоқ. Толығырақ »

Нұрмұхамедұлы Жанқожа

Нұрмұхамедұлы Жанқожа (1774-1860) – батыр, Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы.

Қазіргі Қызылорда облысының Қазалы ауданында туған. 19-шы ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830-1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан әрі күшейтті. Толығырақ »

Әл-Хорезми (783-850)

 ӘЛ ХОРЕЗМИ (783–850). Толық есімі – Әбу Абдаллах (немесе Абу Жаббар) Мұхаммед ибн Мұса Әл Хорезми. Адамзат өркениетінің дамуына және қалыптасуны өлшеусіз үлес қосқан, көне өркениеттер тағылымының тал бесіктерінің бірі Ежелгі Хорезм еліндегі Хиуа қаласында дүниеге келген. Ол — әйгілі «Шығыстың жеті жұлдызының» бірі, әлемдік қазіргі алгебра ғылымының негізін салушы ретінде белгілі. Орта ғасырлық Ұлы ғалым — математик, астроном (жұлдызшы), тарихшы, жағрапияшы. Деректер бойынша арғы аталары бұл аймақта, Соғды әлемінде кең таралған зороастризм дінінің қасиетті абыздарынан болған.

Толығырақ »

Әлкей Марғұлан

 Ә. МАРҒҰЛАН-ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ТАРИХШЫСЫ: АРХЕОЛОГ, ФОЛЬКЛОРШЫ, ЭТНОГРАФ ЖӘНЕ ҚАЗАҚТАНУШЫ 

Қазақстан ғылымында этноархеологиялық жаңа ағымның негізін академик Әлкей Марғұлан қалады. Этноархеология зерттеулерінің басты объектісі болып халықтың материалдық мәдениеті, ал пәні—адамдардың іс-әрекет ерекшеліктері мен әлеуметтік қарым-қатынастарының өзіндік бет-бейнесі болып табылады. Кең байтақ қазақ жеріндегі көптеген ескерткіштер мен ашылмаған тарихи-мәдени құбылыстарды жаңаша зерттеуге бұл ғылымның әдіс-тәсілі маңызды рөл атқарады.

Әлкей Хақанұлының бай мұрасы, әсіресе оның Отан тарихын зерттеуде ұстанған методологиялық принциптері ғылымдағы бүгінгі өзгерістермен ұштасып жатыр. Толығырақ »

Әлихан Бөкейханов (1870-1937)

Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Туған жері бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей хан осы Көкжал Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед. Толығырақ »

Мұстафа Шоқай

АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ СОҢҒЫ ТҮЙІНІ – МҰСТАФА ШОҚАЙ 

Қазақ халқының таяу заман тарихында ерекше орынға ие Алаш қозғалысының тарихы көбінесе Алаш Орда үкіметінің тарқауымен байланыстырылып 1918 жылға дейін келіп аяқтатылады. Алайда бұл мәселеге тереңнен үңілгенде, оның ауқымының одан әлдеқайда әріде, Мұстафа Шоқайдың күрес тарихымен жалғасып 1940 жылдарға дейін барғанын көреміз.

Алайда, Мұстафа Шоқайдың іс-қимылдарын Алаш Орда қозғалысынан бөлек қолға алу басым болып отыр. Атап айқтанда, Алаш қозғалысы, Алаш Орда үкіметі мен Мұсафа Шоқай, Түркістан автономиясы, Шоқайдың Еуропа елдеріндегі саяси іс-қимылдары көбінесе бір-бірінен тәуелсіз әрекеттер ретінде бағалануда. Толығырақ »