Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Тіл ғылымы, Филология, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу’ бөлімінің мұрағаты

Ілияс Есенберлин (1915-1983)

Ілияс Есенберлин 1915 жылы Ақмола облысындағы Атбасар қаласында туған. 1940 жылы Қазақ тау-кен институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейінгі жылдарда филармонияны, «Жазушы» баспасын басқарады, т.б. жұмыстар атқарады. Жазушы Алматыда дүние салды. Қазақ әдебиетінде І. Есенберлин- жазған романдарының саны ең көп аса көрнекті жазушылардың бірі. Жазушы «Айқас» (1967), «Ғашықтар» (1968), «Алтын құс» (1971), «Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974), «Маңғыстау майданы» (1978), «Аманат» (1978), т.б. романдарымен оқырман назарын өзіне аударды.

Толығырақ »

«Қазақ» газетіндегі көтерілген оқу –тәрбие мәселелері

     «Қазақ» – қоғамдық –саяси және әдеби газет 1913 жылы 2 ақпаннан бастап Орынборда аптасына бір рет, 1915 жылы аптасына екі рет шығып тұрған. Тиражы –3000, кейбір мағлұматтарда 8000-ға жеткен. Бірінші редакторы белгілі  ғалым, жазушы, қоғам қаураткері Ахмет Байтұрсынов, екінші редакторы қоғам қайраткері, жазушы Міржақып Дулатов бастырушы «Азамат» серіктігі. Кәрімов баспаханасында басылып тұрған. Газеттің 1918 жылғы сандарының редакторы Жанұзақ Жәнібеков. Толығырақ »

«Айқап» журналындағы оқу-тәрбие туралы ойларды зерделеу

XX ғасырдың бас кезінде, яғни 1911 жылдың қаңтарынан бастап, 1915 жылдың қыркүйек айына дейін Тройцкі қаласындағы «Энергия» баспахансында қазақ тілінде үзбей шығып тұрған «Айқап» журналы халқымыздың әлеуметтік саяси-өмірінде, әдебиет пен мәдениетімізді насихаттап таратуда елеулі роль атқарды. Ол қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси және әдеби журналы болды. «Айқап» өзінің сипаты жөнінен жалпы демократиялық болғанымен, іс жүзінде Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің, Абай Құнанбаевтың ағартушылық идеялары негізінде дамып келе жатқан қазақтың қоғамдық ой-пікірінің, әдебиетінің, публицистикасының прогресшілдік және демократиялық дәстүрлерін жалғастырған ілгері дамытқан журнал болды. Толығырақ »

«Құтты білік» ескерткішінің тарихы танымының қалыптасуының көркем-идеялық әсері

Ежелгі Түркістанның батысы мен шығысында бірдей ІХ ғасырдан бастап-ақ ықпалды іргелі елдік құрған Қарахандар әулетінің билігі дәуірлеп тұрған заманнан (841-1212 ж.ж.) бізге жеткен Жүсіп Хас Хажибтың «Құтты білігі» адамзат өркениетінің  өлмес қазыналарының баға жетпес асыл мұрасы. Осындай кең толғамды, тарихи, парасатты пайымдаулар мол ғылыми ойдың, ақындық өнердің үздік дара туындылардың дүниеге келуіне белгілі бір өркениетті ахуалдың құнарлы топырағы, тарихи-әлеуметтік орта тынысы мен қоғамдық саяси жағдайлардың заңдылықтары болғаны күмәнсіз. Толығырақ »

«Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» жырыдағы Баян образының жасалуы

«Қозы  Көрпеш-Баян  Сұлу»  жырының  тарихымыздың  қай  дәуірінде  пайда  болғандығы жөнінде  ғалымдар  әр  тарау  пікір  айтады.

Ғалымдардың  бір  тобы  жырдың  пайда  болу  кезеңін  Жошы  дәуіріне  тіресе,  енді  бір тобы  Ноғайлы  дәуіріне  телиді.  Үшінші  топтағы  ғалымдар  қазақ  хандығымен  байланыстырады.

Қалай  десек  те,  қазақ  елі  2002  жылы  фольклорлық  мұраның  1500 жылдық  тарихын атап  өтті. Толығырақ »

«Қамар сұлу» романына талдау

XX ғ. басындагы қазақтың іріп-шіріген билеуші табының өскен, тәрбие алған ортасы, ескілікке қарсы үн көтерген «Қамар сұлу» шығармасы, жастарды асқақ қиял, зор талапқа бастайтын лирикасы — оны қазақ әдебиетіндегі демократтык әдебиеттің ірі өкілі етті.

«Қамар Сұлу » романындағы Қамардың бейнесін автор:  Толығырақ »

Бүгінгі поэзиядағы көне Түркілік таным көріністері

Бүгінгі поэзиядағы көне Түркілік таным көріністері туралы қазақша реферат  

Көне түркі ескерткіштеріндегі «Төбемде Көк тәңірі, төменде Қара жер жаралғанда екеуінің арасында адам баласы жаралыпты» деп тасқа таңбаланған жолдар ата-бабаларымыздың тылсымға толы кеңістікті пайымдаған танымын көрсетсе, ақын Серік Ақсұңқарұлы:

Өмірде өлең дейтін сел де қалып,

Шеменнен бір арылдым,

Шерге қанып. Толығырақ »

Бейімбет Майлиннің прозалық шығармалары

Бейімбет Майлиннің прозалық шығармалары туралы қазақша реферат

Дәуірдің көркем шежіресі

(Бейімбет Майлиннің прозасы) 

Б. Майлин, өзімен замандас Қазақ қаламгерлерінің көбі сияқты, жазуды өлеңнен бастағанымен, көп ұзамай прозаға ден қойған, бұл жанрдағы алғашкы туындыларының өзімен-ақ (мысалы, «Шұғаның белгісі») үлкен суреткер екенін паш еткен жазушы. Ол қазақ әдебиетіне проза жанрын қалыптастыруда керемет еңбекқорлық пен үздік шеберлік танытты. Әсіресе оның қуатты талантын айғақтайтын әңгімелері сан жағынан ғана емес, идеялық-көркемдік деңгейімен де қазақ прозасының алтын қорындағы інжу-маржандары болып табылады. Толығырақ »

Бейімбет Майлин

Бейімбет Майлин туралы қазақша реферат

 (1894-1938) 

Бейімбет – поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол «Садақ» қолжазба журналында, «Айқап» журналында, «Қазақ» газетінде жарияланған алғашқы өлеңдерінен бастап-ақ ел өмірінің сан-сала көкейкесті мәселелеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң-мұқтажын, арман-аңсарын, әсіресе азаттық-теңдік тақырыбын тілге тиек етеді. Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай – типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген жиынтық бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс-бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік-тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған. Толығырақ »

Момышұлы Бауыржан

Момышұлы Бауыржан туралы қазақша реферат

Момышұлы Бауыржан (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені. Толығырақ »