Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Тіл ғылымы, Филология, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу’ бөлімінің мұрағаты

«Арыстандай айбатты» Мағжан Жұмабаев пен кемеңгер Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяндары

Жұмабаев Мағжан Бекенұлы (1893-1938) – қазақ әдебиетінің көгіндегі ХХ ғасырдың басында жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі, текті ақыны. Туған жері бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы). Әкесі Бекен (Бекмағанбет) орта дәулетті, өзінің әділдігімен, адамгершілікті парасатымен ел арасында беделі жоғары адам болған. Соған орай оны бір сайлауда болыс етіп сайлаған көрінеді. Толығырақ »

Қазақтың сыршыл Сәкені

                                                                                   Сыр сандықты ашып қара,

                                                                                 Ашып қара, сырласым,

                                                                                     Сым пернені басып қара,

                                                                                   Басып қара, жырласын.

                                                                                                            С.Сейфуллин

Қазақ кеңес әдебиетінің негізін қалаушы жалынды ақын, айбынды күрескер, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің өмір жолы мен өнерпаздығына көз салғанда қазақ тарихының ұлы өзгерістерінің көп қырларын аңғарамыз. Толығырақ »

Фразеологизмдер

Халық қазынасы болған фразеологизмдердің талай заманды басынан көшіріп, өңделе, ажарлана отырып, әбден шыңдалған сарасы ғана халық санасында сақталады. Олардың ескісін ескіртпей, жаңасын құлпыртатын қасиеті – түр-тұлғасының көркемділігі мен мағынасының тереңдігінде. Бұлардың көпшілігінің сыртқы құрылысы өзіне арнаулы түр талап етсе, ішкі мазмұны айтылатын ойға сай болуын талап етеді де, сол екеуінің бірлігінен мәнерленіп құралады. Толығырақ »

Балаға байланысты қолданылатын салт-дәстүрлердің тұрақты тіркестермен берілуі

Нәрестенің шыр етіп дүниеге келгенінен бастап өмір әні мен халық жырын құлағына сіңіріп өсетіні анық. Ата-ананың сәбиді жүрегі елжірей сүюі, әлпештеп, аялап, бағып-қағуы барлығы да жыр тілімен сыртқа шығып отырады. Халықтың тұрмыс тәжірибесінде сәбидің әрбір өмірлік қадамы назардан тыс қалмай дәстүрлі түрде әрқилы ырымдармен аталып өтіп отырады және де олардың барлығы өнер тілімен өрнектеліп, бізге жетіп келеді. Толығырақ »

Қаза ғұрыптарының тұрақты тіркестермен берілуі

Фразеологизмдер – халқымыздың өткен ұрпақтары тілінің де, қазіргісінің де тарихы іспетті. Өзінің образдылығымен, айшықты мәнділігімен көзге түсетін фразеологизмдер әрбір ұлт тілінің ерекше көрінісі болып табылады. Фразеологизмдерді шығармада мол қолданудың өзі ұлттық характердің айқын белгісін көрсетеді. Толығырақ »

Қазақтың салт-дәстүріне байланысты қолданылатын фразеологизмдердің сөз табына қатыстылығы

Фразеологиялық единицалардың лексикалық единицалармен арақатынасы олардың қай сөз табына қатысты екендігіне байланысты.

Тұрақты тіркестерге тән ортақ қасиет бұлардың құрамындағы сөздер дараланбай мағынаның тұтстығы мен бірлігіне бағынышты, әрі тәуелді болады да, бір сөздің орнына жүреді. Толығырақ »

Қазақтың салт-дәстүріне байланысты қолданылатын фразеологизмдердің берілу жолдары

Қазақтың тіл байлығы тек сөздің ұзын санымен ғана өлшенбейді. Сөз байлығы деген ұғым – сөздің әр алуандылығы мен мағына реңктерінің молдығымен бағаланатын аса күрделі категория болып табылады. Сөз алуандығы дегенде бірінші байқалатын ерекшелік – халық ана тілі арқылы ақиқат дүниедегі зат, құбылысты бір-бірінен ажыратып, айырымын тап басып ат қойып, айдар тағады. Бұл көбіне сезім мен түйсіктің, ал заттар мен құбылыстардың басын қосатын ортақ белгілерінің сырын біліп, сапасын анық табуы ойлау мен сананың әрекеті болып табылады. Толығырақ »

Мәшһүр ­Жүсіп Көпейұлының өмірбаяны

Мәшһүр Жүсіп Көпеев әкесі Көпейдің (шын аты — Көпжасар-Л.Ж.) 42 жасында, шешесі Ұлбаланың 18 жасында, Баянауыл, Қызылтау деген екі таудың «Ашамай тасы» деген жерінде, қыс түнінде, қыстауға, 1858 жылында, қазақша жыл аты «қой» деген жылында, арабша ай аты «ережеп» деген айда, жұма күні, түс бесін уақытында дүниеге келді. Туғанда азан шақырып койылған есімі – Адам Жүсіп. Кейіннен 9 жасында қисса – дастандарды айтып, ел көзіне түскен кезде жиынды шақырып отырған М. Шорманұлы Жүсіпті ұнатып, тақиясына үкі таққызып: «Өз заманында халыққа Мәшһүр болатын бала екен», — деп лепес қылуымен Мәшһүр Жүсіп атанып кетеді. Толығырақ »

«Тілдер типологиясы» терминінің мазмұны

Типология пәнін анықтау жөнінде түрлі пікірлер бар: тіл мамандарының біреулері типология ғылымының шеңбері мен көлемін шамадан тыс кеңейтсе, басқалары, керісінше, типологияны зерттеудің мейлінше тар саласы деп түсіндіреді. Толығырақ »

Фонетикалық заңдар

 жоспары 

1. Фонетикалық заңдар. 

Тілдегі фонетикалық құбылыстар және олардың өзгеруі мен дамуының белгілі бір заңдылықтары болады. Белгілі бір тілдің дамуының әр түрлі кезеңдерінде немесе туыс тілдердің арасында дыбыстардың тұрақты сәйкестілігі фонетикалық заңдар деп аталады. Фонетикалық заңдылықтардың тілдің немесе тілдердің тарихына ғана емес, сонымен бірге қазіргі кездегі қалпына да қатысы бар. Толығырақ »